ХХ ғ. шет елдерде салыстырмалы психологияның дамуы. Психологиялық бағыт.
Жануарлардың мінез-құлқын зерттеу жұмыстарын жалғастырып, бихевиоризм және оның жаңа бағыттары жануарлардың үйрену дағдыларымен бірге ой қабілеттерін де зерттеді. Жануарлардың көптеген түрлері зерттелді: омыртқасыз жануарлар, сүтқоректілер, құстар, приматтар. Бұл зерттеулердің толық суреттемелері Р.Хайнд, Р.Шовен, Д.Дьюсбери, О.Меннинг, Д.Мак – Фарленд еңбектерінде берілген.
Салыстырмалы-психологиялық зерттеулер Р.М.Йеркс бастаған дәстүрлерді жалғастырып, антропоидтердің жоғары психикалық қабілеттерін зерттеуіне бағытталады. ХХ ғ. бойы бұл зерттеулер маймылды адамға «тарту» жолымен жүргізілді. В.Келер «шимпанзе адам дерлік» деп айтса, ал Н.Н.Ладыгина-Котс «Шимпанзе адам дерлік емес, ол мүлдем адам емес» деп сендірген.
Шетелдік психологтар жоғары маймылдардың күрделі психикалық қабілеттерін анықтауын мақсат етті.
Сондықтан олар бірінші кезекте маймылдардың антропогенетикалық маңызды қабілеттерін зерттеді: ақыл-ой қабілетін (В.Келер, Д.Румбо, Д.Гиллан), еңбек құралдарын жасап қолдану қабілетін (В.Келер, К.Паркер, Ю.Летмат), жасанды белгі құралдарын меңгеру (К.Хейс, Л.Келлог, В.Келлог, Д.Премак, Д.Румбо, Е,Сэведж-Румбо, Ф.Патерсон, Р.Гарднер), сана-сезім белгілерін (Д.Гриффин, Г.Галлуп) зерттеді.
Достарыңызбен бөлісу: |