Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет28/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

зерттеу пәні» деген үлкен еңбегінде психикалық бейнелеудің 
формаларын және олардың физиологиялық негізі –атақты кеңес 
физиологы И.П Павловтың бағдарлаушы рефлекс идеясына 
сүйеніп, белсенді және дағдылы әрекеттерді салыстыра келе, 
автоматты механизмдердің белсенді мақсатқа бағытталған 
әрекеттердің құрамына кіретіндігін анықтады. Бағдарланулардың 
белсенді және енжар түрлерін анықтап, психологиялық 


49 
бағдарлаушы іс-әрекеттің мазмұнын нақты көрсетіп зерттеді. Осы 
мәселелер П.Я.Гальпериннің зерттеу жұмысының негізі болып 
табылады. 
Қазіргі 
кезде 
П.Я.Гальперин 
және 
оның 
шәкірттері дамытқан ақыл-ой әрекеттерін немесе түсініктерін 
жоспарлы (сатылап ) қалыптастыру теориясы жалпы психология, 
балалар және педагогикалық психология салаларында толығымен 
дерлік қолданыс тапқан, психологиялық теориялардың бірі болып 
табылады. П.Я Гальпериннің пікірінше, әрекетті өзгертетін төрт 
параметр болады. Оларға орындалу, талдап-қорыту деңгейі, іс 
жүзінде орындалатын операциялардың толымдылығы, меңгеру 
шаралары жатады. Оған қоса бірінші әрекет параметрі одан 
кейінгі үш деңгейде болуы мүмкін: материалдық заттар мен 
әрекет; ішкі сөйлеу түріндегі әрекет; ақыл-ойдағы әрекет. Қалған 
үш параметр белгілі кіші деңгейде қалыптасқан сапаны 
сипаттайды: жалпылау, ықшамдау, меңгеру.П.Я.Гальпериннің 
тұжырымдамасы бойынша, ақыл-ой әрекеттерінің қалыптасу 
үрдісі келесі сатылардан тұрады: 
-бірінші кезеңде әрекеттің мотивациялық негізі қалыптасады. 
-екінші кезеңде әрекетті бағдарлау негізі қаланады. 
-үшінші 
кезеңде 
әрекеттің 
заттық 
формада 
қалыптасуы жүреді. 
-төртінші кезең бағдарлау сызбасының мазмұны негізінде, 
әрекет сөйлеу арқылы бейнеленіп, «әлеуметтенген дыбысты 
сөзбен» тұжырымдалады. 
-бесінші кезеңде сөйлеудің дыбыстық жағы біртіндеп 
жоғалады. 
-алтыншы кезеңде әрекеттің негізгі мазмұны қалады 
(интериоризация үрдісі өтеді).
П.Я.Гальперин «Ақыл-ой әрекетін сатылап меңгеру теориясы 
негізінде білім мен біліктілікті қалыптастыру» атты үлкен 
еңбегінде Б.М.Теплов, Н.Сачко, Л.М.Шварц, А.Ц.Пуни, 
Е.В.Гурьянов сияқты ғалымдардың эксперименттік жұмыстарына 
ғылыми талдау жасай отырып, «сананың қимыл дағдыларының 
қалыптасуындағы» маңызын көрсетті. Іс-әрекет бағыты оқыту 
үрдісінде оқушылар орындайтын әрекеттердің жүйесі болып 
табылады. Өз кезегінде әрбір әрекеттің құрылымы күрделі болып 
келеді. Әрекет–барлық психикалық функциялардың бірлік 
тұтастық жүйесі. П.Я.Гальперин салған бағыттың ерекшелігі 
сонда, оны жүзеге асыру барысында оқыту үрдісінің жеке 


50 
элементтері ғана емес, оқыту іс-әрекеті тұтастай талданады. 
П.Я.Гальпериннің жетекшілігімен жүргізілген экперименттер мен 
теориялық тұжырымдар, ақыл-ой әрекеті психикалық іс-әрекетте 
ғана емес, практикалық іс-әрекетте де қалыптасады деген 
қорытындыға келуге мүмкіндік берді. (Психология 4 т. 65-90 б.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет