Мемлекеттік метрологиялық қадағалау аясы Мемлекеттік метрологиялық қадағалау өлшем нәтижелері: азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтама- сыз ету жөніндегі жұмыстарға;
өнімнің және көрсетілетін қызметтер сапасының нор- мативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігін сынау мен бақылауға;
қоршаған ортаның жай-күйін бақылауға;
еңбек жағдайларының қауіпсіздігін бақылауға;
сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы, соның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметте- рін көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар мен есеп айырысуларға;
мемлекеттік есеп операцияларына;
бұйымдардағы, құймалардағы, жартылай фабрикаттарда- ғы, дәнекерлемелер мен қалдықтардағы бағалы металдардың мөлшерін анықтауға байланысты операцияларға;
қару-жарақ, әскери және арнайы техника, арнайы өнімнің басқа да түрлерін өндіруге;
геодезиялық, геологиялық және гидрометеорологиялық жұмыстарға;
салық, банк, кеден және пошта операцияларына;
энергетикалық қорлардың барлық түрлерін шығару, өндіру, ұқсату, тасымалдау, сақтау және тұтынуға;
құрылыс салуға;
мемлекеттік басқару органдарының, соттың және құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша орындалатын жұ- мыстарға;
ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеуге;
ойын автоматтарын шығару және қолдану кезінде пайда- ланылатын өлшемдерге қолданылады.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлері Мемлекеттік метрологиялық қадағалауға: өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерінің қол- данылуын, шамалар бірліктерінің эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қадағалау;
сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарыла- тын тауарлардың санын қадағалау;
бума тауарларды ашқан, сатқан және импорттан алған кезде олардың санын қадағалау жатады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау:
жылына бір реттен жиі болмайтын жоспарлы тексеру;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіз- дер бойынша, сондай-ақ бұрын анықталған бұзушылықтарды жою нысанасындағы жоспардан тыс тексеру түрінде жүзеге асы- рылады.
Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды қойылған реттегі іскерлік сараптауға жататын, Қазақстан Республикасының заңымен орындалатын, атқаратын қызметімен және олардың кәсіби бағасын анықтау мақсатында тексеруді мемлекеттік ин- спекторлар жүзеге асырады. Мемлекеттік инспектор қойылған форманың тексеруіне тап- сырманы әзірлейді және оның прокуратура органдарында тір- кеуге алады. Тексеріс нәтижелері актпен әзірленеді, тексеруге қатысушы барлық комиссия мүшелері қол қояды. Мемлекеттік инспектор метрологиялық ережелер және нормалардың бұзушылықтарын анықтағанда қойылған форман- ың ұйғарымын құрайды. Жеке тұлға немесе заңды тұлғалардың жетекшісі айқындал- ған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданады. Мемлекеттік инспекторлар:
мемлекеттік метрологиялық қадағалау үшін нақтылы ны- сандарды тексеруді және қызметтік куәліктегі тапсырмаларды кедергісіз рұқсат алуға;
физикалық және заңды тұлғалардан құжаттар мен мә- ліметтерді сұрауға (олар метрологиялық қадағалауды өткізуі үшін қажетті);
техникалық құралдарды қолдану және тексерілетін ны- сандардың мамандарынан мәліметтер алуға;
өндіріс және өлшеу кұралдарының сәйкес келмейтін түр- лерін, метрологиялық іскерлік сараптаудан өтпегендерінің шығарылуын тыюға;
дәлдеу таңбасын өшіру немесе өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификаттарды жоюға (егер өлшеу құралы жарамсыз болса);
метрологиялық ережелер және нормалардың бұзылуы кезіндегі ұйғарымды орындауға толықтай құқылы.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік ба- қылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерулер түрінде жүзеге асырылады. Өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйін және қолда- нылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерінің қолданылуын, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттік метрологиялық қадағалау қарастырады. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыра- тын лауазымды адамдардың құқықтары Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды техникалық рет- теу және метрология жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар атқарып жүрген қызметтеріне сәйкестігін анықтау және кәсіби даярлығын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті ат- тестаттаудан өтуге тиіс.