Практикалық тапсырма №1 Педагогикалық-психологиялық жағдаят



бет1/6
Дата30.05.2024
өлшемі26.28 Kb.
#502081
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Тапсырма ГОС ШТ 2024


Практикалық тапсырма №1
Педагогикалық-психологиялық жағдаят
Мұғалім оқушының сабақ үстінде ұялы телефонды кітап астына тығып алып, біреумен хат жазысып отырғанын байқайды. Мұғалім ызаланып, телефонды жұлып алады да, оқушының ата-анасын мектепке келуін талап етеді.
Сұрақ:
Осы жағдайдағы мұғалімнің мінез-құлығына талдау жасаңыз.
Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз?
Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?
Қандай тәрбие әдістерін қолданар едіңіз?
Жауап

  1. Мұғалімнін оқушыға деген мінез құлқы бірден агрессивті түрде жүзеге асты,бұл іс әрекетпен әрі қарай оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс құртуы мүмкін.

  2. Ең алдымен ескерту жасап бұл әрекетін түсіндіруін сұрар едім, егер құлақ аспай жатқан жағдайда ата анасына хабарлап сабаққа ұялы телефонсыз кіруін талап етер едім.

  3. Оқушыға бірден ызаланып шабуыл жасаған жағдайда, барлық оқушылардын көзінше оқушыда жауапқа қорғаушы реакциясы жүзеге асып жағдай ушығып кетуі мүмкін.

  4. Оқушының жағымсыз әрекеттерін тежеу мақсатында Жазалау әдісі мен Талап ету әдісін қолданар едім. ___________________________________________________________________



Практикалық тапсырма №2
Шетел тілінде сөйлеуге үйрету сабағының бір тақырыбын алып мақсаты мен міндетін жазыңыз. Сөйлеу дағдысын дамытуға арналған тапсырма құрастырыңыз.
Тақырыбы: "Қолданыстағы Шетел Тілінде сөйлеуге үйрету"
Мақсат: Оқушыларға шетел тілінде сөйлеу дағдысын дамыту және олардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту.
Міндет: Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін дамыту үшін мектептің тіл бөлімінде тақырыптық сөздіктерді қолдануға тапсырмаларды жасау.
Тапсырма:

  1. Оқушыларға тақырыптық сөздіктерді қолдану арқылы шетел тілінде танымалы сөйлемдер мен фразалар жазу.

  2. Оқушыларға шетел тілінде көрнекті сөйлемдер мен диалогтарды оқыту және сөйлету.

  3. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін қалыптасуға бағытталған оқу материалдарын ұсыну.

Бұл тапсырма оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін дамытуға көмектесіп, олардың коммуникативтік жетістіктерін жақсартады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет