Портфолио
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау
Тексерген: Каскатаева Б.
Орындаған: Дуйсембаева Т.Е.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Жабық тапсырмалар.
Педагогика мен психологияда кең қолданылатын тапсырмалардың түрі. Мұндай тапсырманы құрастыру оңай және олар оқушылардың түсінуіне жеңіл болады. Тапсырманың дидактикалық мазмұны сақталған жағдайда жабық тапсырмалардың ішкі құрылымы әр алуан болуы мүмкін. Бұл бір дидактикалық материал негізінде сандық және сапалық сипаттамалары әртүрлі бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік береді.
Практикада жабық тапсырмалардың бірнеше түрлері кеңінен қолданылады
Жауабында көп таңдауы бар тапсырмалар: бір дұрыс жауабын таңдау немесе бірнеше дұрыс жауабын таңдау тапсырмалары;
Сәйкестендіруге арналған тапсырмалар;
Реттілікті анықтау тапсырмалары;
Тұжырымның шындық немесе жалған екенін анықтауға арналған тапсырмалар (Ақиқат немесе жалған тапсырмалары)
Ашық түрдегі тестік тапсырма.
Мәтіндік өрісте білім алушы еркін түрдегі мәтіндік жауап енгізуі керек. Ашық түрдегі тапсырманың нұсқасын пайдалану, дұрыс жауапты таңдау мүмкіндігінің төмендігіне байланысты, білім деңгейі мен баға сапасы жоғарланады.
Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы.
Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай
көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі.
Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.
Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге жағдай жасайды.
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Достарыңызбен бөлісу: |