Психологические механизмы становление и развитие


«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі



бет4/5
Дата04.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
#178366
түріАнализ
1   2   3   4   5

«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі

Графикалық әдістер көбінесе дербес және көмекші ретінде құрастырылады. Мамандарда олар негізінен өте нашар сенімсіз ретінде бағаланады. Алайда, олар адамға шындықты жобалау және өз бетінше елмеуге мүмкіндік береді. Демек, сурет белгілі дәрежеде адамның жеке тұлғасын, оның көңіл-күйін, сезімдерін, уайымдарын, қарым-қатынасын көрсетеді.

Практиктер сурет тесттерді жиі қолданады. Суреттің нәтижесі бала өзінің күйзелістерін ауызша айтып жеткізе алмайтындығынан оның ішкі дүниесінің көрінісін білдіреді. Әрине, зерттеуші үшін оның суреттері қандай бейнеде қолданғаны және олардың көмегімен қандай мәлімет алынғандығы әрқашан түсінікті.

Психодиагностиканың мақсаты жобалық графикалық әдістерінің оның нәтижесінің психотүзету үрдісінде қолданды, сол сияқты көбінесе олар бала өзінің ішкі дүниесін көрсетуге және өзін түсінуге ықпал етеді.

«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі сирек кездесетін, бірақ қызықты және мәліметті әдістеме болып табылады. Ол адамның эго күшінің диагностикасына, оның жағымсыз жағдайларға қарсы тұру қабілетіне бағытталған. Сонымен қатар, қорғаныс механизмдернің қасиеттері мен жеке тұлға резервтерін ашуға көмектеседі.
Нұсқау

Нұсқау классикалық вариантта қарапайым түрде беріледі. Зерттеушіге тік бағытталған қағаздың А4 ақ парағына адамның суретін салу ұсынылады, ал бұдан кейін сондай басқа параққа бөлек - жаңбыр астындағы адамның суретін салуды тапсырады.

Екі суретті салыстыру адамның стресстік қолайсыз (жағымсыз) жағдайда ол қиындық кезінде не сезінетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Тестілеу кезінде салынған суретті бақылау маңызды және зерттеушінің барлық айтқандарына назар аудару керек. Көбірек сенімді мәлімет алу үшін зерттелінушіге қосымша сұхбат жүргізу керек.

Суреттерді интерпретациялау кезінде келесі мәліметтерге көңіл бөлу керек. Интепретацияда ұсыныстарға сүйене отырып, логикалық көзқараспен барлык арнайы датальдарды талдауға көшуге болады.

«Жаңбыр астындағы адам» суретін «Адам» суретімен салыстырғанда көптеген айырмашылықтарды айқандауға болады.

Экспозиция қалай өзгергенін қарау маңызды. Сонымен, мысалы, егер адам күтіп тұрғандай бейнеленсе, онда бұл өмірдің қиын жағдайларынан кету тенденциясымен байланысты, қиындықтан қашумен де байланысты болуы мүмкін (мысалы, әсіресе, егер адамның бейнесі құс ұшатын биіктіктен бақыланғандай бейнеленсе).

Жаңбыр астындағы адам кескіні парақтың жоғарғы жағына жылжу жағдайында зерттеулушінің әрекеттен қашу бейімділігі, сонымен қатар қорғаныс механизмдерінің бар екендігі айтылады.



Кескіннің өзгеруі (трасформация)

Кескіннің көлемінің ұлғаюын кейде жасөспірімдерде кездеседі. Олар көбірек күшті және өздеріне сенімді болғандығын білдіреді.

Кескіннің кішіреюі зерттелуші өзін қорғау мен жақтаушылықты қажет еткенді танытады, өзінің өміріндегі жауапкершілікті басқа адмдарға көшіруді көздейді. Кішкентай кескіндеулерді салатын бала әдетте өзінің сезімін көрсетуге ұялады және адамдармен өзара қарым-қатынасы кезінде кейбір кедергілер мен көпшілік тенденцияларына ие болады. Олар стресс нәтижесінде депрессиялық жағдайға душар болатындығын сездіреді.

Егер де Жаңбыр астындағы адам суретінде кескіндерді бейнелеу кезінде дененің қандай да бір бөлігі (аяқ, қол, құлақ, көз) салынбаса, онда бұл қорғаныс механизмдерінің өзгешеліктерін және эго реакциясының көріну ерекшеліктерін көрсетеді.

Киімнің болмауы мінез-құлықтың анықталған таптаурындарын ескермеумен, сезінудің албырттығымен байланысты.
Жаңбыр белгілері (атрибуттары)

Жаңбыр - адамдарда болатын кедергілер, жағымсыз әсерлер.

Бейнелеудің сипаты адамның қиын жағдайларды қалай қабылдайтындылығымен байланысты: сиректамшылар - уақытша, жеңуге болатын жағдайлар, боялған тамшы немесе сызықтар - қиын, үздіксіз жағдайлар.

Жаңбырдың қайдан «келетінін» (адамның оң немесе сол жағынан) және қандай бөлік көп жағдайда әрекетке душар болатынын анықтау керек. Интерпретация адам кескіні немесе оң және сол жағының жазылған мәнімен қатысып жүргізіледі.

Қара бұлт жағымсыз жағдайларды күту белгісі болып табылады. Бұлттар, қара бұлттардың санына, олардың мөлшерінің қалындығына, орналасуына назар аудару маңызды. Депрссивтік жағдайда барлық аспанды алатын ауыр қара бұлт бейнеленеді.

Шалшық су, батпақ, балшық бұл үрейлі жағдайдың салдарын, «жаңбырдан» кейін қалатын қайғыруларды бейнелейді.

Шалшықтың бейнелеу ерекшелігіне назар аудару қажет (форма, тереңдігі, шашыранды). Адам кескініне шалшық қалай орналасқанын ескеру маңызды. (Кескеннің артқы жағынаннемесе алдыңғы жанына орналасқан ба, адамдарды барлық жағынан қоршаған немесе оның өзі шалшықта тұр ма?).
Қосымша бөлшектер

Барлық қосымша бөлшектер (үй, ағаш, орындық, машина) немесе адам қолына ұстайтын заттар (сөмке, гүл, кітап) қосымша сыртқы тірекке деген қажеттіліктің көрініс ретінде қарастырылады.

Бөлшектерді көбірек толықтай түсіндіру (мәнін ашу) көрсетілген бейненің символдық мәнін құрайды. Мысалы, найзағай дамудағы жаңа циклдің бастауын және адамның өміріндегі қайғылы өзгерістерді бейнелеуі мүмкін. Найзағайдан кейін жиі пайда болатын күннің шығуын алдын-ала білдіретін кемпірқосақ толығымен орындалмаған армандарды білдіреді.

Қолшатырдың сырты жағымсыз нөсерлерден психикалық қорғанудың символикалық бейнесін түсіндіреді. Бйнелерді түсіндіру көзқарасы бойынша қолшатыр бейнесінде ана мен әкесіне байланысты белгі ретінде қарастырылады. Қолшатырдың жауын-шашыннан қорғауы да, қорғамауы да мүмкін.

Сонымен, мысалы үлкен қолшатыр-саңырауқүлақ адам адам үшін барлық қиын жағдайларды шешетін анасының немқұрайдылығын дәлелдеуі мүмкін.

Адамдардың кескініне қатысты қолшатырдың көлемі мен орналасуы психологиялық қорғаныс механизмі әрекетінің қарқындылығын көрсетеді.

Бөлшектердің бұрмалануы мен өткізілуі

Қатысты бөлшектердің болмауы шиеленісті жағдайларға және психикалық қорғаныс механизмдерін ығыстырудың салдары болуын көрсетуі мүмкін. Мысалы, суретте қолшатырдың қатыспауы қиын жағдайда ата-анасы жағынан көмектің болмауы жағдайын көрсетуі мүмкін.


Суреттердегі түстер

Суретті қарапайым қаламмен орындауға болады. Көп адамдар түрлі-түсті қаламның қолдануын қалайды. Егер зерттелушіде түрлі-түсті қаламдардың барлығы түгел болмаған жағдайда түстерге қарап шешім шығарудың қажеті жоқ.

Түстер белгілі бір сезімдерді, көңіл-күйді және адамдардың қарым-қатынасын білдіруі мүмкін. Сонымен қатар, әртүрлі реакциялардың және шиеленісу жағдайдың да бейнелеуі мүмкін.

Жақсы бейімделген эмоциялық қалапты бала әдетке 2-ден 5-ке дейінгі түстерді қолданады. 7-8 түстер жоғары лабильділікті көрсетеді. Бір түстің қолданылуы эмоциялық өзгеруде қорқыныштың болуын көрсетеді.


Қорытындылау кезеңі

Суреттің интерпретациялау кезеңі 1-ші және 2-ші кезеңінен алынған мәліметтер жиынтығы болып табылады. Стандартты тесттер нәтижесінің және адам туралы мәліметтерге қатысып алынған барлық материалдар талданады.



Тест нәтижесін талдау кестесі

Балалар аты







1. Айнабек Р.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.




2. Асылбек А.

Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз орнына қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде.




3. Әлия А.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.




4. Бағдағұл Р.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.




5. Боранбек О.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.




6. Ғазиза Қ.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысьщ, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.




7. Ғалым Қ.

Өзін бағалауы жоғары, әлеуметтік ортадағы өзінің орнына қанағаттанбайды, эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, мазасыздануы анық байқалады.




8. Гулсана В.

Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз орнына қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде.




9. Қайрат Г.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқак, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.




10. Қасым Ө.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

11. Мереке Ж.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

12. Мәдина Н.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыздық көрсетуі мүмкін

13. Мақсат Д.

Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз орнына қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде.

14. Маржан В.

Өзіне сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды.

15. Мария Х.

Өзіне сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды.

16. Марина

Өзіне сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды.

17. Мәбия Н.

Өзіне сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды.

18. Нұрғали Н.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз

19. Нәзгүл Х.

Өзіне сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды.

20. Насиба Т.

Өзіне сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды.

21.Ораз Е.

Өзіне сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды.

22. Өтеген Г,

Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз орнына қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде.

23. Перизат Ш.

Өзіне сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды.

24. Шуқырат Қ.

Өзіне сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды.

25. ШахсанаО.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз

26. Хусаин 3.

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

27. Фируза Ж.

Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз орнына қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде.

28. Халима Қ.

Өзіне сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 7 сынып оқушыларының басым көпшілігінің акцентуациясы нормаға жақын немесе соның дисперсиясы аралығында орналасқанын байқадық. Дегенмен, зерттеу барысында оқушылардың жартысында эгоцентризм анық байқалды, ал танымдық қызығушылығы жоғары, шешім қабылдауға пысық болғандары зерттелінушілердің үштен бірі. Сонымен қатар балар арасында өзіне сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм деген жарамсыз көрсеткіштер орын алды. Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз орнына қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде жиі кездесті.


2.2. Жеткіншектер акцентуациясын зерттеу нәтижелері
Психологтың жасөспірімдермен жүргізетін жұмысы ең алдымен олардың іштей үлкен болуы қажеттілігін, айналадағы ортада өзін анықтауы, өзін түсінуі өз мүмкіндіктерін білуі және өмірде өзінің бар екендігін көрсету сияқты міселелерге негізделген. Жасөспірімдерге олардың жекелік қалыптасу процесінің аяқталмағандығына қарамастан ересектерді диагностикалау мақсатында қолданылатын әдіс тәсілдер қолданады. Жасөспірімдер туралы толық білу үшін психологок ең алдымен жоғары сынып оқушыларының рсихикалық сферасының дамуына қарама қайшы келетін себептерді ескеру керек. Мектеп тәжірибесінде жасөспірімдермен жұмыс жүргізу барысында диагностика екі кезеңнен жүзеге асырылды: а) кіру диагностикасы; б) шығу диагностикасы.

Кіру диагностикасы - айналадағы немесе оқушы тарапынын түсетін шағымдар негізінде оқушының мәселесін анықтау және коррекциялық жұмыстың қандай бағытпен жүргізілетіндігеін анықтау үшін зерттеуге арналған арнайы әдіс тәсілдер арқылы оқушының картасын түзу.

Шығу диагностикасы - коррепкциялық жұмыстың оқушыға қаншалықты әсер еткендігін тексеру.

Көптеген сауалнамалар, бақылау және тәуелсіз мінездемелер жинау нәтижесінде мектептегі зерттелінген 7-8 сынып оқушыларының арасында оқытушылармен, құрбы-құрдастарымен, тіптен отбасында қарым-қатынас қиындықтарына бөленіп жүрген оқушылар бар екенін анықтадық. Сабақтан қашып, ата-аналарын мектепте оқып жүрмін деп алдап, ал өздері көшеде жүретін балалардың саны 9 бала болды.

Қарым-қатынаста қиындықтар орын алу себептері әр түрлі болғанымен оларды бес топқа бөліп топтастырдық. Олар келесі кестеде көрсетілген.


Оқу және қарым - қатынастағы қиындықтар себептері.

Зерттелінушілер саны

Мұғалім оқушыны жиі кіналауын бала көтере алмай конфликтіге түсіп жүргендер

3

Қатарластарымен тіл табыса алмай конфликтіге түсіп жүргендер, эгоцентризмі өте жоғары болуы және басқаларды төмен бағалауы

3

Қатарластарымен де мұғаліммен де конфликтіге түскендер

2

Физиологиялық бұзылыстар, психоз белгілерінің орын алуы

0

Өзіне конфликтілік қатынасы, өзін төмен бағалауы, басқалардан кем санауы

1

Қорытынды: зерттелген 28 оқушының ішінен 4 оқушының оқу және қарым - қатынас барысындағы қиындықтары өте тереңдеп кеткені анықталды. Олар мектеп талаптарын бұзуға жиі барып, кей кезде ішімдік ішетіндігі де анықталады. Қарым - қатынас және оқу барысындағы балалардағы кең тараған, бұзылыс мұғаліммен конфликтіге түсу болып табылады. Бұл жерде біз бір -біріне ұқсамайтын 3 конфликтімен кездестік:

Бірінші жағдайда, оқушы мұғалімді қабылдамайды, бала да мұғаліммен қатынас кезінде агрессия, дөрекілік пайда болады. Қатарластарымен де дәл осындай мінез - құлықты көрсетеді, Мұның себебі, өзін төмен бағалау болып табылады.

Екінші жағдайда, оқушы мұғалімнен қорқады, бала үндемейді, психологиялық жағынан тез жарақаттанады, сонымен қатар, бала қатарластарымен де қарым - қатынас жасаудан қашады т.с.с. Мұның негізгі -себебі жоғары мазасыздану, өзін төмен бағалау. Бұл балаларға оқу материалдарын меңгеру қиын, сондықтан бұлармен жеке жұмыс істеу керек. Қатарластарымен қарым - қатынас қиындығы олардың өзіндік басын бағалауы төмендеп кеткен.

Үшінші жағдайда, баланың үндемеушілігімен мұғалімді қабылдамауы арасында қарама -қайшылық туады, бірақ мұғалімге қатты қызығушылықпен қарйды. Бұл оқушыда танымдық мативацияның артта қалуы байқалады, бала мұғалімге сенбейді, сонымен қатар, өзінің айналасып жатқан іс-әрекетіне де сенімсіздікпен қарайды.

Зерттеулер нәтижесі бойынша белгілі болғандай, оқушылардың оқу және қарым қатынас барысындағы барлық қиындықтары өзіне сенбеушілік пен, мазасыздануы, өзін төмен бағалаумен байланысты екен. Сондықтанда оқушыларды бір коррекциялық топқа біріктіріп, коррекциялық жұмысты келесі бағыттар бойынша жүргізуді ұсындық:

1. Оқу дағдыларын қалыптастыру машықтарын жүргізу;

2. Баланың отбасы және қатарластары арасындағы қарым қатынасын реттеуге арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру;

3. Баланың қарым қатынасына кедергі болып отырған кейбір жеке қасиеттерін өңдеу қажет екенін түсіндіру және коррекциялау;

4. Баланың өзін-өзі бағалауын адекваттыққа жақындату мақсатымен баланың өзіндік бағалауын реттеу, көпнәрсе қолынан келетінін дәлелдеу мақсатында оның әрекеттерін ұйымдастыру.

Осы міндеттерді орындау үшін арнайы психологиялық ойындарды іріктеп алып, оларды зерттелінушілердің оң қасиеттерін нығайту үшін қолдандық. Жүргізілген коррекциялық жұмыс үш аптадан кейін оң нәтиже бере бастады. Нәтижелерін пысықтап, бекіту үшін нормадан ауытқулары басқалардан асық болған тоғыз оқушының ата-аналарымен психологиялық кеңес беру жұмысы жүргізілді.

Ата-аналарға келесі кеңестер берілді;

А) Мұндай оқушыларды еш уақытта катты сынауға, тиым салып, түсіндірмей, ұрсумен басуға болмайды. Сондықтанда ата-аналармен мұғалімдер мазасыз және сезімтал балалардыі эмоционалды күйін үлкен шыдамдылықпен қабылдауы керек. Мұндай балаларға барлық айтылған нәрселер оларға қаратылып айтылмайтындығын түсінуіне көмектесу керек. б) Әдебиеттерден жеткіншектік кезеңнің драмалық уайымдауларға, қиындықтармен кризистерге толы екендігі белгілі. Өйткені жеткіншектік жас диспропорциялану кезеңі болып табылады. Бұл жаста адам өзінің физикалық ерекшелегіне көбірек көңіл бөле бастайды, айналадағылардың көзқарасына деген реация күшейе түседі, тез өкпелеу басым болады.

Пайдаланған тестердің барлығы психодиагностикалық мағнасымен қатар коррекциялық әсері бар екені сөзсіз. Дегенмен арнайы жасалған коррекциялық ойындарды пайдаланудың орны басқаша. Сондықтан бірнеше коррекциялық ойындар ұйымдастырдық.


«Мәдениаралық өзара әрекет» тренингі.

Мақсаты: Топта әр адамның өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қалыптастырудың ең тиімді жолы - ойын тренингін жүргізу. Ойын адамның мінез-құлқын, қабілетін, әлеуметтік ортада өзін ыңғайлы сезінуге үйретіп, өз қүрбыларымен, оқытушылармен қарым-қатынас жасау жолдарын көрсету, мінез-құлық нормаларын меңгертіп, құндылықтары мен таныстыру үшін тиімді әдіс-тәсілдер жинағы болып табылады. Сондықтан коррекцияның басым көпшілігі ойын арқылы жүргізіледі.

Ойын барысында қатынасушылар талап ететін тұлғааралық қатынасты құру арқылы балалардың жалпы мәдениетін көтеруге мүмкіндік туады. Топтағы балалардың бір-біріне сенімі артып, қарым-қатынастағы кеңістіктің маңыздылығын жете түсінуге көмек көрсетіледі және серіктерстік қатынас барысында кеңістікте орналасудың өзінің өте маңызды екенін, оның әсерін түсінеді.

Ситуативті-коммуникативті ойындар.

Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және мамандық таңцау ситуациялары арқылы оларды жақын болашағын болжамдауға үйрету және басқалармен сыйысымды болу қажеттілігін мойындату. Міндеттері:

- коммуникативті ойындар барысында балардың ашық-жарқындығын тәрбиелеу;

- балалардың қарым-қатынасын мақсатты түрде ұйымдастыру және оны басқару;

- балаларды өздерінің қарым-қатынасын басқаруға үйрету; балардың әр түрлі мамандықтарға қатынасын қалыптастыру; мамандық таңдау моделін құру. Қолданылған тренингтік ойындар.

1. Амандасу.

Топтағылар сыртқы және ішкі шеңбер құрып бір-бірімен қарама-қарсы жұптасып тұрады.

Бірінші вариант.

Қарама-қарсы тұрғандар бір-бірімен мимика және пантомимика арқылы амандасып, өздерінің достарын көргеніне қуанышты екенін білдіреді.

Екінші вариант.

Топтағалар бір-бірімен қол алысып, құшақтасып амандасады және амандасқан адамына жылы жүзбен қарап, оған бірнеше жағымды сөздер айтады. Қанша көп адамға жылы сөз айтса, сонша ол адамның өзінің көңіл-күйі көтеріңкі болады.

Осы сияқты тренингтік ойындардың бірнеше түрлерін әр тренинг кездесуіне дайындап келу керек.

Жүргізілген тренингтерге оқушылардың қызығушылығы өте жоғары болды. Қатысушылар басқа оқушыларға өздерінің алған тәжірибесін және сезімін айтып бергенде басқа оқушылар да тренинке қатысқысы келетіндігін, барлық мектеп оқушыларына арнап жүргізу керек екендігін айтты.

2. Біз нені жақсы көреміз?

Қоршаған ортамен қатынас жасағанда біз олардың ішінен ұнайтын және ұнамайтын нәрселерді байқаймыз. Көбінесе бұл бағаны біз адамдардың ішкі қасиеттерімен байланыстырамыз. Сол сияқты адамдардың да бізге ұнайтын және ұнамайтын мінез көрсеткіштері бар. Қазір әрқайсысың қағазға адамдардың қандай қасиеттерін жоғары бағалап қабылдайтынымыз туралы жазып беріңдер. Кім туралы жазып отырғандарыңды айту міндетті емес. Ұнамды қасиеттер көп адамдарда кездесетін жинақы болуы мүмкін.

Енді өзіңе өте ұнайтын бір кісінің ерекше ұнайтын бес қасиетін белгеле. Бастадық.

Берілген мерзім аяқталғаннан соң барлық қатысушылар шеңбер бойынша отырып сағат тілімен кезектесіп жазған қасиеттерін оқып шығады. Оқыған қасиеттер бойынша кімді танығанын айтып береді. Сонымен, өздеріне кім, не үшін ұнайтынын анықтайды. Жазылған қасиеттердің қайсысы өзіңе тән? Бұл сұраққа әркім өзі өзіне жауап беруі керек. Қай мамандық болсада адам қызмет орнында табысты болу үшін жағымды мінез көрсеткіштері басым болуға тиіс екені анықталады.

3. Шеңбер бойынша фраза.

Балаларға қандай да болса бір қарапайым тапсырманы басқаларға жеткізу ұсынылады. Мысалы: Бастық тапсырма берді: бақта алмалар түсіп жатыр. Оны жинап алып, қолдануға жарайтындарын бір ыдысқа, ал жарамайтындарын екінші ыдысқа салып, олармен не істеу керек екені айтылады.

Енді, жүргізушінің оң жағындағы ойыншыдан бастап осы фразаны кезекпен келесі отырғанға тапсырма ретінде айтамыз. Әр адам ол фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (қуанышты, сұраулы, таң қалушылық белгісімен, немқүрайды және т.б.) Егер қатысушы жаңа интонация таба алмаса ол ойыннан шығады. Ойын үш-төрт жеңімпаз қалғанынша жалғастырылады.

Қарым-қатынас барысында интонацияның орны, тапсырманың мағынасын дәл жеткізе алатындығы талданады. Қызмет барысында бастық пен орындаушы арасындағы түсінбеушілік тапсырманы дұрыс тыңдамағаннан шығатыны анықталады.

4. Айна.


Қатысушыларға төрт тапсырма беріледі:

Жолсапарға жиналу.

Автобуспен адамдар тасу.

Дастархан даярлау.

Психологиялық кеңес беру.

Бұл тапсырмалардың ерекшелігі мынадай. Әр тапсырманы екі адам жұптасып орындайды. Жұптағылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, екеуінің біреуі уақытша айна болады да, ол өзінің жұптасының барлық құймылын дәл қайталауы керек. Бір көріністен кейін жүптағылар рөлдерін ауыстырып келесі тапсырманы сол орындау шарты бойынша жасайды.

Топағы басқа балалар көрермендер болып, айна ролін орындаушының шеберлігін бағалайды. Біртіндеп барлық қатысушылар жүптасып ойынға қатысады және әр жүптың орындаған тапсырмасы бұрынғылардікін қайталамайтындай болуы керек.

Әр топтағыларға басқа-басқа мамандықты көрсететін тапсырмаларды анықтау қажет.

5. Елсіз арал.

Психолог қатысушыларды ойын шартымен таныстырады. Мұхит бойында бірнеше күн болған табиғи оқиғадан кейін кемедегі адамдар елсіз аралға келіп орналасады. Осы аралда олар 20 жыл өмір сүреді. Апаттан құтылғандардың қолында үрлеме қайықтан басқа ештеңе қалмайды.

Ойынға қатысушылар үш топқа бөлініп, үш саладағы мамандық өкілдері болады (ауыл шаруашылық, құрылысшылар, қызмет көрсету жүйесі қызметкерлері). Олар тіл табысып, бір бірінің мамандықтарын толықтырып, барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етуі керек. 20 жыл ішінде апаттан құтылғандар қалай өмір сүріп, қандай салт-дәстүрлерге, қандай заңдарға сүйеніп өмір сүретінін, нені өсіріп, олардың өмір сүруіне кім басшылық жасайтынын, қандай мерекелерді ашып, тағы қандай құндылықты басшылыққа алатынын көрсетуі керек.

Әр топ тапсырманы алғаннан кейін екі сағаттай дайындық жұмысын жүргізеді. Топқа дайындаған көріністі көрсетуге 30 минут уақыт беріледі. Топ өздерінің қай мамандық өкілі екенін ешкімге айтпайды. Олар өздерін жан-жақты таныстыру үшін көрнекі құралдарды, көптеген көріністер, өмір салтын ұсынады. Басқа екі топ мүшелері көрермендер бола отырып олардың кәсібін анықтауы керек.

1. Тұсаукесер.

Топтағы қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Психолог немесе басқа сайланған жетекшіден бастап әр қатысушы топқа өз бейнесін таныстырады. Психолог: «Қатасушылар, сіздер ыммен, қол қимылдары арқылы, позамен, бір-екі ауыз сөзбенен өздеріңізді топпен таныстырасыз. Барлық әрекеттер сіздің өзіңізді қандай адам тұрғысында сезінетініңізді, басқалардың сізді қалай қабылдауын қалайтыныңызды көз алдыңызға елестетіп, сол туралы ойыңызды басқаларға толық жеткізуге тырысыңыз» - деп түсіндіреді. Жүргізуші түсіндіру сөзінен кейін өзі топтың алдына шығып өзі туралы барлық мәліметтерін толық түсіндіреді. Содан кейін әр қатынасушы шеңбер бойымен өзін таныстырып шығады.

Тұсаукесер аяқталғаннын кейін әр адам өзі туралы қандай мәлімет бергенін басқалардың түсінгенімен салыстырып талданады. Сақталатын рет -ең бірінші танысушылар пікірін тыңдап, одан кейін өзін таныстырған адамның не айтқысы келгенімен салыстырылады. Талқылау барысында психолог келесі сұрақтарды қояды:

- Сізге осы адамның өзін таныстыруы есте қаларлықтай әсер етті ме

- Сізге кіммен танысу өз ерекшелігімен әсерін тигізді?

- Қай топ мүшесі тапқырлығымен, артистігімен сізге ұнады?

- Кімге қандай қосымша сұрақ қойғыларыңыз келеді?

- Кімнің айтқан сөздері және дене қимылымен көрсеткен ірекеттері сіздерге түсініксіз болды? Сіз сол адамға қандай да бір сұрақ койғыңыз келеді ме?

Осы тәртіп бойынша жүргізілген ойынның соңынан басқаларға әсерлі болу мәнерлері туралы әңгіме айтылады.

7. Мұзжарғыш.

Қатысушылар екі қатар құрып, бір біріне қарап тұрады. Мақсаты: серіктесті итеріп жіберу арқылы балаларға оғаш мінездің теріс, сыйымсыз мінез екенін түсіндіру. Талқылау. Қойылатын сұрақтар:

- Неге осы ойын барысында ұнамсыз сезім пайда болды?

- Сіздің өміріңізде кездескен осындай «мұзжарғыштар» туралы айтып беріңіз?

- Оларға қалай әсер етуге болады?

Бұл жерде біз жеті ойынның қысқаша мазмұнын келтірдік. Барлық ойын тренингіне арналған сценарииларды тақырыпқа икемдеп варианттарын жасап алуға болады. Бұл ойындардың оқушыларға болашақ өмір тек ойында ғана жеңіл, соның өзін шешу қиын болып отырғанын түсіндіру керек. Сондықтан мамандық таңдауға зер салып, өте жақсы дайындықпен бару қажет екенін әр бала түсінсе, психолог бұл саладағы міндетін орындау жолында деп айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет