«Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ 2014 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2014 жылдың 01 қаңтарына 25 адам жұмыссыз ретінде тіркелді (01.01.2013жылы – 41).
Осы мерзімде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 375 адам өтініш білдірді. (2013 жылдың – 419 адам). 332 адам жұмысқа орналастырылды немесе өтінгендердің ішінен ауыспалы контингент есебімен алғанда 83% (400 адам), (2013 жылы өтінгендердің ішінен 373 адам немесе 81 % өтініш білдіргендер есебінен (460); әлеуметтік жұмыс орындарына 19 жұмыссыз адам жіберілді, жастар тәжірибесіне – 22 түлек, қоғамдық жұмыстарға - 260 адам жіберілді. Жұмыссыздықтан қорғаудың әлеуметтік шаралары бойынша 664 адам қамтылды, өтінгендердің ауыспалы контингент есебінен алғанда 166% құрайды, (2013 жылы –720, немесе 157 %).
2015 жылдың 01 қаңтар жағдайына жұмыссыздар саны 19 адамды құрайды (2013 жылы-25); 23 аз қамтылған отбасы немесе кедейшілік деңгейінен төмен тұратын 104 адам тіркелген (2013 жылы -23 отбасы немесе 109 адам).
2014 жылдың 12 айы ішінде: 29 отбасына - 1094,0 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 3 мүгедек балаға - 80,0 мың теңге жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балалары бар 53 отбасына -1637,0 мың теңге жәрдемақы, 65 отбасына – 1389,0 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.
Азаматтардың жекелеген санаттарына 1284 тұлғаға бюджеттік қаражаттан сомасы 6340,0 мың теңгеге: дәрі-дәрмек алуға, мерекелік күндерді атап өтуге, ҰОС ардагерлеріне коммуналдық төлемдерін төлеуге, азық-түлік бағасының өсуіне байланысты көмек көрсетілді. Бюджеттік қаражаттан тыс 5000,0 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында 122 адамға кеңес берілді, бағдарламаға қатысушылар қатарына –110 адам енгізілді, әлеуметтік келісім-шартқа қол қойған –101, оның ішінде жұмыссыздар ішінен -18, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 68 (2-еуі аз қамтылғандар санатынан, 13 оралман, 10 мүгедек, 2 балалар үйінің тәрбиеленушілері, 50 жастан асқан 11 адам). Әлеуметтік жұмыс орындарына 6 адам жіберілді, Жастар тәжірибесіне 4 қатысушы жіберілді. Бағдарламадан тыс 53 адам жұмысқа орналастырылды.
Қарағанды политехникалық колледжіне электрик мамандығы бойынша кадрларды қайта даярлаудан 1 адам өтті, 1 қатысушының оқудан шығарылуына байланысты оқуға жұмсалған шығындарды өтеу жөнінде соттың шешімі шығарылды.
Бағдарлманың екінші бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ҚФ Көбеновке - 2400,0 мың теңге, Бекпенбетовке 1500, 0 мың теңге бөлінді. «Казагромаркетинг» ЖШС 82,0 мың теңгеге екі адам кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсынан өтті.
Бағдарламаның үшінші бағытын жүзеге асыру аясында 24 пәтерлі Достық көшесі 7 үй қалпына келтірілді. 3 отбасы Ақтоғай, Қарқаралы, Шет ауданындарынан қоныстанды (жетім балалар санатынан 1 қатысушы), жетім балалар санатынан 1 қатысушы, 20 оралман отбасы қоныстануға мақұлданды.
ЖҚ жәнее ӘББ басшысы А.Ким
Достарыңызбен бөлісу: |