Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері



бет15/46
Дата26.12.2023
өлшемі101.18 Kb.
#488015
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
психология

18. Тұлғаның қабілеті және нышандары.
Нышан – мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер кезінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс беоеді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшаңдық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі – хирург дәрігер, екіншісі – гимнаст, үшіншісі – суретші т. С. С.
Қабілет – жеке адамның оқшауланып тұратын құрылымы емес. Ол адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа қасиеттермен табиғи бірлікте болады.
Жеке адамның потенциалды күшін қаншалықты толық пайдаланатындығы және қабілетін дамытуы оның қасиеттерінің жиынтығына тәуелді болады.
Маңызды әлеуметтік талпыныстар адамның белсенділігін арттырады. Іске деген сүйіспеншілік талант пен қабілеттің дамуы мен көрініс беруінің басты шарты. Қабілеттің дамуындағы маңызды кезең – кедергілерді жеңе білу / мұндайлар адамға қолайсыз сыртқы жағдайлардың, не мүше кемістігінен: сақау, соқыр, сңырау/ және адамның өз көңілі ауған және бұған біршама ыңғайы бар істі меңгеруі.
Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екеншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылық істің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік – нақты әс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы соалалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылық мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.
Іс-әректпен айналысқан адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, бойындағы жетістік, кемістігін икемі мен күшқуатын, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапарларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет