Практикалық тапсырма №1 Педагогикалық-психологиялық жағдаят



бет5/6
Дата30.05.2024
өлшемі26.28 Kb.
#502081
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Тапсырма ГОС ШТ 2024

Практикалық тапсырма №18
Шетел тілінде сөйлеуге үйрету сабағының бір тақырыбын алып, топтық тапсырма құрасытар, оған дискриптор жазыңыз.
__________________________________________________________________

Педагогикалық-психологиялық жағдаят №19

5 сыныпта шет тілі сабағы жүріп жатыр. Мұғалім қол көтерген балаға кітаптағы мәтінді оқуын сұрайды. Бұл оқушы тұтығып сөйлейтін бала еді, ол қобалжыған сайын одан әрі тұтыға түседі. Сыныптағылардың біреуі төмен қарап мысқылдап, бір оқушы ашық келемеждеп күле бастайды. Ал оқушы қиын сөздерді ары қарай оқи береді.




Сұрақ:
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады?
Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз?
Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.

Практикалық тапсырма №20
Шетел тілінде оқуға үйрету сабағының бір тақырыбын алып, жұптық тапсырма құрастыр, оған дискриптор жазыңыз.


Практикалық тапсырма №21
8-сынып оқушысының ауызша жауабы үшін алған төмен бағасына ренжулі екені байқалады. Өзінің ренішін ол мұғалімге айтқысы келіп: «Сіз әрқашан маған бағаны төмендетіп қоясыз!» - деді.
Сұрақ:
Педагогтың әрекеті:
1. «Мүмкін саған бағаны көтеріп қоятын басқа мұғалім табу керек шығар?»
2. «Сенің жұмысың – мұғалімді оқыту емес, өзің оқу!»
3. «Сен шынымен жақсы оқи аласың, сенің бағаға қанағаттанбауың мені қуантады».
4. «Келесі жолы сенің біліміңді балалар және өзің бағалайтын боласыңдар. Келістік пе?»
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

__________________________________________________________________




Практикалық тапсырма №22
Сыныптағы ұл бала тым қозғалғыш, өте белсенді (гиперактивті). Ол байсалды әрекет түрлерімен айналыса алмайды, сабақ үстінде қозғалып, шулап, тақырыпты дұрыс меңгермейді, басқа балалардың назарын өзіне аударады.
Сұрақ:
Мұғалім бұл жағдайда қандай шара қолдана алады?
Осындай оқушылармен қандай жұмыстар атқаруға болады?

__________________________________________________________________






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет