Денсаулықты сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелерінің тармақтары орындалады.
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту және сабақ беру туралы не айтасыз?
Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. І. Қызығушылықты ояту «Жеміс себеті» ойыны Топ шеңбер құрып, орындықта отырады. Жүргізуші әр қатысушыға жеміс аттарын айтып шығады. Мысалы, алма, алмұрт, лимон, жүзім, апельсин, анар, банан т.с.с. Жүргізуші екі жемістің атын айтқанда, олар орындарын ауыстыруы керек. Ортадағы адамның міндеті - орын ауыстырушылардың бірінің орнына орналасу. Ол енді екі-үш жемістің атын бірге немесе «жеміс салаты» деп бәрін бірге айтуына болады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.
Топтастыру
Топтастыру. «Жеміс-жидектер топтамасы» әдісі
Оқушыларға алма және алмұрт жемісінің суреттері бейнеленген қағаздарды таңдауына тапсырма беріледі. Таңдалған жеміс атауы бойынша екі топқа бірігеді. І топ: «Алма». ІІ топ: «Алмұрт».
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі
(Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі ^ Мұғалім өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. ^ -Жануарлар мен құстарды қорғауға қандай үлес қосуға болады? (1- сурет) ^ - Ойыңмен бөліс. ^ 1-сурет бойынша қандай жоба тақырыбын таңдауға болады? -Әртүрлі жобалар жасауда бірнеше программаны бір уақытта қолдануға бола ма? Мысал келтір .
•Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді. •Егер сұраққа жауап дұрыс айтылмаса, мұғалім дұрыс жауапқа қарай бағыттап, дұрыс жауабын табуға көмектеседі.
Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісіарқылы бағалайды. Бес жұлдыз - Өте жақсы! Төртбұрыш - Жақсы! Үшбұрыш - Талпын!
Жаңа сабаққа дайындық
Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» әдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша жеткізеді. Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлеріментаныстырады.
Сабақтың ортасы (31 мин.)
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін). Мәтінмен жұмыс. «Кластерлер» әдісі Оқулықтағы «Жаңа білім» айдарында берілген мәтінді оқиды. Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді. Оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосып, өзара байланыстары туралы әңгімелейді. Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздеген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.
Интерактивті тақта
(Ж) 1-тапсырма -^огйРай-қа қойылған суретке 5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңдар. - Құрастырған мәтіндеріңді мәтіндік редакторда теріңдер.
Дескриптор •^огйРай-қа қойылған суретке 5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады. •Құрастырған мәтіндерін мәтіндік редакторда тереді.
Оқушылар бірін-бірі «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Бес жұлдыз - Өте жақсы! Төртбұрыш - Жақсы! Үшбұрыш - Талпын!