Үлгіні еріту əдісімен карамель массасының ылғалдылығын
анықтау
Таразыда шыны таяқшасы мен қақпағы бар бюксті өлшейді,
зерттелетін заттың (5-10г) үлгісін салып, өлшейді, содан соң шамамен
алынған үлгіге сəйкес өлшегіш цилиндр немесе градуирленген пипеткамен су
мөлшерін (см
3
) қосады. 70
0
С-тан жоғары температураға дейін қыздырғанда
қақпағын жаппай үлгіні ерітеді, содан соң бюксті жабады, салқындатып,
өлшейді жəне рефрактометр көмегімен ерітіндідегі құрғақ заттарының
мөлшерін анықтайды [5].
Өнімдегі құрғақ заттардың мөлшері (1.42) формула бойынша
анықтайды:
(1.42)
Мұндағы:
П-20
0
С-тағы рефрактометр көрсеткіші, %;
В-үлгі ерітіндісінің салмағы, г;
Д-өнімнің үлгісі, г
Ылғалдылықты жылдам əдісімен анықтау
Ылғалдылықты жылдам əдісімен анықтау ВНИИХП-ВЧ құрылғының
көмегімен жүргізіледі. Сүзгі немесе газет қағазынан жасалған көлемі 20314
немесе 16316 өлшемді пакеттер, 3 минут бойы кептіреді жəне эксикаторда
салқындатады. 5г-ға жуық заттың үлгісін барлық бетіне біркелкі реттеп,
кептіреді. Кептіру ұзақтығы мен температурасы 1.24 кестеде келтірілген.
Кесте 1.24.
№ Кептірілетін өнім
Кептіру
ұзақтығы, мин
Температурасы, С
1 Конфет сырты:
1) сүтті помадалы, бұзылатын,
6
175±2
«Старт» жəне «Коровка» түрі
2) жеміс желейлі
5
170±5
2 Жеміс-жидекті
жəне
марципандық толтырма
5
170-175
3 Қантпен қоюлатылған сүт
5
170±5
4 Помада жартылай дайындалған 4
170±5
5 Ирис
5
165-170
6 Какао-порошок
5
165±5
7 Халуа
3
165-170
8 Печенье
3
160-165
9 Какао-бұршақ
5
165
10 Алма мармелады
3
160-165
11 Құрғақ сүт
2
160
Кептіру уақыты өткеннен соң кептірілген өнімі бар пакеттерді
эксикаторда салқындатып, өлшейді. Ылғалдың құрамын (1.43) формула
бойынша анықтайды [5]:
(1.43)
Мұндағы:
W-ылғалдың құрамы,%;
-пакеттің салмағы, г;
-кептірілгенге дейін үлгімен пакет салмағы, г;
-кептірілгеннен кейін үлгімен пакет салмағы, г;
Достарыңызбен бөлісу: |