Постановление Правления 2015 года Алматы қаласы № город Алматы



бет1/2
Дата13.07.2016
өлшемі470.63 Kb.
#196634
түріПостановление
  1   2




«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ






РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

_____________ 2015 года


Алматы қаласы



№ _________


город Алматы


Банкаралық ақша аудару жүйесінде ақша аудару қағидаларын бекіту және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы
3 ақпандағы № 14 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы






«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 22-тармағы төртінші бөлігінің 16) тармақшасына сәйкес, банкаралық ақша аудару жүйесінде ақша аудару тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Банкаралық ақша аудару жүйесінде ақша аудару қағидалары бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9247 тіркелген, 2014 жылғы 1 сәуірде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

33-тармақ алып тасталсын.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

4. Төлем жүйелерiн дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен:



  1. Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

  2. осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

  3. осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Ж. Құсайыновқа жүктелсін.

7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.



Ұлттық Банк

Төрағасы Д. Ақышев

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасының


2015 жылғы «__»_______
№ ___ қаулысымен

бекітіліген



 

Банкаралық ақша аудару жүйесінде ақша аудару
қағидалары


1. Жалпы ережелер
1. Осы Банкаралық ақша аудару жүйесінде ақша аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң), «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және операторы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) болып табылатын банкаралық ақша аударымы жүйесінде (бұдан әрі – жүйе) ақша аудару тәртібін айқындайды.

2. Жүйе жүйеге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ашылған корреспонденттік шоттардан аударылған ақшаны пайдалана отырып оның қатысушылары (пайдаланушылары) арасында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға арналған жүйелік-маңызды төлем жүйесі болып табылады.

3. Жүйеде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру оның пайдаланушысының әрбір нұсқауын жеке орындау арқылы операциялық күн ішінде ақша аударымдарын аяқтай отырып жүргізіледі.

4. Қағидаларда Төлемдер туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) аудиторлық із – жүйедегі электрондық хабарламаларды өңдеу жөніндегі оқиғаларды жүйелі түрде тіркеу, ол бойынша ақпаратты Орталық және жүйенің пайдаланушылары сақтайды;

2) әлеуметтік бағыттағы төлемдер – мемлекеттік бюджеттен немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін зейнетақы төлемдері және (немесе) жәрдемақы төлемдері, әлеуметтік және өзге төлемдері, бюджеттен төленетін тұрғын үй төлемдері және өзге төлемдер;

3) банкаралық клиринг жүйесі – операторы Орталық болып табылатын, пайдаланушылар арасында пайдаланушылар нұсқауларының көпжақты клирингі арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі;

4) бейрезидент қаржы ұйымы – Қазақстан Республикасынан тысқары құрылған, тіркелген мемлекеттің заңнамасы бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар, жүйенің пайдаланушысы болып табылмайтын және пайдасына трансшекаралық төлем және (немесе) ақша аударымы жіберілетін не одан алынған жеке немесе заңды тұлғаға қызмет көрсететін қаржы ұйымы (банк);

5) бірдейлестіру – төлем және ақпараттық хабарламалармен алмасу кезінде жүйе пайдаланушыларының түпнұсқалығын растауға арналған шаралар кешені;

6) дебеттік аударым – пайдаланушы-бастамашы пайдаланушы-бенефициар болып табылатын ақша аударымы;

7) жиынтық төлем хабарламасы – пайдаланушылар клиенттерінің бірнеше төлем құжатының (нұсқауларының) негізінде пайдаланушы қалыптастырған төлем хабарламасы;

8) жүйелік тәуекел – бір немесе бірнеше пайдаланушының бір немесе бірнеше ақша аударымы бойынша міндеттемелерін бір немесе бірнеше пайдаланушы міндеттемелерінің орындалмауына байланысты туындаған орындамау тәуекелі;

9) жүйелік-маңызды төлем жүйесі – үздіксіз жұмысы Қазақстан Республикасының қаржы нарығының тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайтын, жұмысының тоқтап қалуы (іркілісі) Қазақстан Республикасының қаржы нарығында тәуекелдердің туындауына әкеп соғуы мүмкін төлем жүйесі;

10) жүйенің бағдарламалық-техникалық кешені – жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін, ақпараттық жүйе, сервер және жүйенің терминалдары, коммуникация (деректер беру) құралдары қамтылатын техникалық, бағдарламалық немесе басқа құралдар;

11) жүйенің бағдарламалық-техникалық кешенінің негізгі орталығы (бұдан әрі – негізгі орталық) – жүйенің әдеттегі (күнделікті) режимдегі жұмысын қамтамасыз ететін жүйенің бағдарламалық-техникалық кешені;

12) жүйенің бағдарламалық-техникалық кешенінің резерв орталығы (бұдан әрі – резерв орталығы) – стандарттан тыс жағдайлар туындаған немесе негізгі орталықта жоспарлы тест жұмыстары жүргізілген кезде жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін жүйенің резервтік бағдарламалық-техникалық кешені;

13) жүйенің операциялық күні (бұдан әрі – операциялық күн) – төлем хабарламаларын қабылдау, өңдеу және беру және олар бойынша ақша аударымын жүзеге асыру үшін жүйе ашық болатын уақыт кезеңі;

14) жүйенің пайдаланушысы (бұдан әрі – пайдаланушы) – Орталықпен қызмет көрсету туралы шарт жасаған заңды тұлға немесе операторы Орталық болып табылатын бақса төлем жүйесі;

15) кезек пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясында ақша сомасы жеткіліксіз болған кезде төлем хабарламалары операциялық күн ішінде пайдаланушының позициясына қажетті ақша сомасы түскеннен кейін есеп айырысу сәтін күтуде кезекке тұратын тәуекелдерді басқару тетігі;

16) кері қайтарылмайтын төлем – кері қайтарылуға тиіс емес төлем;

17) кредиттік аударым пайдаланушы-бастамашы пайдаланушы-ақша жөнелтуші болып табылатын ақша аударымы;

18) кредиттік тәуекел қарсы агенттің өзінің міндеттемелерін толық көлемде және мерзімінде орындамауы ықтималымен байланысты тәуекел;

19) операциялық тәуекел – ақпараттық жүйелердің немесе ішкі процестердің кемшіліктерімен, адамның қателіктерімен, іркілістермен немесе жүйені басқарудағы бұзушылықтармен, оның ішінде сыртқы оқиғалар салдарынан болған іркілістермен байланысты тәуекелдер;

20) Орталықтағы жүйенің позициясы Орталықта өңделетін және пайдаланушылар Ұлттық Банкте жүйенің шотына аударылған ақшаның және жүйедегі пайдаланушылар аударымдарының жалпы сомасын бақылауға арналған позиция;

21) өтімділік тәуекелі – пайдаланушы-ақша жөнелтушінің өзінің ақшаны толық көлемде және мерзімінде аудару жөніндегі міндеттемелерін орындамау ықтималымен байланысты тәуекел;

22) пайдаланушының жүйедегі позициясы (бұдан әрі – пайдаланушының позициясы) – жүйе пайдаланушысының жүйе арқылы төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асыру үшін Ұлттық Банкте ашылған теңгедегі корреспонденттік шоттан (бұдан әрі – пайдаланушының корреспонденттік шоты) ол аударған ақша сомасын есепке алуға арналған позиция;

23) пайдаланушы-ақша жөнелтуші позициясынан ақша аударылатын (есептен шығарылатын) пайдаланушы;

24) пайдаланушы-бастамашы жүйеге төлем хабарламасын жіберген пайдаланушы. Пайдаланушы-бастамашы пайдаланушы-ақша жөнелтуші немесе пайдаланушы-бенефициар болып табылады;

25) пайдаланушы-бенефициар позициясына ақша аударылатын пайдаланушы;

26) пайдаланушы-делдал – пайдаланушылар мен бейрезидент қаржы ұйымдарының арасында трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ақша аударуды жүзеге асыратын пайдаланушы;

27) төлем нұсқауы пайдаланушының оның корреспонденттік шотынан Ұлттық Банктегі жүйенің шотына не Ұлттық Банктегі жүйенің шотынан оның корреспонденттік шотына ақша аударуға нұсқауы;

28) төлем хабарламасының акцепті Орталықтың төлем хабарламасының талаптары негізінде ақша аударымын жүзеге асыруға келісімі;

29) төлемнің және (немесе) ақша аударымының аяқталуы (түпкіліктілігі) – төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушының міндеттемесі орындалды деп саналатын сәт;

30) трансшекаралық төлем және (немесе) ақша аударымы – ақша жөнелтуші бастама жасаған немесе оның атынан бастама жасалған, ақша жөнелтушінің және бенефициардың төлем қызметтерін жеткізушілер әртүрлі мемлекеттерде орналасқан төлем немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқау;

31) Ұлттық Банктегі жүйенің шоты Ұлттық Банкте ашылған және пайдаланушылар жүйеде ақша аударымын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақшасын есепке алуға және ақшаны жүйеге (жүйеден) аудару бойынша пайдаланушылар позицияларының сальдосын аударуға арналған шот;

32) электрондық ақпараттық хабарлама (бұдан әрі – ақпараттық хабарлама) – электрондық цифрлық қолтаңбасы бар, төлем хабарламаларына қатысты емес және ақпараттық сипаты бар электрондық хабарлама, оның ішінде үзінді көшірмелер;

33) электрондық төлем хабарламасы (бұдан әрі – төлем хабарламасы) электрондық цифрлық қолтаңбасы бар, негізінде пайдаланушылардың жүйедегі позициялары бойынша ақша аударымдары жүзеге асырылатын электрондық хабарлама;

34) электрондық хабарлама – Орталық әзірлеген форматтағы электрондық түрдегі ақпараттың жиынтығы.

Қағидаларда пайдаланылатын тәуекел ұғымдарын Қағидалар шеңберіндегі жүйеге қатысты қолдануға болады және олар Халықаралық есеп айырысу банкінің Төлемдер және нарықтық инфрақұрылымдар жөніндегі комитет әзірлеген төлем және есеп айырысу жүйелерінде пайдаланылатын Терминдер глоссарийіне (Базель, Швейцария, 2003 жылғы наурыз) сәйкес жазылған.

5. Ұлттық Банк жүйенің жұмыс істеуі мен басқаруын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

Операциялық және технологиялық функцияларды, сондай-ақ пайдаланушылармен жүйеде қызмет көрсету туралы және жүйенің жұмыс істеуі үшін қызмет көрсететін үшінші тұлғалармен шарт жасауды Орталық жүзеге асырады.

Операциялық функцияларға пайдаланушының әрбір нұсқауын жеке орындай отырып, жүйеде ақша аударымын жүргізу, пайдаланушылардың (пайдаланушыларға) төлем және ақпараттық хабарламаларын өңдеу және беру кіреді.

Технологиялық функцияларға жүйе инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтауды және жүйе қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету кіреді.

6. Жүйеде ақша аудару пайдаланушылардың төлем хабарламаларын өткізу, Орталықтың пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан есептен шығару және ақшаны пайдаланушы-бенефициардың позициясына есепке алу арқылы оларды өңдеуі жолымен жүзеге асырылады.



2. Жүйеге қатысу талаптары
7. Пайдаланушы мәртебесін алу үшін міндетті талабы пайдаланушының Нормативтік құқықты актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9247 тіркелген «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысында (бұдан әрі – № 14 қаулы) белгіленген тәртіппен ашылған корреспонденттік шотының болуы болып табылады.

8. Қағидалардың 7-тармағында көзделген талаптарды орындаған кезде заңды тұлға Орталықпен жүйеде қызметтер көрсету жөніндегі шарт жасасады.

9. Жүйеде қызметтер көрсету туралы шартты жасау үшін заңды тұлға Орталыққа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жүйеге қосылуға өтініш;

2) жарғының көшірмесі не клиенттің қызметті үлгі жарғының негізінде жүзеге асыруы фактісін растайтын құжат;

3) осындай заңды тұлғаның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңында банк операцияларын лицензиясыз жүзеге асыру көзделген жағдайларды қоспағанда, банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның көшірмесі;

4) пайдаланушы Ұлттық Банкпен корреспонденттік шотты теңгемен ашуға жасаған корреспонденттік шот шартының көшірмесі (бұдан әрі – корреспонденттік шот шарты).

Орталық жүйеде қызметтер көрсету туралы шартты шет мемлекетінің орталық (ұлттық) банкімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкімен (Қазақстан Республикасының бейрезиденті – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен) жасаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшалары қолданылмайды.

10. Заңды тұлғалар Орталықпен жүйеде қызметтер көрсету туралы шарт жасасқаннан кейін пайдаланушы мәртебесін иеленеді. Жүйеде қызметтер көрсету туралы шартты бұзу заңды тұлғаның пайдаланушы мәртебесін жоғалтуына апарады.

11. Ұлттық Банк жүйені пайдаланушы мәртебесін Орталықпен жасалған жүйеде қызметтер көрсету туралы шарттың негізінде алады.

3. Жүйенің жұмыс істеуінің құқықтық негіздері
12. Төлемдер туралы заң, пайдаланушы мен Орталық арасында жасалатын Жүйеде қызмет көрсету туралы қағидалар, шарттар жүйенің жұмыс істеуінің құқықтық негізін құрайды.

13. Жүйеде қызмет көрсету туралы шарт мыналарды:

1) шарт мәнін;

2) пайдаланушы мен Орталықтың құқықтары мен міндеттерін;

3) Орталық қызметіне ақы төлеу тәртібін;

4) пайдаланушы мен Орталықтың шарт талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілігін;

5) ақпараттық қауіпсіздік режимін, конфиденциалдылықты сақтауды және банктік құпияны сақтауды және дербес деректерді қорғауды;

6) төлем және (немесе) ақша аударымының аяқталуы (түпкіліктігі) тәртібі мен талаптарын;

7) шарт талаптарын өзгерту және бұзу тәртібін

8) дауларды шешу тәртібін;

9) тараптардың келісімі бойынша басқа талаптарды қамтиды.

14. Жүйеде қызмет көрсету туралы шарттың жекелеген ережелерінің қолданысы № 14 қаулыда және (немесе) корреспонденттік шотта көзделген негіздер бойынша Ұлттық Банктің пайдаланушының шығыс операцияларын тоқтату туралы хабарламасы негізінде уақытша тоқтатылады.

15. Ұлттық Банктің ақша жөнелтушінің шығыс операцияларын тоқтату туралы хабарламасы жүйеде қызмет көрсету туралы шарттың жекелеген ережелерінің қолданысын тоқтата тұрады, бірақ заңды тұлғаны пайдаланушы мәртебесінен айырмайды.

4. Орталық жүйеде көрсететін қызметтер және операция түрлері
16. Орталық қызметті пайдаланушыға жүйеде:

1) төлем хабарламаларын қабылдау және өңдеу және олардың негізінде пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан пайдаланушы-бенефициар позициясына ақша аударуды жүзеге асыру бойынша;

2) жасалған операциялар бойынша ақпараттық хабарламаларды қабылдау, өңдеу және пайдаланушыларға жіберу бойынша;

3) жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін операциялық және технологиялық функцияларды орындау бойынша қызмет көрсетеді.

17. Жүйе арқылы кредит және дебет аударымдары жүзеге асырылады.

18. Орталық жүйе пайдаланушылары арасында ақша аударымын жүзеге асырады және жүйеде пайдаланушылар ақшасының қалдығын ескере отырып, олардың кезегінде тұрған төлем хабарламалары сомаларының өзара есебін орындайды.



5. Жүйедегі электрондық хабарламалар
19. Жүйеде төлем және ақпараттық хабарламаларды беру және қабылдау электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.

20. Пайдаланушылар жүйеде қолданылатын және Орталық әзірлеген алмасу рәсімдеріне және форматтарға (бұдан әрі – Рәсімдер) сәйкес электрондық хабарламалармен алмасады.

21. Орталық Рәсімдерді жүйеде қызмет көрсету туралы шартта белгіленген мерзімде пайдаланушыларға жібереді.

22. Орталық бір ақша жөнелтуші және бір бенефициар көрсетілген жиынтық төлем хабарламаларын орындау үшін қабылдайды.

23. Жүйеде электрондық хабарламаларды беру фактісін анықтау және оларды беру кезінде қателерді анықтау үшін Орталық белгілеген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері сақталады.

24. Орталық электрондық хабарламаларды бірдейлестіру тәртібін әзірлейді.

25. Орталық және пайдаланушылар ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді әрі жіберілетін және алынатын электрондық хабарламалардың мониторингін жүзеге асырады. Орталық және пайдаланушылар өңдеген барлық электрондық хабарламалар Орталықтың және пайдаланушылардың ішкі бағдарламалық жүйелерінде аудиторлық із қалдырады.

26. Төлем хабарламаларын Орталық өңдеген кезде оларды өзгертуге жол берілмейді.



6. Операциялық күнді ашу
27. Жүйедегі ақша аударымы Ұлттық Банк Орталықтың төлем жүйелерінде төлем құжаттарын қабылдау мен өңдеу кестесіне сәйкес (бұдан әрі – кесте) айқындаған операциялық күн ішінде жүргізіледі.

28. Операциялық күн ішінде кестеде белгіленген уақытта Ұлттық Банк пайдаланушының төлем нұсқауы негізінде пайдаланушының корреспонденттік шотынан ондағы қалдық сомасы шегінде Орталықтың пайдаланушының позициясына бұдан әрі аударуы үшін жүйенің Ұлттық Банктегі шотына ақша аударуды жүргізеді.

29. Корреспонденттік шот шарты бойынша пайдаланушының корреспонденттік шотынан жүйенің Ұлттық Банктегі шотына ақша аударуға төлем нұсқауы Орталықтың пайдаланушының позициясына одан әрі аударуы үшін пайдаланушының корреспонденттік шотынан жүйенің Ұлттық Банктегі шотына ақша аударуға арналған, Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты қолданылатын нұсқау (бұдан әрі – тұрақты қолданылатын нұсқау) ретінде ұсынылады.

30. Тұрақты қолданылатын нұсқауда пайдаланушының корреспонденттік шотындағы ақша қалдығы сомасының пайыздық арақатынасы немесе пайдаланушының корреспонденттік шотынан жүйенің Ұлттық Банктегі шотына ақша аудару үшін қажетті белгіленген сома көрсетіледі.

31. Тұрақты қолданылатын нұсқау пайдаланушыдан оны кері қайтарып алу туралы жазбаша нұсқауды алғанға дейін қолданыста болады.

32. Тұрақты қолданылатын нұсқау пайдаланушы жаңа тұрақты қолданылатын нұсқауды Ұлттық Банкке берген күннен кейінгі бірінші жұмыс күні күшін жояды.

33. Ұлттық Банк пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарынан жүйенің шотына ақша аударуды аяқтаған соң Орталыққа:

1) пайдаланушылардың өз корреспонденттік шоттарынан пайдаланушылардың позициясына бұдан әрі аудару үшін жүйенің Ұлттық Банктегі шотына аударылған ақша сомалары туралы;

2) пайдаланушының кезегіне қоюға жататын төлем хабарламаларының барынша рұқсат етілген сомасы туралы ақпарат бар ақпараттық хабарламаны береді.

34. Орталық Ұлттық Банктен алынған ақпараттық хабарлама негізінде тиісті пайдаланушылардың позициялары бойынша жүйенің Орталықтағы позициясынан жазбалар жүргізеді.

35. Операциялық күннің басында пайдаланушының жүйедегі позициясындағы ақша сомасы тұрақты қолданылатын нұсқауда көрсетілген және жүйе арқылы ақша аударуды жүзеге асыру үшін пайдаланушының өз корреспонденттік шотынан аударған сомасына тең болады.

36. Операциялық күн ішінде жүйенің Орталықтағы позициясындағы ақша сомасы жүйенің Ұлттық Банктегі шотындағы ақша сомасына тең болады.



7. Жүйенің операциялық күн ішінде жұмыс істеуі
37. Жүйеде ақша аудару пайдаланушы өзінің корреспонденттік шотынан позицияға аударған және пайдаланушы жіберген және жүйеде басқа пайдаланушылардан алынған төлемдер сальдосы есебінен қалыптастырылған пайдаланушы позициясындағы ақша сомасы шегінде жүзеге асырылады.

38. Орталық жүйеде ақша аударуды пайдаланушы-бастамашыдан келіп түскен төлем хабарламасын акцептеген соң жүзеге асырады.

39. Орталықтың төлем құжатының акцептін жасау талаптары мыналар болып табылады:

1) аутентификациядан өту;

2) пайдаланушы-бастамашыда пайдаланушы мәртебесінің болуы;

3) бейрезидент қаржы ұйымына трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын жіберу кезінде, алушы-делдалда пайдаланушы мәртебесінің болуы, ол болмаған – болған кезде бенефициар банкте пайдаланушы мәртебесінің болуы;

4) бейрезидент қаржы ұйымынан трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын алу кезінде, алушы-делдалда пайдаланушы мәртебесінің болуы, ол болмаған – болған кезде алушы банкте пайдаланушы мәртебесінің болуы;

5) төлем хабарламасында көрсетілген соманы пайдаланушының-ақша жөнелтушінің позициясына есептен шығару мүмкіндігі;

6) дебет аударымын жүргізу кезінде пайдаланушының-ақша жөнелтушінің алдын ала келісімінің болуы.

Осы тармақтың бірінші бөлігі 5) тармақшасының талаптары орындалмаған кезде, бірақ 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптарын сақталған кезінде төлем хабарламасы Қағидалардың 40-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланушының-ақша жөнелтушінің кезегіне жіберіледі. Орталық төлем хабарламасын кезекке қою кезінде пайдаланушы-бастамашыға төлем хабарламасын жүргізбегені және оны кезекке қою туралы ақпараттық хабарламаны жібереді.

Осы тармақтың бірінші бөлігі 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптары орындалмаған кезде Орталық төлем хабарламасын акцептеуден және кезекке тіркеуден бас тартады. Орталық төлем хабарламасына акцепт жасаудан немесе кезекке тіркеуден бас тартқан жағдайда, пайдаланушы-бастамашыға себептерін көрсете отырып, төлем хабарламасын жүргізбегені туралы ақпараттық хабарламаны жібереді.

40. Пайдаланушы-бастамашы болып табылатын Орталық депозитарийдің төлем хабарламасы, пайдаланушының-ақша жөнелтушінің позициясында төлем хабарламасын орындау үшін жеткілікті ақша сомасының болмау салдарынан Қағидалардың 39-тармағы бірінші бөлігі 5) тармақшасының талаптары орындалмаған жағдайда, кезекке тіркелмейді және Орталық орындамайды. Орталық осы төлем хабарламасын және акцептеуден орындаудан бас тартқан кезде Орталық депозитарийге себептерін көрсете отырып, төлем хабарламасын жүргізбегені туралы ақпараттық хабарламаны жібереді.

41. Орталық пайдаланушының-ақша жөнелтушінің позициясын түскен төлем хабарламасы негізінде дебеттегенде Орталық төлем хабарламасын акцептеген деп саналды.

42. Пайдаланушының-ақша жөнелтушінің позициясынан пайдаланушы-бенефициардың позициясына аудару кезінде Орталық пайдаланушы-бенефициардың позициясы бойынша ақша сомасын көрсетуді және оның позициясын кредиттеу туралы растамамен қоса оған электрондық хабарламаны жіберуді қамтамасыз етеді.

43. Төлем хабарламасы оны Орталық акцептегеннен кейін кері қайтарылмайтын төлем деп саналады.

44. Қағидалардың 14-тармағына сәйкес пайдаланушының шығыс операцияларын тоқтату туралы Ұлттық Банктен хабарлама алған кезде Орталық пайдаланушының пайдасына ақша сомасын қабылдау (есептеу) операцияларын қоспағанда, пайдаланушының позициясы бойынша операцияларды тоқтатады.

45. Орталық операциялық күннің ішінде Орталықтағы жүйенің позициясы бойынша қалдық сомасының жүйе пайдаланушыларының позициялары бойынша қалдықтар сомасына тең болуын жүйелі салыстырып тексеруді жүзеге асырады. Сомалар тең болмаған кезде Орталық Ұлттық Банкке хабарлайды, ақша аударымдарын тоқтатады және сәйкес болмау себептерін анықтайды.

Орталық пайдаланушылардың позициялары бойынша сомалардың сәйкес болмаулары жойылғаннан кейін жүйедегі операцияларды жаңартады, бұдан кейін операцияларды жаңарту туралы Ұлттық Банкке хабарлайды.

46. Жүйеде клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымдары жүргізіледі:

1) төлем карточкаларын пайдалана отырып банкаралық операциялары;

2) банкаралық клиринг жүйесіндегі.

47. Қаржы құралдарымен операциялар бойынша ақша аударымдары немесе репо операциялары бойынша өтемақы төлемін жүзеге асыру кезінде Орталық депозитарий депозитарлық қызмет көрсету шарты негізінде олар қабылдаған пайдаланушылардың бұйрықтарына сәйкес пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан жүйедегі Орталық депозитарийдің позициясына дебет ақша аударымдарын орындайды.

Депозитарлық қызмет көрсету шартына сәйкес пайдаланушы Орталық депозитарийге жүйедегі пайдаланушының позициясынан ақша аударуға төлем хабарламасын жасауды тапсырады.

Осы тармақта көзделген мақсаттар үшін пайдаланушы Орталыққа орталық депозитарийдің депозитарлық қызмет көрсету шартына сәйкес жүйедегі пайдаланушының позициясынан ақша аударуға төлем хабарламасын жасауға пайдаланушының ұсынылған алдын ала келісімі туралы растама хатты ұсынады. Пайдаланушы растама хаттың көшірмесін Орталық депозитарийге ұсынады.

48. Орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында бағалы қағаздарды сатушы мен сатып алушының Орталық депозитарийде ашылған шоттары бойынша бағалы қағаздарды аударуды жүзеге асыру көзделген жағдайларда, жүйедегі ақша пайдаланушының-ақша жөнелтушінің позициясынан Орталық депозитарийдің позициясына аударылғаннан кейін Орталық депозитарий бағалы қағаздарды Орталық депозитарийде ашылған бағалы қағаздардың сатып алушысының шотына аударуды және Орталық депозитарийдің позициясынан бағалы қағаздардың сатушысы болып табылатын пайдаланушы-бенефициардың позициясына кредиттік ақша аударымын жүзеге асырады.

Орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында бағалы қағаздарды аудару жүзеге асырылмайтыны көзделген жағдайларда, жүйедегі ақша пайдаланушы-ақша жөнелтушінің позициясынан Орталық депозитарийдің позициясына аударылғаннан кейін Орталық депозитарий Орталық депозитарийдің позициясынан пайдаланушы-бенефициардың позициясына кредиттік ақша аударымын жүзеге асырады.



8. Төлем құжаттарының кезегі
49. Кезекте тұрған төлем хабарламалары басымдық кодтарына сәйкес өңделеді. Басымдық кодтары шеңберінде кезектегі төлем хабарламалары олардың жүйеге түсу тәртібі бойынша орындалады.

50. Басымдық кодтарын Орталық Ұлттық Банкпен келісім бойынша пайдаланушылардың әлеуметтік бағыттағы төлемдерді жүргізуін, пайдаланушылардың бағалы қағаздар нарығындағы және Қазақстан Республикасының валюта нарығындағы есеп айырысуларға қатысуын, төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған банктер арасындағы және банкаралық клиринг жүйесіндегі операциялардың клиринг нәтижелері бойынша ақша аударымдарын аяқтауын қамтамасыз етуді ескере отырып әзірлейді.

51. Пайдаланушылар төлем хабарламаларының орындалу кезектілігін Орталық әзірлеген басымдық кодтарына сәйкес дербес белгілейді.

52. Кезекте тұрған төлем хабарламасының басымдығын өзгертуді пайдаланушы-бастамашы төлем құжатын қайтармай басымдықты өзгерту туралы ақпараттық хабарламаны жүйеге жіберу арқылы жүзеге асырады.

53. Орталық пайдаланушының позициясы бойынша әрбір кредиттік жазбадан кейін кезекте тұрған төлем хабарламаларын акцептеу және орындау үшін пайдаланушының позициясына түскен ақша сомасының жеткіліктілігін тексереді.

54. Пайдаланушы-бастамашының кезекте тұрған төлем хабарламаларын қайтаруды пайдаланушы-бастамашы Орталыққа төлем хабарламасын жоюға ақпараттық хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырады.

Орталық төлем хабарламасын жоюға алынған ақпараттық хабарламаны өңдеу нәтижесі оң болған жағдайда Рәсімдерге сәйкес төлемнің жүргізілмегені туралы ақпараттық хабарламаны пайдаланушы-бастамашыға жібереді.

55. Орталық операциялық күнді жабу кезінде жүйеде кезекте тұрған пайдаланушының шығыс төлем хабарламалары бойынша пайдаланушының жүйеде қарсы төлем хабарламалары болған кезде өзара есеп айырысуды (клирингті) жүзеге асырады.



9. Жүйеде төлемдер және (немесе) ақша аударымдары аяқталуы
56. Осы төлем және (немесе) ақша аударымы пайдасына жүзеге асырылған пайдаланушы-бенефициардың позициясына ақша есепке алынғаннан кейін төлем және (немесе) ақша аударымы жүйеде аяқталды деп есептеледі.

57. Пайдаланушы-бенефициар растамамен төлем хабарламасын және оның позициясын кредиттеу туралы ақпараттық хабарламаны алған кезде ақша сомасын операциялық күн ішінде, бірақ өзінің келесі операциялық күнінен кешіктірмей мақсаты бойынша тиісті шотқа қабылдайды (есепке алады).

58. Түскен төлем хабарламасын (төлем және/немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқау) акцептеуден және одан әрі орындаудан Төлемдер туралы заңда көзделген негіздер бойынша бас тартқан кезде пайдаланушы-бенефициар түскен ақша сомасын келесі операциялық күннен кешіктірмей пайдаланушы-жөнелтушіге қайтарады.

Пайдаланушы-бенефициардың ақшаны пайдаланушы-жөнелтушінің пайдасына қайтару себебін көрсете отырып, төлем хабарламасын жасауы арқылы ақша сомасы қайтарылады.

59. Пайдаланушы соттың ақша аударымының бастамашысына қатысты шығарған жеделдетілген оңалту рәсімін, оңалту рәсімін қолдану немесе борышкерді банкрот деп тану туралы шешімінің көшірмесін алғанға дейін жүйеге бағыттаған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары кері қайтарылмайтын және соңғы болып табылады, орындауға және аяқталуға жатады.
10. Ақшаны жүйеге қабылдау және оны операциялық күн ішінде жүйеден алып алу тәртібі
60. Ұлттық Банк операциялық күн ішінде Орталық пайдаланушының ұсынған төлем нұсқауы негізінде пайдаланушының позициясына одан әрі есепке алуы үшін пайдаланушының корреспонденттік шотынан ол бойынша қолда бар ақша қалдығы шегінде ақша аударымын Ұлттық Банктегі жүйе шотына жүзеге асырады.

61. Пайдаланушыда операциялық күннің соңында (операциялық күн жабылғанға дейінгі отыз минут ішінде) төлем құжаттарының кезегі пайда болған кезде және пайдаланушының корреспонденттік шотында ақша сомасы жеткілікті болған кезде Ұлттық Банк корреспонденттік шоттың шарты негізінде пайдаланушының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шотынан Орталықтағы пайдаланушының позициясына ақшаны акцептсіз алып алуды жүзеге асырады.

62. Ұлттық Банк пайдаланушының ақшасын корреспонденттік шотынан Ұлттық Банктегі жүйе шотына аударғаннан кейін Орталыққа пайдаланушының аударылған ақша сомасы және оның банктік сәйкестендіру коды туралы ақпараты бар ақпараттық хабарламаны береді.

63. Орталық Ұлттық Банктен ақпараттық хабарламаны алғаннан кейін Орталықтағы пайдаланушының және жүйенің позициялары бойынша жазба жасайды.

64. Пайдаланушының корреспонденттік шотында оған қолма-қол ақшаны беру, инкассолық өкімдерді орындау, сондай-ақ корреспонденттік шот шартының талаптарына сәйкес басқа да мақсаттар үшін қажетті ақша сомасы болмағаны немесе жетіспейтіндігі анықталған кезде, Ұлттық Банк пайдаланушының төлем нұсқауы негізінде немесе өздігінше Орталыққа жөнелтушінің нұсқауын орындау үшін қажетті сомада жүйеден пайдаланушының ақшасын алып алу жөніндегі ақпараттық хабарламаны жібереді.

65. Орталық Ұлттық Банктен алынған ақпараттық хабарламаның негізінде ақшаның қажетті сомасына пайдаланушының және жүйенің Орталықтағы позициялары бойынша жазба жасайды, бұдан кейін Ұлттық Банкке аударылған ақша сомасын көрсете отырып орындалған операция туралы растамамен ақпараттық хабарламаны жібереді.

Орталық пайдаланушының позициясында сұратылған ақша сомасы болмаған кезде Ұлттық Банкке аударылған ақша сомасын көрсете отырып орындалған ақпарат туралы растамамен ақпараттық хабарламаны жібере отырып, пайдаланушының позициясы бойынша бар сомаға Орталықтағы пайдаланушының және жүйенің позициялары бойынша жазба жасайды.

Орталық пайдаланушының позициясында ақша болмаған кезде Ұлттық Банкке пайдаланушының позициясында ақша жоқтығы жөніндегі ақпараттық хабарламаны береді.



66. Ұлттық Банк Орталықтың растамасы негізінде жөнелтушінің нұсқауына сәйкес кейіннен ақша аудару үшін Ұлттық Банктегі жүйенің шотынан пайдаланушының корреспонденттік шотына ақша аударады.
11. Жүйе арқылы трансшекаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру
67. Жүйе арқылы трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары пайдаланушы-делдалдар арқылы жүргізіледі.

68. Жүйе арқылы трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары пайдаланушы-делдалдың төлем сомасын төлем және (немесе) ақша аударымының бастамашысы көрсеткен төлем валютасына одан әрі айырбастаумен Рәсімдерді пайдалана отырып теңгемен жүргізіледі.

69. Пайдаланушы-делдалдар Орталықпен шарттық қатынастар шегінде трансшекаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдауға және өңдеуге келісімдерін береді.

70. Трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүйе арқылы:

1) пайдаланушылар қызмет көрсететін ақша жөнелтушілерден бейрезидент қаржы ұйымдары қызмет көрсететін бенефициарларға;

2) бейрезидент қаржы ұйымдары қызмет көрсететін ақша жөнелтушілерден пайдаланушылар қызмет көрсететін бенефициарлардың пайдасына;

3) бейрезидент қаржы ұйымдары қызмет көрсететін ақша жөнелтушілерден бейрезидент қаржы ұйымдары қызмет көрсететін бенефициарларға жүргізіледі.

71. Пайдаланушы-делдал Орталыққа Рәсімдерде белгіленген тәртіпте трансшекаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу талаптарымен ұсынысын береді (бұдан әрі – ұсыныс).

72. Орталық пайдаланушы-делдалдардың қолданыстағы ұсыныстарын пайдаланушыларға олардың сұратуы бойынша жібереді.

73. Пайдаланушы-делдалдың ұсынысын жүйенің операциялық күні аяқталғанға дейін өзгертуге болмайды.

74. Ақшаны жөнелтуші (бастамашы) трансшекаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу кезінде:

1) пайдаланушы пайдаланушы-делдалдардың барлық ұсыныстарымен, ақша жөнелтушіні көрсетудің тиісті талаптарымен танысуы тиіс және өзін қанағаттандыратын нұсқаны таңдайды;

2) бенефициарға ақша аударылатын төлем валютасын көрсете отырып, ақша пайдаланушы-делдалға бейрезидент қаржы ұйымдары қызмет көрсететін бенефициардың пайдасына ақшаны аударуға нұсқау береді.

75. Пайдаланушы-делдал ақша пайдаланушы-жөнелтушіден бейрезидент қаржы ұйымына жіберілген трансшекаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша жүйе арқылы төлем хабарламасын қабылдағаннан және өңдегеннен кейін:

1) төлем хабарламасының форматын пайдаланушы-делдал бейрезидент қаржы ұйымымен хабарламалармен алмасу үшін пайдаланатын форматқа қайта өзгертеді;

2) ақша пайдаланушы-делдалдың төлем хабарламасында көрсетілген теңгемен төлем сомасын төлем хабарламасының және ол берген ұсыныстың талаптарына сәйкес шетел валютасындағы төлем сомасына айырбастайды;

3) трансшекаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын бейрезидент қаржы ұйымына жібереді.

76. Бейрезидент қаржы ұйымынан пайдаланушы-бенефициарға жолданған трансшекаралық төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша пайдаланушы-делдал төлем хабарламасын алып, оны қараған соң:

1) бейрезидент қаржы ұйымымен хабарламалар алмасу үшін пайдаланушы-делдал пайдаланатын төлем хабарламасының форматын жүйеде пайдаланылатын форматқа өзгертеді;

2) төлем хабарламасының талаптарына және оларға берілген ұсыныстарға сәйкес шетел валютасындағы төлем сомасын теңгедегі төлем сомасына айырбастайды;

3) трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын жүйе арқылы пайдаланушы-бенефициарға жібереді.

77. Пайдаланушы-делдал жүйенің операциялық күні ішінде валюталардың айырбастау бағамының өзгеру және оларға берілген ұсыныстардың талаптарына сәйкес трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын аяқтау тәуекелдерін қабылдайды.

78. Валюталардың айырбастау бағамының өзгеру тәуекелдерін басқару мақсатында және трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын аяқтауды қамтамасыз ету үшін пайдаланушы-делдал оларға берілген ұсыныс бойынша пайдаланушы-делдалдың ішкі құжаттарында айқындалатын және мыналарды:

1) тәуекелдерді анықтау, өлшеу рәсімдері мен тәуекелдердің мониторингін;

2) төтенше жағдайлар туындаған кезде пайдаланушы-делдалдың үздіксіз қызметін қамтамасыз ету рәсімдерін (жоспарын);

3) өзара алмастырылатын хабарламалардың форматтарын өзгерту кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдерін;

4) берілген ұсыныс бойынша пайдаланушы-делдалдың трансшекаралық төлемді және (немесе) ақша аударымын аяқтауын қамтамасыз ететін тәуекелдерді басқару әдістерін қамтитын тәуекелдерді басқару жүйесін қолданады.

79. Пайдаланушы-делдалдар тәуекелдерді басқарудың пайдаланылатын әдістері туралы ақпаратты Ұлттық Банкіне мәлімет үшін жеткізеді.

80. Пайдаланушы-делдалдар тәуекелдерді басқарудың пайдаланылатын әдістеріне тұрақты негізде талдау жүргізеді және тәуекелдерді басқарудың мәлімделген әдістері жарамсыз болған кезде оларды қайта қарауды жүзеге асырады.

12. Операциялық күнді жабу
81. Операциялық күнді жабу кестеде белгіленген уақыт бойынша жүзеге асырылады.

82. Орталық операциялық күн жабылғанға дейін пайдаланушылардың позициялары бойынша қалдық сомаларын Орталықтағы жүйенің позициясы бойынша қалдық сомасымен салыстырып тексеруді жүзеге асырады және орындалмаған төлем хабарламаларының болуын тексереді.

83. Орталық операциялық күн жабылған кезде жүйедегі пайдаланушылар ақшасының қалдығын ескере отырып, кезекте тұрған пайдаланушылардың төлем хабарламаларының сомаларын өзара есепке алуды орындайды.

84. Орталық пайдаланушыға өзара есепке алу, ақпараттық хабарламаларды жөнелту арқылы есептеу мүмкін болмаған оның барлық орындалмаған төлем құжаттары туралы хабарлайды.

85. Орталық операциялық күн жабылған кезде Ұлттық Банкке пайдаланушылар позицияларының және Орталықтағы жүйе позициясының сальдосы туралы ақпараттық хабарлама жібереді.

86. Ұлттық Банк операциялық күн жабылған кезде Орталықтағы жүйенің позициясы, Ұлттық Банктегі жүйенің шоты арасындағы ақша сомаларының және жүйедегі пайдаланушылардың позициялары сальдосының жалпы сомасының теңдігіне және пайдаланушылар позицияларының дебеттік және кредиттік айналым сомаларының теңдігіне берілген ақпаратты тексереді, содан кейін Орталыққа орындалған тексерудің нәтижелері туралы хабарлайды.

87. Ұлттық Банктегі позициялар сальдосының сомалары мен жүйе шотының сальдосы сәйкес келмеген кезде Орталық пен Ұлттық Банк алшақтықты жою бойынша бірлескен шаралар қабылдайды.

Тексерудің оң нәтижесі туралы хабарлама алғаннан кейін Орталық пайдаланушылар позициясының сальдосын олардың позицияларынан Орталықтағы жүйенің позициясына аударады.

88. Ұлттық Банк деректерді салыстырып тексергеннен кейін пайдаланушы позициясының сальдосы сомасындағы ақшаны Ұлттық Банктегі жүйенің шотынан пайдаланушының корреспонденттік шотына аударады.

89. Пайдаланушыда операциялық күн ішінде төлем хабарламаларын қалыптастыру, Орталықпен алмасу және төлем хабарламаларын өңдеу бойынша проблемалар болған кезде Ұлттық Банк жүйені пайдаланушының операциялық күнді ұзарту туралы өтініші (бұдан әрі – ұзарту туралы өтініш) негізінде операциялық күнді ұзартады.

90. Операциялық күнді бір сағатқа дейін ұзарту туралы шешімді Ұлттық Банктің қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесінің (бұдан әрі – қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесі) басшысы қабылдайды. Операциялық күнді бір сағаттан көп уақытқа ұзарту туралы шешімді қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесіне жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары (бұдан әрі – Төрағаның орынбасары) қабылдайды.

91. Ұзарту туралы өтініш жүйені пайдаланушының атауын, жүйенің операциялық күнін ұзартуды пайдаланушының сұрау себептері мен ұзарту уақытын көрсете отырып, еркін нысанда жасалады.

92. Жүйенің операциялық күнін бір сағатқа дейін ұзарту үшін пайдаланушы ұзарту туралы өтінішті қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесіне (алдын ала ауызша келіскеннен кейін), бір сағаттан көп уақытқа жүйенің операциялық күнін ұзарту үшін пайдаланушы ұзарту туралы өтінішті Төраға орынбасарының атына ұсынады.

93. Ұзарту туралы өтініш қағаз тасымалдағышта не электрондық-цифрлық қолтаңба болған кезде факсимильдік байланыс/электрондық тәсіл арқылы беріледі.

Қағаз тасымалдағышта не факсимильдік байланыс арқылы берілген ұзарту туралы өтінішке пайдаланушының уәкілетті өкілдері қол қояды. Ұзарту туралы өтінішке қол қою құқығына ие уәкілетті тұлғалардың тізімін пайдаланушы атқарушы орган бекіткен ішкі құжат негізінде өз бетінше белгілейді және уәкілетті тұлғалардың қол қою үлгілерімен бірге қаржылық операцияларды қаржылық есепке алу және мониторингі бөлімшесіне жеткізеді.

Ұзарту туралы өтініш факсимильдік байланыс арқылы берілген кезде жүйені пайдаланушы Ұлттық Банкке ұзарту туралы өтініштің түпнұсқасын қағаз тасымалдағышта жібереді.

94. Пайдаланушының ұзарту туралы өтініші негізінде операциялық күн ұзартылған жағдайда және жүйеде аталған пайдаланушы жіберген төлем хабарламасы болмаған кезде пайдаланушы бұрынырақ ұсынылған ұзарту туралы өтініштен бас тарту туралы өтінішті ағымдағы операциялық күнгі сағат 19:00-ге дейін берген жағдайды қоспағанда, пайдаланушыдан Ұлттық Банк белгілеген мөлшерде ақы алынады.

13. Операциялық күн ішінде және соңында ақпараттық хабарламалар беру
95. Операциялық күн ішінде пайдаланушының сұратуы бойынша Орталық оған мынадай:

1) пайдаланушы кезегінде тіркелген төлем хабарламалары бойынша;

2) пайдаланушы жіберген есептелген төлем хабарламалары бойынша;

3) пайдаланушы алған есептелген төлем хабарламалары бойынша;

4) жүйедегі пайдаланушының кіріс және ағымдағы ақша қалдығы туралы ақпаратты қамтитын пайдаланушы позициясының жай-күйі туралы үзінді-көшірме түріндегі ақпараттық хабарламаны ұсынады.

Жүргізілген немесе кезекте тұрған әрбір төлем хабарламасы бойынша төлем құжатының пайдаланушы-бастамашысы, бірегей сәйкестендіргіші, оның басымдығы мен жүйеге келіп түскен уақыты көрсетіледі.

96. Операциялық күн ішінде Орталық пайдаланушының сұратуы бойынша оған жүргізілмеу себептерін көрсете отырып, пайдаланушының жүргізілмеген төлем хабарламалары туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық хабарламаны жібереді.

97. Операциялық күнді жабу кезінде Орталық пайдаланушыға пайдаланушының жүйедегі позициясының жағдайы туралы үзінді-көшірме түріндегі түпкілікті ақпараттық хабарлама жібереді.

98. Егер пайдаланушының жүйедегі позициясының жағдайы туралы үзінді-көшірме түріндегі ақпараттық хабарламада пайдаланушы Орталыққа жіберген электрондық хабарлама туралы ақпарат жоқ болса, пайдаланушы ол туралы Орталыққа хабарлайды және Орталықпен бірлесіп келесі операциялық күннен кешіктірмей электрондық хабардың жоғалу себебін анықтайды.

Электрондық хабарламалар уақтылы алынбаған немесе олар болмаған кезде пайдаланушы Орталыққа хабарлайды.



99. Пайдаланушы күн сайын Орталық орындаған төлем хабарламалары нәтижелерінің оның корреспонденттік шотынан үзінді-көшірме түріндегі ақпараттық хабар деректерінің жіберілген/келіп түскен төлем хабарламаларымен салыстырып тексеру арқылы Ұлттық Банк ұсынған үзінді-көшірмеде түріндегі ақпараттық хабарламада дұрыс көрсетілуі мониторингін жүзеге асырады. Орталықтан алынған үзінді-көшірмеде түріндегі ақпараттық хабарламаның сальдосы Ұлттық Банктің Орталық орындаған төлем хабарламаларының нәтижесін көрсететін үзінді-көшірмеде түріндегі ақпараттық хабарламасындағы жазбамен сәйкес келмеген кезде, пайдаланушы сәйкессіздіктер анықталғаннан кейін Орталыққа және Ұлттық Банкке жазбаша түрде хабарлайды және келесі операциялық күннің ішінде олармен бірлесе отырып пайдаланушының орындалған төлем хабарламаларын тексереді.

14. Жүйедегі тәуекелдерді басқару
100. Өтімділік тәуекелін, кредиттік және жүйелік тәуекелдерді басқару және Ұлттық Банк пен пайдаланушы арасында жасалған шарттың негізінде кері сату талабымен бағалы қағаздарды сатып алу бойынша мәмілелер жасау арқылы Ұлттық Банктің пайдаланушыларға қосымша өтімділік беруі мақсатында Қағидалардың 39, 49, 51, 52, 53, 54, 55, 60 және 61-тармақтарында көрсетілген әдістер қолданылады.

101. Операциялық тәуекелді басқару үшін Ұлттық Банк мыналарды:

1) Ұлттық Банкі туралы заңға сәйкес жүйенің ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін;

2) пайдаланушылардың «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 269 қаулысын, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7950 тіркелген) сақтау қызметін тексереді;

102. Операциялық тәуекелді басқару үшін Орталық мыналарды:

1) Орталықтың операциялық тәуекелді басқару бойынша құжатында белгіленген әдістерге сәйкес жүйенің бағдарламалық-техникалық кешенінің тұрақты мониторингін және үздіксіз жұмысын;

2) жүйе жұмысының ықтимал тоқтап қалу сценарилерін ескере отырып жүйе жұмысын қалпына келтіру жоспарының болуын және маңызын арттыруды және жүйенің жұмысын негізгі орталықтан резервтік орталыққа ауыстыра отырып осы жоспарды бір жыл ішінде кемінде екі рет сынақтан өткізуді;

3) резервтік орталықтың болуын және жұмыс қабілеттілігін;

4) жүйенің бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмысында негізгі орталықта қалпына келтіруге келмейтін іркілістер мен тұрып қалулар орын алған кезде жүйенің жұмысын негізгі орталықтан резервтік орталыққа ауыстыруды қамтамасыз етеді.

103. Орталық Ұлттық Банкпен келісім бойынша операциялық тәуекелді, оның ішінде пайдаланушылар және басқа мүдделі тараптар жүйе үшін құрайтын тәуекелдерге қатысты жүйенің бағдарламалық-техникалық кешенін басқару бойынша құжат әзірлейді.

104. Ұлттық Банк Орталықпен және пайдаланушылармен бірлесе отырып екі жыл ішінде кемінде бір рет тәуекелдерді басқарудың пайдаланылып жүрген әдістеріне талдау жасайды. Талдау нәтижелері бойынша тәуекелдерді басқарудың әдістерін сақтау немесе өзгерту туралы шешім қабылданады.

15. Жүйе мониторингі және қадағалау (оверсайт)
105. Ұлттық Банк нақты уақыт режиміндегі жүйе мониторингін және жүйені қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады.

106. Ұлттық Банк жүйені пайдаланушылардың операциялық күн ішіндегі ағымдағы өтімділігін қадағалау арқылы нақты уақыт режиміндегі жүйе мониторингін жүзеге асырады.

107. Жүйені қадағалау (оверсайт) Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады.

108. Пайдаланушылар Орталықтан үзінді-көшірме алу арқылы позициялардың жай-күйіне, оның ішінде жүйедегі ағымдағы өтімділікке мониторинг жүргізеді.

Банкаралық

ақша аудару жүйесінде

ақша аудару қағидаларына

қосымша
Нысан

___________________________________________________________________

Ұлттық Банкінің пайдаланушының атауы
Пайдаланушының корреспонденттік шотынан Ұлттық Банктегі жүйенің шотына ақша аударуға тұрақты қолданыста болатын нұсқау
____

20__ жылғы «___» ___________

Осы арқылы № ____________________________ корреспонденттік шоттан _________ мөлшеріндегі ақшаны жүйедегі позицияға одан әрі аудару үшін Ұлттық Банктегі жүйенің № __________________________ шотына күнделікті аударуды тапсырамыз.


Басшы ___________________________________ __________

тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Бас бухгалтер _____________________________ __________

тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы ____________

№ _____ қаулысына

қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі



Басқармасының күші жойылған қаулыларының

тізбесі
1. «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 711 тіркелген).

2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы
№ 266 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 910 тіркелген).


3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгеріс енгізу жөнінде» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 16 мамырдағы № 216 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1152 тіркелген).

4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 106 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1538 тіркелген).

5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 2 қыркүйектегі № 362 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1999 тіркелген).

6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2193 тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 64-65 (23275) жарияланған) 1-тармағының 1-тармақшасы.

7. «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 711 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 мамырдағы № 158 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2369 тіркелген).

8. «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 711 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесінде ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 мамырдағы № 74 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2887 тіркелген, 2004 жылғы 12 маусымда «Казахстанская правда» газетінде № 132 (24442) жарияланған).

9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3993 тіркелген) Қосымшаның 1-тармағы.

10. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 96 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5422 тіркелген).

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының

«Банкаралық ақша аудару жүйесінде ақша аудару қағидаларын

бекіту және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»

қаулысының жобасына

түсіндірме жазба


р/с №

Нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы мәліметтер тізбесі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет