Ф-ОБ-007/033
«Сырдария» университеті
„ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ“ ФАКУЛЬТЕТІ
„ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ“ КАФЕДРАСЫ
ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
Пән: „Этнопедагогика”
Мамандық 5В010200-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
Курс: 3
Семестр: 6
Жетісай, 2012 ж.
Практикалық (семинар) сабақтарынның әдістемелік
нұсқауын құрастырған: ғылым магистрі Файзиев Н.С.
Практикалық (семинар) сабақтарынның әдістемелік
нұсқау «____» ______ 201 ж. факультет деканы бекітген пәннің жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды.
Практикалық (семинар) сабақтарынның әдістемелік
нұсқау «__________» кафедрасының «_____» _______ 201__ ж.
Хаттама № «____» _________ 201__ ж.
Кафедра меңгерушісі ____________________
(аты- жөні)
ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
1-семинар.
1.Сабақтың тақырыбы: Этнопедагогика пәні, оның әдістері мен міндеттері.
2.Сабақтың жоспар :
1. Этнопедагогика пәні
2. Этнопедагогика пәнінің әдістері мен міндеттері
3. Қысқаша теориялық мәліметтер :
Этнопедагогика –белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:халықтың ауыз әдебиеті мен салт дәстүрінен құралған ауыз әдебиеті ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім – тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.
Ғылымда жеке бір халықтың, тайпаның этностық ерекшеліктерін айқындайтын ғылыми салаларына “этнос” түбірі қолданылады (этнография, этнопсихология, этнопедагогика т.б.)Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы –халық педагогикасында өрнекті ұғым -әдеп. Әдеп –этика ғылымының “этика”деп аталатын алкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисында баламасы.
Әдеп, яғни жеке ғылым саласыретінде әлемнің Бірінші, Екінші ұстаздары Аристотель мен Әл Фарабидің еңбектерінде әр қырынан баяндалып, көркемдік мәнді білдіретін ұлағатты сөз ретінде әдептілік пен имандылық, мейірімділікті білдіретін іс-әрекеттердің, ізгі мінез-құлықтардың көркем көріністерінен түйсіндіретін ұғымдардың атауы болып табылады.
Эстетиканың өмірлік, тұрмыстық, адами қарым-қатынастық саладағы алтын өзегі-әдеп. Әдеп сөзінің мәні қазақ тіліндегі ұлттық қолданыста халқымыздың мәдени рәішін ұғындырады. Әдеп-ұлттық педагогиканың, яғни қазақт этнопедагогикасының алтин арқауы, тәлімдік кредосы.
Қазақ этнопедагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәірден бастау алады.
Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп , тәрбиелеп келгені көпке аян . Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми –теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айланысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан –ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет,өнеге, қағида болып тарап келген білім-білік, тәлім-тәрбие беру тағлымдары бар.Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтың педагогика салт-дәстүр, жол-жора ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала берді бүкіл халықтың қарым-қатынастан берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі, адам мінезін , іс-әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгілі сатыларынан өтіп, ғылым педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың құралы болып, тәрбие жүйесінің қызметін атқарып келгенін байқаймыз. Яғни, осыдан келіп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсілдеріндегі сабақтастығы, принциптік –идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, он ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан – жақты зерттеп, қарастырып өз қажетіне жаратады. Осы қажеттіліктен келіп халықтың эмпирикалық тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары-халықтық педагогиканы ой елегінен өткізіп зерттеп, тәрбие мен оқу ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін, және оның шығу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этнопедагогика пайда болды.
4. Бақылау сұрақтары .
1 . Этнопедагогика пәні.
2 . Этнопедагогика пәні әдістері.
3 . Пәннің зерттелу әдістері мен міндеттері
4. Этнопедагогиканың зерттеу нысаны.
5. Студенттің үй тапсырмасы .
1. Этнопедагогиканың зерттелу әдістерін анықтау
2. Этнопедагогика пәні мен міндеттері
6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .
1. Этнопедагогика пәні, оның әдістері мен міндеттері жайлы әнгіме сұхбат
7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі
1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. А., 2003.
2. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы (Оқу құралы).- А., 2001.
3.Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі. А.,-2004.
4.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі. А., 1995
2-семинар.
1. Сабақтың тақырыбы: Этнопедагогикалық ой-пікірлердің шығу тарихы және даму.
2. Сабақтың жоспары :
1. Этнопедагогикалық ой-пікірлер
2. Этнопедагогиканың шығу тарихы және даму
3. Қысқаша теориялық мәліметтер :
Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері.
Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің , әлеуметтік психологиядағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшеліктерінің ортақтастығы болып табылады.
Ұлттық психологиялық құрылым мен ұлт мәдениеті арасында тығыз байланыс бар. Ұлттық психикалық ерекшелік ұлт мәдениетінің түрлерінен көрініс береді. Мысалы, біз ән күйлерді, билерді тыңдай отырып, немесе ою-өрнекті, зергерлік әшекей заттарды көріп, оның қай ұлтқа тән екенін бірден айырамыз.
Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелігі адамдардың әулеттік қарым-қатынасынан, киім-киюінен, спорттық ойын түрлерінен немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келін түсіру, қыз ұзату, қонақ күту, өлік жөнелту рәсімдерінен т.б.), ұлттық тағам түрлерінен байқалады.
Әдебиет- тәрбие құралы. Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін он халық құрап қастерлеп,жаттап жадында қалдырып, ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп қадірлеп қалыптастырып, асылым деп. ақыл санасына сіңірген ауыз әдебиетінің үкілі үлгілері-мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол-ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды жалындататын, қиялды қиянда-татын, ақыл-сананың айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра.
Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілі, ойды, дамытып, тәлім-тәрбие беріпдүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл-халық педагогикасының алкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр.Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал, халықтың марал-мәтелдері педагогикамен қатар, философиялық дәрістердің де түсініктемелеріне арқау бола алады.
4. Бақылау сұрақтары:
1.Халық педагогикасы мен халықтық психологияның өзара байланысы мен ортақтастығы
2.Этнопедагогиканың, мен этнопсихологияның өзара байланысы мен ортақтастығы.
3. Халықтық педагогика –тәлім тәрбиелік ой- пікірлердің ілкі бастауы деегнді қалай түсінесіз..
4. Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.
5. Студенттің үй тапсырмасы .
1. Этнопедагогиканың шығу тарихы және даму
2. Халықтық педагогика –тәлім тәрбиелік ой- пікірлер
6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .
1. Этнопедагогикалық ой-пікірлердің шығу тарихы және даму.
7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі .
1. Айдаров Г. Орхон ескерткіштерінің тексті. А., Ғылым, 1990.
2. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары. 3т. Алматы, 1991.
3. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қол өнері. А., 1987.
4 .Ахметова З. Кәусар бұлақ. Алматы, 1993.
3-семинар.
1.Сабақтың тақырыбы: Жетілдірілген адам-халықтық педагогиканың мақсаты
2.Сабақтың жоспары :
1. Жетілдірілген адам-халықтық педагогиканың мақсаты
2.Этнопедагогикалық ерекшеліктер
3. Қысқаша теориялық мәліметтер :
Қазақ ұлтының даму мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнібек, Керей, Асан Қайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати,Қадырғали Жалайыри, Қасым, Есім, Хақназар, Тәуекел, Тәуке , Қазтуған, Ақтанберді, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбілқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды. Аузы дуалы ақылгөй жыраулар мен шешен билер жалпы жұртқа өнегелі сөздерімен,өлең –жыр толғауларымен зор ықпал етіп,халықты ел боуға,берек елі бірлікке шақырып, қоғамдық өмір сахнасына шыға бастады.
Қазақ жырауларының толғау тебіреністері, қанатты сөздері өзінің тәлімдік шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани, эстетикалық, отаншылдық мәні жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлік заманда хандар мен бектердің, қолбасшы батырлардың ақылгөй кеңесшісі болып, жорыққа бірге аттанды, ру –тайпаларына басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шепіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.
XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырынан өздерінің тәлімдік идеяларымен Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау секілді дала философтары ерекше көзге түскен еді. Халқының қамын жеп , оның береке-бірлігін, келешегі бағытын, көгерер күнін аңсаған Асанқайғы өз отандастарының алғағы тағдыры не болмақ деген толғаныспен күн кешті. Содан да болар, ел аузында оның есіміне “қайғы” деген ат қосылып аңызға айналды.
Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы іргетасының қалана бастауына негіз болған Асан Қайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри, Қазтуған, Шалкиіз, Үмбетай, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марғасқа т.б. көптеген ақын-жыраулардың шығармаларын атап өткен жөн.
XV-XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-ддәтүрін, ой-арманы мен тілек мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені, жыраулар толғауларынан халықтың небір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-сүеніші, келер ұрпаққа аймар өнегелі өсиеті өзекті орын алған. Яғни олар халықтың тәлім-тәрбие мектебінің ұлағатты ұстаздарының ролін атқарды.
Қазақтың тәрбие мектебі –ақын жазушылар мен билердің өсиеттері, ғибраттары және халық марал-мәтелдері, тыйым сөздері мен ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халақтық осы қағидалар шын мәнісінде жас ұрпақ түгілі ересек адамдарға да алкен әсерін тигізді, ұлттың сана –сезімін оятты, тәлімдік-тәрбиелік, танымдық мектебіне айналды. Жалпы XV-XIXғ.ғ. ақын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшін еткен еңбегіне, ой қиял өрістеу өресіне, қимыл, әрекет-ісіне қарай үш топқа бөліп жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, Ақтанберді, Махамбеттер); мәмілегер (Асан Қайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлімгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар деп шартты түрде жіктеуге болады. Ақын жыраулар өлең –жырларымен де, өнегелі ісімен де халыққа белсене қызмет етіп ел ұйытқысы, тәлім-тәрбие мектебінің ұстазы бола білді.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Ежелгі түріктердің (Орхон-Енисей) жазу ескерткіштері этнопедагогиканың негізгі арнасы деегнді қалай түсінесіз?
2. Қазіргі ғалым-ойшылдардың еңбектері этнопедагогиканың негізгі арнасы қалай түсінесіз?
3. XV-XIX ғ.ғ. қазақ ақын-жырауларының (Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтанберді , Бұхар т.б.)тәрбие мектебі қалай түсінесіз?
5. Студенттің үй тарсырмасы
1. Жетілдірілген адам-халықтық педагогиканың мақсаты
2.Этнопедагогикалық ерекшеліктер
1 Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы .
1. Жетілдірілген адам-халықтық педагогиканың мақсатын анықтау
7.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі
1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. А., 2003.
2. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы (Оқу құралы).- А., 2001.
3.Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі. А.,-2004.
4.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі. А., 1995
4-семинар.
1. Сабақтың тақырыбы: Халық педагогикасындағы тәрбиенің әдістері, тәсілдері және құралдары.
2. Сабақтың жоспары :
1. Халық педагогикасындағы тәрбие
2. Халық педагогикасындағы тәрбиенің әдістері, тәсілдері және
3. Қысқаша теориялық мәліметтер:
Ұшы –қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік –экономикалық жағдайына , мәдениетіне , тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тіліктерін дүниеге әкелді.
Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі ,тарихы мен мәдениеті бар. Ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай –ақ, ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсілінен, діни –наным сеніміне, әдет-ғұрпына, салт-сансы мен дәстүрінен өзекті орын алады.
Қазақ халқының психологиялық ой толғанысының бірінші ерекшелігі ол- тұспалдап, мақалдап, тақпақтап, сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс өнері арқылы көзге көріну.
Халық педагогикасының негізгі мақсаты- өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, отбасы, ауыл- аймақ, Отанның ар- намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу.
Ақын-жыраулардың дүниетанымы мен философиялық бағыттары жайлы әрі ғалым, әрі ақын Ә.Тәжібаев: “Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұхарлар айтқан толғаулардың бізге жеткен бөліктеріне қарап отырсақ, тыңдаушысын теңіздей шайқайтын терең ойлардың толқынында жүзгендей сезінеміз”. Жыраулардың поэзиясында келелі сөз болған мәселе- адам проблемасы. Қазақ ұғымындағы “Ердің құны жүз жылқы”, “Ер елі үшін туады, елі үшін өледі”, “Ерді намыс өлтіреді” деп, ерлікке ерекше баға беру, ердің құнын адамгершілікпенен , ар –ожданменен өлшеу ұғымынан көп жоғары.
Қазақтың ұлттық философиясының екінші гносеологиялық танымдық ерекшелігі- ата мекен, ел-жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы.
Мәдениетті деп саналатын кейбір жұрт өкілдері туған жерін отаным деп есептемейді. Өскен, кәсіп еткен жеріне отаным деп қарайды. Ал біздің қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Оны тастап кетуді өлім санайды. Ақындардың “Кіндік қаным тамған жерім - ауылым” деп әндетуінде “Отан - оттан ыстық”, “Отансыз ер - бұралқы итпен тең” деп қарауында философиялық үлкен ой жатыр.
Қазақ философиясының өзіндік үшінші ерекшелігі – ана тілінее, сөз өнеріне ерекше ден қойып, жоғары баға беруінде. “Өнер алды қызыл тіл” деп ұққан ата- бабамыз “от тілді, орақ ауызды” ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, табан аузында тақпақтап айтқан мақал- мәтел афоризм сөздері мен ақындардың терме, толғауларын жазу- сызусыз жаттап, жадында сақтап, қаз қалпында біздің дәуірімізге жеткізген.
Қазақтың ұлттық филисофиясының төртінші ерекшелігі- ұлттық базисі болып есептелетін көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен тығыз байланыстылығы. Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік малда деп ұққан қазақ малды жанмен бірдей санаған.
Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесі халықтың салт- дәстүрлер мен ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделгенімен, оның да өзіндік мақсат- мүдделері, негізгі қағидалары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |