Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Науқас галлюцинациялық дауыстармен сӛлесу ҥстінде (5-ші сурет Есту



Pdf көрінісі
бет56/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Науқас галлюцинациялық дауыстармен сӛлесу ҥстінде (5-ші сурет Есту 
галлюцинациясымен науқас (6-шы сурет) 
Галлюцинация бар екендігін науқастың әңгімесінен ғана емес, оның 
қимыл-әрекетінен байқауға болады /галлюцинацияның объективті белгісі/. 
Бҧл әсіресе науқастың галлюцинация бар екенін жасыруы кезінде маңызды. 
Есту галлюцинациясымен науқас, дауыстармен сӛйлесіп, оларға жауап береді 
(5-сурет). Дауыстардан шаршаған адам оларды естімес ҥшін қҧлағын жабады 
(6-сурет), кейде қҧлағына әртҥрлі заттар тығып қояды. Жағымсыз иістерді 
сезбес ҥшін мҧрын тесігін саусақтарымен басады (7-сурет), кӛру 


~ 107 ~ 
галлюцинациясы кезінде ауру бетін басады, бір жаққа қарайлайды (8-сурет). 
Тетраэтилқорғасынмен уланғанда психоз жағдайында, науқас ҥздіксіз ауз 
қуысынынан ӛзіне сезіліп тҧрған шаштарды алып тастауға тырысады. 
Науқастың бҧрыс іс-әрекеті галлюцинацияның мазмҧнына сәйкес 
келеді. Ауру жалған ӛрттен қашамын деп, жоғарғы қабаттың терезесінен 
секіріп, жарақаттанады. Жалған соңына тҥсушілер даусынан қашып
транспорт астына тҥсіп мертігеді. Берген тамақтан бас тартады, ӛйткені 
тамақ уланған сияқты болып кӛрінеді. Әсіресе императивті есту 
галлюцинациясымен науқастар ӛте қауіпті, олар оған бҧйрық береді: тамақ 
ішпе, біреуді соқ, ӛзіңе қарсы қол жҧмса деген сипатта. 
Шынайы галлюцинация шынайы қабылдаудың барлық белгілеріне ие 
және шын мәнінде бар объекттерден ажыратылмайды. Галлюцинаторлы 
бейне сезімдік шынайылыққа ие: кҥші, биіктігі, дауыс ырғағы, бейне 
тҥстілігі, кӛлемі, және т.б.; кеңістіктен қабылданады /экстрапроекциялық 
қасиеті/; ырықсыз пайда болады; науқастың ӛзіндік «Мен»-мен байланысы 
жоқ, объективті шындық ретінде қабылданады. 
Галлюцинация ӛзінің табиғаты бойынша аурудың елестету сезімінің 
жандандырылған тҥрі, галюцинация қҧрылуының баяу және аяқталмаған 
ҥрдісінде ауруларда «жетілмеген галлюцинацияларды» байқауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет