1.Оқу практикасының мақсаты
Аталған практиканың мақсаты кәсіби педагогикалық әрекетті ұйымдастырудың ғылыми негіздерімен таныстыру, қызығушылығын дамыту және арнайы (түзетім) білім беру ұйымдарындағы тұтас педагогикалық үдеріс және оның субъектісі туралы түсінігін қалыптастыру мақсатын көздейді.
Практиканың өтуінің мақсаты білім нәтижесінің (БН) төмендегі жетістіктеріне қол жеткізеді:
Білім:
ҚР-ның кәсіптік әрекет аясындағы құқықтық және адамгершілік –этикалық нормалар жүйесінің негізін;
ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу және дамудағы бұзылыстарды түзету жұмыстары туралы;
балалардың жас ерекшелігін, анатомиялық-физиологиялық және психикалық даму ерекшеліктерінің негізгі заңдылықтарын;
ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі балалардың даму ерекшеліктері, арнайы мекемеде білім берудегіарнайы педагог (дефектолог, логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, педагог ассистент) қызметі;
арнайы педагог іс-әрекетінің нормативтік – құқықтық негізі, жылдық жұмыс жоспары, оның орындалу ерекшеліктері.
Білік:
арнайы педагог маманның типтік және жылдық жұмыс жоспарын, оның орындалу ерекшеліктерін есепке ала отырып қолдану.
арнайы білім беру мекемесінде әлеуметтік – педагогикалық және түзете-дамыту іс-әрекетті талдау, жоспарлау. Практикалық диагностиканы сол мекемедегі арнайы педагог іс әрекеті ретінде жүргізу.
кәсіби әрекетте және күнделікті өмірде денсаудық сақтау технологиясын қолдану
Дағды:
Заманауи және жаңартылған білім мазмұны жағдайындаақпараттық коммуникациялық технологиямен оқытуды меңгеру, мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және тәрбиелеу, маман ретінде жұмыс атқару.
педагогикалық мәдениетті қалыптастыру мен байқау жазбаларын жүргізу, талдау, оларды практика күнделігінде толық және дұрыс бере білу.
Аталған БН төмендегі компетенциялардың қалыптасуының негізі болып табылады:
Жалпымәдени құзыреттілік (ЖК)
басқа адамдармен қажетті қатынасты ұстау және қолдау қабілеттілігі;
ақпараттық технологияны меңгеру қабілеті, барлық ақпарат құралдарымен жұмыс істеуі, өздігімен іздей білуі, қажетті ақпаратты таңдауы және талдауы, ұйымдастыруы, жасауы, сақтауы және жеткізе алуы.
өзінің міндетін атқаруда өзін-өзі жетілдіру және дамыту, тұлғаның кәсіби өзгеруін құралдарын меңгерген.
әлеуметтік өзара әрекетте қалыптасу қабілеті, ұжымда жұмыс жасау және жауапкершілік, пікір таласта тиімді бейімделуі мен өзгере алуы. Кәсіби бірлестікте қатынасты сақтауы, өзінің кәсіби еңбегінің нәтижесіне әлеуметтік жауапкершілікпен қарауы.
Достарыңызбен бөлісу: |