Р. Б. Доскалиева


Өзіндік бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет93/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Өзіндік бақылау сұрақтары 
1. 
Практикалық психологияда психодиагностика маңызы 
2. 
Психологиялық диагноз түсінігі
3. 
Психологиялық болжау дегеніміз не? 
4. 
Психологиялық көмекті сипаттау 
5. 
Диагностикалық интерпретация 
6. 
Педагогикалық диагноз қалай анықталады 


160 
15. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Еліміздегі жаңа әлемдік – мәдени білім беру кеңістігіне 
шығу, ғылым мен білім беру жүйесінің дамуының қазіргі жаңа 
технологиялары – психологиялық білім беру жүйесі мен 
психологиялық қызметтің, мақсат, міндеттері мен мазмұнында да 
жаңаша сипат алуда. Мысалы, қазіргі зерттеулерге сәйкес 
ғалымдар психодиагностиканы үш деңгейде талдап, төрт топқа 
топтастырып қарауда. 
Психодиагностиканы төрт негізгі компоненттен тұратын 
жүйе ретінде қарастыруға болады. 
Бірінші компонент – тестілеудің классикалық және жаңа 
теориялары.Тестілердің классикалық теориясы мен даму 
психологиясы арасындағы қатынаста қайшылық бар. Мұның 
себептерінің бірі тестілердің классикалық теориясының негізінде 
мінез – құлық пен танымдық саладағы тұрақтылық сипатталады, 
яғни олар уақытқа байланысты өзгермейді деп есептелінеді 
(Уиитман 1988). Қазіргі жаңа тестілер теорияларында 
мінездемелер өзгеруі мүмкін және өзгерісті модельдеуге болады 
делінген. Егерде тапсырмалардағы жауап адамның белгілі бір 
қасиеттерімен байланыстырылса және тапсырманың параметрі 
бойынша анықталса, осы параметрге орай өзгерістерді шкаламен 
көрсетуге болады.
Екінші компонент - даму теориясы. Көптеген даму 
теориялары бар екені жоғарыда айтылған болатын. Негізінен 
олар екі парадигмаға, яғни «ағзалыққа» және «механикалыққа» 
бөлінеді, бірінші жағы ХІХ ғасырдағы даму психологиясының 
әлеуметтік эволюцияға бағытталуымен және екінші жағы 
эксперименталды психология мен корреляциялық типтегі 
зерттеулер байланысына орай түсіндіріледі. Ағзалық және 
механикалық парадигмалар негізінде әртүрлі теориялар мен 
зерттеу әдістері құрылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет