Р. Қ. Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. Қ. Бектұрғанова, В. А. Донбаева, К. У. Тоғызбаев, Л. А. Байбосынова


Мемлекеттік басқару органдары метрологиялық қызметінің негізгі қызметтеріне



бет2/63
Дата27.01.2023
өлшемі2.41 Mb.
#468817
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Р. Қ. Ниязбекова метрология каз

Мемлекеттік басқару органдары метрологиялық қызметінің негізгі қызметтеріне:

  • бірыңғай техникалық саясат жүргізу, біртұтастықты қам- тамасыздандыратын және қажетті дәлдіктік өлшемдер жұмыстарына жалпы басшылықты іске асыру;

  • метрологиялық бақылауды жүргізу;

  • метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру негізінде жұмыстар мен қызметтердің және өндірістің тиімділігін жоғарылату;

  • біртұтастықты қамтамасыз етудің сұрақтары бойынша уәкілетті органмен және осы мекемеге қарасты бөлімшелермен өзара байланысын жүзеге асыру;

  • мекеменің метрологиялық қамтамасыз етуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;

  • ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстары бойынша өл- шемдердің жағдайы, бақылау мен талдау;

  • мекеменің метрологиялық қамтамасыз етуінің бағдар- ламалары, мекемеге қарасты бөлімшелерді ұйымдастыру және орындау бойынша жұмыстар басқару;

  • мекеменің бөлімшелерімен дайындалған нормативтік құ- жаттардың метрологиялық сараптамасы;

  • өлшеулер жүргізуге арналған әдістемені дайындаудың жұмыстарын ұйымдастыру;

  • өлшеу құралдары үшін сызбанұсқаларды дайындау және оны енгізу жұмыстарын ұйымдастыру;

  • өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациясын өт- кізуге қатысу;

  • сертификаттау сынақтарын өткізу бойынша сынақтық, аналитикалық зертханалардың аккредитациясына қатысу;

  • ҚР 50.2.2 басшылығына сәйкес аналитикалық, сынақтық және өлшеу зертханаларындағы өлшеу жағдайларының бағалауына қатысу және жұмысты ұйымдастыру;

  • метрология саласындағы кадрлардың квалификациясын арттыру, дайындық және дайындық алдындағы жұмыстарды ұйымдастыру түрлері;

  • біртұтастық өдшемдерін қамтамасыз ету сұрақтары бойын­ша уәкілетті органмен, оның бөлімшелерінің арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру;

  • уәкілетті органды мемлекеттік қадағалау бойынша аймақ- тық бөлімшелерге жәрдемдесу және мемлекеттік метрология- лық қадағалауды жүзеге асыру;

  • метрология саласындағы халықаралық байланыстар не- гізіндегі жұмыстарға атсалысу;

  • метрологиялық ведомстваларды қамтамасыз ету сұрақтары бойынша жиналыс, семинар, конференция мен көрмелер ұйым- дастыру;

  • метрологиялық қамтамасыз ету сұрақтары бойынша са- лааралық, аймақтық және халықаралық жиналыстар, семинарлар, конференциялар мен көрмелер ұйымдастыру кіреді.

1. Метрологиялық қызметтің заңды тұлгалары немесе олардың бөлімшелерінің негізігі қызметтеріне:

  • метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында барлық өнім түрлерінің өндірісі мен дайындау алдындағы сатылардың өлшеу жағдайларын талдау анализі жұмыстары мен қызметтерін іске асыру;

  • метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру негізінде бо- лашақта өндірістің тиімділігін арттыру іс-шараларының жоспа- рын дайындау;

  • өлшенетін өлшемдер мен өлшеу дәлдігі нормаларының номенклатурасының сәйкестігі, шикізат пен дайын өнімнің сапа көрсеткіштерінің өлшеу дәлдігінің талаптарға және нормаларына сай өлшеу құралы, шамалардың бірлік эталондары, жұмыстары мен қызметтері қолданылатын өлшеулерді орындау әдістемелері, өнімділік және технологиялық жабдықтың дәлдік, ең төменгі қиындық және бақылаудың ақиқаттығының материалдары мен сипаттамаларын анықтау бойынша жұмыстарды жүргізу;

  • өнімді сертификаттауға дайындауға қатысу, қызметтері мен сапа жүйелері;

  • қойылған талаптарға сәйкес технологиялық жабдықты тек- серуде, технологиялық үрдістер мен жұмыстарды, қызметтерді және жаңа өнім түрлерін дайындауға қатысу;

  • метрологиялық қызмет және оның іс-әрекетін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді есепке алу;

  • метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы жұмыстардың экономикалық тиімділігін бағалау;

  • өлшеу құралы мен сынақтарға қажеттікті заттарды, ша- малардың бірлік эталондарын, құрамы стандартты үлгілер, зат- тар және материалдардың қасиеттері; оларды өңдеу және алу туралы ұсыныстарды әзірлеу; тағы басқа жабдықтың өлшеу құралдарының алуға мәлімдемелерін құрастыру және зерттеу;

  • техникалық жағдайларды даярлау және оларды енгізу мен тіркеуге алуынуына қатысу;

  • өлшеудің құралдары мен әдістері және оларды уәкілетті ор- ганмен тағайындалған күйде енгізу;

  • сынақ аралық кезеңдерінің анықтауы бойынша өлшеу құ- ралдарының өңделуіне, техникалық тапсырмаларын анықтауға, жұмыстардың сынақтарын өткізуге араласу;

  • физикалық және заңды тұлғалардың, мемлекеттік бас- қару органдарының дайындау мен шығаруға деген қызы- ғушылықтарын, метрологиялық қамтамасыз ету үшін дайын- далатын және шығарылып жатқан өлшеу құралдарын, тексеру құралдары мен шамалардың бірлік эталондарын жасауға қатысу;

  • өлшеу құралының түрін тағайындау мақсатымен өлшеу құ- ралының сынаққа уақытылы таныстырылуын бақылау;

  • метрологиялық аттестация үшін өлшеу құралының уа- қытылы таныстырылуын бақылау;

  • бастапқы және бағыныңқылы эталондарды өлшеу құ- ралдарының тексерісі мен калибрлеуін ұйымдастыру кезінде анықтау;

  • материалдарды дайындау мен өлшеу құралдары импорты- ның мәлімдемелерін келістіруге қатысу;

  • өлшеу құралдарының тексерісі мен калибрлеу бойынша жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру, тексеріске арналған өлшеу құралдары жайлы уақытылы түсінікті қамтамасыз ету;

  • ішкі бақылау сапасы тексерісі мен өлшеу құралдарын ка­либрлеу салыстыруларын ұйымдастыру және жүргізу;

  • қолданыстағы өлшеу құралдарының жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;

  • шамалардың бірлік эталондарын, өлшеу құрылғыларын есепке алуға кіріспе, өлшеу құрылғыларын қолдануға жағдай жасау, осы құрылғылардың тексеріс пен калибрлеу кестелерін келістіру мен мұқият сақтау, тағайындалған міндеттемелерге сәйкес келмейтін құрылғыларды уақытылы алып тастау;

  • нормативтік және техникалық құжатқа сай міндеттеме-

лерге сәйкес өлшеу құрылғыларының пайдалану жағдайын
қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу;

  • стандартты үлгілердің құрамы, заттар мен материалдардың қасиетіне байланысты дайындау және ұйымдастыру, зертхана аралық зерттеулерге қатысу;

  • әзірлемелерді дайындау кезіндегі жұмыстар мен өлшеуді жүргізу әдістемесінің аттестациясын жүргізу;

  • өнімнің сапалық көрсеткіштерін бақылау кезіндегі өлшеу- дің барынша дәлдік нормасын, өлшенетін өлшемдердің тиімді рационалды номенклатурасын тағайындауға қатысу;

  • метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарына байланысты өндірістің дайындығын жүргізу;

  • өлшеу үдерістерінің автоматтандыру жұмыстарын жүргізу;

  • метрологиялық қамтамасыз ету бойынша өнімнің сынақта- ры мен сертификациясы жұмыстарын іске асыру;

  • өлшеулерді жүргізу әдістемесінің метрологиялық аттеста- циясы мен өлшеу құрылғыларын тексеру мен калибрлеуге ар- налған тексеру мен калибрлеу зертханаларының аккредитация- сына қатысу;

  • сертификаттау сынауларын жүргізу үшін талдау, сынақтық аккредитацияға қатысу;

  • өлшеу, сынау және талдау зертханаларында өлшеу жағдайының бағалау жұмыстарын ұйымдастыру мен оған қатысу;

  • жергілікті тексеріс сызбанұсқаларын дайындау және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен келісу;

  • шамалардың бірлік эталондарын, тексеру мен калибрлеу құрылғыларын қажетті деңгейде ұстау және сақтау;

  • метрологиялық қамтамасыз етудің регламенттеуші сұ- рақтары бар нормативті құжаттарды дайындау мен енгізу, өл- шеудің біртұтастығын қамтамасыз ететін саланың нормативті базасының жетілдіру жұмыстарына қатысу;

  • нормативті құжаттардың жобаларын, конструкторлық, жо- балық, технологиялық құжаттамалардың және техникалық есептердің метрологиялық сараптамаларын ұйымдастыру мен жүргізу;

  • метрологиялық бақылауды іске асыру;

  • метрологиялық қызметпен табылған біртұтастық өлшемде- рін қамтамасыз етудің кемшіліктерін жою бақылауын жүзеге асыру;

  • уәкілетті орган мен осы мекемеге қарасты бөлімшелер арасындағы біртұтастық өлшемдерін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша өзара байланысты орнату, мемлекеттік бақылау уә- кілетті органдарына мемлекеттік метрологиялық бақылау жасауға аумақтық бөлімшелердің көмек көрсетуі;

  • метрология саласындагы халықаралық қарым-қатынас жұмыстарына қатысу;

  • метрология саласындағы кадрларды дайындау, квалифика- циясын арттыру және аттестациялауды ұйымдастыру;

  • метрологиялық қамтамасыз етудегі сапа өнімінің кемшілік- тер көзқарасынан арыздардың анализін жүргізуге қатысу жатады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет