Презентация Тақырып : Атмосфераның,гидросфераның және Топырақтың ластануы. Мекендеу ортасында ластанудағы



бет1/4
Дата07.10.2023
өлшемі1.37 Mb.
#480101
түріПрезентация
  1   2   3   4

Презентация
Тақырып : Атмосфераның,гидросфераның және
Топырақтың ластануы.Мекендеу ортасында ластанудағы
Өзара әрекеттесу және тасымалдау.

Орындаған: Альбекова А
тобы: ВРВ - 13 - 1
Қабылдаған :а.ш.ғ.м, оқытушы Буланбаева П
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
а)Ластану
б) Атмосфераның ластануы
с) Гидросфераның ластануы
д) Топырақтың ластануы
е)Мекендеу ортасында ластану
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас боынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:
1) қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінд пайда болып жатқан заттар;
2) қоршаған ортаны ластайтын затар (мысалы, химиялық заттар).
Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер сілкініс, өрт жөне т.б. орын алса, оны табғии деп, ал адамзат баласының іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді деп атайды.

Қоршаған ортаның ластануы


Қоршаған ортаның компоненттеріне байланысты біріншіден атмосфераның, гидросфераның, (литосфераның) және атмосфералық ауаның, жербеті мен жерасты суларының және топырақтың ластануын қарастырады. Адам организміне ылғи түсіп тұратын ластаушы заттардың 70% -тамақпен, 20% — ауамен, ал 10% — сумен бірге түседі.
сурет-2
Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.
Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундыша атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардын айтуы бойынша тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі.
Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады . Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге белуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар.
сурет-3
Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энертетикалық шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өpic, жарық , ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т.б.
сурет-4
Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздер - автокөліктер, транспорттың басқа түрлері және өндіріс орындары. Зерттеу мәліметтері бойынша антропогендік әсерден атмосфераға жыл сайын 25,5 млрд. тонна көміртегі оксиді, 190 млн тонна күкірт оксиді, 65 млн тонна азот оксиді, 1,4 млн тонна хлорлы және фторлы көміртектер (фреондар), көмірсутектің, қорғасынның органикалық қосылыстары, сондай-ақ қатерлі ісік ауруын тудыратын канцерогенді заттар бөлінеді. Ең таза ауа мұхит бетінде.
сурет-5
сурет-6
Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету - тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты. Сондықтан қазіргі танда жанармайды аз жұмсайтын автокөліктер үлгілері жасалып, бензинді сұйылтылған газға алмастыру, бензиннің орнына мал азықтық (қызылша, жүгері) өсімдік майларын пайдалану қолға алынуда.
сурет-7


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет