Р. А. Қадырқұлов, Н. К. Берістемова цифрлық сауаттылық



бет1/93
Дата19.09.2023
өлшемі219.61 Kb.
#477978
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Cifrlyk Sauattylyk Metodika 2 kl Kaz alter


Р.А. Қадырқұлов, Н.К. Берістемова
ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Әдістемелік нұсқау
Бастауыш білім беру деңгейінің
2-сынып мұғалімдеріне арналған

Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі ұсынған

АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ
Қадырқұлов Р.А., Берістемова Н.К.
Цифрлық сауаттылық: Бастауыш білім беру деңгейінің 2-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау. / Р.А. Қадырқұлов, Н.К. Берістемова. - Алматы: АЛМАТЫКІТАП БАСПаСы, 2022. - 110 бет.
© Қадырқұлов Р.А., Берістемова Н.К., 2022
© «АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ» ЖШС, 2022
Алғы сөз
Бұл нұсқаулық 2-сыныптың «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде ұсынылады. Әдістемелік нұсқауда жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сай дайындалған оқулықты үйлесімді пайдалану үшін, әрбір тақырыпты тиімді жоспарлау, оқыту және қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру барысында мұғалімдер қауымына арналған бағыт-бағдар берілген. Сонымен қатар «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаттары мен міндеттері, әдіс-тәсілдері, оқушы жетістігін бағалау, оқытудың әдістемелік ерекшеліктері, оқулық мазмұнының құрылымына түсіндірме, ұзақ- мерзімді және қысқамерзімді сабақ жоспарлары қамтылған.
Оқулықтың әрбір тақырыбының мазмұны мен құрылымы оқушы игеретін жаңа білім мен тәжірибеге бағытталған ой қозғау, психологиялық жағымды көңіл күй туғызатын ширату тапсырмалары, қызығушылықты арттыруға арналған проблемалық «миға шабуыл» сұрақтары, өз бетімен түсінуі үшін теориялық ақпарат, тәжірибелік дағдыны дамытуға арналған практикалық тапсырмалар, қосымша ақпараттар, жаңа білімді бекіту мен сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған сұрақтар, зерттеу жұмыстары қарапайымнан күрделі әрекетке бейімделіп көрсетілген.
Оқытудағы саралап оқыту тәсілдері барлық сабақ жоспары бойынша әдістемелік нұсқауда нақты көрсетілген. Саралаудың тәсілдері оқушы мен мұғалімге жұмыс жасау барысында өз көмегін тигізеді. Атап айтар болсақ, қарқыны жылдам және қарқыны баяу оқушыларға арнайы жетелеуші, қолдаушы, түрткі сұрақтар қою арқылы оқушыға қолдау көрсетіледі. Диалог және қолдау көрсету тәсілінде оқушының өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік туғызатын тапсырмалар құрастырылған. Оқулықта оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту мақсатында Блум таксономиясының деңгейлеріне сай тапсырмалар беріледі.
Қазіргі оқу-әдістемелік кешеннің заманауи компоненттерінің бірі - білім беру үдерісінің барлық қатысушылары: мұғалім, оқушы, ата-аналар қолданатын интернет-ресурстар (ЬіІішІапО/, Н8іа/.к/, 8тк.пІ8.ейи.к/, яаЬак.к/) жүйелі ақпарат, тәжірибе алмасу алаңы болып саналады.
Бұл оқу-әдістемелік кешен авторлардың жинақтаған тәжірибесі негізінде дайындалды.
Бастауыш сыныпта «Цифрлық сауаттылық» ііәііііі оқытудың мақсаты мен міндеттері



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет