ПОӘК 042. 18-24 03/01 2015 №1 басылым 11. 09. 2015ж


Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б



бет8/9
Дата09.06.2016
өлшемі1.09 Mb.
#124907
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б

өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.

1.Жылқы, сиыр және қой жүректерін тыңдау әдістемесін айтыңыз.

2.Жылқы, сиыр және қойдың жүрек тондарына сипаттама беріңіз.

3.Жылқы, сиыр қой және иттерде жүрек дүрсілінің ең айқын естілетін орны қай жерде орналасқан?

4.Эндокардиальді шулардың жіктелуін айтыңыз.

5.Жүректің экстракардиальді шуларының жіктелуін айтыңыз.

6.Жүректің перикардиальді шуларын экстракардиальді шулардан қалай ажыратуға болады?

7.Систолалық және диастолалық шулармен сипатталатын жүректің жай ақауларын атаңыз.

8.Жүрек клапандарының жетіспеушілігінде ненің нәтижесінде шу түзіледі?
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №12 зертханалық сабақ


Тақырыбы: Бауыр мен көк бауырдың патологиялық ерекшеліктеріне сәйкес клиникалық диагностикада қолданылатын негізгі әдістер. Жүйке-эндокриндік жүйені тексеру тәсілдерін игеру.

Сабақ мақсаты: Нұқу кезінде ірі қара малда бауырдың топас дыбысы оң жақта 10-12-ші қабырға аралығы аймағында, ал қой мен ешкіде 8-12-ші қабырға аралығы аймағында естілуін анықтап үйрену.

Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

Зертханалық сабақтың алғашқы кіріспе сабағындағы негізгі талаптар мен күнтізбелік тақырыбына сәйкес зерттеулерді жүргізуге қажетті жұмыс үстелінің дайындығы мен қауіпсіздік алғы шарттарымен танысу, жұмыстың жүргізілуіне негізгі нұсқаулықты алу.



Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Тапсырма №1

Көкбауырды тексеру

Нұқу арқылы сау жылқылардың көкбауырының топастау дыбысын 15-ші қабырға аймағында маклок сызыығы деңгейінде естуге болады.



Тапсырма. Әрбір студент оқытушының қадағалауымен жылқы, сиыр, қойдың құрсақ қуысы мүшелерін тексеруді осы жоспар бойынша тексеруі керек. Тексеру нәтижелерін жұмыс дәптеріне жазу керек.

Тапсырма №2

Ұлтабарды тексеру

Сипалау кезінде ұлтабар қабынуы, жара, улану және т.б. ауруларда ауырсынудың бар – жоғын анықтайды.



Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б

өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.

1.Жылқының асқазанын қандай әдістермен тексереді?

2.Жылқы асқазанының ең жиі кездесетін ауруларын атаңыз?

3.Жуан ішек және аш ішек бөлімдерінің перстальтикалық шуларының күшеюі қандай ауруларға тән?

4.Ішектердің перистальтикалық шуларының күшеюі қандай ауруларға тән?

5.Бауыр мен көкбауырды нұқығанда қандай дыбыстар естіледі?

6.Ректальді тексерудің диагностикалық мәні қандай?
5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №13 зертханалық сабақ


Тақырыбы: Несеп-жыныс жүйе қызметін зертханалық тексеру әдістерін меңгеру

Сабақ мақсаты: Несеп шығару органдары: бүйрек / жұп орган/, мочеточник- несеп түтігін /жұп орган/, қуық, несеп каналы/уретра/ тексеру.

Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

Зертханалық сабақтың алғашқы кіріспе сабағындағы негізгі талаптар мен күнтізбелік тақырыбына сәйкес зерттеулерді жүргізуге қажетті жұмыс үстелінің дайындығы мен қауіпсіздік алғы шарттарымен танысу, жұмыстың жүргізілуіне негізгі нұсқаулықты алу.



Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Тапсырма №1

Қуықты қөру,сипауы, нұқу, катетеризация, рентгенография, цистоскопия арқылы тексеру.



Топография.

Жылқыда- қуық жамбас құйысында орналасқан, несеппен толғанда қурсақ қуысына жылжыйды.

Ірі қара малда- қуықты несеппен толғанда қурсақ қуысына итеріп шығарады

Шошқада-қуық зәрмен толғанда шат құйысына жылжыйды.

Иттерде-қуық қурсақ қуысына орналасқан, несеппен толғанда кіндік қуысына жылжыйды және қарыңды ұлкейтеді.

Тапсырма №2

КАТЕТЕРИЗАЦИЯ- КАТЕТЕР ҚУЫҚА ЕНГІЗУ. Катетерлар металды, резинке, пласмасс әртүрлі малдарға қолданылады. Ұрғашы малдарға- металды катетер қолданылады, еркек малға- эластикалық /резинке, пласмасс/ катетермен жүмыс сітейді /қолданылады/.



Тапсырма №3

Несепті зертеу. 1. Мөлшерін.2.Цвет- түсі. 3. Түсін- Несеп мөлдір түсті. Прозрачность мочи. 4.Қурамы- Консистенция мочи. 5. Несептін ісі. 6. Относительная плотность мочи.7. Химиялық зертеу.- химические исследования.



Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б

өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.

  1. Несеп шығару жүйесі қызметіне бағалау.

  2. Зәрдің тәуліктік мөлшері:

  3. Органикалық емес заттар:

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №14 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Биогеоценоздық зерттеудің зертханалық алғы шарттарын меңгеру

Сабақ мақсаты: Жануарлар организміндегі жалпы зат алмасу үрдістерінің дәрежесіне биогеоценоздық тұрғыдан баға беру.

Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

Зертханалық сабақтың алғашқы кіріспе сабағындағы негізгі талаптар мен күнтізбелік тақырыбына сәйкес зерттеулерді жүргізуге қажетті жұмыс үстелінің дайындығы мен қауіпсіздік алғы шарттарымен танысу, жұмыстың жүргізілуіне негізгі нұсқаулықты алу.


Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Тапсырма №1

Заттардың алмасуының бұзылуынан болатын ауруларды олардың себептері мен басымырақ клиникалық өзгерістерді анықтау.



Тапсырма №2

Микроэлементтердің жеткіліксіздігінен немесе олардың организмге қалыптан тыс артық түсуінен болатын арулар. Бұл аурулар белгілі бір биогеохимиялық зоналарда кездеседі /гипокобальтоз, гипокупороз, еттің ағарып ауруы, цинктің, йодтың, марганецтің жеткіліксіздігі, бордың, селеннің, никельдің, молибденнің көп болуы/:



Тапсырма №3

Гиповитаминоздар/ретинолдың, кальцийферолдың, токоферолдың, аскорбин қышқылының, тиаминнің, цианкобаламиннің және т.б. витаминдердің жеткіліксіздіктері/.



Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б

өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.

  1. Гиповитаминоздар/ретинолдың, кальцийферолдың, токоферолдың, аскорбин қышқылының, тиаминнің, цианкобаламиннің және т.б. витаминдердің жеткіліксіздіктері/.

  2. Организмде зат алмасуының бұзылуының алғашқы сатысында аңықтау үшін баолық зерттеі әдістерін /әсіресе лабораториялық/ жан-жақты қолдану.

  3. ГИПЕРКЕТОНЕМИЯ.

  4. ГИПОГЛИКЕМИЯ.

  5. ГИПЕРГЛИКЕМИЯ.

  6. ГЛЮКОЗУРИЯ.

  7. СҮЙЕК ДИСТРОФИЯСЫ.

5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариялық пропедевтика» пәнінен №15 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Ірі қара малдарындағы жайылымнан болатын тетанияны анықтаудың әдістері

Сабақ мақсаты: Аурудың сипатталуы жүйке бұлшық ет қозуының басымдылығымен және қан құұқрамыныңың электролитті күйінің өзгеруімен сипатталуына байланысты негізгі симптомдарды анықтау.

Зертханалық сабаққа рұқсат беру үшін сұрақтар:

Зертханалық сабақтың алғашқы кіріспе сабағындағы негізгі талаптар мен күнтізбелік тақырыбына сәйкес зерттеулерді жүргізуге қажетті жұмыс үстелінің дайындығы мен қауіпсіздік алғы шарттарымен танысу, жұмыстың жүргізілуіне негізгі нұсқаулықты алу.



Эксперименттік жұмыстарды жүргізу және алған мағлұматтарды өңдеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

Тапсырма №1

Аурудың сипатталуы жүйке бұлшық ет қозуының басымдылығымен және қан құұқрамыныңың электролитті күйінің өзгеруін анықтау.



Тапсырма №2

Аурудың дамуында азықпен калий тұзының шамадан артық түсуінен магний және кальций балансының өзгеруінен организмдегі магнийдің төмендеуіне әкеп соғуын бағалау.



Тапсырма №3

Бұлшық еттеің фибриллярлы тартылуы, тамыр соғу және тыныс алудың жиілеуі, дене қызуының жоғарылауы, жиі зәр бөлуін байқау.



Мазмұнды бейінлейтін негізгі кестелер, формулалар және т.б

өзін-өзі текеру үшін және зертханалық жұмыстарын қорғау сұрақтары.

  1. Ірі қара малдарындағы жайылымнан болатын тетанияның негізгі белгілері.

  2. Гиповитаминоздық жағдайдың туындауының негізгі себептері.


4. БІЛІМ АЛУШЫЛЫАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 1


1-сабақ. Вегетативті жүйке жүйесін тексеру. Захарыш – хеда зоналары (бөліктері).

Қажетті құралдар: И.П. Шатала аппараты, бұраулар, фонендоскоптар.

Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге вегативті жүйке жүйесін дұрыс тексеруді және бейнеленген ауруды анықтауды үйрету.

Вегативті жүйке жүйесін тексеру

Малдәрігерлік тәжірибеде вегативті жүйке жүйесінің жағдайын анықтау үшін арнайы рефлекстер әдістемесі қолданылады. Бұл мақсатта жануардың 30 секунд ішінде жүрек соғуын санайды. Содан соң Шатала аппаратын қолданып немесе қолмен көз алмасына сынап бағанасы бойынша 20-30 мм қысым түсіру арқылы көз-жүрек рефлексін түзеді. Құлақ – жүрек рефлексінде Шатала динамаметрін құлақ негізіне қойып немесе жылқылар үшін қозғыштық типті- 20 кг, қозғалғыш –25 кг, инертті –30 кг қысым күшін түзу үшін бұрау салады, сол кезде бір уақытта 30 секунд ішіндегі жүрек рефлексін анықтағанда үстіңгі ерінге бұрау салып, жүрек соғуын санайды. 1 минутта 4 реттен аз соқса, ол жануардың вегатоникалық жағдайда екенін, ал 4 реттен көп соқса, ол жануардың симпатикотоникалық жағдайда екенін білдіреді.



Захарыш-Хеда зоналарын (бөліктерін) тексеру.

Захарыш- Хеда зонасы – ішкі мүшелердің аурулары кезіндегі терінің сезімталдығы жоғарылаған бөліктерін анықтау.



Сезімталдығы жоғары бөліктердің клиникалық сипаттамасы. Сезімтал бөлік аймағын ақырын басқанда немесе нұқығанда ауру малда терінің ауырсыну реакциясы (гиперестезия) болады. Жоғары сезімталдық бұлшық еттің жиырылуымен, тердің көп бөлінуімен, ыңырсумен, арқасын бүгумен, тексерушінің қолынан қашқалақтаумен сипатталады.

Тапсырма. Тірі жануардың денесіне көкірек және құрсақ қуысының мүшелерінің топографиясын бормен сызып, бейнеленген ауырсынуды тексеру. Тексеру нәтижесін жұмыс дәптеріне жазып алу керек. Жылқыларда ауырсыну бейнеленген бөліктер мынадай:

1. Асқазан ауруында терінің жоғары сезімталдық зонасы – шоқтықтың артқы еңісінде;

2. Асқазан, 12-елі ішек, бауыр, көкбауыр және ұйқы безінің ауруларында – сол жақтан 5-10-шы қабырға аралығында;

3. Ащы ішек, мықын ішек, соқыр ішек ауруларында – оң жақтан және сол жақтан 11-12-ші қабырға аралықта;

4. Тоқ ішек ауруында – 13-15-ші қабырға аралығы аймағында;

5. Бүйрек, бүйрек үсті безі және қалақаның ауруларында – 16-18-ші қабырға аралығында;

6. Кіші тоқ ішек, тік ішек ауруларында - терінің жоғары сезімталдық бөлігі мықын, шап, жамбас, бел аймағында болады;

7. Қуық, несеп жолы, жыныс бездерінің ауруларында – бел және сегізкөз аймағында;

8. Жүрек ауруы кезінде – сол жақтан 3-6-шы қабырға аралығы аймағында.

Бақылау сұрақтары

1. Қандай ішкі ағзалар алдыңғы және артқы айшықты түйіндермен, алдыңғы және артқы шажырқай түйіндермен, бүйректік қалқаның және жамбастың түйідермен нервтеледі;

2. Келесі аурулардағы терінің жоғары сезімтал бөлігін атаңыз:

а) асқазан, 12 елі ішек, бауыр, көкбауыр және ұйқы безі;

б) ащы, мықын, соқыр ішек;

в) тоқ ішек;

г) бүйрек және бүйрек үсті безі, қалқа;

д) кіші тоқ ішек және тік ішек;

е) қуық, несеп жолы және жыныс бездері;

ж) жүрек ауруларында.

СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 2
2 сабақ. Жылқы асқазанындағы заттардың физикалық және химиялық қасиетін анықтау.

Қажетті құралдар. Мұрын - өңеш зонды, асқазан зататрын алуға арналған аспап. Химиялық стақандар. Бюретка, әртүрлі пипеткалар.

Реактивтер. Күйдіргіш натрийдің 10% ерітіндісі, диметиламидоазобен-золдың 0,5 % спирттік ерітіндісі, ализарносульфоново қышқыл натрийдің 1% сулы ерітіндісі. Асқазанның ішіндегі заттар.

Жануарлар. Жылқы.

Сабақтың мақсаты. Студенттерге асқазан ішіндегі заттарды алу процесін және ара қарай тексеруге дайындауды студенттерге үйрету:

Асқазан заттарының физикалық қасиетін анықтауды;

2. Жалпы қышқылдықты, бос және қосылған тұз қышқылын асқазан сөлінің әртүрлі патологиялық секрециясын түсіну үшін анықтауды үйрету.

Студенттерге келесілерді анықтауды үйрету:

1) Асқазан заттарының физикалық қасиетін: түсін, мөлдірлігін, иісін, консистенциясын, қосындыларын, салмағын ареометрмен анықтайды;

2) Асқазан зататрын тексеруді оның лакмус қағазымен әрекеттенуін тексеруден бастайды. Реакция қалыпты болса, онда асқазанда келесі заттар бар екенін білдіреді: а) бос тұз қышықылы; б) жалпы қышқылдық; в) қосылған тұз қышқылы.

Бақылау сұрақтары

1. Асқазан ішіндегі заттарды алуға жануарды қалай дайындайды?

2. Жылқының асқазан ішіндегі заттарын алу техникасын айтыңыз. Оның диагностикалық мәні қандай?

3. Асқазан бездерінің секрецияларының патологиялық түрлері асқазанның қандай ауруларында кездеседі?


СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 3
3 сабақ. Жылқы асқазанындағы заттардың тұз қышқылын және жалпы қышқылдықты анықтау.

Қажетті құралдар. Мұрын - өңеш зонды, асқазан зататрын алуға арналған аспап. Химиялық стақандар. Бюретка, әртүрлі пипеткалар.

Реактивтер. Күйдіргіш натрийдің 10% ерітіндісі, диметиламидоазобен-золдың 0,5 % спирттік ерітіндісі, ализарносульфоново қышқыл натрийдің 1% сулы ерітіндісі. Асқазанның ішіндегі заттар.

Жануарлар. Жылқы.

Сабақтың мақсаты. Студенттерге асқазан ішіндегі заттарды алу процесін және ара қарай тексеруге дайындауды студенттерге үйрету:

1) Бос тұз қышқылын сандық анықтау.



Реакцияның жүруі. 5 мл сүзілген асқазан сөліне 2-3 тамшы дилитиламидоазобензолдың спирттік ерітіндісін қосады. Қызыл түске боялған кезде сілтінің 10% ерітіндісімен сабан тәрізді сары түске боялғанша титрлейді.

Есептеу. Титрлеуге кеткен NaOH мөлшерін 20-ға көбейтеді. 100 мл асқазан заттарындағы қышқылдық бірліктерімен белгіленген бос қышқыл мөлшерін аламыз. Мысалы, 5 мл асқазан заттарын титрлеуге 1,5 мл NaOH-тың 10% ерітіндісі кетсе, 100 мл-ге (1,5 х 20) = 30 қышқылдық бірлігі.

2) Жалпы қышқылдықты сандық анықтау.



Реакцияның жүруі. 5 мл сүзілген асқазан заттарының (сүзіндісіне) сұйықтығына 2-3 тамшы феналфталейнің 1% спирттік ерітіндісін қосады да, таңқурай (малина) түсіне боялғанша күйдіргіш натрийдің 10% ерітіндісін құяды. Есептеу бос тұз қышқылын есептеуде сияқты жүргізіледі. Мысалы, 5 мл асқазан затын титрлеуге 1,9 мл күйдіргіш 10% ерітіндісін алсақ, ал 100 мл-ге (1,9 х 20) = 38 қышқылдылық бірлігі.

3) Қосылған тұз қышқылын анықтау. Асқазан ішіндегі заттар индикатормен (ализаринсульфоновоқышқылын натрийдің 1% сулы ерітіндісі) титрлеуге болады. өйткені ол қосылған тұз қышқылынан басқа барлық қышқыл қосылыстарымен әрекеттеседі.



Реакцияның жүруі. 5 мл асқазан ішіндегі заттардың үстіне 2-3 тамшы индикатор қосып, 10% сілтімен күлгін түске боялғанша титрлейді. Мысалы, 5 мл асқазан заттарын титрлеуге 0,4 мл күйдіргіш натридің 10% ерітіндісі кетсе, 100 мл-ге (0,4 х 20) = 8 қышқылдық бірлігі.

Есептеуді тексеру. Индикатор қосылған тұз қышқылынан басқа қышқыл қосылыстарымен әрекеттесе беретін болғандықтан жалпы қышқылдықтан бос тұз қышқылын алып тастағанда қосылған тұз қышқылының мөлшерін табамыз. (жалпы 38 –бос 30 = 8 қосылған қышқылдылық бірлігі).

Бақылау сұрақтары

1. Асқазан ішіндегі заттарды алуға жануарды қалай дайындайды?

2. Жылқының асқазан ішіндегі заттарын алу техникасын айтыңыз. Оның диагностикалық мәні қандай?

3. Асқазан бездерінің секрецияларының патологиялық түрлері асқазанның қандай ауруларында кездеседі?

СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 4

ТАҚЫРЫБЫ: Әртүрлі малдың қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау.

Қан алу.

Аз мөлшердегі қанды құлақтың ұсақ тамырларынан алуға болады, үрпек жүнді жануарлардан құлақтың ұшынан, алақаннан, үйректер мен қаздардың жұмсақ табанынан, тышқандардан құйрығынан қан алады.

Ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, түйе, бұғының мойындырық тамырынан алады. Шошқаларда құйрығынан, құлақтың ірі тамырынан, венозды көз қуысынан, иттерде сафен тамырынан немесе иық алды тері асты тамырларынан, ақ түлкі мен түлкілерде плантарлық венадан, қояндарда құлақ тамырынан, теңіз шошқасында жүректен, тауықтарда қанаттың ішкі бөлігінің вена қан тамырынан немесе жүректен алады.

Қан алатын жердің жүнін қырқып, терісін спирт немесе эфир спиртіне малынған мақтамен сүртеді.

Капиллярлық қан алғанда теріні Франк инесімен немесе инъекциялық инемен тесіп алады. Қанның бірінші тамшысын мақтамен сүртіп, келесісін анализге алады.

Яремдік тамырдың қанын қан жіберетін инелер арқылы жоғары мойынның ортасына өту жерінен алады. Сол қолдың үлкен саусағымен, резеңкемен, арнайы қысқышпен немесе басқа құралдармен мойынның ортасындағы тамырды қысады. Қан алуды жеңілдету үшін түрлі құралдар пайдаланылады. Қан ұйып қалмас үшін (10 мл қанға есептеп) оған 30мл натрий цитратын, 15 мл натрий оксалатын, 50 ЕД гепарин немесе 10 пайызды трилон Б ерітіндісінің төрт тамшысын қосады.

Плазма алу үшін қалыпқа түскен қанды 3000 мин -1 10 минутта центрифугалайды, одан кейін плазманы пробирканың төменгі бөлігінде плазмалық элементтерді қалдыра отырып, пипеткамен сорып алады. Сарысу алу үшін қанды антикогулянтсыз пробиркаға жинайды да, бөлме температурасында бірнеше сағат ұстап, ұйытылған қанды әйнек таяқшамен пробирканың қабырғаларынан бөліп алады. Соңында пробирканы 3000-1 болғанда центрифугалайды, бөлінген сарысуды пипеткамен сорып алады.

Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.

Қанның салыстырмалы тығыздығы мен ЭТЖ анықтаудың клиникалық маңызы өте зор.

Қанның салыстырмалы тығыздығын анықтау. Қанның салыстырмалы тығыздығын әрі плазмамен сарысудың салыстырмалы тығыздығын Филлипс әдісімен анықтайды. Мыстың қанық сульфатын дайындау үшін 900гр бес сулы сульфатын ұнтаққа айналдырып үгіп, 1250 мл дистильденген су құйып, әйнек таяқшасымен мұқият 5 мин араластырады. Ерітіндінің температурасын 0,5 С0 дейін анықтап сүзіп алады. Алынған ерітіндіден 1,100 салыстырмалы тығыздығы бар негізгі ерітіндіні жасайды Бұл үшін негізгі ерітіндінің 15гр С0 529 мл алып, дистильденген сумен 1л жеткізеді. Ерітіндінің мөлшері оның температурасына байланысты. Мысалы, 15,5 С гр 525 мл; 160 521; 190 496; 15,50 492гр; 200 488; 20,50 484; 210 480; 21,50 477; 220 473.

Негізгі қалыпты ерітіндіден тығыздығы 1,030 дан 0,075 дейін мыс сульфатының жұмысшы ерітіндісін жасайды. Өлшегіш колбаға дайындалатын ерітіндінің соңғы 2 сандарының тығыздығына сәйкес келетін қалыпты ерітінді құйып алады да, дистильденген сумен 100 мл жеткізеді. Мысалы, тығыздығы 0,050 ерітіндіні дайындау үшін 49 мл негізгі қалыпты ерітіндіден алып, 100 мл дейін су қосады. Ерітіндіні қақпағы жабылған қараңғы ыдыстарда сақтайды.

Анализ үшін гепаринмен, натрий оксалатымен, Б трилонымен қалыпқа түскен қанды пайдалануға болады, центрифугаланған қанды зерттеу үшін жарамсыз.

Пипеткаға зерттеуге алынған қанды алып, пробиркаға ауыстырады. Бұл пробиркада мыс сульфатының ерітіндісі болуы керек. Сақтықпен пипетканың ұшын ерітінді деңгейінен 1см қойып, 1 тамшы қан жібереді. Тамшы қан 2-3 см тереңдікке түсіп, одан әрі түбіне шөге бастайды не жоғары көтеріледі. Сөйтіп қан тамшыны, түбіне шөккен ерітіндіні табады. Бұл жағдайда қан тығыздығы ерітінді тығыздығына сәйкес келеді.

Сау ірі қара мал қанының салыстырмалы тығыздығы мынадай түрде ауытқып тұрады:

ІҚМ –1,047 –1,055; қойда 1,042- 1,052; ешкіде-1,044-1,053; жылқыда-1,045-1,055; шошқада-1,042-1,060; итте-1,044-1,056; тауықтарда-1,039-1,057.

Қанның салыстырмалы тығыздығының ұлғаюы оның қоюлануы, терлеу, полиурия, қан ауруы, нефрит, жылқының миоглобинурисы кезінде болады.

Қанның салыстырмалы тығыздығының азаюы, анемия, гемолитикалық сарыауру, кахексия, гидремияда болады.

Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтау(ЭТЖ). Панчеков әдісін мынадай жолмен жүргізеді. Капиллярға «Р» белгісіне дейін 5 пайыздық натрий цитратының ерітіндісін алып оны сағат әйнегіне үрлейді. Осы капилляр мен қанды 2 рет «К» белгісіне дейін құйып алады да, 2 рет қанды натрий цитратының ерітіндісімен араластыра отырып, сағат әйнегіне үрлейді. Алынған қоспаны капиллярға «К» белгісіне дейін алып, штативке қояды. ЭТЖ- ны 1 сағаттан кейін есептейді.

Сау малдарда ЭТЖ (мм/ с): ІҚМ-0,5-0-1,5; қойда-0,5-1; ешкіде-0,3-1; жылқыда-40-70; шошқада-2-9; итте-2-6; тауықта-2-3.

Неводов әдісі: Эритроседиометрге скальпельдің ұшымен (0,02гр жуық) натрий оксалатын кіргізеді де тамыр қанын «о» белгісіне дейін алады, резеңке қақпақпен жауып, мұқият пробирканы 5- 10 рет төңкере отырып, қанды антикоагулянтпен араластырады. Пробирканы штативке қояды. ЭТЖ-ны плазма бағанының биіктігімен 15, 30, 45, 60 мин. кейін не 24 сағатта есептейді.

ЭТЖ-ның бәсеңдеуі шаршағанда, қатты терлегенде, полиурияда, іш өтуде, шаншуде гастроэнтеритте, механикалық және парехиматоздық сарғаюда, механикалық илеус, инфекциялық энцефаломиелит, стахиботритоксикозде және т.б. болады.

СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 5

ТАҚЫРЫБЫ: Қан сарысуындағы сілті қоры мен каротинді анықтау.

Қандағы сілті қорын анықтау. Қышқылды сілті тепе-теңдігінің көрсеткіштерін анықтау үшін Астрип әдісін ( 1956), Зиггард Андерсеннің (1963 ) модифицирлеуі бойынша РН мөлшерін, СО2-нің қысымын, сілті қорын, нағыз бикарбонатты, қалыпты бикарбонатты, буферлік негіздерді, плазманың жалпы көміртегі қышқылының мөлшерін анықтайды. Қышқылды- сілті тепе-теңдігін қан плазмасындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтап, соның нәтижесімен бағалайды. Немесе И. П. Кондрахин әдісі бойынша сарысудың мөлшерін белгілейді. Сарысуды вазелин майының астында сақтайды.

Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62; қойда-45-54; ешкіде-48-52; жылқыда 50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.

Қан сарысуындағы сілті қорын Кондрахин әдісі бойынша анықтағанда 0,5 мл сарысу құяды, сұйықтықтың қалған мөлшерін пипеткамен үрлеуге болмайды, тек бетін мықтап жауып қояды.

Колбаның екінші натрий гидроокисінің 2мл 0,01 н ерітіндісін қосып бетін жабады. Содан кейін колбаның бірінші бөлігін ашып, ондағы қан сарысуына 5 пайызды 1мл күкірт қышқылының ерітіндісін қосып дереу қақпағын жабады. Айналдыра отырып, сарысумен қышқылдарды араластырады, реакция жүріп жатқан уақытта 3-4 рет араластырады.

Бақылау колбасына натрий гидроокисі ерітіндісінің 0,01н 2 мл қосып, бетін мықтап жабады. Шағылыстырылған шыны сауыттың екінші бөлігіне күкірт қышқылының 5 пайызды 1мл ерітіндісін қосып тағы да бетін жауып қояды. Жабардың алдында қақпағын дистильденген сумен ылғалдайды. Нақты нәтиже алу үшін сарысудың әрбір түрін шағылыстырылған екі шыны ыдыста зерттейді. Екі –алты сағаттан кейін (12 сағатқа шейін рұқсат етілген ) натрий гидроокисінің ерітіндісі бар шыны ыдысты ашып, фенол фталеиннің 1 пайызды спирт ерітіндісінің бір тамшысын қосып араластырады.(түсі қызылға айналады). Бұдан кейін шыны ыдыстағы сұйықтықты түссізденгенге дейін 0,01 н күкірт қышқылының ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуді мұқият барлық шыны ыдыста бірдей жүргізу керек. Сілті қорының мөлшерін х=(а-в) х0,224х 200=(а-в) х 44, 8 формуласымен есептейді. Мұндағы а –тәжірибе жасаған шыны ыдыстағы титрлеуге шығарылған күкірт қышқылының 0,01 н ерітіндісінің мөлшері; в- бақылау шыны ыдысын титрлеуге шығындалған күкірт қышқылы 0,01 н ерітіндісінің мөлшері; 0,224-аталған реакция кезіндегі 0,01Н күкірт қышқылы ерітіндісінің СО2-ге есептеу факторы; 200-100мл (0,5) мөлшеріндегі қан сарысуының анализге алынған мөлшерін есептеуге арналған коэффициент. Ірі малдағы қан сарысуындағы сілті қорының мөлшері Кондрахин әдісі бойынша есептегенде 45-55об пайыз СО2 –ні, ал плазмада –46-66 об пайыз СО2 –ні құрады.

Қышқылды сілтілік тепе-теңдік бұзылған уақытта ацидоз қышқылдардың өте көп болуы немесе негіздердің жетіспеушілігі және алколиз (сілтілік заттардың көптігі) дамуы мүмкін. Егер ацидоз немесе алколиз РН –тың итеруінсіз ақса, компенсирленген, ал РН-тың итеруімен болса, компенсирленбеген деп атайды. Ацидоз бен алколиз газы (тыныс алу) және газды емес болуы мүмкін. Газды ацидоз ағзадағы көмір қышқылының өкпенің ауа алмастыруды азайтуының (ауа тамырлық астма, өкпенің эмфиземасы) нәтижесінде пйда болады. Газды алколиз өкпенің ауа алмастыруды азайтуының (Энцефаломиелит) нәтижесінде болады.

Метаболикалық алколиз ағзада құсу кезінде көп мөлшерде негіздердің жиналуы, фибриноздық пневмония силикоз, кант қызылшасын артық мөлшерде жеу, пироплазмада және т.б. болады. Метаболикалық ацидоз жануарларды қышқыл және ашып кеткен жеммен, концентраттармен көп қоректендіргенде дұрыс тамақтандырмағанда, қораны дұрыс желдетпегенде, күн сәулесі аз түсіп, өте аз қозғалғанда, рахитте, сұйық құрамының бұзылуында, алдыңғы қарынның әлсіреуінде, ауа тамырларының қабынуында дене қызуының көтерілуі мен қабыну процестерінде, кетозда, туудан кейінгі жартылай салдануда, іш өтуде, жүрек қантамырлары мен тыныс алу жолдарының ауруында, сәуле ауруында, қант диабетінде, бүйрек қабынуында, талма ауруында және т. б. болады.

СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 6

ТАҚЫРЫБЫ: Тауықтың қанындағы гемоглобин мөлшерін, түс көрсеткішін және эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.

Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау.

Гематинді және гемоглобинцианидті әдістер қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет