Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Гумманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебі
«Қорғауға жіберілді»
___________ БББ жетекшісі А.Жолдабаева
(қолы)
Диплом жұмысы
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы оқытудың белсенді әдістері
6В01730 – «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы
Орындаған ______________ (Сафарбаев А.Б.)
(қолы)
Ғылыми жетекші
(п.ғ.к., профессор) ________ (Байғожина Ж.М.)
Бағалаушы___________ Кульбаева Б.Т.
(қолы
П авлодар 2020ж
Мазмұны
№
|
Кіріспе
|
3
|
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТСАТЫРУ МАҢЫЗЫ
|
1.1
|
Коммуникативтік құзыреттілік дегеніміз не және оның маңызы қандай?
|
5
|
1.2
|
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру
|
18
|
ІІ. КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
|
2.1
|
Ақпараттық технологиялардың коммуникативтік құзыреттілікті дамытудағы рөлі
|
29
|
2.2
|
Коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастырудағы оқытудың дәстүрлі емес әдістері
|
42
|
2.3
|
Зерттеу нәтижелері
|
63
|
|
Қорытынды
|
67
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
|
70
|
|
|
|
Кіріспе
«Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі қазіргі – заманның қажеттілігі».
(Н.Ә. Назарбаев)
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда ақпарат алмасу сондай-ақ мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың артуы нәтижесінде шетел тілін оқытуда теориялық және практикалық мақсаты-лингводидактика болып табылады.
Лингводидактиканы іске асыру нәтижесінде-оқушылар шетел тілін үйренуде коммуникативтілік құзіреттілігі арттыра түседі. Шет тілін оқытуда құзіреттілікті қалыптастыру күрделі процесс, оқушы мен мұғалім арасында сөз әрекетін қалыптастыру болып табылады.
Әдістемелік әдебиеттерде құзіреттіліктің лингвистикалық, лингвоәлеуметтік түрлері оқушылардың бойында тілдік бірліктің формасын, мәдениетаралық қарым-қатынас қабілеттілігін дамытуға болады деп көрсеткен.
Кез-келген тіл, ана тілі болса да, шетел тілі болса да қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Сол себепті адамдар арасындағы әрекеттестікті, әлеуметтік, мәдениетаралық өмір жағдайында ықпал етуді іске асырады.
Лингвистикалық құзіреттілікті қалыптастыруда аса маңызды рөл алатын лексикалық материалды меңгеру танысу, бекіту және практикада қолдану кезеңдерін қалыптастыру оқушылардың ойлау, еңбек, таным қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі. Лингвистиклық құзіретті түрлі жобалау, case study, lesson study сияқты әдіс-тәсілдерді қолданып, оқытудың ең тиімді әдіс деп қарастыруға болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда нұсқау болар көп қағида берілген. Бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне оқытудың оңтайлы, жаңашыл үлгісін қолдануға мүмкіндік береді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дәстүрлі оқыту оқушыларға дайын белгілі білімдерді беру процесіне негізделген болса, жаңаша оқыту технологиясы- оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау болып табылады.
Бұл әдіс-тәсілді қолдану барысында интерактивтік, когнитивтік іс-әрекеттерді оқушылардың жеке басының мүмкіндіктерін белсендіру мақсатымен жүзеге асыру көзделеді.
Тілдік, яғни шетел тілдік коммуникация процесі күрделі де, көпаспектілі құбылыс. Лингвистикада коммуникативтік құзіреттілік лингвистикалық құзіреттілікке ие болу деп түсінеді.
Осыған орай бұл салада жұмыс істеп, осы мәселемен шұғылданған көптеген әдіскерлердің еңбектерін атауға болады. Оның ішінде: Гез Н.И., Бондаренко О.Р, Гoлoвaнова И.А., Тaрaсов Е.Ф, Дульянинов А.Г.
Достарыңызбен бөлісу: |