17. «Доспамбеттің ауыр жараланып жатқан кезіндегі мұңды көңіл-күйін бейнелейтін толғауы»



бет1/6
Дата10.02.2024
өлшемі32.71 Kb.
#491556
  1   2   3   4   5   6
12 сұрақ@qymrxe


17. «Доспамбеттің ауыр жараланып жатқан кезіндегі
мұңды көңіл-күйін бейнелейтін толғауы».
Бір мың төртжүз жиырма үшінші жылы әдебиетте қаралы күн болды. Қазақ пен ноғайға ортақ тұлға бола білген Доспамбет жырау бақилық болды. Жырау «Оның соңғы сөздері» деп басталатын өлеңінде өлім алдындағы өзінің бұл дүниедегі орнына тоқталады. Жас шағында дүниеден өтіп бара жатқанына қынжылыс білдіреді. Ең қиыны бұл хабарды балаларына қалай естіртуге болатыны жайлы айту еді. Өйткені, олардың қызығын дұрыс көре алмай, бұл өмірден кетіп барады. Ал әкесінен айырылған балада психологиялық жарақаттың қалатыны сөзсіз. «Озушылар озманыз» дейтін жолдармен басталатын өлеңінде өзін жаралаған жауына қарата: «озсаныз, бізім бетке барманыз» деп ескертеді. Сондағысы, ел-жұртына өзінің өлімін айтпаңдар дегені ғой.
«Бізім бетке барсаныз,
Есақай-Қосай екі ұл», –
деген өлең жолдары сөзімізді дәлелдей түседі. Қысқа өмір сүрген адамның ойында міндетті түрде өкініш атаулысы болатыны әмбеге аян! Ал Доспамбеттың шығармаларының көбісі бізге жетпегендіктен, жыраудың соңғы демінде не айтқаны толық белгісіз. Бірақ кейбір деректерге қарағанда жырау дәулеті мол күйде өмір сүрген. Әйтеуір қолда бар ақпараттарға сүйеніп, бүгінгі тақырыптың мәнін осылай ашып отырған жайым бар!


18. «Шалкиіздің "Аспанды бұлт құрсайды",
"Қара бас күспен шалдырып" деген толғаулары кімге арналған?»
Шалкиіз жырау Еділ мен Жайық өзендері аралығында ғұмыр кешкен ноғайлардың мәдени өмірінде маңызды рөл ойнаған. Қазақ пен ноғай ежелден аралас-құралас болғандықтан, есімі біздің елге де таныла бастаған. Атақты зерттеуші, қазақтың алғашқы этнографы Шоқан Уалиханов «екі туысқан екі орда» деп атаған Қазақ хандығы және Ноғай ордасына ортақ тұлға болып табылады. Кейде жыраудың өзі ноғайдың билік басындағы мырзаларына қатысты толғауларын шығарып отырған. Соның бірі «Би Темірге айтқаны» делінетін, бастан аяқ он бір шумақтан тұратын өлеңдер жинағы. Темір би сол заманда ноғайлардың арасында құрметі басым билеуші болған. Ол Шалкиізді көтермелеп, өзінің сарайында еркін жүруіне мүмкіндік береді. Жырау да оны елге ерекше жағынан сипаттап, мерейін асыра түседі. Алайда, сарайдың ішінде жырауды көре алмаған, ойы тек оны қайтсе де сахнадан кетіруге талаптанған арамза күштер шығады. Қанша жерден елге сыйлы билеуші бола білген Темір би де пендешілікке салынып, жырауды орға жығуға әрекеттенген адамдардың тұзағына түсіп қалады. Әмірші жырауды сарайдан қуады. Осы жерде жырау өзіне қамқор болған маңғыт әміріне зілді тілдерімен ой-толғауларын арнайды. Билеушіні билеуші еткен тәңір екендігін оның миына түсіреді. Бірақ толғаудың соңына қарай жырау билеушіге деген өкпе-назын жұмсарта түседі. Оған деген адалдығына берік екендігін білдіреді. Шалкиіз жырау өмірінің соңына қарай Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығына көшеді. Сол жерде жаны бақилыққа аттанды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет