Практикум 1219000 «Нан пісіру, макарон жəне кондитерлік өндірісі»



Pdf көрінісі
бет114/149
Дата20.01.2023
өлшемі4.42 Mb.
#468568
түріПрактикум
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   149
14. Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісінің технологиясы бойынша зертханалық практикум

2.2.10. Ауаның микрофлорасын анықтау 
Микроағзалармен ластанған ауа шикізаттың, жартылай дайындалған 
жəне дайын өнімнің сақталғанда зиян тигізуі мүмкін. Нан зауыттарында ауа 
ластануының негізгі көзі тез шаң болатын өнім – ұн болып табылады. 
Өндірістік орындардың ауасында кандида туысының ашытқы тəріздес 
саңырауқұлақтары, сүт зеңі, картоп жəне жем-шөп таяқшаларының спорасы, 
сүт қышқылды, сірке қышқылды бактериялар, сарциналар, зең 
саңырауқұлақтары жəне ашытқылардың споралары мен конидилері 
кездеседі. 
Зерттеген зауыттың 1м
3
аумағының ауасынан саңырауқұлақтардың 200, 
ашытқылардың 
600 
споралары 
табылған. 
Микроағзалар, 
зең 
саңырауқұлақтары мен сарциналардан басқалары сұйық ашытқыларда жақсы 
көбейеді жəне олардың белсенділігін төмендетеді. Зең саңырауқұлақтары 
дайын өнімнің зеңденуін тудырады. Қоршаған ауада көптеген сапрофитті 
жəне патогенді микроағзалар шаңмен түседі, түшкіргенде, жөтелгенде, 
сөйлегеңде бөлінеді [15]. 
 
Құрал-жабдықтар:Петри табақшасы, МПА пробиркада, су моншасы, 
тушь, электр пеші, микроскоп. 
 
Ауанын ластануын болжамды жəне салыстырмалы түрде анықтау үшін 
седиментациялық əдіс қолданады. Бір бірлік уақыт ішінде Петри 
табақшасыагар қоректік ортаға түскен, онымен микроағзалардың жалпы 
санын есептейді. 1м
3
ауада микроағзалардың ең нақты болуын аспирациялық 
əдіс арқылы Кротов аппараты көмегімен анықтайды. Тазалықты сақтай 
отырып, қыздырған МПА Петри табақшасына құяды.
Пробирканың аузын спирт жалынында күйдіреді, шыны қақпағын сəл 
ғана ашады, оған пробирканы енгізу үшін Петри шынысын үстел бетінде 
айналдырып, агар бір шынының түбінде бірқалыпты таралып, қатаю керек. 
Петри табақшасының қақпағында тушьпен тəжірибе нұсқасын, егу күнін 
көрсетеді. Петри табақшасының жұқтыру үшін ашады, зерттелетін бөлмеде 
жəне далада 5-20 минут ластанған ауаға ұстайды.
Петри табақшасының қақпағын түсіріп, аудармай, жанына қояды. 
Кротов аппаратын бар да ашық Петри шынысын үстіңгі құрал дискісінде 
бекітіп, жеңіл сағаттың тілі бойынша қолмен айналдыруды байқайды жəне 
құралдың қақпағын жабады. 
Құралды токқа қосады. Микроманометрмен ауаны босату 
жылдамдығын құрал арқылы 25л/минут реттейді. Ауаны copy уақыты 100л 
ауа Петри шынысына 3-5 минут. Жұқтырылған Петри шыныларын 
термостатқа орналастырады, температурасы 25-28
0
С, 2-3 тəуліктен соң Петри 
шынының агар табақшасында дамыған микроағзалар колониялардың санын 
есептейді. 
Седиментациялық əдісте тəжірибе нұсқаларын салыстыру үшін Петри 
шынының 1дм
3
ауданында колониялар санын есептейді. Петри шынының 
диаметрін миллиметрлік қағазбен өлшеп, ауданын табады. Кротов құралымен 
жұмыс істегенде тəжірибе нəтижелері микроағзалар санымен білдіріледі. 
Ауадан ең жиі микрококктар колониясы, сарцин, кейбір бацилдер жəне 
бактериялар бөлінеді [14]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет