Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07



бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.5 Mb.
#20301
түріПрограмма дисциплины
  1   2   3   4
Программа дисциплины Форма

для студентов Ф СО ПГУ 7.18.2/07


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қазақ филологиясы кафедрасы

«Әдебиет теориясы» пәні бойынша 050205 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған


ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар



Лист утверждения Форма

к программе дисциплины Ф СО ПГУ 7.18.2/11

для студентов

БЕКІТЕМІН


ФЖиӨ факультетінің деканы _____________ Ж.Т.Сарбалаев

«___»_____________2007ж

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Қажыбаева_____________


Қазақ филологиясы кафедрасы




СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

«Әдебиет теориясы» пәні бойынша 050205- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттері үшін

Студенттерге арналған пән бағдарламасы «___»________2007 жылы бекіген

жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды.

Қазақ филологиясы кафедрасының «___»___2007ж. мәжілісінде ұсынылды.

Хаттама №__




Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп

Филология, журналистика және өнер факультетінің «_____»_____2007 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №___


ӘК төрайымы____________________ М.В. Семенова

Оқытушы туралы мәлімет:

ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Гүлден Кенесқызы

Тел. (8-7182) 32-43-08

Қабылдау уақыты: бейсенбі сағ. 16.45
Пән туралы мәліметтер:

«Әдебиет теориясы» пәні 050205- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығында 5 семестрде 18 аптада оқытылады. Жалпы сағат саны –135, дәріс -45с, тәжірибешілік -45, СӨЖ-45с.


Курсты өту барысында әдебиет теориясы ауқымындағы поэтика, стиль, жанр тәрізді негізгі мәселелермен шектелмей, әдебиеттанудың өзге салалары: әдебиет тарихын зерттеу аялары мен жолдары, историография, библиография пәндерінің мән, сыры, текстология мен әдебиет сынының теориялық, практикалық ерекшеліктерін ашып беру.
Пәннің қысқаша аннотациясы

Әдебиет теориясының пән ретіндегі болмысын, эстетикалық ойдың даму кезеңдерін, әдебиет теориясының методологиясын, мектептерін, қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдарды, қазақ әдебиеті ғылымындағы эстетика мен теория мәселелерін, көркем әдебиеттің табиғатын, автор, кейіпкер, шығарма, шығармашылық әлемін, әдеби тек, жанр, әдеби процесс, стиль мәселелерін, заңдылықтарын даму сипатын, қағидаларын ұғындыру.


Пәннің мақсаты:

«Әдебиет теориясы» бұрын өтілетін «Әдебиеттануға кіріспе» пәнінде қысқаша баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды эстетика қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиіс. Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірге дейінгі аралықта толымды жүйелеп, саралау қажет. Дәрістерде әлемдік эстетика тұғырнамалары, әдеби тәжірибелер ұлттық әдебиеттану, көркемдік өнер мысалдарымен өзара ұштастырыла негізделмек.



Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Атымов М. Идея және композиция. –А., 1970.

  2. Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. –А., 1986.

  3. Байтұрсынов А. Шығармалары. –А.,1989.

  4. Ғабдуллин Н. Ғабит Мүсірепов- драматург. –А.,1982.

  5. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. –А.,1991.

  6. Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі. –А., 1997.

  7. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. –А.,1964.

  8. Жұмалиев Қ. Стиль- өнер ерекшелігі. –А., 1996.

  9. Ысмайлов Е. Ақындар. –А.,1956.

  10. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. –А.,1994.

  11. Кенжебаев Б. Шындық пен шеберлік. –А.,1986.

  12. Қабдолов З. Сөз өнері. –А., 1992.

  13. Қаратаев М.Эпостан эпопеяға.- А.,1969.

  14. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –А.,1984.

  15. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. –А.,1996.

  16. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Өлең-сөздің патшасы. –А.,1992.

  17. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік.

  18. Нұрғалиев Р. Айдын. –А.,1985.

  19. Нұрқатов А. Идея және образ. –А.,1962.

  20. Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар.- А.,1968.

  21. Негімов С. Өлең өрімі. –А.,1981.

  22. Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. –А.,1996.


Ќосымша єдебиеттер:

  1. Ахметов З. Казахское стихосложение. –А.,1969.

  2. Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. –М.,1975.

  3. Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. –М.,1989.

  4. Гегель В.Г. Эстетика. В.4 т. –М.,1968.

  5. Жирмунский В. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. –М.,1977.

  6. Мақпал Оразбек. Автор және шығармашылық процесс. –А.,2006.

  7. Нұрғалиев Р. Сөз өнерінің эстетикасы. –А.,2003.

  8. Поспелов Г. Теория литературы. – М.,1978.

  9. Соколов А.Теория стиля. – М.,1968.

  10. Тимофеев Л. Основы теории литературы. – М.,1976.


Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07




Пәннің мазмұны



3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

С¤Ж

СӨЖО

1

2

3

4

5

1

Кіріспе. Әдебиет теориясының пән ретіндегі болмыс, табиғаты.

1

1




2

Эстетикалық ойдың даму кезеңдері. Әдебиет теориясы мен эстетикалық ерте кезеңі.

2

2

2

3

Орта дәуір және қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы

3

3

2

4

Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы.

2

2

2

5

Әдебиет теориясының методологиясы. Халықшылдық эстетиканың тағылым, талаптары.

2

2

2

6

Әдебиеттану ғылымындағы методологиялық мектептер.

2

2

2

7

Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар

3

3

3

8

Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселесі.

3

3

3

9

Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі. Әдебиет және эстетикалық категориялар

2

2

2

10

Көркем әдебиеттің ерекшелігі.

2

2

3

11

Көркем әдебиеттің әлеуметтік сипаты. Әдебиет пен өнердің танымдық мәні

2

2

2

12

Әдеби тұлға, орта, автор. Кейіпкер және көркем образ. Образ және архетип.

3

3

3

13

Шығарманы пайымдау. Шығарманы қабылдау. Автор және шығарма

2

2

2

14

Әдеби туынды. Теориялық поэтика ұғымы. Шығарма әлемі. Әлем және шығарма

3

3

3

15

Көркем сөз бен мәтін

2

2

2

16

Шығармашылық әлем және әдеби болмыс. Жазу кезеңдері.

1

1

2

17

Әдеби тек. Эпос, лирика, драма

2

2

2

18

Әдеби жанрлар. Роман. Повесть. Поэма. Әңгіме және новелла. Лирикалық жанрлар. Баллада. Трагедия. Драма.

3

3

3

19

Әдеби процесс Көркемдік бағыт. Көркемдік әдіс. Стиль

2

2

2

20

Көркемдік тәжірибе. Дәстүр және жаңашылдық

3

3

3

Барлығы: сағат

45

45

45



3.2 Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Кіріспе. Әдебиет теориясының пән ретіндегі болмыс, табиғаты.

Зерттеуге тиіс ғылыми аялар мен проблемалар. Әдебиет қағидаларының басқа әдебиеттану ғылымдарының нақты зерттеу жұмыстарына әдіснамалық тұрғыдан жетекшілігі. Фольклортану мен әдебиеттану арасындағы ортақ әдістемелер мен дара ұстанымдар. Әдебиет теориясының эстетикамен тыңғыз байланысы. Әдебиет пен өнер - өмір шындығын тану, игеру, жемісі, сұлулық пен әсемдік мұраттарын орнықтырушы. Әдебиет теориясы қарастыратын нысанның молдығы, кеңдігі, ғылыми зерттеу тәсілдерінің жан-жақтылығы.



2-тақырып. Эстетикалық ойдың даму кезеңдері. Әдебиет теориясы мен эстетикалық ерте кезеңі.

Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдар. Көне үнді, шумер елдерінің мәдени ескерткіштері. «Махабхарата», «Ригведа», «Рамаяна» эпостарындағы сұлулыққа қатысты сезім, пайымдар, өлең түзу ережелері. «Гильгамеш» жырындағы ерлік, достық, махаббат идеялары. Энкиду бейнесінің көшпенділер эстетикасымен тамырластығы. Антикалық дәуір эстетикасындағы екі бағдар. Өмірге материалистік көзқарас және объективті, субъективті идеализм. Дүниетанымның тарихи, әлеуметтік, философиялық алғышарттары. Соңғы классика дәуірі және Аристотель. Поэзияның табиғатқа еліктеуіштік қызметі. Өнерде нанымды құбылыстарды бейнелеу. Қиял, өмірлік материалды іріктеудің маңызы. Көркемдік танымның ғылыми танымнан өзгешелігі. Рухани тазару, «катарсис» теориясы және шығарманы қабылдау мәселелері. Гораций Флакк. Пизондарға арнау атты өлеңмен жазылған трактат. Шығармадан қарапайымдылықты талап ету. Көлемдік шектеу. Шынайылыққа және нанымдылыққа айрықша мән беру.



3-тақырып. Орта дәуір және қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы

Орта ғасыр эстетикасындағы діни, құдайшылық сарындардың жетекші сипат алуы. Ерте орта ғасырда өмір сүрген Аврелий Августиннің абсолютті сұлулық туралы пікірлері. Кейінгі орта ғасыр эстетикасының өкілі – Фома Аквинский. Әсемдіктің объективтілік сипатын мойындау. Сұлулықты анықтау үшін қойылатын үш шарт: тұтастық, үйлесім, айқындық. Құдай - абсолютті сұлулық әрі абсолютті игілік. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы. Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің бірі. Қаңлы жазуы. Сақ-скиф бейнелеу өнері. VI-IX ғасырлардағы ортақ түркі әдеби мұралары саналатын «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларында, X-XII ғасырлар әдебиетіндегі М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік», Ж.Баласағұнның «Құтадғу біліг», А.Яссауидің «Диуани хикматында» ұшырасатын жалпыадамдық асқақ сезім, әсем ой, биік әсер көріністері. Әбунасыр әл-Фарабидің өнер саларының теориясына қосқан үлесі. Музыканың ұлы кітабы. Әуеннің үш түрі. Муызыкалық қабілет. Дарын. Ұстаздық. Батыс Еуропадағы ояну дәуірінің (ренессанс) әдебиет пен өнердегі іргелі жаңалықтарға бастауы. Қоғам өміріндегі алғышарттар. Адам тұлғасының асқақ орны. Ізгілік пафосы.



4-тақырып. Әдебиет теориясының ғылым ретінде қалыптасуы.

Классицизм эстетикасының көне дәуір және қайта өрлеу кезеңінің эстетикасымен байланысы. Көркем шығармаға тұрақты шарттар ұсыну. Лессингтің Гамбург драматургиясының, лаокоон немесе бейнелеу өнері мен поэзияның шекжиегі атты еңбектері. И.Г.Гердердің ағартушылық эстетикасындағы идеяның басымдығына наразылық. И.Кант. Табиғат әлемі мен адамзаттық әлемі. Мәдениеттің ең жоғары көрінісі – эстетикалық көрініс. Романтиктер – ағартушылық идеяны жалғастырушылар. Шығармашылық қызметтегі жекелік фактордың орны. Лиризм. Г.В.Гегель -эстетикалық ойдың алыбы, ғылымдағы диалектикалық ойлау принциптерін қалыптастырушы. Абсолюттік идея теориясы. Абсолюттік рух. Эстетикалық қызметпен айналысудың себептері. Шығармашылықтың ескіні қиратпай-ақ, жаңаны тудыруы. Антикалық өнерді ардақтау. Дүниеге тарихи көзқарас. Көркем шығарманы қарастырудың тарихи және логикалық тәсілдерінің бірлігі. Артур Шопенгауэр. Өмір философиясы. Интеллектінің ерекше бағыныштылығы. Еріктен асу арқылы қасіреттен айығу. Суреткердің қабылдау әсеріне билігі. Объективті сулулықтың субъектімен сабақтастығы. Музыканың ерекшелігі. Серен Кьеркегор. Қорқыныш философиясы. Құдайға баратын жол іздеу. Субъективтіліктің ақиқаттығы. Экзистенция. Ф.Ницше. Әлем және құдіретке еріктілік. Мәдениет тілі. Өмір формаларын сақтауға тырыса отырып, өзгерту. В.Дильтей. Герменевтикалық зерттеудің бастауы. О.Шпенглер. Мәдениеттердің шектеулі ғұмыры. Мәдени полицентризм туралы.



5-тақырып. Әдебиет теориясының методологиясы. Халықшылдық эстетиканың тағылым, талаптары.

Уақытқа диалектикалық көзқарас. Марксшілдік, маркстік-лениндік деп аталған әдебиеттану мен өнертану қағидаларын, басым пафосына қарап, шартты түрде халықшылдық эстетика деп таңбалау. Маркстік, материалистік дүниетанымның адамзат дамуында елеулі роль атқарғанын біржақты жоққа шығармай, тарихи факт ретінде түсіну. А.Герцен, В.Белинский, Н.Чернышевский,Н.Добролюбов, Д.Писарев. Орыс революционер-демократтарының ғылыми-сын мұрасы.В.Плеханов: әсемдіктің объективті мәнін ашу. Оның адам тіршілігімен тамырластығы. Өнердің шығу тегін, даму жолын қоғамдық сананың өсу жолымен тығыз қарастыру. А.В. Луначарский. «Жылжымалы эстетика» туралы. Формалистік, тұрпайы социологиялық бағдарлармен арадағы тартыс.



6-тақырып. Әдебиеттану ғылымындағы методологиялық мектептер.

XIX ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа капиталистік қарым-қатынастардың өрістеуі. Философиядағы позитивизм бағыты. Әдебиеттанудағы ірге тасын ағайынды Якоб Гримм мен Вильгелм Гримм қалаған мифологиялық мектеп. XX ғасырда бұл мектептің қайта жаңғыруы. Швейцар психолгы К.Н.Юнгтің адам психикасындағы архетип жайлы идеясы. Ж.Лакан. Адам психикасындағы реалды, қиялдағы символдық қабаттар. Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнер зерттеушісі XIX ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа капиталистік қарым-қатынастардың өрістеуі. Философиядағы позитивизм бағыты. Әдебиеттанудағы ірге тасын ағайынды Якоб Гримм мен Вильгелм Гримм қалаған мифологиялық мектеп. XX ғасырда бұл мектептің қайта жаңғыруы. Швейцар психолгы К.Н.Юнгтің адам психикасындағы архетип жайлы идеясы. Ж.Лакан. Адам психикасындағы реалды, қиялдағы символдық қабаттар. Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнер зерттеушісі Ипполит Тэн. Әдебиет пен өнер мәселелерін жаратылыстану ғылымдарындағы салқынқандылық бағдармен сараптауды ұсыну. Теодор Бенфэй. Салыстырмалы-тарихи (компаративизм) мектеп. Шығыс пен Батыс арасындағы сюжет алмасу теориясы. А.Н.Веселовскийдің көшпелі сюжет ілімі. Әдеби дамудың ортақ кезеңдері. Ұқсас сарындардың туу себебі. Әдеби дәстүрдің маңызы. В.Жирмунский, Н.Конрад. Қазіргі салыстырмалы әдебиеттану. Клод Пишуа мен Андре Мишель Руссо (Салыстырмалы әдебиеттану принциптерін, 1972), Д.Дюришин (Әдебиетті салыстырмалы зерттеудің теориясы, 1979) т.б. Психологиялық мектеп және А.Потебня. Сана мен тілдің байланысы. Тіл мен әдебиет. Адамның рухани өмірі. Көркем туындыны қабылдау процесі. Анри Бергсон, Бенедетто Кроче есімдерімен тығыз байланысты ағым-интуитивизм. Әр заттың дара қасиетін интуция арқылы ғана ашу. XX ғасырдағы дүние жүзі эстетикасына психиатр-дәрігер Зигмунд Фрейд енгізген жаңалық. «Психоанализге кірспе», «Тотем мен табу», «Мен» және «Ол» еңбектері, сондай-ақ Ф.Достаевский шығармашылығына қатысты мақалалардағы тұтас толымды өзгеше батыл тұғырнама.

7-тақырып. Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар.

Формализм – XX ғасырдың басындағы белгілі теориялық ағымдардың бірі. 1920 жылдарындағы орыс зерттеушілері құрған ғылыми ұйымның аты – ОПОЯЗ. Іргелі өкілдері: В.Шкловский, Б.Эйхенбаум, Ю.Тынянов, Р.Якобсон, В.Томашевский. Тұрпайы социологизм. В.Фриче, В.Шулятников, В.Переверзев т.б. Әлеуметтік ортаны, қоғам сипатын артық қою, тұрақталмаған әркелкі көзқарас. Э.Кассирер. «Символикалық формалардың философиясы» атты зерттеуі. Дж. К.Рэнсомның 1941 жылы жарық көрген –«Жаңа сын» атты еңбегі. Америка әдебиеттанудағы және батыс елдеріндегі соны ғылыми мектептің қалыптасуы. Структурализм – формализмнің бір тармағы. Француз мәдениеттанушылары Р.Барт, Кл.Леви – Стросстың 1950 жылдардан бергі ізденістері. Р.Барттың бәрінен бұрын мәтінге көңіл аударуы. Ю.Кристеваның лингвистикалық структурализм шеңберінен шығуы. Роман тексі (1970), «Поэтикалық тілдің революциясы» (1974) атты кітаптары. «Текст өнімділігі», «Семиотикалық ырғақ» туралы. Шетел әдебиеттанудағы антропологиялық теориялар. А. Шопенгауэрдің өзгермес дүние туралы пікірлеріне сүйену. А.Кестлердің К.Г.Юнгтің архетип терминін пайдалануы. Орыс әдебиеттанудағы М.Бахтин еңбектерінің философиялық, теориялық мәні. Ю.Лотманның «Поэтикалық тексті талдау», «Көркем текст құрылымы» атты кітаптары. Математикалық, статикалық зерттеу тәсілдері. Әдебиеттанудағы АҚШ-та серпін алып отырған семантикалық-символикалық сын. Қазіргі миф, символ, метафора жайлы жайлы теориялар. Символдық формалар дербестігі. Көркем шығарманың біртіндеп тұйықталу процесі. Табиғат, адам және қоғам қарым-қатынасы. Әдебиет пен өнерге қатысты синэнергетика жетістіктерін пайдалану (Г.Хакен, И.Пригожин, И.Стенгерс, И.Евин). Тәртіп параметрінің, тұрақтылық пен тұрақсыздық ұстанымы. Құпия символы, апат, секірмелі, сапалық өзгерістер, ырғақ пен синхрондылық, керемет, бедел ұғымдары.



8-тақырып. Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселесі.

Әсемдік туралы талғам, пайымдардың ұлттық фольклордан бергі үзілмес арнасы. XIX ғасырдағы поэзия өнеріне қатысты арнайы пікір, толғамдар. Ш.Уәлихановтың «Манас» жырын, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпосын жазып алып, насихаттауы. Ы.Алтынсаринның ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялаудағы еңбегі. Абай шығармаларындағы поэзияның әлеуметтік, эстетикалық сипатына байланысты пйымдаулар. «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалятының газетінде», «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінде, «Айқап» журналында әдеби-эстетикалық талап –тілектердің өсіп-толысуы үшін атқарған рөлі. М.Жұмабавтың Ақан сері, Базар жырау, Ә.Диваев туралы мақалалары. Ж.Аймауытовтың М.Жұмабаев шығармашылығын талдайтын еңбегінде стиль, әдеби әдіске қатысты пікірлер. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926) - қазақ әдебиеттанудағы алғашқы теориялық кітап. 1920-30 жылдардағы әдеби сын. Зерттеу және айтыс-дау сарындағы мақалалар. Прокультшілер. Тұрпайы социологизм. Ғ.Тоғжановтың Абай, Мағжан шығармашылығы жайлы кітаптарының мәні. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов сияқты көрнекті қаламгерлер айтқан ой-тұжырымдардың шығармашылық әлемімен тығыз байланысы. Е.Смайловтың, Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» пәні бойынша дайындаған оқулықтарының әдебиеттану ғылымдарының негіздерін танып-білудегі орны. З.Қабдоловтың «Сөз өнері» атты жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттеріне арналған оқулығындағы жаңалықтар. Өлең құрылысы мен поэтикалық тіл табиғатын зерттейтін З.Ахметовтың еңбектері. Поэзия және проза, драма поэтикасын, жанрлар сырын сарапқа салатын зерттеулер. М.Қаратаевтың реализм, эстетика табиғатына байланысты мақала зерттеулері. Лирика, поэма жанрларын таразылайтын С.Қирабаев, М.Базарбаев, М.Дүйсенов, Ә.Нарымбетов, Қ.Мәшһүр-Жүсіптің еңбектеріндегі ой-толғамдар, Т.Кәкішевтің әдеби-сын, Р.Нұрғалиевтің драмадағы поэтика, мазмұн мен пішін байланысына орай жазылған кітаптарындағы, Р.Бердібаев, Ш.Елеукенов, Н.Ғабдуллин, Ж.Дәдебаев, Т.Есембеков, А.Жақсылықов сияқты ғалымдардың проза, роман болмысы жайлы еңбектеріндегі ғылыми-эстетикалық тұғырнама. Т.Қожекевтің сатира жанрларын берген анықтама, талдаулары. Салыстырмалы әдебиеттану. Ш.Сәтбаева, Л.Әуезова, Н.Жуанышпеков, Б.Мамыраев, М.Маданова т.б. еңбектері. Коммуникативтік поэтика мәселелері. Қазақ әдебиеттануының әдебиет тарихы, фольклористика саласындағы табыстары. Салыстырмалы әдебиеттану.



9-тақырып. Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі. Әдебиет және эстетикалық категориялар

Өнер түрлерінің пайда болуындағы сатылық даму. Табиғи тұрмыс-кәсіптік өмірдің алғышарт ретіндегі орны. Рулық қауым. Өнердің синкреттілік болмысы. Кәсіптік өзгешеліктерідің уақыт алмасу үрдісімен сабақтастығы. Көне деректердегі Дионис туралы миф. Қоғамдық құрылымдағы ірілену. Құдайларға табыну. Көркем би, әуен, сөздік лириканың тууы. Көне түркі заманы. Отырықшылық пен көшпенділік. Көне жәдігерлер. «Түймекент», «Тас-ақыр қамал» аңыздарындағы тарихи өзек. Соңғы палеолит, сақ-сармат өнеріндегі қиялдың ролі, табиғатпен бірлікке ұмтылыс. Неолит заманындағы миф. Бұғы суретіндегі көне таным. Ай мен күнге табыну. Әсемдік-эстетикалық қасиет ұғымның баламасы. Ажарлылық пен әсемдіктің айырмасы. Түр, көлем, түс, ырғақ, симметрия, үйлесім туралы сезімдердің тарихы. Әсемдік нысандары мен қабылдау сезімдері. Әр дәуірдің, әр ғұламаның сұлулыққа байланысты өз ұғымдары. Әсемдік- объективті құбылыс. Өмірге эстетикалық көзқарас. Эстетикалық таным. Қазақ фольклоры мен әдебиетіндегі әсемдік талғам. Табиғат, жыл мезгілдері, көш суреті, қаһармандық. Тіршілік сәні, әрекет сұлулығы, ой әсемдігі. Қаһармандықтың эстетикалық табиғаты. Әсерлілік. Отан, туған жерге сүйіспеншілік. Қозғаушы күш. Халықтық мүдде. Батырлар және қарапайым адамдардың ерлігі. Трагедиялық сезімнің терең қуаты. Туу және бейнелеу түрлері. Асқақтықтың қаһармандықпен байланысы. Келеңсіздіктің табиғи, әлеуметтік алғышарттары. Жағымсыз әсер және күлкі табы. Сұрқиялықтың эстетикалық болмысы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет