Презентация тақырыбы: «Буаздықты анықтаудың клиникалық және зертханалық әдістері»



бет1/4
Дата09.03.2024
өлшемі0.66 Mb.
#494754
түріПрезентация
  1   2   3   4
stud.kz-23233

Презентация тақырыбы: «Буаздықты анықтаудың клиникалық және зертханалық әдістері»

Орындаған: Шәріпбек С.

Өмірбай М.

Тобы: АП-13-7к1

Қабылдаған: Абдуллаева Г.

Буаздық физиологиясы

  • Аналық және аталық жыныс клеткаларының бір-бірімен қосылып, үшінші жаңа клетка - зиготаның пайда болуын буаздық деп атайды.
  • Буаздық - ұрғашы малдың организмінде, ұрықтың өсуімен (зиготаның) байланысты өтетін күрделі физиологиялық процесс. Буаздықтың басталуы ұрықтану кезеңінен басталып, ұрпақтың жетіліп, туумен аяқталады.
  • Малдарда буаздық бір ұрпақты және көп ұрпақты болуы мүмкін. Буаздық қалыпты (физиологиялык) және потологиялық болып бөлінеді. Потология-лық буаздық кезінде аналық организмінде физиологиялық процесстер бұзылады. Сондай процесстер ұрықтың (зигота) организмінде де бұзылуы мүмкін.

Буаздық мерзімі деп ұрыктанған күннен бастап туғанға дейін уақытты айтады. Бұл мерзім әр малдың түлігіне байланысты әрқалай бола береді



Буаздық мерзімі, орта есеппен

Ауытқуы

Сиырда

285 күн

270 - 295 күн

Биеде

340 күн

320 - 355 күн

Саулықта

150 күн

145- 160 күн

Мегежінде

114күн

110-116 күн

Түйеде

365 күн

335 - 395 күн

Есекте

380 күн

360 - 390 күн

Алғаш буаз болған жас тұмса малдың буаздық мерзімі ұзақтау болады, созалаң - қатпа ауруы бар малдың да буаздық мерзімі ұзарады. Буаздық мерзімнің ұзақтығына тіпті малды буаз кезінде дұрыс бағып - күтудің, азықтандырудың да әсері бар.
Буаздық - деп ұрғашы малдардың организмінің ұрықтанғаннан туғанға дейінгі ерекше физиологиялық күйін айтады.
Ауыл шаруашылық малдарының буаздығының ұзақтығы әр малда әр-түрлі болады. Ол малдың түріне, породасына, жасына, азықтандырылуына, күтіп бағуына және басқа жағдайларға байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет