Рабочая программа Форма
Ф СО ПГУ 7.18.2/06
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
«ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәні бойынша 050205-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Павлодар
Лист утверждения к рабочей Форма
программе дисциплины, Ф СО ПГУ 7.18.1/06
разработанной на основании
государственного
общеобязательного стандарта
образования специальности и
типовой программы
БЕКІТІЛДІ
ОІ жµніндегі проректоры
________________ Н.Э. Пфейфер
«___»_____________2008ж.
Құрастырушы: доцент Түсіпова Қ.Д.__________
«ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәні бойынша
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы 050205-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
Жұмыс бағдарламасы ҚР МЖМБС 3.08.267-2006 Мемлекеттік стандарты және ҚР білім және ғылым министрлігінің 22 маусым 2006 жылғы мәжілісінің хаттамасының шешімімен бекітілген және іске қосылған типтік бағдарламасы негізінде дайындалды.
Кафедра мәжілісінде ұсынылды. «___»_________________2008ж.
№_____хаттама.
Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп
Филология, журналистика және өнер факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
«_____»______________2008 ж. №____хаттама.
ӘК төрайымы____________________ М.В. Семенова
КЕЛІСІЛДІ Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев. «____»_____________2008 ж.
жәқб МАҚҰЛДАДЫ
ЖәқБ бастығы______________Л.Т.Головерина «____»____________2008 ж
1 Пәннің мақсаты мен міндеті
«ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәні- қазақ әдебиеті- сан ғасырларға созылатын өткен жолымен, тағылымға толы тарихи тағдырымен студенттерді барынша жете таныстыру.Сол арқылы оларда қазақ халқының рухани өмірінің көрінісі боп саналатын әр кездердегі әр алуан дәрежедегі, әр түрлі жағдайда сөз ұстаған арқалы ақындары мен тереңнен толғайтын абыз-жырауларының шығармашылық болмысы турасында белгілі бір жүйеге түскен сындарлы ұғым, білім қорын қалыптастыру. Халықтың ауыз әдебиеті мен жеке авторлар шығармашылығының рухани үндестік табуы арқылы жасалған асыл қазына-ұлт әдебиетінің нәрлілігі мен әрлілігіне тұщындыру арқылы, олардың туған ұлтына деген мақтаныш сезіміне дем беру, сол арқылы студенттер санасын сәулелендіру. Әдебиеттің ұрпақ пен ұрпақты жалғастырушы, қадым замандар мен бүгінгі күннің, келешек дәуірдің арасына тартылған алтын арқан екендігіне көзін жеткізу.
Басқа пәндермен байланысы.Қазақ әдебиетінің тарихы- өзіне лайықты салмағы бар, даму-өркендеу жолы бар әлем елдерінің біразының, соның ішінде түркі тілдес халықтардың әдебиеттерімен табиғи байланысы бар елеулі пән.Оның ерте дәуірдегі туындылары: өзбек, қарақалпақ, қырғыз, татар, башқұрт, түркімен, азербайжан, осман түріктері, сібірлік түркілер хакас,тува сияқты жұрттардың төл әдебиеттерімен,сондай-ақ,кейбір тұстарда парсы-тәжік халықтарының көне мұраларымен азды-көпті байланысты болып келеді.Ал бергі замандардағы кейбір тарихи жағдайларға орай орыс әдебиетіне, Ресей тарихымен байланысты қарастырылар тұстары да баршылық. Сондықтан мұнда
университет қабырғасында өтілетін халық ауыз әдебиеті, әдебиет теориясының негіздері, ежелгі дәуірдегі, сондай-ақ, орта ғасырлардағы, онан бергі кезеңдердегі шет ел, орыс әдебиетінің тарихына баса көңіл аударылды.
Пән мазмұнына негізделген студенттің білімі және оны пайдалану машығы мен бейімділігі. Аталмыш пәнді игеру әр түрлі кәсіби ортамен тығыз араласатын әдебиет пен тіл маманының өзге халықтардың ұлттық ерекшеліктері
мен тарихи болмысын тануына да қапысыз қызмет етеді. Ұлттық сипат, салт- дәстүрге байланысты жайларды, қоғамдық әлеуметтік қатынастардағы мемлекеттер аралық іргелі мәселелерді де дұрыс түсініп, бағамдауына игі әсерін
тигізеді. Ал, әлеуметтік руханияттың бір бұтағы, қастерлі қайнар көзінің бірінен саналатын ұлт әдебиетін жете меңгерген маман әмәнда әлемдік құбылыстарды жіті танитын, логикалық ой-танымы терең зерделі жандардың қатарында болмақ.
Соның арқасында аталмыш пәнді қапысыз игерген маман, яки бүгінгі университет партасында отырған жас- ертеңгі елдің келешегі үшін қызмет етуге лайықты, ақыл-парасаты толымды, сөздің салмағы мен сапасын оның астарынан ұғып, алысты жақын, жатты туыс ететіндей жолда терін төгетін,Қазақстанның
абырой-беделін көтеретін маман ьолып тәрбиеленбек.
2 Пререквезиттер:
- Тіл біліміне кіріспе.
- Әдебиеттануға кіріспе.
- Мәдениеттану.
-Философия.
-Халы ауыз әдебиеті.
- Ежелгі дәуір әдебиеті
Тематический план Форма
дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07
3 Пәннің мазмұны
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары
|
№
|
Тақырып
|
Сағат саны
|
Дәріс
|
Тәжір.
|
С¤Ж
СӨЖО
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
Кіріспе. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдай. Асан қайғы.
|
1
|
1
|
4
|
2.
|
Сыпыра жырау Сұрғалтайұлы
(ХІҮғасыр).
|
1
|
1
|
4
|
3.
|
Асанқайғы Сәбитұлы(ХІҮ-ХҮғ.ғ)
|
1
|
1
|
4
|
4.
|
Қыдан тайшы(ХІҮ-ХҮғғ.)
|
1
|
1
|
4
|
5.
|
Қазтуған жырауСүйінішұлы(ХҮғ)
|
1
|
1
|
4
|
6.
|
Шалкиіз(Шәлгез) Тіленшіұлы(ХҮ-
ХҮІғ)
|
1
|
1
|
4
|
7.
|
Доспамбет жырау.(ХҮІғ)
|
1
|
1
|
4
|
8.
|
Жиембет жырау(ХҮІІғ)
|
1
|
1
|
4
|
9.
|
Марғасқа жырау.(ХҮІІғ)
|
1
|
1
|
4
|
10.
|
Бұқар жырау Қалқаманұлы(1693-1781)
|
1
|
1
|
4
|
11.
|
Ақтамберді жырау Сарыұлы
(ХҮІІІғ).
|
1
|
1
|
4
|
12.
|
Тәтіғара жырау(ХҮІІІғ)
|
1
|
1
|
4
|
13.
|
Үмбетей Тілеуұлы(ХҮІІІғ)
|
1
|
1
|
4
|
14.
|
Көтеш Райымбекұлы(1718-1798)
|
1
|
1
|
4
|
15.
|
Шал ақын Құлекеұлы(1748-1819)
|
1
|
|
2
|
16.
|
Қобылан Бөрібайұлы(1777-1884), Абыл Тілеуұлы (1777-1884)
|
|
1
|
2
|
Барлығы: сағат
|
15
|
15
|
60
|
3.3 Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Кіріспе.
Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы. ХҮІ ғ. қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғаюы. Алғашқы қазақ заңы – «Қасым ханның қасқа жолының» жасалуы. ХҮІ ғ. екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі.
Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы ХІҮ-ХҮ ғғ.) өмірі туралы мәлімет. Аңызға айналған данышпан. Аңыздардағы қиял мен тарихи шындықтың көрінісі. «Жерұйық» идеясының көрініс табуы. Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері, дидактикалық сарын. Әз Жәнібек ханға айтқан арнау-толғаулары. Болжалдық сарын. («Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің», «Қилы-қилы заман болмай ма» тирадасы).
2-тақырып. Сыпыра жырау Сұрғылтайұлы.(ХІҮ ғасыр)
Жыраулар шығармашылығының қазақ әдебиетінен алар орны.Жыраулар мұрасының қазақтың ұлттық әдебиетінің ауызша дәстүрмен өмір сүрген бірнеше ғасырлық тарихынан деректі мәліметтер беретіндігі. Жырау атанатын
Шығармашылық тұлғаның әлем халықтарының, түркі жұртының ішінде қазақтарға тән екендігі. Ежелгі батырлық жырлар мен тарихи жырларды дүниеге әкелуші жыраулардың бірден-бір беделді өкілі болып саналатын Сыпыра жыраудың ел басқару ісіне араласқандығы. Тоқтамыс хан мен Едіге арасындағы жанжалды оқиға кезінлегі абыз жырау Сыпыраның елдің бірлігін сақтау мақсатында айтқан жырының мәні мен мазмұны.Жырау шығамасынан
көрініс тапқан оқиғаның Сыпыраның өмір сүрген дәуірін айқындауға куәлік ететіндігі.
3-тақырып. Асанқайғы Сәбитұлы(ХІҮ-ХҮғғ)
Асанқайғы Сәбитұлының қазақ әдебиетінен алар орнын пайымдауға қызмет
Ететін 1897жылы «Дала уалаяты» газетінде басылған Асан жайлы,Жәнібек хан туралы ел аузынан жиналған деректі әңгімелердің мәнділігі. Асанның өмір сүрген дәуірі мен жасын анықтауға қызмет ететін хатқа түскен мағлұматтар. Асанның 1393 жылы Тоқтамыс хан атынан Литва билеушісі Яголаға екі адамның бірі болып елшілікке баруы. Қазақ хандығының 15 ғасырдағы хал-жайын баян ететін «Қырында киік жайлаған», «Әй, хан, мен айтпасам, білмейсің», «Алты атанға қос артып» шығармаларында баяндалатын тарихи оқиғалар болмысы. Жыраудың дін, ғылым, адамгершілік, ел бірлігін жырлаған туындылары.
4-тақырып. Қыдан тайшы (ХІҮ-ХҮ ғғ).
Қыдан тайшының өмір сүрген дәуірі. Жыраудан қалған «Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным» шығармасында сипатталатын оқиғалар. Ақжол би (Дайырқожа) мен Қобыландының өзара жауласуы. Қазақ қауымының 1456 жылғы басынан өткен жағдайын сипаттайтын Қыдан тайшы туындысының «Жылау, жылау, жылау күн» деп басталатын халық жырымен мазмұндастығы. Шәкәрім Құдайбердіұлы мен М.Әуезовтің Қыдан шығармашылығы, жоғарыда аталған туындыларға байланысты пікірлері. Жыраудан қалған зарлы жыр оқиғасының ХХ ғасырдың 70-жылдарында өмірге келген І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына өзек болуы.
5-тақырып. Қазтуған жырау Сүйінішұлы (ХҮғ).
Қазтуған жыраудың шығармашылық келбеті. Автор туындыларында баяндалатын 1480-1481 жылдардағы оқиғалар. Көркем сөз иесінің ата-анасы, өзі туралы, туып-өскен ата жұрты жайлы жырлары. Жыраудың Асанқайғы, Абаттармен ара-қатынасынан мағлұмат беретін туындысы. Толғау иесінің «Шығыстан туған хандарды» аңсауының түпкі себебі, бұл мәселенің Иван үшінші мен Ахмет, Меңлігерей мен Иван үшінші арасындағы қатынастарды баян ететіндігі.
6-тақырып. Шалкиіз (Шәлгез) Тіленшіұлы (ХҮ-ХҮІғғ)
Шәлгез жыраудың революцияға дейін жарық көрген шығармалары. Шәлгез есімін ғалымдарымыздың әр түрліше оқу себептері. Шәлгездің Би Темірді жырлаған туындылары. Жыраудың өзі өмір сүрген ортасына шығармашылық тұлға, ақылгөй азамат, қол бастаған сардар ретінде жастай танылуы, Шәлгездің ерекше қасиеттерін күндегендердің оны Би Темірдің қасынан кетуге мәжбүр еткендігі. Жыраудың «Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан» жырының өмірге келу тарихы. Автордың «Ер Шобан», «Шағырмақ бұлт жай тастар», т.б. туындыларында суреттелетін жауынгерлік рух. «Ер Шобан» жырына байланысты Ә.Дербісәлин, М.Мағауин пікірі. Ғалымдардың Шалкиізді сахара эпосын жасаушылардың бірі деп есептейтіндігі.
7-тақырып. Доспамбет жырау (ХҮІғ).
Азаулы жұрты туралы тұңғыш жырлаған жыраудың автопортреті. Доспамбеттің әйелі, балалары туралы шығармалары. Туындыгердің «Ер Мамайдың алдында шеит кештім өкінбен» дейтін сөзіне орай оны 1549 жылы өмірден өткен Мамайдан бұрын өлген деп білетін М.Мағауин пікірі. А.А.Новосельский зерттеуіне сүйене отырып, жыраудың 1593-1594 жылдарға дейін өмір сүргені анық деп танитын Ә.Дербісәлин тұжырымы. Жыраудың «Озушылар, озмаңыз», «Азау, азау дегенің» туындыларында баяндалатын жайлар, автордың өмірбаянын анықтауға тигізер жәрдемі.
8-тақырып. Жиембет жырау (ХҮІІғ).
ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ елінің тарихи тағдырын танытатын Жиембет туындылары. Жиембет атының әдебиет тарихында қалуына негізгі себепкер болған – Жолымбет пен Есім хан арасындағы қалмақ ханының қызына байланысты оқиға. Жиембеттің Жолымбет оқиғасына дейінгі Есім ханмен арадағы байланысын көрсететін жыр жолдары. Жағдай ушыққаннан кейінгі Жиембет қылығын дәлелдейтін автор туындысы. Жыраудың қазақ хандығының іргесін нығайтуға қосқан үлесін көрсететін жыр шумақтары. Автор туындыларындағы «Есім, сені есірткен есіл менің кеңесім. Ес білгеннен Есім хан, қолыңа болдым сүйесін, қолтығыңа болдым демесін... Менің ер екендігімді көргенсің, Әзелден бірге жүргенсің, Дегенімді қылғансың» - деп келетін жолдарының Жиембеттің сол кездегі қазақ хандығының ірі тұлғасы, Есім ханның әрі ақылшысы, әрі досы болғандығына куәлік ететіндігі. Профессор Х.Сүйіншәлиев зерттеуінде айтылатын Жиембет жайлы ел аңызы. Есім ханның, оның билігіндегі елдің көшпенділіктен отырықшылыққа бет алғандығынан мәлімет беретін жырау шығармасындағы жекелеген шумақтар.
9-тақырып. Марғасқа жырау (ХҮІІғ).
Марғасқаның Есім ханмен Тұрсын хан арасындағы трагедиялы жағдайды баян ететін «Қатағанның хан Тұрсын» атты шығармасы. Бұл оқиғаның сол кезді көзімен көрген Әбілғазы хан шығармасында, бергі заман тарихшылары Ш.Уәлиханов, М.Тынышбаев, М-Ж.Көпеев жазбаларында суреттелуі. Қырғыздың Шоңбағыш руының билеушісі Көкемнің Тұрсын ханның опат болуына байланысты оқиғаға қатынасы. Көкем мен Есім хан достығы. Есім ханның Ташкентте Көкемнің еткен еңбегін ескеріп, «Көкемнің көк күмбезі» деген ескерткіш-мұнара тұрғызғандығы. Тұрсын ханның Қоңырбике атты қызынан өрбіген ұрпақтар: Өскембай, Құнанбай, Абай, Шәкәрім т.б. Күнгей Алатаудағы Санташ асуына орнатылған ескерткіш. Осы жайлардың барлығын Тұрсын хан мен Есім хан арасындағы қантөгіс жайлармен тікелей және жанама байланыстылығы.
10-тақырып. Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693-1781жж).
Бұқар жыраудың қазақ елінің іргелі жұрт болуына сіңірген азамматтық, шығармашылық еңбегі. Қазақтардың Ресеймен, Жоңғар хандығымен арада болған мемлекеттік саясаты кезінде Бұқар ұстанған принцип. Жыраудың Бөгенбай батыр ерлігін әспеттейтін шығармалары. Абылай ханның ерлік жолын көрсететін туындылары. Үмбетей жыраудың Абылай ханға Бөгенбай өлімін естіртетін шығармасында жырланатын ХҮІІІ ғасырдағы қазақтар мен қырғыздар арасындағы жаугершілікті Бұқардың ешбір туындысында сөз етпеу себебі. Бұқар жырау дипломатиясы. Абылайдың Ресеймен араздасқан тұсында жыраудың Қазыбек би мен Қабанбай позициясын ұстануы. Еділ бойы қалмақтары мен арадағы соғыстың жай-күйінен, Қасым Абылайұлының өмірге келген сәтінен мәлімет беретін туындылары. Бұл шығармалардың деректілігінің тарихи жазба ескерткіштер мен фольклорлық мұралар арқылы дәйектелетіндігі.
11-тақырып. Ақтамберді жырау Сарыұлы (ХҮІІІғ).
Қазақ жұртының іргелі халық болуына жеке басының ерлігімен, жалынды жырларымен үлес қосқан сөз зергерінің шығармашылық кредосы. Тәуке хан тәрбиесін көрген Ақтамбердінің найман жұртының рубасы көсемі, әскербасы батыры болғандығын хабардар ететін Қ.Халидовтың «Тауарих-хамсасының» берер дерегі. Дулат Бабатайұлының «Ер Еспембет» дастанындағы Ақтамберді туралы мәліметтер. Арғын мен Найман елдерінің арасындағы араздық кезінде автордың «Уа, қарт Бөгенбай» туындысының әлеуметтік мазмұны. «Жағалбай деген ел бар», «Атадан тудым жалқы боп», «Жеңіме жамау түскенін» шығармаларынан жас кезінде көрген қорлығын, жалғыздығын бейнелейтіндігі. Жыраудың қол бастап, сөз бастаған тұсында өмірге келген «Әділ жан болғым келеді», «Әкем көрген зорлықты» туындыларынан аңғарылатын автордың кісілік келбеті.
12-тақырып. Тәтіғара жырау (ХҮІІІғ).
Тәтіғара шығармашылығы туралы Ш.Уәлиханов пікірі. Жыраудың шығармасының алғаш рет Ш.Уәлиханов еңбегінде елеп-ескерілуіне себеп болған жағдайлар. Ә.Марғұланның Тәтіғараны өз заманының суырып-салма ірі тұлға деп білетіндігі. Е.Ысмайыловтың Тәтіғараны ежелден келе жатқан «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» секілді жырларды жаңғырта жырлаған жыршы деп бағалайтындығы. «Қамыстың басы майда, түбі сайда», «Кебеже қарын, кең құрсақ» секілді Тәтіғара жырларының авторды жорық жыршысы ретінде танытатындығы. Жыраудың Абылай ханның сыртқы жауларға қарсы күрестерінде оның қасында болып, қарулы қолдың рухын көтеріп айтқан туындыларының көркемдік ерекшеліктері. Автор шығармаларында көрініс тапқан оның замандастары: Жәнібек Шақшақұлы, Сары мен Баян, Олжабай батырлар туралы өлең жолдарының тарихи деректермен сәйкестігі. Жырау мұрасы жайлы Х.Сүйіншәлиевтің пікір-тұжырымдары.
13-тақырып. Үмбетей Тілеуұлы (ХҮІІІғ).
Үмбетей жыраудың Абылай ханды идеал тұтатындығын көрсететін туындылары. «Бөгембай өліміне», «Бөгембай батырдың өлімін Абылай ханға естірту» жырларында көрініс беретін Бөгембай, Қабанбай, Сары, Баян, Сағынбай батырлардың ерлік бейнелері. Бұқарға, Жауқашарға, Ақтамбердіге арнап айтылған туындыларындағы ел бірлігі, азаматтық, кісілік парасат мәселесі. Үмбетей есімі мен шығармасына байланысты М.Мағауин пікірлері. Жырау мұрасында сөз болатын қырғыздар мен қазақтар арасындағы тарихи оқиғалардың азаматтық тарихтағы шынайы көрінісі. Осы оқиғаларға байланысты А.Левшин, Ш.Уәлиханов еңбектерінде айрықша аталатын «Яны кыргиз» жұрты жайлы мәліметтер. Бөгембай батырдың қол бастаған сардар ретіндегі жырау шығармасындағы кескін-келбеті. Абылай ханның өмірбаянын сөз ететін автор туындысының ел аузындағы аңыз-әңгімелермен байланысы. А.Левшиннен бастап, орыс тарихында ерекше сөз болатын Абылайдың Жоңғар ханының тұтқынынан құтылуына себепкер болды деп есептелетін майор Миллер елшілігінің жырау шығармасында сөз болмау жайы, осы мәселенің кейінгі Көкбай Жанатаевтың «Сабалақ» дастанында жырлануына негіз болған жағдайлар. Аталмыш мәселелердің әдебиет тарихын зерттеушілерінің еңбектерінде қарастырылатындығы.
14-тақырып. Көтеш Райымбекұлы (1718-1798жж).
Ақындық өнердің алғашқы өкілдерінің бірі болып саналатын Көтеш ақын өмірге келген орта, тарихи жағдай. «Жасыбайдың өлімі» атты жау мергені қолынан қапыда өлген Жасыбай батыр жыры, оның қазақ өлеңінен алатын орны. Көтештің «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» туындысы туралы зерттеушілер пікірі, сол кездегі тарихи жағдай. Абылайдың өз кезінде шексіз билікті иеленген хан болғандығын дәлелдейтін Ш.Уәлиханов еңбегінде келтірілетін деректер, оның осы шығармамен байланысты жайлары. Көтеш ақынның шығармашылық тұлға ретінде қазақтың қара өлеңіне қосқан үлесі. Ақынның әкесі Райымбекке, Шоң мен Шорманға арналған шығармаларының көркемдік ерекшеліктері мен тарихи деректілігі.
15-тақырып. Шал ақын Құлекеұлы (1748-1819жж).
Ел шежіресін хатқа түсіріп жырлаған Шал ақын туралы Ш.Уәлиханов мәліметі. Ақын мұрасын жазып алушылар мен зерттеушілер еңбегі. Ақынның өлеңдерін ХХ ғасырдың басында хатқа түсірген Хасен Шаяхметұлының Қазан университетінің кітапханасында сақталған материалының сонылығы. Шалдың Абылайға айтылған «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің» туындысының қандай жағдайда өмірге келгендігін дәлелдейтін деректер. Осы шығармаға байланысты Ғ.Әбетов, М.Мағауин, Х.Сүйіншәлиев, Ө.Күмісбаев, Ж.Тілепов, т.б. пікірлері. Шал ақынның әкесінің жасына байланысты, оның Абылай ханмен арадағы қатынастарына байланысты Сейтен Сауытбеков жазбасы арқылы жеткен деректердің мәні мен маңызы. Ақынның перзент, ұрпақ мәселесіне орай шығарылған туындысының қазақ әдебиетінің ХІХ-ХХ ғасырларда өмір кешкен көрнекті сөз шеберлері Қашаған мен Аралбай, Кенен шығармаларымен дәстүрлік жағынан туыстастығы мен өзгешелігі. Ақынның діндәр автор екендігін көрсететін туындылары. Шалдың қазақ әдебиетіндегі алғашқы айтыскер ақын болғандығын дәлелдейтін өлеңдері.
16-тақырып. Қобылан Бөрібайұлы (1760-1840жж), Абыл Тілеуұлы (1777-1884жж).
Қобылан Бөрібайұлының ақындық, сазгерлік өнері, мақал-мәтелге айналып кеткен туындылары. Ақынның ХҮІІІ ғасырдағы қазақтардың жоңғарлармен, торғауыттармен арада өткен айқастарда қол бастаған аруақты ер – батыр Баянды жырлауы. Саққұлақұлы Нұралыға арнаған шығармасының өз кезінде аса өткір айтылған туынды болып есептелетіндігі. Сондай-ақ, Қобыланның жарлылықты, жоқшылықты жырлаған туындыларының қоғамдық теңсіздікті қазақ әдебиетінде алғашқылардың бірі болып жеріне жеткізе өрнектеген автор болып табылатындығы. Кәрілікті жырлаған ақын шығармаларының Бұқар жырау, Шал ақынның осы мәселеге арналған туындыларынан тақырыптық тұрғыдан ұқсастығы мен айырмашылығы.
Абыл Тілеуұлының Сүйінғара, Құлбарақ секілді ел қорғаған ерлер туралы толғаулары. Баймағанбет, Қайыпқалиға айтқан сындары. «Қырымның қырық батырын» жырлаушы ретінде Мұрат, Нұрым, Қашаған, Марабай секілді ақындарға жасаған ұстаздық қызметі.
3.4 Тєжірибешілік сабаќтардыњ мазм±ны
1-тақырып. Жыраулар шығармашылығы: туындыгерлердің қазақ әдебиетінен алар орны, ерекшелігі.Толғау жанры: өмірге келу,қалыптасу кезеңдері және оның дәстүр жалғастығы.
Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы. ХҮІ ғ. қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғаюы. Алғашқы қазақ заңы – «Қасым ханның қасқа жолының» жасалуы. ХҮІ ғ. екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі.
Толғау негізгі төркінін ауыз әдебиетінен,оның ішінде батырлар жырынан алып жататыны.Оның көркемдік тәсілдері де сол арадан туындайтыны.
Достарыңызбен бөлісу: |