Практикалық (семинар) сабақтарының Әдістемелік нұСҚауы пән: „Этнопедагогика” Мамандық 5В010200-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»



бет5/5
Дата14.06.2016
өлшемі368 Kb.
#136159
1   2   3   4   5

5. Студенттің үй тапсырмасы:

1. Халық педагогикасындағы дене тәрбиесінің міндеттері

2. Дене тәрбиесінің ерекшеліктері мен артықшылықтары.
6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы.

1. Халық тәрбиені 6 түрге бөлуі: эстетикалық рухани мінез құлық, дене, еңбек,

имандылық, жауынгерлік ерлік тәрбиесі.
7.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

1.Виноградов Г. Народная педагогика. Иркутск, 1997.

2.Диваев Ә. Тарту. Алматы. Ана тілі, 1992.

3.Дулати М.Х. Тарихи-Рашиди. Алматы, 1999.

4.Жарықбаев Қ.Б., Наурызбаев Ж. Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие атауларының түсіндірме сөздігі. А., 1993.

5.Кәмәләшұлы Б. Қазақ халқының туыс-туғандық жүйесі, ұрпақ өсіру, тәрбиелеу дәстүрі, үйлену ғұрыптары. А., 2005.



12- семинар
1. Сабақтың тақырыбы: Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиесі.
2.Сабақтың жоспары:

1. Эстетикалық тәрбие - ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі.

2. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің бағыттары.

3. Тән сұлулығы жөнінідегі өлең жыр ертегі мен аңыздардың тәрбиелік мәні.


3.Қысқаша теориялық мәліметтер:

Эстетикалық тәрбие - ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі. Әдепті, иманды халқымыз ұрпағына жан – жақты эстетикалық тәрбие беріп отырған. Тұрмыстағы, мінездегі әсемдікті өмірлік дағдыға айналдыруды тәрбиенің басты құралына жатқызған.

Үлт өмірінде қалыптасқан кісілік, қайырымдылық, меймандостық дәстүрлер - ұлттық мәдениетті көрсететін көркем құбылыстар.

Әдеп барлық халықта бар, ал қазақ халқында ол эстетикалық тәрбиенің өзегіне айналған. Өйткені “Әеп” сөзі “мәдениет” деген сөздің баламасындай естіледі. Сондықтан, әдеп ұлттық мәдениетімізге сіңіп, қалыптасқан үрдіс.

Эстетикалық жағынан жетілу қажеттілігі адамгершілікпен тығыз байланысты екені сөзсіз.Біз адамның мінез - құлқына тек мейірім мен қаталдық тұрғысынан ғана баға бермейміз сонымен бірге оның әрекетті қалай жасағанын сұраймыз.

Бәлки, жақсылық пен әсемдіктің терең тамырлы өзара байланысы осында жатқан болар. Тарихи тұрғыдан алғанда сұлулық сезімі еңбек қызметі процесінде пайда болады.

Ертедегі адам белгілі бірқұралды жасағанда оныњ түзу, жұмысқа ыңғайлы, берік болуымен қатар сыртқы түрінің әсемдігін де ескерген. Соның нәтижесінде сұлулықты сезіну, адамның абстрактылы ойлауының жетілуіне қарай әдемілік пен сүйкімсіздік үғымдары шықты. Бара – бара әдемі заттар сұлулық заңы бойынша дүниеге келе бастады. Қазіргі қоғамда адам тіршілігінің барлық саласының эстетикалық жағына баса назар аударылады. Эстетикалық талғам мен оған мұқтаждықтың дамуына, әсіресе өнер қатты әсер етеді.

Біздің қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев “Сұлулық сезімдері” жайлы жаратылыстың искуствоныњ сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады деді. Үбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдыраған бұлақ, шексіз – шетсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толқынданған дала, бұлтпен бел алысқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулері, еоке сұлу ай, жұлдызды түн , міне осылар сықылды жаратылыстыњ сұлу заттары көріністері яки искуствоның тылсымды жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз, сұлу сурет, сықырлы, әсерлі адам жанында бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып, туғызбай, архитектура, сұлу сурет(живопись, скульптура) сықылды пластика искуствосын адамныњ көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады.

Ал енді музыка, ән, поэзия сықылды тон икуствосы есту сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады.

Сұлулық сезімдлері адамның дұрыс, сұлу, ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне ,керексіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Содықтын баланы сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылынуға тиісті.

Сұлулық сезімдерін тәрбие қылу

Әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суреттен, біреудің поэзиядан, искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбиенің міндеті балада искусствоның қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету. Өркендету жолдарынан төмендегі жолдарды көрсетуге болады: 1. Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста сұлулықтың неше түрініњ бєрі бар. Бала бұлақтыњ балдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің күрілдегенін естісін; жымыњдаған жұлдыздар себілген көк шатыр көркі, түрлі түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұрањдаған қойыњды көрсін. Жаратылшыс сұлу жаратылыстың құшағында болсын, балада сұлулық сеземдері еріксіз оянады. Тәрбиені жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың назарын аудара білу керек.

2. Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты,ретті таза болсын.Таза деген сөзді қымбат деп ұғу қате. Тегінде қымбаттың бәрі сұлу деп ұғу қате ғой. Баланың мањайындағы нәрсе қымбат болмасын. Таза, ретті, тєртіпті болсын. Үйдің іші киім-кешек, ыдыс-аяқ бәрі таза болуға тиісті. Баланыњ үсті-басы, денесі, беті –қолы, бәрі таза ұсталуға тиісті. Баланың маңайында жүрген адамдар ретті, тәртіпті таза болуға міндетті. Үяда не көрсењ, ұшқанда соны іледі. Тазалыққа үйренген бала таза болады. Былыққа үйренген бала, былық болады. Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті болуға тиісті. Жєне баланың мањайындағы адамдардың жүріс тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады.

Семьядағы эстетикалық тәрбиеде үй – ішімен серуенге шығу, табиғаттың әсем өњірлері мен таза ауасында тынығып дем алу сияқты шараларды жүзеге асырудыњ да маңызы зор. Мұндай серуен, саяхат жасау арқылы семьяның әрбір мүшесі еліміздің әдемі, әсем жерлерімен, жануарлар дүниесімен танысады жєнеоларға ұқыпты қарауға тәрбиеленеді.

Эстетикалық тәрбиеде семья мүшелерінің тұрмыстағы тазалығы, жинақтылығы да елеулі роль атқарады. Өзінің тұрған үйінің тазалығын сақтау арқылы әрбір адам өзі тұрған селосы мен қаласының тазалығын сақтауға әрекеттенеді. Сондықтан семьяда әркім өзінің жұмыс істеп, тынығар бөлмесін немесе сондай бұрышын ұқыпты таза ұстауға, үй ішінде де таза , жинақы жүруге, киім – кешегін және өзінің жеке басына қажетті бұйымдарды қажетіне қарай алып, орнымен пайдалануға дағдылануы тиіс. Мәдениетті адам болу үшін алдымен таза жүріп жинақы болуға тырысу керек. Тұрмыстағы салақтыққа да немқұрайлы қарауға болмайды. Сондықтан талғам жағынан ерлі – зайыптылар бір-біріне жақсы ықпал етіп, әсер жасап, өзара бір- бірін иєрбиелей жүрсе, онда тұрмыста эстетикалық мәдениетті қалыптастыруға, оны семьялық дәстүрге айналдыруға қолайлы жағдай жасалады. Семья мүшелерінің ынталы еңбек етуіне, тынығып дем алуына қолайлы жағдай жасалып, табысына қарай сұраным болып, уақытымен сапалы тамақтанып, заманға сай сәнімен киініп, үй ішінде жинақылық пен тазалық орнап, ағайын – туыс, дос – жарандарымен, көрші-қолақмен сыйлас болып, қоршаған ортасына ұқыпты қараса, онда семья өмірінің мәдениеті жоғары, рухы берік келеді.

Біздің бүгінгі тіршілігімізді көркем әдебиетсіз, поэзиясыз, мүзейлерсіз, кино,концерт залдарынсыз, театрларсыз көзге елестетудің өзі қиын. Өнердің адам санасына әсерінің өзіндік ерекшелігі – оның еркіндік сипатында, ешқандай пайдақұмарлық ой туғызбайтынтығында. Эстетикалық жағынан дамыған адам өнер туындысына немесе батып бара жатқан күн шапағына қарап одан ләззат алады, рахат табады. Осынау тамаша сезім оның бойындағы бұғып жатқан күш-қуатќқ жол ашады, творчествоға, жақсылық жасауға ұмтылдырып, қастерлі борышты сезіндіреді, болашаққа сенімді


4. Бақылау сұрақтары:

1.Эстетикалық тәрбие - ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі- деегнді қалай түсінесіз?

2.Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің бағыттарына талдау жаса..

3.Тән сұлулығы жөнінідегі өлең жыр ертегі мен аңыздардың тәрбиелік мәні.

4. Әсемдік тєрбиесіне баулудың жолдары мен әдістері қандай?
5.Студенттің үй тапсырмасы:

1. Эстетикалық тәрбие - ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі.

2. Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің бағыттары.
6. Студенттің аудиторияда ор ындайтын тапсырмасы:

1 Халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиесі жайлы әңгіме сұхбат
7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

1.Кәмәләшұлы Б. Қазақ халқының туыс-туғандық жүйесі, ұрпақ өсіру, тәрбиелеу дәстүрі, үйлену ғұрыптары. А., 2005.

2.Қазақтың тәлімдік ой-пікірлері Антологиясы, 2 том, (құр. Қ. Жарықбаев, С.Қалиев). Алматы, 1994.

3.Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. А., 1993.

4.Құралұлы А. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалылығы. А., 1991.

13- семинар
1. Сабақтың тақырыбы: Халық педагогикасындағы зиялылық тәрбиесі.
2. Сабақтың жоспары:

1. Халықтық астрономиялық аңыздар мен ырымдардың ақыл-ой тәрбиесіндегі

ролі.

2. Тіршіліктің төрт тірегін қастерлеу.



3. Қазақ календарының шығу тарихы (ай, күн, жыл аттары).

3.Теориялық мәліметтер:

Қазақтың халық педагогикасы баланың пайымдауын қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгі -өнегелі іс-әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске асырады. Ол үшін халық марал-мәтелдерді, өнегелі өсиет сөздерді, даналық уағыздарды, шешендіксөздерді пайдаланады.“Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады”, “Кітап-білім бұлағы”, “Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп”, деп халық, марал-мәтелдер арқылы ғылым-білімді зерттеп, ақыл –ойдың негізгі пайымдауда екендігін ұрпаққа ұғындырып отырады.

Бүкіләлемдік тіршіліктің төрт негізі бар . Олар: Күн-ана, Жер ана, ауа мен су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді.Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды.Сондықтан адамзат Күнді жерді анадай ардақтайды, жер мен судың әулиелігін қастерлеп, әрекет жасап, қызығын көреді.

Күн- барлық тіршіліктің құдіретті тірегі. Ертеде адамзат Күнді жаратқанның жаратушысы деп табынып сиынып, барлық тіршілікте Күннің құдіретіне сүйенген. Шын мәнінде мынау жарық дүниенің өзі күннің сәулесі менжалылығынан қуат алып тұр.Сондықтан да халқымыз Күн тұрған аспан әлемін қасиеттеп: “Аспанға қарап түкірме, аспанға тас лақтырма”деп, ырым-тыйым жасайды. Күннің нұры-сәулесі, құдіреттікүші-от. Әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп, адам өмірін өркендетіп тұр. Отты халық қастерлеп, “Отты баспа”, “отпен ойнама”, “отқа түкірме” деп, ырым тыйымжасап, кесір-қырсықты от пен “аластап”, отқа табынған. Отбасы,отағасы,отау деген сөздер оттың құдіретін қастерлеуден шыққан. Найзағайдың жарқылы, мотордың оталуы, оқтыңатылуы-бәрі де оттың әсері. Тек сол оттың әулиелігін қадірлеп отты дұрыс пайдалана білу адамның ақыл –біліміне байланысты.

Қазіргі заманда Күннің құдіретін бөгеп, аспандағы азон қабатын ыдыратқан техникалық зардаптарға қарсы күрес жүргізілуде. Қазақ “отбасың аман болсың”, “шырағың сөнбесін” деп, отбасынан бастап бүкіл адамзаттың барлық тіршіліктің анасы-Күннің амандығын тілейді.



Жер-ана барлық тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы жер бетіне таласып, қан-төгіп, қырғынға ұшырады. Бірақ жер-ананы аялау, оны бүлдірмеу үшін, әр қилы әрекет жасауды соңғы ғасырда ғана қолға ала бастады. Қазақ халқы жер-ананы әулие тұтады. “Батпағанға -жер жомарт”, “Жері байдың-елі бай”, “Туған жердің топырағы да ыстық”, “Туған жер-алштын бесік”деп, халық жер –ананыаялайды, баптайды, құдірет тұтады. Халық “топырақ шашып ойнама”, “жерді жамандама” деп, ырым жасап, жер ананы қастерлеуді уағыздайды. Жер тоздыру, өрісті тарылты , бар жерді пайдаланбау, он баптамау-әрі айып, әрі қылмыс.

Жер –жаһандағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет су .Өсімдік, Жан- жануар, құрт-құмырсқа, адамзат сусыз өмір сүре алмайды. Өмірге ең қымбат, ең қажетті нәрсе болғандықтан, халық суды да іулие тұтып, судың шығып жатқан жерін “әулие бұлақ”, “әулие көл” дейді. “Судың да сұрауы бар” деп, суды ысырап жасамау керек екенін халық өз ұрпақтарына ескеріп отырған. “Сулы жер-нулы жер”, “Өзен бар жерде өмір бар ”, “Бұлақ көрсең көзін аш”, “Судай таза, сүтте ақ бол” деп халық өмір тұрмыстың жақсы болуы суға байланысты екенін, сондықтан арна жасай білуді уағызқдайды, “суды улама” деп,судың тазалығын сақтауды талап етеді. Суды дұрыс пайдалана білмегендіктен , Арал теңізінің тартылуы, өзен-көлдердің улануы халықты қатты күйзелтті. Өзен-көлдерден құстар мен аңдардың кете бастауы-қасірет. Ел еңбектеніп,ұрпақтарын табиғат апатына қарсы күреске тәрбиелейді.

Жанды дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған құдіретті нәрсе – ауа. “Ауа-өмір тынысы дейді халық”. Тыныс алу тоқтаса, өмір де тоқтайды. “Асар таудың ауасы-аурудың дауаса”, “Ауаны былғама, алланың демі” деп, халық кең ауаны, таза самалды қасиет тұтқан. Ауаны былғау қылмыс деп. есептеген. Ең қымбатты, қажетті нәрсені “ауадай қажет” деп,халық ауаны қымбаттың қымбаты деп. бағалайды. “Желдеткішті жаппа”, “Ауаны қылышпен кеспе”деп, ырым жасап, әулиенің әулиесіндей көреді. Ауаны азарту үшін, көгалдандыру, орман-тоғай өсіру, қорықтарды қорғау ісіне ел ерекше көңіл бөледі. Тіршіліктің төрт тірегін қастерлеу-халық салты, өмір заңы.

Ата бабамыз жыл қайыруды, күн ауыруды ұрпақтарына үйретіп, әрбір жылдың, айдың, күннің ерекшеліктерін айқын білі, айтып отырған. Жыл қайыруда мүшел жылын ерекше атап, мүмкіндігінше мүшел той әрбір он үшінші жылы (13,25,37) аталып, өтіледі, мүшел жасы қасиетті жс ретінде тойланып, ол жасқа дейін ерекше, елеулі өзгерістер болғаны айтылады.

Жыл қайырудағы жыл реттері: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан,жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Халық хайуанаттарды “еті адал”, “еті арам” деп, екі топқа бөледі. Жыл реттеріндегі 12 жыл атауында бірі арам, бірі адал – 6 жұп атаулары бар. Он екі жыл өткен соң, он үшінші мүшел жылы болып, алғашқы атау қайталанып отырады. Әрбір адамның “Мүшел жылы” -- өзінің туған жылы (егер барыс жылында тусаңыз, барс жылы қайталанған сайын) мүшел той аталады. Ғасырлар бойы табиғат сырын, хайуанаттардың таңғажайып ерекшеліктерін зерлеп, зерттей білген ата – бабаларымыз, бүкіл өркениетті адамзат қауымы әрбір жылдың өз айырымдарына байланысты атау қойған. Тышқан жылы ел тірлігі мол болады, бірлігі жақсы ел берекелі, мерекелі өмір сүреді. Сиыр жылында еңбек еткен адамның бақыты мол болады. Барыс жылы – сәтті жыл, әркім алдына қойған мақсаттарына жетеді, іс - әрекет құтты болады. қоян жылы да құтты жыл , бірақ кейде бұл жылда жит болуы мүмкін. Ұлу жылында әрекет берекетке жетеді. Жылан жылында табиғат құбылысы құрғақшылыққа ұшырауы мүмкін. Жылқы жылы – мархабатты жыл. Бұл жылда отау тігуді (үйленуді) арман еткен жастар мақсатын орындайды. Қой жылы төлдің басы көп болады, молшылық халықты мерейлендіреді. Мешін жылында тыныштық, жарасым, келісім, татулық халықты қуанышқа бөлейді. Тауық жылы – арманды жыл. Әркім іс ретін тауып, шаруаны білсе, арманына жетеді. Ит жылында қиыншылық көп болады, қиындыққа қымсынбай, он жеңе білу керек. Доңыз жылында тыныштық пен достық үстем болып, жақсы мінезді жайсаң адамдар өмір қызығын көбірек көреді. Тарихта халықтың осы тұжырымдары негізінен нақты келіп, өмір тәжірибесінің айқын көріністерін байқатты.
4. Бақылау сұрақтары:

1. Халықтық астрономиялық аңыздар мен ырымдардың ақыл-ой тәрбиесіндегі ролі.

2. Тіршіліктің төрт тірегін қастерлеу- дегенді қалай түсінесіз?

3. Қазақ календарының шығу тарихы. (ай, күн, жыл аттары).


5. Студенттің үй тапсырмасы:

Халықтық астрономиялық аңыздар мен ырымдардың ақыл-ой тәрбиесіндегі

ролі.

2.Тіршіліктің төрт тірегін қастерлеу.


6. Студенттің аудиторияда ор тын тарсырмасы:

1.Халықтық астрономиялық аңыздар мен ырымдардың ақыл-ой тәрбиесіндегі ролі.

Эссе
7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. А., 2003.

2. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы (Оқу құралы).- А., 2001.

3.Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі. А.,-2004.

4.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі. А., 1995

14- семинар
1. Сабақтың тақырыбы: Халық педагогикасының қазіргі қызметі.
2. Сабақтың жоспары:

1. Халық педагогикасының қазіргі қызметі.

2. Халық педагогикасының ғылыми ерекшеліктері мен зерттелу деңгейі
3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Тәрбиенің негізгі қағидалараның (принциптері) болуы заңды құбылыс. Халық педагогикасының негізгі қағидалары мыналар:



  1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу.

  2. Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу.

  3. Халық педагогикасында “бірінші байлық- денсаулық” деген ұғым өзекті орын алған. “Дені саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру астан” деп рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған.

  4. Халық педагогиасында адамгершілік қасиеттердібаланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген.

  5. Гуманизм мен патриотизм- халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. “Отан от басынан басталады” деп ұққан ата- бабамыз от басының, ананың, рудың , отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесуді, басқа ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті принципі деп бағалаған.

  6. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру қажет.Халық педагогикасында “ шынықсаң шымыр боласың” деп ой қорытқан ата- бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету.

  7. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп түсінген халқымыз жастарға “Өнерлі өлмейді”, “Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады”, “ Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра”, дегенді насихаттап, ертегі, өлең- жыр, мақал- мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.

  8. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең- жыр, ертегі, аңыздар шығарған.

Енді халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейік.

1. Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, онбес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәте баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.

2. Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаңа үміт арту -әкенің парызы, ақтау –баланың парызы» деп ой түйіндеген.

3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата – ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой – пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.

4. Халық педагогикасының тағы бір принципі балаға үлкен талап қоя білуге, оның жеке басын қадірлеуге негізделген. Баланың жіберген қателіктерін үлкендер дер кезінде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған. «Ата балаға сыншы», «Баланың балалығында әкенің даналығы бар», «Ақырып айтқаннан ақылмен айтқан артық» деген мәтелдер осы ойды құптаудан туған. Яғни, тәрбиешінің жылы жүректіболуын, тапқырлық тәсілмен тәрбиелеуінорынды санаған.

5. Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл –ойывн дамытубүгінгі педагогикада ең көкескесті мәселелерінің бірі. Дамыта оқытып тәрбиелеу ісі асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата –бабамыз «Армансыз ұлан – қанатсыз қыран», «Арманы жоқтың пәрмені жоқ» деп, келешекті қиялдай білетін арманға, ой дербестігіне тәрбиелеуді мақсат еткен.

6. Халық педагогикасының негізгі принциптерінің бірі - тәрбиенің біртұтастығы. Халқымыз жас ұрпақты өмірге дайындап «сегіз қырлы, бір сырлы», жан –жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған. Кез –келген тәрбие құрамына талдау жасасақ, тәрбиенің түрлері (еңбек, ақыл –ой, адамгершілік, әсемдік т.б.) іштей сабақтасып жатады. Оны бесік жырынан, бата – тілектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие ісін кешенді жүргізуді ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.

7. Тәрбие ісінің туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуін халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.

8. Халық педагогикасы отбасы үлкендерінен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер иелері түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген. Халықтық педагогикада «Көп талқысы - тез», «көп қорқытады, терең батырады», «Көпке қарсылық – құдайға қарсылық» деп ұжымдық тәрбиені құптаған.
4.Бақылау сұрақтары:

1. Халық педагогикасының қазіргі қызметі.

2. Халық педагогикасының ғылыми ерекшеліктері мен зерттелу деңгейі

3. Халықтық педагогиканың критерилері.


5. Студенттің үй тапсырмасы:

1. Халық педагогикасының қазіргі қызметі.

2. Этнопедагогикалық зерттеулердегі хылықтық педагогиканың мінін ашу.
6. Студенттің аудиторияда орындалатын тарсырмасы:

1. Халық педагогикасының қазіргі қызметін зерттеп зерделеу.


7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қол өнері. А., 1987.

2. Ахметова З. Кәусар бұлақ. Алматы, 1993.

3. Баласағұн Ж. Құтты білік. Алматы, 1995.

4. Волков Г.Н: Этнопедагогика. Чебоксары, 1990.

5. Виноградов Г. Народная педагогика. Иркутск, 1997.



15-семинар
1. Сабақтың тақырыбы: Жас ұрпақты тәрбиелеу және оқытуда халық педагогикасын пайдалану.
2. Сабақтың жоспары:

1. Жас ұрпақты тәрбиелеу жолдары.

2. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі халық педагогикасын пайдалану.
3. Теориялық мәліметтер:

Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгені көпке аян. Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми –теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгеше де адамзат тәрбите ісімен айналысып бақты.

Халықтық педагогика салт –дәстүр, жол –жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою -өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып ауыл –аймақ, ел- жұрт, ру –тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым –қатынастан берік орын алған тәлім –тәрбиенің түрі, адам мінезін, іс -әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады.

Академик Г.Н.Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге келген күннен бастап бірге жасасып келуінде; адамдардың қоғамды құруда, қоршаған ортаны- табиғатты өзіне икемдеп игеруінде; еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты рөл атқарғаны, тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы , халықтық тәрбие жөніндегі қағидалары өмірлік тәжірибеге негізделген эмпирикалық білім болып келуі; тәрбие тәжірибесінің ғексырлар бойы жалғасып келуі, алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей, синкретті тұтас түрде берілуі деп саралай саралай көрсетіп келеді де, «халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесіне негізделіп халықтың тәрбие құралдары арқылы іске асыруға құрылса, ал зтнопедагогика теориялық ойларға, ғылымға негізделеді» .

Халық педагогикасында тәрбие мәселесі бірінші орынға қойылып келді. Ол заңды да енді. Себебі, халық педагогикасы ғылым мен мәдениеттің жетілгмеген кезінде пайда болғандықтан, тәрбиені еңбек пен өнерге, оның ішінде қол өнеріне негіздей жүзгізуді уағыздайды. Біртіндеп келе оқу –білім дамып ғылым мен техника өрістей бастаған кезде, XVIII ғасырдағы ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдің атымен байланысты ғылыми педагогика пайда болды. Ғылыми педагогиканың теориялық заңдары қалыптасып өмірге келді. Я.А.Коменский өзінің атақты «Ұлы дидактика», «Ағайын чехтарды тәрбиелеу» атты еңбектерінде тұңғыш білім беру ісі мен тәрбие ісін біртұтас процесс деп қарау идеясын ұсынды. Тәрбие мен білім беруді біріктіру тенденциясы оқу –тәрбие ісінің тұтастығынан туындады. Тәрбие -әлеуметтік процесс, ал адамның жеке басының өсіп жетілуі, өсіп қалыптасуы – ол әрі әлеуметтік, әрі биологиялық процесс.

И.Г.Песталоцци: «Бала тәрбиесі оның дүниеге келгенінен басталуы керек. Баланың дұниені түсінуі отбасынан басталып, мектепте әріқарай жалғастырылуы шарт » - деген қағиданы ұсынды.

Ал әйгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдістеріне тоқтала келе: «Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы –жаман дәстүрлерінен іздестіру керек» - деді. К.Д.Ушинский бала тәрбиелеудегі ауыз әдебиетінің рөліне де ерекше тоқталды. Ол: «Ертегілер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгілері. Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен тепе –тең келетін бірде - бір құрал жоқ» - деген еді.

Кеңістік дәуірдің 1970-1990 жылдарында ғана халықтық педагогиканың погрессивтік мәнін ғылыми тұрғыда қарастырып, зерттеу ісі біртіндеп қолға алына бастады.

Халық педагогикасын кеңістік дәуірде ғылыми –теориялық, методологиялық жағынан жан –жақты тұңғыш зерттеуші академик Г.Н.Волков болды.

Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы және даму кезеңдері.

Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерінде XVII – XVIII ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайын, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.

Бірінші, ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой –пікірлері мен салт –дәстүрлері жайында тұңғыш еңбектер жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы, этнограф ғалымдарының (Э.С. Вульфсон, П.С. Паллас, А.Вамбери, А.Левшин, В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л. Зеланд т.б) жолжазбалары десек, екінші – ХХ ғасырдың алғашқы 20-30 жылдарын да бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни бұл кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі деп қараймыз. Үшінші кезең – 35 –40 жылдық үзілістен кейін қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз.

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ТУЫП, ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.

Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі /ХІХ ғ. 2- жартысы/, оның белсенді қайраткерлері.

Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі /1920 –1930/ және ол кездегі қайраткерлер

Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңі

/1970-2000/



1. Қазақ демократ

ағартушылары:



Ш.Уәлиханов

Ы.Алтынсарин

А.Құнанбаев

2. Орыс, батас саяхатшы

ғалымдары:

П.С. Паллас

Э.С. Вульфсон

А.Вамбери

А.Левшин

А.Янушкевич

Н.Г.Потанин

Н.Л. Зеланд

В.Радлов


Қазақтың зиялы оқымыстылары:

С.Торайғыров

Ә.Диваев

А.Байтұрсынов

Ш.Құдайбердиев

М.Дулатов

М.Жұмабаев

Ж.Аймауытов

Х.Досмұхаметов

Н.Құлжанова

М.Әуезов

С.Сейфуллин

М.Ғабдуллин

Б.Момышұлы

Б.Адамбаев

Ш.Ахметов

М.Әлімбаев

Қ.Жарықбаева

С.Қалиев

Ә.Табылдиев

С.Ұзақбаева

М.Балтабаева

М.Бөлеев

З.Ахметова

М.Құрсабаева

М.Смайылова

М.Оразаев

К.Қожахметова, т.б.

Қазақ этнопедагогикасының бастау бұлағы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың оқымысты демократ - ағартушылары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты.

4. Бақылау сұрақтары:

1.Халық педагогикасы – этнопедагогиканың зерттеу объектісі не?

2. Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы

3.Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңдері.



5. Студенттің үй тапсырмасы:

1. Жас ұрпақты тәрбиелеу және оқытуда халық педагогикасын пайдалану.


6. Студенттің аудиторияда орындайтынтын тапсырмасы:

1. Жас ұрпақты тәрбиелеу және оқытуда халық педагогикасын пайдалану жолдарын қарастыру. Эссе.


7. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі::

1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. А., 2003.

2. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы (Оқу құралы).- А., 2001.

3.Табылды Ә. Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі. А.,-2004.



4.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі. А., 1995




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет