ПОӘК 042-14-3-01 20. 31/03-2012 Басылым №2. 26. 09. 2012


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



бет3/4
Дата30.06.2016
өлшемі451.5 Kb.
#168641
1   2   3   4

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Егін шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы?

2. Өсімдік шаруашылығында шығындар есебінің құрылымы қандай?

3. Өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп қалай жүргізіледі?


5.Тақырып Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп.
Дәріс сұрақтары:

  1. Өсірудегі және бордақылаудағы малдар есебі.

  2. Мал шаруашылығы өнімдерін калькуляциялаудың негізгі сұрақтары.

1. Мал шаруашылығының ерекшелігі әртүрлі өнімдердің үлкен санын береді, сондықтан мал шарушылығы өнімдерінің калькуляциясы ауылшаруашылық өнімдерінің барлық түрлерінің арасындағы ең күрделісі болып табылады.

Ауылшарушылық кәсіпорындарында малдар еңбек құралдары және еңбек заттары рөлінде қатысады. Еңбек құралдары, яғни олардың өмірінен өнім алынатын малдар жатады: сиырлардың сүтті табыны жұмыс аттары, түйелері, қойлары және т.б. Еңбек заттарына олардың сойғаннан кейін алынатын өнім малдары, сонымен қатар негізгі отарға ауыстырғанға дейінгі жас малдар жатқызылады.

Өсірудегі және бордақылаудағы малдар мағынасы бойынша мал шаруашылығының аяқталмаған өндірісін көрсетеді және олардың есебі үшін 1340 "Аяқталмаған өндіріс" шотынан "Өсірудегі және бордақылаудағы жас малдар" субшотын ашуды ұсынады.

Бордақылаудағы малдар және жас малдар қозғалысы мамандандырылған құжаттар көмегімен жүргізіледі.

Алғашқы құжаттар формалары шаруашылық субъектімен жеке жасалуы мүмкін, бірақ ол үкілетті органдар бекіткен талаптарды сақтау негізінде жасалуы керек.

Алғашқы құжаттың негізгісі көптеген малдардың төлдерін кірістерін болып табылады. Ол екі данада зоотехник және малдәрігерлерінің қатысуымен толтырылады.

Аң мен үй қоянын әрбір түрінің өсімі аң өсіретін шаруашылықтарда қолданылатын аң өсімін кіріске алу жөніндегі жинақтау актісінің негізінде есепке алынады. Актіге өсімнің алдына қарай жазба жүргізіліп, ол күшектеу біткеннен кейін аяқталады, бірақ ол есеп беріліп отырған айдың соңғы күнінен кешіктірілмеуі тиіс.

Малды бір топтан екінші топқа немесе негізгі табынға көшіру малды топтан көшіруге арналған актімен рәсімделеді.

Кешендегі шошқалар мен жемнің есебі түлік өзгерісімен жем шөп шығынын парағында жүргізіледі.

Малдардың тірілей салмағының өсімі малды өлшеу Ведомосында анықталады, ол мезгіл-мезгіл немесе іріктеп өлшеу кезінде, сондай-ақ мал келіп түскен және жетілген реттерде толтырылады. Ведомосты малдың есеп топтары бойынша жасайды; оның деректері өсімді анықтау есебінде жазылады. Ол түлікте және есеп өндіріс топтары, сондай-ақ мал бекітіліп, бекітілген материалдық жауапты адамдар бойынша жүргізіледі.

Арам өлген, амалсыздан сойылған малды, мал мен құстың шығыны Актісімен рәсімдейді. Сойылғанда алынған өнімнің кіріске алуына накладной жазылады, оның екі данасы Актіге қосып тіркеледі.

Малды кейіннен өткізуі бордақылау немесе шаруашылықта сою үшін негізгі табынан ақауға шығару, яғни негізгі тобындағы малды айналым құралдарына есептелетін ересек мал құрамына жатқызуы малды негізгі тобынан шығару Актісімен рәсімделеді.

Малдағы өзгеріс жөніндегі құжаттарыдың бәрі бөлім меңгерушісінің немесе бригадирдің, мал дәрігерінің, зоотехниктің және материалды жауапты адамның қатысуымен жасалады. Оларда малға сипаттама беріледі, кәсіпорынның, алушының шифрлары келтіріледі, құжаттың рет саны, күні, малдың саны, салмағы, құны және басқалар көрсетіледі. Құжаттар жасалғаннан кейін олардың деркетері мал мен құс өндірісінің Есеп кітабына және бөлімдегі мал мен құстың өзгерісі қорытынды есепке жазылады.

Өсірісген балапандарды қабылдау жөніндегі операцияны есептеу үшін тәуліктік құс балапандарының шығуы мен сортталуына арналған Акт жасалады. Онда шығу %-і, шыққан балапандардың саны мен сапасы анықталады. Балапандарды екінші және үшінші есеп топтары мен мекиендар тобына ауыстыру,малдытоптан топқа көшіругеарналған Актімен рәсімделеді.

Бұл үшін белгілі бір топтағы мал мен құстың есеп беріліп отырған кезеңнің аяғына қарай белгіленген тірілей салмағына белгілі бір жас тобынан есеп беріліп отырған кезең ішінде түскен мал мен құстың тірілей салмағы жән есеп беріліп отырған кезеңнің басында есепте болған мал мен құстың тірілей салмағы шегіріліп тасталады.

Қой, ешкі, құс және үй қояндары бойынша тірілей салмақтың өсімі есептеу жолымен анықталады. Бұл үшін әрбір жас тобы бойынша белгілі бір топқа тән малдың кемінде 5%-ін іріктеп алып, өлшейді де, әр малдың орташа салмағын шығарады. Малдың орташа салмағын сал топтағы мал санына көбейтіп, топ бойынша айдың аяғындағы жалпы салмақ шығарылады, содан соң тірілей салмақтың өсімі анықталады.

Құлын, бота, есектің күресі және аңның күшігі бойынша тірілей салмақтың өсімі есептелмейді. Малдың бұл түрлері бойынша өсім нақты азықтандырылған күн сайын және азықтандырылған 1 күнге шаққандағы өсірудің жоспарлы құны негізге алына отырып есептеліп шығарылады.

Марқайту мен бордақылау процесінің өнімі тірілей салмағының өсімі болып, оның құны малдың тиістітүліктері мен топтарын күтіп-бағу жөніндегі шығындарға тең болады және олардың бастапқы салмағы мен құнына қосылады.

Тірілей салмақтың өсімі ет алу үшін бағылатын малдың түрлері бойынша екі әдіспен: өлшеу жолымен және есептеу жолымен. 1 әдіс бойынша – тірілей салмағы өсімін малдың екі өлшенуі аралығындағы салмағын салыстыра отырып,; екінші әдіс бойынша сол мал түліктерініңжас топтарына қарай іріктеп алып анықталатын тірідей салмағын негізге ала отырып табады.

Тірілей салмағының өсімі есепке алынбайтын мал бойынша өсімқұны нақты азықтандырылатын күн саны мен азықтандырылатын 1 күн ішінде өсірудің есепті құны бойынша есептеледі.

Алынған өнім мынадай тәртіппен: сауын малындағы бұзаулар -- әрбір төлдің есепті құны бойынша торайлар – туған кезіндегі тірілей салмағы және 1 ц тірілей салмағының есепті құны бойынша; қозылар – енесінен айырғанға қарай әрбір бір қозының есепті құнының 50%-іне тең есепті бағамен , боталар мен құлындар – ірі жылқыны баққанда азықтандырылатын 60 күннің құнына теңестірілетін 1 құлынның есепті құны бойынша, тауықтың, үйректің, қаздың балапандары инкубация өнімінің өз құнын есептеуге сәйкес әрбіреуінің есепті құны бойынша бағаланады.

Шаруашылық субъектінің есепті саясаты мен есепті құны ретінде қандай көрсеткіштің қатысатынын анықтап алуы керек. Алдыңғы кварталға орта іс жүзінде өзіндік құн; есепті кезең ағымында өзгеріссіз қолданылатын шартты тұрақты көрсеткіш және т.б.

Есепті кезең соңында есепті құн іс жүзіндегі құнына ауытқулар сомасы және % есептеу жолымен жеткізілуі керек. Ауытқу сомалары және процентін бастапқы қалдық және ай ішінде түскендері негізінде есептейді. Ауытқулар проценті келесі формула бойынша есептеледі.
Ауытқулар проценті= ауытқулар сомасы

Қалдық+Есепті құн бойынша түскен * 100


Шот 1340 "Аяқталмаған өндіріс" өсірудегі және бордақылаудағы жас малдар есебі бойынша шоттың белгіленуіне апарады, оның құрамында жас малдар көрсетіледі.

Шот 1350 "Басқа негізгі құралдар" бұл шотта жеке субшоттарда негізгі табын есептелуі керек.

8 бөлім "Өндірістік есеп шоттары".

8110 шот "Негізгі өндіріс" – малдар түрлері бойынша шығындарды субшоттарды құру схемасы бейнелейді.

8310 шот "Көмекші өндіріс" – субшоттарды ұйымдастыру өндіріс түрлері бойынша жүзеге асырылу керек.

8410 шот "Үстеме шығындар" – есеп саясатында мал түрлері бойынша үстеме шығындарды тарату үшін негізі болып табылатындар қарастырылуы керек (тура шығындардың жалпы шамасы, жұмысшылардың еңбекақысы).

1320 шот "Дайын өнім" – субшоттар мал шаруашылығы өнімінің осы немесе басқа түрлеріне сәйкес келуі керек және өнімдердің жеке түрлеріне бөлек есеп жүргізу ұсынылады.

Шаруашылық субектінің қалауы бойынша есеп саясатында малдардың өлімін қажетсіздендірудің бір варианты таңдалуы керек.

-өнімнің 1 бірлігі құнының шамасы есебінсіз сандық бейнеде өнімнің жалпы құнын азайтады, яғни өнімнің шығарылымының бірлігі құны автоматты түрде өседі.

-Жалпы тағайындалған (белгіленген) тәртіпте өнім бірлігінің құнын есептейді және 7210 "Әкімшілік шығындар" шотына жатқызады.

Егер өнім жауапты тұлғалардың кінәсі бойынша жүргізілсе, онда жетпеушілікті олардың қаржысы есебінен толтырады. өндірістік процестік циклділігі есепті кезең ағымында шығарылады. Іс жүзінде құны бойынша есептеуге мүмкіндік бермейді. Есепті кезең ағымында барлық қозғалыс есепті құны бойынша жүзеге асырылады, жыл соңында корректировка жасалады.
2. Мал шаруашылығы өнімдерінің шығыны мен шығарылғанның есебі. Аналитикалық есепті мал шаруашылығы шығындары малдардың түрлері бойынша есептеледі(алынған өнім түрлері емес).

Малдың бір тобынан екі немесе одан да көп негізгі өнім алынатын жағдайда, оның өз құны тағайындалған коэффициенттермен және есептеу әдістерінің көмегімен анықталады. Мал шаруашылығы өнімінің шығыны мен шығарылуының аналитикалық талдау есебі малдың келесідей түліктері мен топтары бойынша жүргізіледі.

Ірі қара шаруашылығы. Сүтті ірі қара: сауын малының негізгі табыны; өсіруге және бордақылауға қойылған мал. Етті ірі қара: етті малдың негізгі табыны; өсіруге және бордақылауға қойылған 8 айдан асқан малдар.

Шошқа шаруашылығы: шошқалардың негізгі табыны; өсіруге және бордақылауға қойылған шошқалар.

Қой шаруашылығы: жүнді және етті қой шаруашылығы; каракүлге арналған қой шаруашылығы.

Құс шаруашылығы: ересек үйір; өсірілуге қойылған балапандар; инкубация – жұмыртқаны инкубациялау.

Жылқы шаруашылығы негізгі үйір; өсіруге қалдырылған жас жылқы.

Омарта шаруашылығы: өсіру, бал алу, тозаңдатып бал алу.

Балық шаруашылығы: шығындар есебі сала бойынша жүргізіледі.

Мал шаруашылығының ерекшеліктеріне қарамай мал шаруашылығы өнімдері негізгі түрлерінің өзіндік құнын анықтаудың жалпы схемасын құруға болады.

Малдардың берілген топтарына жататын шығырдың жалпы сомасына болашақ жылға ауысатын тығырды шегереді және қосалқы өнімдер құнын алып тастап қалған соманы өнімнің жалпы шығарылымына бөледі.

Бухгалтерлік есеп шоттарында мал шаруашылығының негізгі түрлерінің шығындарының және калькуляциялаудың бейнелеудің (схема) қысқартылған жалпы сызбасын құруға болады.

Алдымен шаруашылық субъектінің есеп саясаты мен шоттардың жүйесі өңделуі керек.

Мал шаруашылығында алынған өнімдердің өз құнын есептеуден (басқа) қатар малдың әрбір есепті тобы бойынша азық күн өзіндік құны және малдың бір басын ұстау анықталады.

Азық-күннің өзіндік құны малдың осы есепті тобы бойынша шығарылады. Оларды ұстаудың азық-күні санына бөлу арқылы анықталады, ол малдар және құстардың қозғалысы есебі кітабының мәліметтері бойынша тағайындалады, кітапта әрбір есепті топ бойынша күнделікті барлық өзгерісті және қалдықты анықтап жазып отырады. Кітап бойынша күнделікті қалдық сомасы күндердің жалпы санынан құрайды.

Малдардың бір басын ұстаудың өз құнын есепті топ бойынша шығарады. Азық-күндердің есепті санын кезеңдегі ұстаудың календарлық күндері санына бөлу жолымен тағайындайтын осы кезеңдегі қыстаудың малдың орта санына бөлумен анықтайды.

Аяқталған өндірістегі қалдықтарды шегеріп тастағандағы бағып күту жөніндегі шығындар, мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрайды; (оны түліктер мен топтар бойынша есептеп шығару).

Мал өсіру өнмінің өзіндік құнын анықтағанда жыл аяғында қалдырылған малдың тірілей салмағына жыл ішінде шығып қалған малдың тірілей салмағын қосады, жыл басындағы қойылған малдың және жыл ішінде өсіру мен бордақылауға түскен төлдер мен малдың тірілей салмағы шегеріп тасталады.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Мал шаруашылығында бухгалтерлік есеп ұйымдастырылуы қандай ретте жүргізіледі?

2. Мал шаруашылығында шығындар есебінің құрылымы қандай?

3. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік құжаттар қалай жүргізіледі?



6.Тақырып: Құрылыстағы бухгалтерлік есеп.
Дәріс сұрақтары:

  1. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері.

  2. Құрылыстағы өндірістік шығындардың қалыптасуы.

  3. Өнім ақауының есебі.

4. Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстардың көлемінің есебі және құжаттық рәсімдеу.

5.Шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылған құрылыс есебінің ерекшеліктері.


1. Құрылыс өндірісі технолоиясының даму кезеңіндегі шаруашылық субъектілерінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыруда әсер ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты. Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен құрылыс техникасы жаңа объектіге ауысып отырады. Қосымша шығындарды талап етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп объектілеріне бөлінеді.

Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен айырмашылығы, ол өндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады. Бұл өзіне тән ерекшелік бағаны құрғанда, құрылыс кәсіпорындарының өндіріс шығындарын көрсеткенде және де инфляция мен өндіріс құралдарына бағаның өсу жағдайында бас мердігерлер үшін тәуекелмен байланысты.

Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі, сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін және бірнеше есептік мерзімді қамтиды.

Басқа өндірістерге қарағанда құрылыста өндіріс мерзімдерінің ұзақтығына және көптеген объектілерде бір мезгілде бірнеше жұмыстың жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.

Өзгеріп отыратын метеорологиялық жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу құрылыс процесіне үлкен әсер етеді. Құрылыс - монтажды өндірісті қыс мерзімінде жүргізу кезінде еңбек ресурстарын, материалдар, жылу және электроэнергияны көп пайдалануға байланысты қосымша шығындар болады, олар міндетті түрде бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс.

Құрылыс алаңында көптеген материалдар (кірпіш, құм) ашық жерде сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде сақталса, метеорологиялық жағдайлардың әсерінен сапасының төмендеуіне байланысты олардың тұтыну құны кемиді. Осы материалдар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз беріледі. Олардың нақты шығынын есепте дұрыс көрсету үшін ай сайын инвентарлық есептеу жүрізу керек. Бұл ай сайынғы материалдардың шығынын анықтау және табиғи шығынды шығыстау үшін қосымша еңбек уақытын талап етеді.

Кейде құрылыс – монтаж жұмысы күрделі жағдайларда: көлік жете алмайтын жерде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның аумағында, электр құрылғыларының желілеріне жақын орындарда жүргізіледі.

Құрылыс өндірісі басқа да өндіріс түрлерімен байланыстарының күрделілігімен де ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы құрылыстар, мамандандырылған және де басқа жұмыстар жүргізілуі мүмкін. Өндірістің технологиялық процесі бас мердігерлік құрыыс кәсіпорынының басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық жұмысты орындауға келісім – шартқа отырып, құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізу үшін басқа мамандандырылған кәсіпорындармен келіседі, бұл субмердігерлік деп аталады. Құрылыста тапсырыс берушінің, бас мердігердің және субмердігердің қатысуы олардың өзара қарым – қатынастарының күрделі жүйесінің қалыптасуына әкеледі, ол бухгалтерлік есеп жүргізуде дұрыс, әрі жүйеленіп көрсетілуі тиіс.

Құрылыс өндірісіндегі нысандардың жұмыс түріне қарай бағалануы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда біраз қиындық тудырады, бұл нормативті құжаттарды құру процесі мен оны қолдануды күрделендіруге әкеліп соғады. Дегенмен, дұрыс ұйымдастырылған, бүгінгі күннің талабына сай орындалған есеп жүйесі, яғни автоматтандырылған немесе компьютерленген жүйе кез келген құрылыс нысанының нақты бағасын анықтай алады. Күрделі құрылыс материалдық өндірістік спецификалық сферасы ретінде жаңа (өндірістік) негізгі қорлар құрумен, реконструкциялау, модернизациялаумен және әрекет ететін объектілерді күрделі жөндеумен айналысады.

Кәсіпорындар құрылыс-монтаж жұмыстарын өздерінің күшімен (шаруашылық әдіспен) немесе келісім шарт негізінде осы мақсатқа мамандандырылған құрылыс ұйымдарын тарту (мердігерлік әдіспен) арқылы жүзеге асыра алады. Соңғы жағдайда күрделі салулар жүзеге асырған кәсіпорын тапсырысшы ролінде, ал құрылыс ұйымы – мердігер ролінде қатысыды.

Тапсырысшымен өзара қатынас сипатынан және орындалатын міндеттемелер шеңберінен тәуелді құрылыс ұйымдарын генмердігерлік және субмердігерлік деп бөледі.

Генмердігерлік ұйымдар тапсырысшы алдында құрылыстың барлық жүргізілуіне, яғни объектінің эксплуатацияға берілуіне дейін жауап береді.

Тапсырысшы және генмердігерлік құрылыс ұйымы арасындағы өзара арақатынас мердігер келісімімен реттеледі.

Келісім шартта көрсетілген жағдайлардан (ұйымдардың) өндірістік процесті ұйымдастыру және орындалған құрылыс жұмыстарына есептік жазбаларды бейнелеу тәуелді болады. Шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу схемасының құрылыс ұйымдарында өзіндік ерекшеліктері бар.

Тапсырысшы мен мердігер арасында келісімшарт жағдайлары бойынша әртүрлі өзара қатынас пен жауапкершілік схемалары (тағайындалған) белгілеруі мүмкін.

Тәжірибе көрсеткендей, тапсырысшы мен мердігер арасындағы қатынастың 3 схемасы кеңінен таралған:

№1 – схема

Тапсырысшы мен мердігер арасындағы.



тапсырысшы
мердігер →


Келісім бойынша мердігер барлық қаралған жұмыстарды өзі орындауға міндетке алады, ол жұмыстың сапалы орындалуына және уақытында аяқталуында жауапты. Қабылданған міндеттемелердің орындалуына тапсырысшы және мердігерлік ұйымдар өзара материалдық жауапкершілік алады.

№2 схема

Тапсырысшы мен мердігер арасындағы



Тапсырысшы

↓↑

Бас мердігер (ген)

↑↓ ↓↑ ↑↓


Субмердігер№1 субмердігер№2 субмердігер№3
Басмердігер жұмыстардың нақты түрлерін орындауға субмердігерлік ұйымдарды (қосады) тартады, олардың әрқайсысымен жеке келісім жасайды. Тапсырысшы алдында жұмыстардың сапасы мен субмер орындалуына (мерзіміне) басты мердігер жауапты .

Барлық субмердігерлік ұйымдар генмердігерлік қатынасы бойынша және бір-біріне қатынасы бойынша жеке заңды тұлға б/т, сонымен қоса олардың арасындағы өзара арақатынас жалпы белгіленген тәртіпте құрылады: субмердігерге қызмет көрсету сәйкес табыс және шығындардың шамасын мойындаумен қызметтерді сату ретінде бейнеленеді, генмердігерде субмердігермен көрсетілген қызмет негізгі өндірістік шығындары құрамында бейнеленеді. Шаруашылық субъектінің қалауы бойынша есеп саясатында 8100 шотқа субмердігерлермен көрсетілген қызметтер құнын жалпылау үшін субшоттар ашу қарастырылуы мүмкін.

Тапсырысшы кәсіпорында шоттар корреспонденциясының схемасы 1-варианттағыдай, ал генмердігерде өзгешеліктер бар:

Басмердігер кәсіпорында

1. Тапсырысшы тапсырмасы бойынша өз күнімен орындалған жұмыстарға ағымдағы кезеңде іс жүзіндегі шығындар жиналды:

- шығындардың жалпы құнына:

Дт 8100 Кт 8110-8410


№3схема
прямая соединительная линия 13прямая соединительная линия 12прямая соединительная линия 11прямая соединительная линия 4прямая соединительная линия 5прямая соединительная линия 6прямая соединительная линия 7прямая соединительная линия 8прямая соединительная линия 9прямая соединительная линия 10 Тапсырысшы Бас мердігер
Субмердігер 1 Субмердігер 2 Субмердігер 3
Басмердігер келісім бойынша өзі орындамай міндеттемеслерді орындауға басқа тұлғаларды (субмердігерлерді) қосуы мүмкін. Бұл сызба бойынша мердігер бас мердігер болатын және тапсырушы алдында орындамауына немесе субмердігерлермен міндеттемелердің орындалуына жауапты, ал субмердігер алдында тапсырысымен міндеттемелердің орындалуына жауапты болады.

Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін шотты субмердігер тікелей тапсырысшыға жібереді. Бас мердігер тапсырысшыға немесе субмердігерге шотты тек өзінің сомасына жібереді.

Құрылыс ұйымдары барлық салалар сияқты әртүрлі көмекші өндірістері болады, оларда әртүрлі өнімдер шығарады, сонымен бірге негізгі өндіріс қызметінің нәтижесі құрылыс жұмыстары б/т. Көмекші өндірістегі шығындар есебі және олардың өңімдер, жұмыстары немесе қызметтерінің өзіндік құнын калькуляциялауды экономиканың басқа салаларындағыдай жүзеге асырылады, ал негізгі өндіріс есебін сметалық құжаттарда бейнеленген көрсеткіштерден және өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырады.

Ережеге сәйкес, сметалық есептерді құруда шығындардың келесідей баптарына (бөледі) ажыратады: «Материалдар», «Негізгі еңбек ақы», «Құрылыс машиналары мен механизмдерінің эксплуатациясы бойынша шығындар», «Басқа шығындар», «Үстеме шығындар». Сонымен алғашқы 4 бап құрылыс-монтаж жұмыстарын іске асыруда тура шығындар болып саналады.


2. Құрылыста, экономиканың басқа да салалары сияқты құрылыс-монтаж жұмыстарын өндіру шығындарының есебі және олардың өз. құнын калькуляциялау шоттардың Бас жоспарының 8 бөлімі шоттарындағы бухгалтерлік есеп стандарттары талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.

Материалдық шығындар.

Мердігерлік ұйымдар құрылыс материалдарының қорының бар болының синтетикалық есебін келесідей активті, негізгі, инвентарлық «Материалдар» бөлімінің шоттарында жүргізіледі.1310 «Шикізат пен материалдар».

Тапсырушы материалдардың түсуінде тапсырысшы мен мердігер арасында жабдықтау келісімін жасамайды, барлық өзара арақатынас әр жақтың міндеттерін нақтылайтын мердігер келісімінің негізінде құрылады. Онда материалдар түрлері, саны және құны, сонымен қатар олардың беру мерзімі көрсетіледі.

Берілетін құрылыс материалдардың есебін тапсырысшы аяқталмаған құрылыс шығындары ретінде бейнелу керек, ал мердігер тапсырысшыдан ал-н бағалықтарды баланстан тыс есепке алады.

Арнайы техникалық байқауға немесе лабораториялық зерттеуде қажетті материалдар, оллардың сапалық сипатын тексеру мақсатымен қоймашы немесе материалды-жауапты тұлға түсуінде санын арнайы «Қабылдауды күтетін материалдар» кітабына жазады. Оларды басқа материалдардан бөлек сақтайды және сапасын тексеру нәтижелері айқындалмағанша шығындамайды. Материалдарды тексеруге алғанда қабылдау актін жасайды, оны бухгалтерияға тапсырады және ол 002 «ТМҚ , жауапты сақтауға алынған» баланстан тыс шотының «қабылдауды күтетін материалдар» субшотындағы бағалықтарды бейнелеу үшін негіз болады.

Тексерудің нәтижелері анықталған соң сапасы техникалық талаптарға сәйкес келсе, кіріс ордерін толтырып қоймаға қабылдайды. Қабылданған материалдардың өзіндік құны на олардың тексеру немесе зерттеудің барлық шығындарын қосады.

Арнайы зертханаларда материалдарды сынау және зерттеу шығындарының есебі 8310 «Көмекші өндіріс» шотында, оның болмауында «Жалпы және әкімшілік шығындар» шотында жүргізіледі. Құрылыс материалдарының орталық немесе объект ішідегі қоймаларға жеткізуде жетіспеушіліктер пайда болса, жалпы қабылданған тәртіпте олардың іс жүзінде өзіндік құнына қосылуы мүмкін. Материалдардың жетіспеушілігін «Материалдардың жоғалуы туралы актпен» құжаттайды.

ҚҰ-ң Орталықтандырылған қоймадағы материалдардың есебі материалдардың қоймалық есебі карточкасында әрбір номенклатуралық номері бойынша сандық өлшемде жүргізіледі. Жазбаларды жазуға материалдардың кіріс-шығыс құжаттары (кіріс ордер, материалдарды қабылдау туралы акт, тауарлы транспорттық накладной, комерциялық акт, ішкі орын ауыстыру накладнойы, лимитті заборлық карта, ауыстыруға акт-талап; т.б.) негіз болады.

Объект ішіндегі тікелей құрылыс алаңдарында орналасқан қоймаларда материалдарды осы алаңға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қажетті ассортименті мен саны ғана сақталады. Мұнда карточка орнына ай сайын материалдардың түсуі, шығуы және қалдығы туралы материалдық есеп жасайды.

Есепті материалдық.-жауапты тұлға толтырады. Есепте қолданылган тізімі, өлшемі, бірлігі, есептік бағасы, ай басына қалдығы, материалдардың түсуі, шығындалуы көрсетіледі, осы жазбалардан кейін соңындағы қалдығы шығарылады. Ай соңында материалдық есеп басқа алғашқы құжаттармен бірге оны бекіту үшін бухгалтерияға өндірістік техникалық бөлімге жіберіледі. Бухгалтерияда барлық кіріс-шығыс құжаттары тексеріліп, есепке қосымшаларға сәйкес есептің қалған жолдары тлтырылады.

Қоймадан жабық сақтау материалдарын негізгі және көмекші өндірістерге босату лимитті-заборлы карталар, лимитті-нормативті карталар бойынша жұмыс өндірісі графигіне сәйкес жүзеге асырылады. Көптеген ұйымдар лимитті құжаттауды қолданбайды және өндіріске материалдарды босатуды шектемейді.

Ашық сақтаудағы материалдар (құм, гравий т.б.) қоймадан тыс ашық жерлерде сақталады, бірақ олар материалды жауапты тұлғаның жауапкершілігінде. Оларды босатуда көбіне олар өлшенбейді, әрбір айдың соңында пайдаланылмаған материалдардың қалдығына түгендеу жүргізіледі. Түгендеу қорытындысын актпен рәсімдейді.

Шаруашылық қажеттіліктерге, сонымен қатар ішкі орын ауыстыруында материалдарды шығындау, басқа жақтарға босатуды материалдарды босатуға накладной-талаптармен, ал автокөлікпен тасымалдауда - тауарлы-транспортты накладноймен құжатталады.

Бас мердігерлер субмердігерге кейбір бағалық тарды оларды қайтаруға қолхат немесе оларды пайдалану туралы есеп көрсетуін сұрайды.

Басмердігерде бұл бағалықтарды субмердігерге берілген бағалықтар құрамында, сәйкес субберілген бағалықтар құрамында, сәйкес субшотта есепке алады, ал субмердігер алынған материалдардың баланстан тыс есебін жүргізеді. Оларды қайтарғаннан кейін мүмкін пайдалану бағасы бойынша генмердігердің тауарлық-материалдық қорларының құрамына кірістейді, ал субмердігерге берудегі құны мен қайтарудан кейінгі мүмммкін пайдалану бағасы арасындағы айырманы генмердігердің өндіріс шығындары құрамына жатқызады.

Өндірісте материалдарды пайдалану есебін олардың сақталуына жауапты тұлғалар, яғни прорабтар, құрылыс учаскелерінің басшылары, бригадирлер жүргізеді. Айдың аяғында олар материалдық есеппен бірге М-19 формасы бойынша нормалар бойынша анықталған шығындармен салыстырылып құрылыста негізгі материалдардың шығындары туралы есеп жасайды. Есепті жұмыс бірлігіне материалдар шығындарының өндірістік нормалары; «Орындалған жұмыс есебінің журналы» сандық көрсеткіштері және «Аяқталмаған өндірісті түгендеу акты»; материалдарды шығындау есебінің алғашқы құжатталуының мәліметтері негізінде жасалады.

Материалдардың іс жүз.өз.құнынан есепті бағалардың ауытқуын №10 «Ақшалай бейнедегі материалдар қозғалысы» ведомостының мәліметтері негізінде анықтайды. Сонымен, өндірісте шығындалған материалдардың іс жүзіндегі өзіндік құнын бухгалтерлік есеп стандарттарында көрсетілген орташа құн, ФИФО немесе арнайы сәйкестендіру әдістерінің бірімен анықтауға болады.

Бірнеше рет қолданылатын және өндірістік процесс аяғынан кейін қайтарылатын айналмалы материалдардың құны өндіріс шығындарына біртіндеп (частями) жатқызылады.

Өндіріске айналмалы материалдарды бірінші босатуда оларды прорабпен бекітеді, яғни ол олардың сақталуына және қайтарылуына жауапты. Сонымен, оның барлық құнын (алғашқы) болашақ кезең шығындарының құрамына жатқызу керек.

әрбір айналымда өндірістік шығындар құрамына жатқызылатын айналмалы материалдардың құнының бөлігін келесі формула негізінде есептейді:

Шығынның Материалдардың Материалдардың Айналымдар

нормативті = іс.жүз.өз.құны _ қайтару құны : саны

шамасы

Монтажды қажет ететін жабдықтар мердігер ұйымдармен сол жабдықтарға меншік құқығын берусіз береді.



Монтажды қажет ететін жабдықтар тапсырыс берушіде аяқталмаған өндіріс шығындары құрамында «орнатуға жабдықтар» сәйкес субшотында іс жүзіндегі өзіндік құнмен бейнеленеді.

Мердігерге жабдықты беру шамасы бойынша «мердігерді орнатуға жабдықтар» субшотында бейнелейді, ал оны монтаждауды бастағаннан кейін 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шотына тікелей қажетсіздендіреді.

Құрылыс ұйымымен жабдықтарды беру жабдықтарды қабылдау актімен бейнелецйді, сонымен мердігер оның монтаждауға дейінгі сақталуына жауапты. Құрылыс ұйымдарында түскен жабдықтарды 005 «Монтаждау үшін қабылдаған жабдықтар» баланстан тыс субшотында есепке алады.

Монтажды қажет етпейтін жабдықтар (тапсырысшымен алынған) түсу шамасына қарай іс жүзіндегі өзіндік құнымен 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шотында көрсетеді (субшот «негізгі құралдарға алу»). Оның эксплуатацияға берілуін негізгі құралдар құрамына жабдықтарды қажетсіздендіру үшін негіз болатын негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актімен құжаттайды.

Құрылыс ұйымдарында негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы ережеге сәйкес еңбекақының кесімді және аккордты формаларын қолданумен есептеледі, сонымен бірге үлкен емес шаруашылық субъектілер де төлемнің мерзімді формасы да қолданылады. Әртүрлі формаларда есептеу өндіру есебі және жұмыс уақытының есебі бойынша түрлі алғашқы құжаттарда жүргізіледі: нарядтар, аккордты нарядтар, өндіру ведомостары, смена рапорттары, жол қағаздары, үстемеге қағаздар, жұмыс уақытының табельдері және т.б. Бұл құжаттарда құрылыс өндірісінде қолданылатын уақыт және өндіру нормалары бейнеленеді.

Еңбекақы шығындары есебін ұйымдастырудың (негізгі құрылыс жұмысшыларының) негізгі ерекшеліктері еңбекақыға тура шығындарының құрамына тек жұмысшы –құрылысшылардың негізгі еңбекақысы кіреді, ал құрылысшылардың қосымша еңбекақысы үстеме шығындардың құрамына жатады.

Құрылыста жұмысшылардың негізгі еңбекақысына құрылыс, монтаж және басқа да мердігерлік жұмыстар орындайтын жұмысшылардың еңбекақы сомасы жатады, сонымен қатар қолмен атқарылатын жұмыстарды істейтін қосалқы жұмысшылар аңысы да кіреді. Осы бап құрамына машинисттер еңбекақында жатқызады.

Еңбекақы шығындарының құрамына сондай-ақ қалыпты жағдайлардың өзгеруі үшін және мерзімнен тыс уақытқа төленетін үстемелер де жатады. Үстемелер үстеме қағаздары негізінде есептеледі.

Еңбекақының жеке кесімді формасында жұмысшылардың негізгі еңбекақысын анықтау және орындалған жұмыс көлемі есебі үшін негізгі құжат кесімді жұмысқа наряд болып табылады. Оны құрылыс жетекшісі істелген жұмыс көлеміне жазып, ағымда айда негізгі жұмыс басталғанға бірнеше күндер қалғанда толтыру үшін бригадирге береді. Қосымша жұмыстарға нарядтар жеке жасалады. Нарядта жұмыс сипаты, мерзімі, орындау шарттары, жұмыстың жалпы көлемі, өндіру нормалары, жауапты тұлғалардың қолы, адам – күндер саны, еңбекақы ставкалары көрсетіледі. Жеке кесімді жұмысшыларға еңбекақыны әрекет ететін расценкаларды (тариф) нарядта көрсетілетін құрылыс-монтаж жұмыстарының іс жүзіндегі орындалған бірлік санына көбейту арқылы анықтайды.

Жұмысшылар кінәсінан болған тоқтап қалулар тоқтап қалулар бетімен рәсімделеді. Оған жұмыс жүргізушілер, бригадир немесе шеберлер қол қояды және тоқтап қалулардың себептері, кінәлілері, ұзақтығы, аты-жөндері, оның разряды, төлем проценті, сол уақытқа еңбекақысының жалпы сомасы көрсетіледі.

Ұжымдық кесімді формада өндіру есебі де нарядтарды қолданумен жүргізіледі. Оның мәліметтері бойынша бригада бойынша толықтай еңбекақы сомасы есептеледі де оны бригада мүшелері арасында олардың мамандылығы есебімен істелген уақытқа пропорционалды түрде бөлінеді. Мұнда келесідей әдістер қолданылуы мүмкін.

1. Көрсетілген адам-күндер бойынша;

2. Коэфициенті бойынша;

3. Еңбекке қатысу коэфициенті бойынша ;

Бригадаға еңбекақының аккордты жүйесінде есепті ай ағымында орындалатын немесе тапсырыс орындау кезеңі ағымында орындауға тиісті аяқталған жұмыс кешеніне аккордты нарядтар береді.

Мерзімді жұмысшылардың еңбекақысын іс жүзінде істелген уақытқа тарифтік ставкалар немесе оклад бойынша табельге сәйкес есептейді.

Құрылыс ұйымдарында құрылыс техникасын пайдаланудың әртүрлі ұйымдастырушылық формаларын пайдаланады.

Құрылыс техникасын эксплуатациясы бойынша шығындар есебі үшін шоттардың Бас жоспарында жеке синтетикалық шот қарастырылмаған. Бұл шоттар бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес үстеме құрамына кіреді.

Үстеме шығындар жалпы құрылыс қызметімен байланысты шығындар б/т және құрылыс мердігерінің келісімі бойынша таратылуы мүмкін. Бухгалтерлік есепте оларды тікелей 8410 «Үстеме шығындар» шотында бейнелейді.

Бірнеше келісімдер немесе барлық негізгі өндіріс бойынша жалпы құрылыс қызметімен байланысты үстеме шығындарды 8410 «Үстеме шығындары» шоттарында жалпы қабылданған схема бойынша көрсету керек. Үстеме шығындардың аналитикалық есебі үшін шығындардың жеке ірі кешеңді баптары бойынша ресурстардың шығыны бөлшектенетін әртүрлі ведомостарда жүргізіледі. Ведомость мәліметтері, сонымен қатар ірі және бір элементті баптар бойынша шығындарды жалпылама (№ 10 ж/о) өндірістік бөлімшелердің шығындар есебі бойынша №10 ж/о-ге сәйкес ведомостарда бейнелейді.

Жалпықұрылыстық үстеме шығындар есептің келесідей объектілері бойынша таратылуы мүмкін:


  • тура шығындарға пропорционалды түрінде;

  • орындалған құрылыс-монтаж жұмыстардың келісім (сметалық) құнына пропорционалды түрде;

  • негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына шығындарға пропорционалды түрде;

  • орындалған машина-сменалық санына пропорционалды түрде;

  • басқа да әдістермен.

3. Негізгі құрылыс өндірісінде ақау 2-ге жіктеледі: а) құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың ақауы; б) құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісі процесінде жіберілген ақау.

Табылған дефектілерінің сипаты бойынша ақау түзетуге келетін және түзетуге келмейтін болып бөлінеді.

Біреудің кінәсынан болған ақауды 2-ге ажыратады: материалдар мен жабдықтаушылар кінәсынан болған және құрылыс ұйымдарының жеке жұмысшылар немесе қызметі кінәсынан жіберілген ақаулар.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының ақауын айқындаған жағдайда ақау туралы акт жасайды және сапасыз орындалған жұмысты қайта жөндеуге және түзетуге жұмыстарды жүргізу үшін ресурстардың қажеттілігін есептейді.

Шығындар есебі және ақаудан жоғалтуларды анықтау үшін «өндірістегі ақау» бөлімшесінің шоттары қолданылады. Ақауды түзету шығындарының құрамы ақау категорияларынан және оны қалыптасуына кінәлілерден және оны түзетуде жұмысты кім жүзеге асыратынан тәуелді.


4. Құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірістік шығындарының есебін ішкі салынатын тізімге және жеке жоба мен сметасы бар әрбір құрылыс объекті бойынша жүргізіледі. Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалған көлемінің оперативті есебінің регистрі табиғи және құндық бейнеде объектіде учаске жетекшісі жүргізетін орындалған жұмыс есебінің журналы болып табылады.

Журналды құрылыс учаскесі басшысына жұмыс басталғанға дейін береді. Онда орындауға тиісті жұмыс көлемі туралы мәліметтер көрсетіледі. Сонымен қатар журналда көрсетілген жұмысқа құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құның құрайтын үстеме шығындар мен жинақтардың сомасына тура шығындардың шамасы туралы мәліметтер келтіріледі.

Журналдың мәліметтері құрылыс-монтаж жұмыстарының жоспарын орындау туралы есеп берушілігін құру үшін құрылыс процесінде қолданылатыны, сондай-ақ негізгі құрылыс процесінде қолданылады, сондай-ақ негізгі құрылыс материалдарын пайдалану туралы есептің мәліметтерін толтыру үшін құрылыс машиналарымен және автокөлікпен, сонымен қатар жұмысшыларға есептелген еңбекақы бойынша құжаттарда бейнеленген жұмыс көлемін бақылау үшін пайдаланылады.

Аяқталмаған құрылыс өндірісінің көлемін анықтау үшін құрылыс ұйымдарымен орындалған және тапсырысшыға беруге жатпайтын барлық жұмыстардың қалдықтарына ай сайын түгендеу өткізеді. Түгендеу мәліметтерін ІКС-7ф. актісінде көрсетеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалған көлемінің оперативтік есебінің мәліметтері негізінде және аяқталмаған құрылыс түгендеуінің акті бойынша орындалған жұмыстың сметалық құны туралы анықтама жасалады. Осындай анықтаманы орындалған жұмыстар бойынша генмердігерге субмердігерлік ұйымдар көрсетуі керек.

Құрылыс ұйымдары тапсырыс көрсетілген салық сомасын шегеру құрылысты шаруашылық әдіспен жүргізуде тауарларды босату шамасы бойынша жүргізіледі.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын басқа шаруашылық операциялармен өзара байланыста шаруашылық тәсілмен жүргізуге шығындардың қалыптасуы.

Аяқталған құрылыс объектілерін қабылдау орындалған жұмыстың қабылдау актімен, ал (объекті) тұрғын үй азаматтық белгілеу объектілері бойынша эксплуатацияға оларды қабылдау актімен бейнелейді.

Құрылыс ұйымдары осындай құжаттардың негізінде мердігер келісім шарты бойынша табыстар және шығындарды мойындаудың соңғы операцияларын бейнлейді; ал тапсырысшы қабылданған объектілердің келісім құнын негізгі құралдарды пайдалану бойынша күрделі салулардың құрамында 1340 «Аяқталмаған өндіріс» отының сәйкес субшоттарында көрсетеді.
5. Құрылыс жұмыстарын шаруашылық тәсілмен жүргізгеннен кейін құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге кеткен барлық шығындарды құрушы 1340 «Аяқталмаған өндіріс» шотының әрбір объектісіне ашылатын сәкес шоттарда көрсетеді. Шығындар есебі мердігерлер пайдаланатын шығындар баптарының бір бөлігінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Құрылыс жұмыстарын жүргізудегі шаруашылық субъектілерінің шығындары ҚҚС салынбайды. Мұнымен, объект құрылысында қолданылған материалдар және қызметтер бойынша ҚҚС-ң (сомасы) алдында есепке алынған сомасы шегерімді және құрылыс құнының жоғарлауына жатқызады. Жұмыс түрлері жеке кезеңдерін орындау шамасы бойынша төлеу жағдайында клісім шарт жасайды. Осындай жағдайда құрылыс-монтаж жұмыстарының бір түрі немесе кезеңі аяқталған соң №КС-2-а немесе №КС2-б формалары бойынша орындалған жұмыстардың қабылдаудың аралық акті тапсырушының қатысуымен жасалады.

Сонымен қатар бірге, тапсырысшы барлық дайындық және ашу құрылыс жұмысшыларын аяқталуына қарай жеке қабылдайды, оның нәтижелерін №КС-4 және №КС-5 типтік формалары актінде көрсетеді.

Осы актілер негізінде есепті кезеңге орындалған және қабылданған жұмыстар бойынша құрылыс ұйымдарының табыс сомасын анықтайды және тапсырыс берушіге шот көрсетіледі.

Жұмыстардың қабылданған көлемінің өндірісіне іс жүзіндегі шығындар біруақытылы құрылыс өнімдерін сату бойынша шығындарға қажетсіздендіріледі.

Сонымен, құрылыс ұйымдарының аяқталмаған өндіріс құрамында тек әлі аяқталмаған және тапсырысшыға берілмеген құрылыс-монтаж жұмыстарының түрлері бойынша шығындар тіркеледі.

Өткізілген жұмыстардың өзіндік құнын және аяқталмаған өндіріс қалдықтарының шамасын, сонымен қатар табыс сомасын анықтау Бухгалтерлік есептің №12 «Күрделі құрылысқа мердігерлік келісімдер» стандартында көрсетілген әдісті қолдану жолымен немесе шаруашылық субъекті есеп саясатында және келісім шартта көрсетілген басқа да принциптерге сәйкес анықталуы мүмкін. Қабылданған жұмыстардың іс жүз.шамасын және аяқт. өндірістің қалдық шамасын келесідей анықтауға болады.


  • жұмыстың аяқталған циклін орындауға кеткен іс жүз. шығындар негізінде, мұнда орындалған жұмыстың келісім құны мердігердің келісімін жасауда жоспарланған құрылыс өндірісінің рентабельділігі деңгейі есебімен анықталуы мүмкін;

  • іс жүз. кеткен шығындардың ай аяғысындағыдан аяқт. өндіріс құрамында қалатын жұмыстың сметалық немесе жоспарлық өзіндік құнын анықтау алдыңғы жағдайдағыдай;

  • орындалған және қабылданған жұмыстың сметалық өз.құны негізінде, тапсырыстың келісім құны барлық шамасымен және орындалған жұмыстың сметалық құнымен барлық тапсырыстың сметалық құнына қатынасы бойынша анықтайды.

Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін және объекті эксплуатацияға қабылданғаннан кейін іске асырылатын есеп бойынша объектілер тапсырысшымен қабылданғанға дейін мердігерлік құрылыс ұйымдарының аяқталмаған өндіріс құрамында тіркеледі.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері қандай?

2.Құрылыстағы өндірістік шығындар қалай жіктеледі?

3.Құрылыстағы ақаудың түрлері қандай?

4. Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстардың көлемінің есебі және құжаттық рәсімдеу қалай іске асады?

5.Шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылған құрылыс есебінің ерекшеліктері қандай?



7.Тақырып: Туристік компанияларда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Дәріс сұрақтары

1. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi

2. Халықаралық және ішкі туризм -туризмнің ұйымдық нысандары

3. Туристік қорлар

4. Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу құжаттары
1. Бүгінгі таңда туризм экономикамыздың дамуының әлеуеті мен болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Туризм деп жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхатын атаймыз. Атаулы қызмет көрсету түрі адамзаттың игілігіне арналған және экономиканы көтерудің бірден бір ыңғайлы құралдарының бірі болып танылады.

Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шартта оның қолданылуы үшiн заң шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi

1. Туристiк қызмет субъектiлерiне:

1) туристiк операторлар (туроператорлар);

2) туристiк агенттер (турагенттер);

3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар;

4) туристер және олардың бiрлестiктерi;

5) экскурсанттар;

6) туристiк қызмет саласындағы өзге де бiрлестiктер;

7) туристiк қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн мемлекеттiк органдар жатады.

Туристiк қызмет объектiлерi - табиғи объектiлер және табиғи-климаттық аймақтар, көрiктi орындар, тарихи және әлеуметтiк-мәдени көрсету объектiлерi және саяхат кезiнде туристердiң қажеттерiн қанағаттандыра алатын өзге де объектiлер.

Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.

Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi:

1) турлар ұсыну жөнiндегi қызмет көрсету;

2) тұратын орындар беру жөнiндегi қызмет көрсету;

3) тамақтандыру жөнiндегi қызмет көрсету;

4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;

5) көлiк қызметiн көрсету;

6) ойын-сауық;

7) өзге де туристiк қызмет көрсетулер.

Турисік индустрияда міндетті түрде туристік ресурстар (қорлар) қарастырылады. Осыған орай Қазақстан Республикасының туристік ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимі, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықтың жол берілетін шегін ескере отырып пайдалану мен туристік ресурстардың тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтіру жөніндегі шаралар арнайы заңдарда белгіленген тәртіппен айқындалады.
2. Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары болып танылады.

Халықаралық туризмге біз келесілерді жатқызамыз:



  • келу туризмі - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Респубпикасы шегіндегі саяхаты;

  • шығу туризмі — Қазақстан Республикасының азаматтары Республикасында тұрақты тұратын адамдардың саяхаты;

Ал ішкі туризм дегеніміз — Қазақстан Ресубликасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Ресубликасының шегіндегі саяхаты аталады. Сонымен қатар турфирмалардың бәсекелестіктетерінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайтын туризмнің келесі түрлері белгілі:

  • әлеуметтік,

  • экологиялық,

  • шытырман спорттық,

  • іскерлік,

  • конгрестік,

  • емдеу-сауықтыру,

  • мәдени-танымдық,

  • діни және басқа туризм.

Еліміздің аумағына келу туризмін ұйымдастырумен байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету экспорты болып табылса, басқа елге шығуға байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету импорты болып табылады.

Кез келген саланың дамуында мемлекет басты рөл ойнайды. Бұл оның құрылымы мен ерекшеліктеріне, атқаратын қызметіне, өндіретін өніміне, халыққа тигізетін пайдасына, басқа салармен байланысына қатысты болып келеді. Осы ретте турфирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі мен оларды ажырату факторларын туристік қызметті мемлекеттік реттеудің принциптері арқылы көрсетуге болады.



Жоғарыда аталғанға сай мемлекет тарапынан келесі реттегі жәрдем беріледі:

  • туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;

  • туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау;

  • Қазақстан Республикасы туралы туризм үшін қолайлы ел деген түсінікті қалыптастыру;

  • Қазақстан Республикасының туристері мен туристік ұйымдарының және олардың бірлестіктерінің қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың мүдделері мен мүлкін қорғау.

Сонымен қатар турфирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі мен олардың деңгейі мемлекеттік реттеу барысында қойылып, төменде берілген мақсаттардың орындалуынан танылады:

  • азаматтардың туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп-тұру құқықтарын қамтамасыз ету;

  • қоршаған ортаны қорғау;

  • туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;

  • саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту;

  • туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;

  • халықаралық туристік байланыстарды дамыту;

  • туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельді саласы ретінде қалыптастыру;

  • туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау;

  • балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, мүгедектер мен халықтың күнкөрісі төмен топтарының арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;

  • туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;

  • Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмімен және ішкі туризммен айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту;

  • ішкі және халықаралық туризм қажеттерін қамтамасыз ету үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін құру;

  • туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөніндегі саясатты айқындау;

  • туристік қызмет саласындағы қатынастарды жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туристік қызметті лицензиялау туристік индустрияның қызмет көрсетулерін стандарттау және сертификаттау;

  • бюджеттік заңдарға сәйкес туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға бюджет қаржыларын бөлу;

  • туристік қызметті кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

  • отандық туристердің, туроператорлар мен турагенттердің және олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуына жәрдемдесу;

  • ішкі және дүниежүзілік туристік рыноктарда туристік өнімді ұсынуға жәрдемдесу;

  • елдің туристік ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды, есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар атаулы салада мемлекет пен құзіретті органдар келесі қызметтерді атқарады:

  • туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

  • туристік қызметті лицензиялау ережелерін және туристік қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

  • туристер аралауға тыйым салынған объектілер мен аумақтарды белгілейді;

  • туристік қызмет саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты айқындайды;

  • туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады;

  • туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқаруды асырады;

  • Қазақстан Республикасында туризм саласын дамыту бағдарламасын әзірлейді;

  • туристік қызмет мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық жобаларын әзірлеуге қатысады;

  • өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңдарды қолдану практикасын жинақтап, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

  • туристік рынокқа зерттеу жүргізеді, халықаралық туристік рынокта және мемлекет ішінде Қазақстан туралы және оның туристік мумкіндіктері туралы ақпаратты әзірлеп, таратады;

  • өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралык туристік ұйымдарда және туризм жөніндегі халықаралық іс-шараларда Қазақстан атынан өкілдік етеді;

  • атқарушы органдардың, меншік нысандарына қарамастан туристік және басқа да ұйымдардың туристік қызмет саласындағы қызметін үйлестіреді;

  • туристік қызмет көрсету рыногында бәсекені дамытуға жәрдемдеседі, онда меншік нысанына қарамастан барлық туристік қызмет субъектілері үшін тең жағдайлар жасайды;

  • стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп сертификаттау мен стандарттауды реттейді;

  • Қазақстан Республикасының туристік қызмет саласындағы заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

  • туристік қызмет субъектілеріне олардың қызметін ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

  • туристік қызмет саласында халықты жұмыспен қамту шарасы ретінде кәсіпкерлікті дамытып, қолдайды;

  • туризмді дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеп, орындайды;

  • жергілікті туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеп, енгізеді;

  • әкімшілік-аумақтық бірліктердің туристік қызмет көрсету рыногына талдау жасайды;

  • әкімшілік-аумақтық бірліктердегі туризмнің дамуы туралы талдау жасап, қажетті мәліметтерді уәкілетті органға береді;

  • турагенттік, туроператорлық қызметті және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін лицензиялауды жүзеге асырады;

  • туристік қызмет көрсетулерді және туризм объектілерін жарнамалайды, туристік ақпаратты береді, туристік ақпарат орталықтарын құрады;

  • балалар мен жастар лагерьлерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;

Туристік ақпарат орталығы өз қызметін уәкілетті орган бекіткен ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Туристік қорлар туристік өнім көздері қызметтерін атқарады. Ресурстық негіз туристік өнім ретінде келесі ретте беріледі:

  • туристік қорлар

  • материалдық және матеиалдық емес нысаналар;

  • туристік өнімді тұтынуға бағытталған туристік қызмет көрсетулер.

Қолдағы бар қорлар туризм мақсатында пайдаланылуы үшін қорларды туристік өнім ретінде беретін технологиялар мен білім жиынтығының жүйесі қажет.

Туристік қызмет көрсетудің дәстүрлері, салттары, әдістері мен тәсілдері көне замандардан келе жатыр. Туризмнің негізін құраушы дәстүрлер мен салттар мыңжылдықтар бойы қалыптасып келе жатыр.

Сонымен қатар тек қана білім мен біліктілік жеткілікті емес. Туристік индустрия мен көршілес салаларды құру үшін ұйымдастырушылық және құқықтық орта мен жақсы дайындығы бар қызметкерлер тобы қажет. Олардың дайындалуы, қайта оқытылуы, мамандандырылуы да біраз шығындар мен уақытты қажет етеді. Маманды кәсіби дайындау 2 ден 5 жылға дейін уақыт алады, ал кәсіби дағды иеленуші үшін тағы біраз жылдар қажет. Сонымен, туристік өнім үш көзін иеленген.


  1. табиғи ресурстар;

  2. туристік қызмет көрсету мен туризмнің технологиялары мен білімінің тәртіпке келтірілген жүйесі;

  3. кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық құрылымы мен дайындалған мамандар тобы.

Өзінің құрылымы бойынша туристік өнім бірнеше деңгейлерді иеленген:

  1. қызмет көрсету, жұмыс немесе тауарлардың бір ғана өндірушісінің өнімі – тұтыну өнімі;

  2. өнімді өндірушілердің біртекті немес әртекті топтары;

  3. туристік сала өнімі;

  4. дестинация өнімі (бірнеше салалар мен қор көздерінің жиынтық өнімі)

  5. жоғарыға ұқсас мемлекет немесе аймақ өнімі.

Туристік өнім – бұл заңдыға қаранда, экономикалық категорияға жақын келетін категория. Кез келген туристік өнім заттық бағытталған құрамдас бөлшекке ие болып келеді. соынмен қатар, априор туристік өнімі барлық тұтынушылар үшін жалпылыққа ие қор элементеріне негізделеді. Құрамдас бөліктер табиғи сипатта болуы мүмкін және де өндіруші мен тұтынушыға мүлдем тәуелді болмауы мүмкін. Мысалы, туристік қызығушылық тудыратын табиғи құбылыс: солтүстік нұр шашу, табиғи ландшафт, теңіз, тау және т.б. атаулы категорияларға тарихи-мәдени нысаналар мен кешендер, сәулетік және тарихи нысаналар, мұражай, ғибадатханалар жатады.

Туристік өнімге қатысты әр жеке құрамдас бөлік жиынтық құрамында қызмет етеді. Мысалы, дамыған инфрақұрылымның (байланыс, жолдар, коммуналды және тұрмыстық қызмет көрсетулер жүйесі, сауда) бар болуы міндетті шарт болып табылады. Табиғи қор туристік өнімнің әлеуетті құрамдас бөлігі болып табылғанымен, басқа элементтермен тіркесіп барып тұтынылуда іске асырылады. Егер де қолжетерлік пен басқа да қосымша жағдайлар қарастырылмаса, онда қор туристік өнімнің әлеуетті құрамдас бөлігі деп саналмайды.

Туристік өнім оны құраушы үш бөліктен тұрады:


  1. Туристік қызмет көрсетулер (яғни туризмді ұйымдастырушылардың қызметттері: туроператорлар, туристік агенттер, қонақжайлылық жүйесінің қызметі, тасымалдау қызметі, қоғамдық тамақтану және туристік категориясына жататын басқа да қызмет көрсетулер);

  2. Туристік қызметті тұтынумен қатар жүретін жұмыстар;

  3. Турда тұтынылатын тауарлар мен турдан тыс тұтынылатын тауарлар.

Атаулы құрамдас бөліктердің өзара байланысы мен олардың туристік өнімдегі пайыздық арақатынасы туризм мақсаты мен ұйымдастырушылардың дайындығы мен ауқаттылығына байланысты. Соынмен қатар туристердің белгілі өнімді тұтынуға деген уәжі мен дайындығының да рөлі баршылық.

Туристік өнім турдың негізін құрайды да, оның жеке элементтері тур бағдарламасына еніп, ваучерге жазылуы мүмкін.

Сонымен, қарапайым өнім бір ғана қызмет көрсетуден, қызмет көрсетудің бір кешенінен немесе бір топ шаралардан тұруы мүмкін. Бұл типтік немес жеке тури құраушы күрделі қызмет көрсету кешеніне негізделген жиынтық өнім болуы мүмкін. Соынмен қатар, жоғары деңгейде ірі тур операторларына ұсынылатын бірнеше турлардан тұратын туристік өнім да бар. Ең жоғарыда туристік орталықтың, аймақтың туристік жиынтық өнімі тұрады. Қор құраушылардың басым бөлігі тур құнына енгізілмейді, дегенмен де олар қалғандарымен тікелей байланыста болып, өнім құнына ықпал етеді.

Туристік өнімнің тұтынушысы ретінде туристер, экскурсанттар және туристік орталықтың басқа да қатысушылары танылуы мүмкін.

Тур – орналастыру, тасымалдау, туристерді тамақтандыру бойынша қызмет кешенін құрайды. Бұл ереже ұйымдастырылған туризмге қатысты болып келеді. Сонымен қатар тур - тек бір ғана қызмет көрсетулер кешені емес, ол бір бірімен тығыз өзара байланысқан қызмет көрсетулер кешендерінің жиынтығын құрайды. Сонымен турды келісім-шарт нысанасы деп таниды.

Турды іске асырумен немесе сатумен турагент пен туроператор айналысады. Олрадың екеуі де туристік өнеркәсіп кәсінорындары мен туристер арасындағы делдалдық қызмет атқарады.


4. Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш;

  • лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

  • жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

  • кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

  • меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;

  • білімі және жұмыс өтілі туралы қужаттардың көшірмелерін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;

  • туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;

  • тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;

  • туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;

  • экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарттың көшірмесі немесе оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер тізімі;

  • жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);

  • туристік бағыттардың тізілімі;

  • туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;

  • "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;

  • туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.

Турагенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш;

  • лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

  • жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

  • кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

  • меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендіпн растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды, туристік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;

  • білімі және жұмыс етілі туралы құжаттардың көшірмесін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;

  • туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;

  • тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;

  • туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;

  • жарнамалық-ақпараттық материалдар (женсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);

  • "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңның 17-ба-бының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;

  • туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.

Экскурсиялық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш;

  • лицензиялық алым телегенін растайтын құжат;

  • жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңцы тұлғалар үшін);

  • кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

  • штаттағы немесе шарт негізінде тартылатын кәсіби даярланған адам-дар: оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер тізімі;

  • әзірленген бағыттар мен экскурсиялар тақырыптары;

  • туристерге қызмет көрсетуге арналған меншікті немесе жалға алынған көлігі бар екендігін растайтын құжат.

Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

  • белгіленген нысан бойынша өтініш;

  • лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;

  • тиісті кәсіптік дайындығын, біліктілігін және туристік бағыттармен жүріп ету тәжірибесін растайтын құжаттар;

  • әзірленген туристік бағыттардың карта-сызбалары және сипаттамалары;

  • денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтама.

Өтінуші ұсынылған құжаттардың анықтығына Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жауаптылықта болады. Өтінушінің өткізген құжаттарында қамтылған мәліметтерді тексеру қажет болған ретте, лицензия беру туралы шешім тексеруден соң қабылданады. Тексерудің нәтижелері бойынша туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді, сондай-ақ туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы қорытынды шығарылады.

Сонымен қатар стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіру кезінде талаптар қамтылуы тиіс:



  • жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту;

  • кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

  • туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты;

  • туристік білімі немесе туризм саласында кемінде бір жыл нақты жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер;

  • туристік бағыттардың тізілімі;

  • туристерге қызмет көрсету бағдарламалары;

  • меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды;

  • туристік жарақтар;

  • көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсету шарты;

  • экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен шарт немесе оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер;

  • тасымалдаушымен шарттар;

  • туристік жолдама, турист жаднамасы;

  • туристке арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат;

  • жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).

Турагенттік қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

  • жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту (заңды тұлғалар үшін);

  • кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

  • туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты;

  • туристік білімі немесе туризм саласында кемінде бір жыл нақты жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер;

  • меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін не туристерді орналастыру орындары;

  • туристік жарақтар;

  • көлікті ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызмет көрсету шарты;

  • тасымалдаушымен шарттар;

  • туристік жолдама, турист жаднамасы;

  • туристке арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат;

  • жарнамалық-ақпараттық материалдар (жөнсілтегіштер, бүктемелер, бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).

Экскурсиялық қызметті лицензиялау кезінде өтінушіге қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

  • кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

  • штаттағы немесе шарт негізінде тартылатын кәсіби даярланған адам-дар: оқу орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі туралы растайтын құжаттары және денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамасы бар жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер;

  • әзірленген бағыттар мен экскурсиялар тақырыптары;

  • туристерге қызмет көрсету үшін меншікті немесе жалға алынған көлік.

Лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылады, егер:

  • туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға заңнамалық кесімдермен адамдардың осы санаттары үшін тыйым салынса;

  • лицензия алу үшін қажетті құжаттардың барлығы ұсынылмаса. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептерді өтінуші жойған ретте, өтініш оны алу үшін көзделген жалпы негіздерде қаралады;

  • лицензиялық алым енгізілмесе;

  • өтінуші біліктілік талаптарына сай келмесе;

  • өтінушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салынған сот шешімі бар болса.

Турагенттік, туроператорлық, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартылған жағдайда, өтінушіге бас тарту себептері көрсетілген жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Егер заңнамамен белгіленген мерзімде лицензия берілмеген жағдайда немесе лицензия беруден бас тартуды етінуші негізсіз деп тапса, ол бір ай мерзімде лицензиардың іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Лицензия беруден негізсіз бас тартудан немесе өтінушінің құқығын бұзудан туындаған шығындарды өтеу заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Лицензияны басқа заңды және жеке тұлғаларға беруге тыйым салынады.

Лицензия өз күшін мына жағдайларда тоқтады:



  • лицензияның қайтарып алынуы;

  • азаматтың кәсіпкерлік қызметін тоқтатуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi қандай?

2. Халықаралық және ішкі туризм -туризмнің ұйымдық нысандарын атаңыз?

3. Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу құжаттары қандай?




3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
Тақырып 1. Сауда кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп.
Тәжірибелік сабақ жоспары :

1.Тауарлық оперциялардың есебінің принциптері.

2.Тауарлық операцияларды құжаттық рәсімдеу.

3.Тауарларды бағалау.

4.Бөлшек және көтерме сауда кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1. Абдушукуров, Р.С. Теория и практика бухгалтерского учета.- Алматы, 2007

2.Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы, 2008 жыл


  1. Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2007 жыл

  2. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы және негіздері Алматы 2006 жыл


Тақырып 2. Сыртқы экономикалық қызметтің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
Тәжірибелік сабақ жоспары :

1.Экспорттық операциялар есебі.

2.Импорттық операциялар есебі.

Әдістемелік нусқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет