1-Зертханалық жұмыс.
«Су жинау алабына түскен орташа жауын-шашын мөлшерін есептеу»
Жалпы ережелер: Су жинау алабындағы су теңдестігінің негізгі элементерінің бірі - атмосфералық жауын-шашын,ағынды қалыптастырудың басты факторы болып табылады.
Таулы аудандарда жауын-шашынның біркелкі таралмауынан және таулы аумақтардың гидрометеорологиялық тұрғыдан жеткілікті зерттелмеуінен су жинау алаптары мен олардың жекелеген бөліктеріндегі орташа жауын-шашын мөлшерін есептеу өте қиынға түседі. Осы мәселені шешу үшін, ең алдымен, нүктедегі өлшеніп алынған жауын-шашын мөлшерін негіздеп түзету керек.
Таулы аудандарда жауын-шашын мөлшері, көбіне жапырақшалы қорғаны бар Третьяков жауын-шашын өлшеуішімен өлшенеді.
Бұл зертханалық жұмыста су жинау алабындағы орташа жауын-шашын мөлшерін есептеу таулы аудандағы су жинау алабының гипсографиялық қисыққа және жергілікті жердің биіктікке тәуелділігіне байланысты жауын-шашынның орташа мөлшерін анықтау әдісі бойынша жүргізіледі.
Тапсырманың мазмұны.
Негізгі мәліметтер:
Таулы алапқа арналған ауданның биіктік белдеулілік бойынша таралу кестесі.
Әртүрлі биіктікте орналасқан Кіші Алматы алабындағы жауын-шашын өлшеуіш бекеттеріндегі жауын-шашынның тәуліктік жиынтығының кестесі.
Қойылатын талап:
Таулы аудандардағы су жинау алабы үшін нақты гидрологиялық жылдағы, жылы және суық кезеңдердегі, жекелеген айлардағы орташа жауын-шашын мөлшерін анықтау.
Су жинау алабы мнен су жинау алабының теңгермелі биіктігіндегі жауын-шашынның орташа мөлшерін салыстыру.
2-Зертханалық жұмыс.
«Топырақ грунттарындағы ылғал қорын есептеу».
Жалпы ережелер: Су жинау алабы топырақ грунттарында ылғалдың болуы және оның динамикасы айтарлықтай дәрежеде ағынды қалыптастырушы процестерді анықтайды. Сол себептен де топырақ грунттарындағы ылғал қорларын зерттеу өзен ағындысын есептеу және болжау кезінде аса үлкен маңызға ие.
Су теңдестігінің бұл құраушысын есепке алмай, егжей-тегжейлі су теңдестігі зерттеулерін жүргізу мүмкін емес. Топырақтағы ылғал қорларының шамасы жазық, сондай-ақ таулы аумақтардан жиынтық булануды есептеудің кейбір формулаларында негізгі аргумент ретінде сипатталады.
Бұл зертханалық жұмыста таулы аудандардың топырақ грунттарындағы ылғал қорын есептеу қажет.
Тапсырманың мазмұны.
Негізгі мәліметтер:
Биіктігі су жинау алабының теңгермелі биіктігіне жақын жауын-шашын өлшеуіш бекеттеріндегі жауын-шашынның тәуліктік жиынтығының кестесі.
Қойылатын талап:
Әр айдың соңы үшін таулы аудандардың су жинау алабындағы топырақ грунттарындағы орташа ылғал қорын есептеу.
Жылы кезеңнің әр айындағы таулы аудандардың су жинау алабындағы топырақ грунттарындағы өзгерісті табу.
Жылы кезеңдегі су жинау алабы үшін топырақ грунттарының орташа ылғал қоры жүрісінің кескіндемесін тұрғызу.
Достарыңызбен бөлісу: |