«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
|
|
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
|
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
|
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
ПРАВЛЕНИЯ
|
2016 жылғы 28 қаңтардағы
Алматы қаласы
|
|
№ 17
город Алматы
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
|
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
2. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Д. Ақышев
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 17 қаулысымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) алтын-валюта активтерінің бір бөлігін Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріне және активтерді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға сыртқы басқаруға берудің тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аймақтық мандат – инвестициялары бір елдің (нарықтың, аймақтың) шеңберінде шоғырландырылған портфель;
2) активтерді активтік басқару – кірістіліктің ауытқу өзгермелілігінің мәні (tracking error) 0,5 пайыздан асып кететін басқару түрі;
3) активтерді пассивтік басқару – кірістіліктің ауытқу өзгермелілігінің мәні (tracking error) 0,5 пайыздан аспайтын басқару түрі. Пассивтік басқару кезінде сыртқы басқарудағы портфельдің кірістілігі шамамен эталондық портфель кірістілігіне тең болады;
4) активтерді сыртқы транзиттік басқару – берілетін активтердің құрылымындағы өзгерістерге байланысты тәуекелдерді барынша азайту мақсатында активтер сыртқы транзиттік басқарушыға 6 (алты) айға дейінгі мерзімге берілетін басқару түрі;
5) ақпараттық коэффициент (information ratio) – үстеме кірістілік деңгейінің кірістіліктің ауытқу өзгермелілігіне (tracking error) қатынасы;
6) алтын-валюта активтері – Ұлттық Банк туралы заңға сәйкес Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері және басқа активтер;
7) ауқымды мандат – инвестициялары бір елдің (нарықтың, аймақтың) шеңберінен шығатын портфель;
8) әртараптандыру – активтер құнының азаю тәуекелін төмендету мақсатында оларды қаржы құралдарына және өзге мүлікке орналастыру;
9) байланыстыру – екі немесе одан көп шама арасындағы статистикалық өзара байланыс. Егер бір шама ұлғайған/азайған кезде екінші көрсеткіштің мәні ұлғайса/азайса, байланыстыру оң болып табылады. Егер бір шама ұлғайған/азайған кезде екінші көрсеткіштің мәні ұзайса/ұлғайса, байланыстыру теріс болып табылады;
10) балама құралдар – қаржы құралдарынан (акциялардан, облигациялардан және қаржы нарығының құралдарынан) кірістілігінің, тәуекелдерінің жоғары көрсеткіштерімен және төмен өтімділігімен ерекшеленетін инвестициялық өнімдер;
11) банкаралық нарық – шетел валютасын, бағалы қағаздарды, шетел валюталарындағы төлем құжаттарын ұйымдастырылмаған нарықта сатып алу және/немесе сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастар жиынтығы;
12) биржа нарығы – тікелей сауда-саттықты өткізу жолымен оларды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелері пайдаланылатын қатынастар жиынтығы;
13) институционалдық инвестор – ақшаны қаржы құралдарына инвестициялауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
14) комиссиялық сыйақы – активтерді басқару жөніндегі қызметтер үшін төленетін сыйақы;
15) консультациялық қызмет көрсетудегі активтер – клиенттің активтерін инвестициялық басқару бөлігінде сыртқы басқарушы клиентке консультация беретін сыртқы басқарушының басқаруындағы активтер;
16) кірістіліктің ауытқу өзгермелілігі (tracking error) – эталондық портфельдің кірістілігі мен портфельдің кірістілігі арасындағы айырма;
17) мамандандырылған мандат – басқару түрлерін және сыртқы басқарушылардың кірістілігі арасындағы теріс байланыстыруды әртараптандыру мақсатында сыртқы басқаруға берілетін мандат;
18) мандат – белгілі бір инвестициялық сипаттамалары бар портфель;
19) маржалық шот – клиринг ұйымында ашылатын және туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша мәмілелер бойынша қамтамасыз етуді есепке алу және есеп айырысуларды жүргізу мақсатында пайдаланылатын, туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүргізуге арналған ағымдағы шот;
20) портфель – қаржы құралдарының жиынтығы, оның ішінде қолма-қол валюта;
21) портфель менеджері – клиенттердің активтерін басқаруға жауап беретін адам;
22) сыртқы басқару – клиенттің активтері клиенттердің активтерін сенімгерлікпен басқаруға мамандандырылған және өзінің қызметін халықаралық қаржы нарықтарында жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкіне немесе ұйымға сенімгерлікпен басқаруға берілетін активтерді басқару түрі;
23) сыртқы басқарушы – клиенттердің активтерін сенімгерлікпен басқаруға мамандандырылған және өзінің қызметін халықаралық қаржы нарықтарында жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі немесе ұйым;
24) сыртқы транзиттік басқарушы – клиенттердің активтерін транзиттік басқаруға мамандандырылған және өзінің қызметін халықаралық қаржы нарықтарында жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі немесе ұйым;
25) транзиттік кезең – портфельге қатысты қолданылатын, оны Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегиясында белгіленген өлшемдерге сәйкес келтіру мақсатында Қағидаларға сәйкес белгіленетін уақыт кезеңі;
26) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің монетарлық операциялар бөлімшесі;
27) Ұлттық Банк басшылығы – Ұлттық Банк Төрағасы, Ұлттық Банктің уәкілетті бөлімшесіне жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары;
28) үстеме кірістілік деңгейі – нақты қол жеткізілген кірістілік деңгейі мен эталондық портфель кірістілігінің деңгейі арасындағы айырма;
29) форекс операциялары – биржа және банкаралық нарықта валютаны сатып алу немесе/және сату;
30) эталондық портфель – инвестордың стратегиялық мүддесін көрсететін құралдар жиынтығы. Эталондық портфельдің кірістілігі активтерді басқару кірістілігін бағалау кезіндегі шама болады.
3. Алтын-валюта активтерінің бір бөлігі сыртқы басқаруға:
1) басқару түрімен байланысты, әртараптандыру салдарынан туындайтын тәуекелдер деңгейін төмендету;
2) сыртқы басқарушының тәжірибесін, талдамалық материалдарын, зерттеулері мен техникалық ресурстарын пайдаланудың арқасында алтын-валюта активтерін басқарудың кірістілігін ұлғайту;
3) активтерді басқару, қызметкерлерді оқыту саласында сараптама және консультациялар алу;
4) активтерді дербес басқару тәжірибесі жоқ активтердің жаңа сыныптарын енгізу мүмкіндігі мақсатында беріледі.
4. Сыртқы басқаруға берілетін алтын-валюта активтерінің жалпы рұқсат етілген лимиті алтын-валюта активтерінің жалпы көлемінің 30 (отыз) пайызынан аспайды.
Бір сыртқы басқарушыға сыртқы басқаруға берілетін алтын-валюта активтерінің жалпы рұқсат етілген лимиті алтын-валюта активтерінің жалпы көлемінің 5 (бес) пайызынан аспайды.
Бұл шектеулер бұзылған жағдайда уәкілетті бөлімше сәйкессіздікті туындаған күнінен бастап 1 (бір) тоқсан ішінде жояды.
5. Сыртқы басқарушы үшін басқарудың түрін және эталондық портфельді таңдау Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегиясында көзделген алтын-валюта активтерін басқару мақсаттарына және шектеулерге сәйкес нарықтағы жағдайға қарай жүзеге асырылады.
6. Сыртқы басқарушыға немесе сыртқы транзиттік басқарушыға белгіленген комиссиялық сыйақы және/немесе комиссиялық сыйақы алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге немесе алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімге сәйкес басқару нәтижелеріне қарай төленеді.
2. Алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға
беру тәртібі
7. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің интернет-ресурсында сыртқы басқарушыны таңдау жөнінде алда болатын тендерді өткізу туралы ақпарат жариялайды, әлеуетті сыртқы басқарушылардың тізімін жасайды, әлеуетті сыртқы басқарушыларға мыналарды:
1) мандат түрінің сипатын және оның сипаттамаларын (эталондық портфель, басқару мақсаттары, инвестициялық шектеулер, мандаттың шамамен көлемі);
2) сыртқы басқарушыдан Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сұратылатын ақпаратты;
3) әлеуетті сыртқы басқарушыларға қойылатын талаптарды;
4) сыртқы басқарушыдан сұратылатын ақпаратты Ұлттық Банкке беру мерзімін;
5) Ұлттық Банктің тендерді өткізуге жауапты лауазымды адамдары туралы мәліметтерді;
6) Қағидалардың 22-тармағында көзделген талаптарды қамтитын ақпаратты жібереді. Сыртқы басқарушының Қағидалардың 22-тармағында көзделген талаптарды алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге енгізу бойынша жазбаша растауы сыртқы басқарушының ұсынысын қараудың міндетті талабы болып табылады.
8. Уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушыларды таңдау бойынша тендер өткізеді.
9. Әлеуетті сыртқы басқарушылар Ұлттық Банкке Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес сыртқы басқарушыдан сұратылатын ақпаратты электрондық түрде және/немесе қағаз тасымалдағышта ұсынады.
10. Уәкілетті бөлімше Қағидалардың 11 және/немесе 12-тармақтарында көзделген міндетті критерийлерді ескере отырып, сыртқы басқарушылардың келіп түскен барлық ұсыныстарға салыстырмалы талдау жүргізеді.
Егер сыртқы басқарушы Қағидалардың 11 және/немесе 12-тармақтарында көзделген міндетті критерийлерді қанағаттандырса, уәкілетті бөлімше ұсынысты және бағалау критерийлеріне сәйкес салыстырмалы талдауды одан әрі қарайды. Сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырып талдау үшін бағалау критерийлерінің тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада көзделген.
Қағидаларға 3-қосымшада көзделген бағалау критерийлерінің кестесіне сәйкес Сыртқы басқарушының ұсынысын бағалау тәртібі негізінде сыртқы басқарушының ұсынысын бағалау айқындалады.
Тендерге қатысушылардың ұсыныстарын талдау кезінде жұмыс істеп тұрған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін және алтын-валюта активтерін сыртқы басқарушылар бойынша Ұлттық Банктің меншікті деректерін пайдалануға рұқсат беріледі.
11. Бір сыртқы басқарушыға берілетін алтын-валюта активтерінің бір бөлігінің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан асатын мандаттар үшін міндетті критерийлер мыналар:
1) алтын-валюта активтерінің бір бөлігін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен жұмыс тәжірибесі:
кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесінің, оның кемінде 5 (бес) жылы мандаттың жарияланған түрі бойынша жұмыс тәжірибесі;
егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланған кезде тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса - ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) қамту пайызын құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі болуы;
2) басқаруындағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушының басқаруында клиенттердің кемінде 25 (жиырма бес) миллиард АҚШ доллары баламасында жиынтық активтері (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі активтер) бар;
3) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша басқарудағы активтердің мөлшері:
сыртқы басқарушыда қарастырылып отырған мандат түрі бойынша кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасында клиенттердің жиынтық активтері бар;
егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланған кезде тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса - ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) қамту пайызын құрайтын аймақтық мандаттар бойынша 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем емес болуы.
12. Бір сыртқы басқарушыға берілетін алтын-валюта активтерінің бір бөлігінің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан аспайтын мамандандырылған мандаттар үшін міндетті критерийлер мыналар:
1) алтын-валюта активтерінің бір бөлігін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен жұмыс тәжірибесі:
кемінде 5 (бес) жыл, оның кемінде 3 (үш) жылы мандаттың жарияланған түрі бойынша жұмыс тәжірибесі;
егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланған кезде тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса - ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) қамту пайызын құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі болуы;
2) басқаруындағы активтердің мөлшері: басқаруында клиенттердің жиынтық активтерінің мөлшері кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ долларын құрайтын баламалы құралдар мандаттары бойынша сыртқы басқарушыларды қоспағанда, сыртқы басқарушының басқаруында 3 (үш) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем емес клиенттердің жиынтық активтері (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі) бар;
3) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша басқарудағы активтердің мөлшері:
сыртқы басқарушыда мандаттың қарастырылып отырған түрі бойынша 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасынан кем емес клиенттердің жиынтық активтері бар;
егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жариялан кезде тендер қатысушысының басқаруында айрықша осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса - ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) қамту пайызын құрайтын аймақтық мандаттар бойынша 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасынан кем емес болуы.
13. Мамандандырылған мандат қолданыла басталғаннан кейін бір сыртқы басқарушыға оның басқару нәтижелері бойынша 300 (үш жүз) миллион АҚШ долларынан асатын, бірақ Қағидалардың 4-тармағында көзделген алтын-валюта активтерінің жалпы белгіленген лимитінің мөлшерінен аспайтын активтер беріледі.
14. Уәкілетті бөлімшеге сыртқы басқарушының клиенттеріне клиенттердің активтерін басқарудың нәтижелері мен сапасы туралы сұратумен өтініш беруіне рұқсат беріледі.
15. Уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушылар Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сыртқы басқарушыдан сұратылатын ақпаратты ұсынған күннен бастап 2 (екі) айдан аспайтын мерзім ішінде сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын талдауы бойынша қорытынды дайындайды.
16. Уәкілетті бөлімше дайындаған сыртқы басқару бойынша ұсыныстардың салыстырмалы талдауынан тұратын қорытындысы және сыртқы басқарушыны таңдау жөніндегі ұсыныстары Ұлттық Банк Төрағасына қарау үшін беріледі, ол қарау нәтижелері бойынша уәкілетті бөлімшенің қорытындысына берілген бұрыштаманың негізінде сыртқы басқарушылардың неғұрлым пайдалы ұсыныстарын (short list – қысқа тізім) бекітеді. Уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушылар ұсыныстарының талаптарын жақсарту мақсатында short list – қысқа тізімдегі әлеуетті сыртқы басқарушылармен келіссөздер жүргізеді.
17. Уәкілетті бөлімшеге инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі және тәуекелдерді бақылау рәсімдері туралы қосымша ақпаратты алу үшін әлеуетті сыртқы басқарушылармен кездесулерді өткізуіне рұқсат беріледі.
18. Сыртқы басқарушы Ұлттық Банк Басқармасының алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді жасауды көздейтін шешімімен бекітіледі.
Егер осындай мандат түрі бойынша үш жылдан кем емес кезеңде үстеме кірістілігінің деңгейі оң Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқаруды жүзеге асыратын сыртқы басқарушы Қағидалардың 11 және/немесе 12-тармақтарында көзделген критерийлерге сәйкес келсе, онда Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен оның кандидатурасы Қағидалардың 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген рәсімдерді өткізбестен бекітуге жіберіледі.
19. Уәкілетті бөлімше тендердің қатысушысын Қағидалардың
18-тармағына сәйкес сыртқы басқарушы ретінде бекіткен күннен бастап 1 (бір) ай ішінде тендердің әр қатысушысына тендердің қорытындылары туралы хабарламаны береді.
20. Сыртқы транзиттік басқарушыны таңдаған кезде уәкілетті бөлімше транзиттік басқару қызметтерін көрсетуге маманданған шетелдік ұйымдарға сұратулар жібереді. Сұратуға сәйкес әлеуетті сыртқы транзиттік басқарушы қамту нарықтары, транзиттік басқару стратегиялары және құралдар мен нарықтар сыныптары бойынша қызметтер құны жөніндегі ақпаратты жібереді. Сыртқы транзиттік басқарушы уәкілетті бөлімшенің әлеуетті сыртқы транзиттік басқарушылардың келіп түскен ұсыныстарына жасалған талдаумен қызметтік жазбасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жазған бұрыштамасы негізінде бекітіледі.
21. Уәкілетті бөлімше алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді және алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімді дайындайды, жасайды және олардың талаптарын орындауға одан әрі мониторингті жүзеге асырады.
22. Алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімде мынадай талаптар болады:
1) Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді мына жағдайларда:
сыртқы басқарушы эталондық портфельмен салыстырғанда сыртқы басқарудағы портфельді басқару бойынша үстеме кірістілікке жетпеген;
Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегиясында белгіленген шектеулерді сыртқы басқарушы бұзған;
Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегиясы өзгертілген;
Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы негізінде немесе сыртқы басқарушыға жазбаша хабарламаны ұсына отырып және алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді бұзу күнін көрсете отырып Ұлттық Банк басшылығының шешімі бойынша кез келген кезде мерзімінен бұрын бұзу өкілеттігі;
2) Ұлттық Банктің өзінің қалауы бойынша кез келген уақытта сыртқы басқарудағы алтын-валюта активтерінің бір бөлігін толықтыру/кері қайтарып алу өкілеттігі;
3) мемлекеттік, орыс және/немесе тараптардың келісімі бойынша айқындалған тілде алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге қол қою;
4) сыртқы басқарушыға оның сыртқы басқаруға берілген активтерді басқаруға жауапты қызметкерінің орнын ауыстыруы туралы ақпаратты беру;
5) шот бойынша операцияларды тексеру, сондай-ақ инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі және тәуекелдер мониторингі рәсімдері туралы қосымша ақпарат алу мақсатында Ұлттық Банк мамандарының және тәуелсіз аудиторлардың сыртқы басқарушыға баруы;
Достарыңызбен бөлісу: |