Мақсаты: скарлатинаның этиопатогенезін, клиникалық-эпидемиологиялық және лабораториялық диагностикасын, емдеу және алдын алу қағидаларын оқу. Скарлатина кезіндегі мейірбикелік процестің бес сатысы.
Сұрақтар: скарлатинаның этиологиясы
Әдебиеттер: Д. И. Дранкин, Е.Г. Маркина. Эпидемиология, М, 1987. – С. 290-292.
Тест сұрақтары: 1.Скарлатина инфекциясының көзі кім болып табылады: 2
А ауа
Б ауру жануар
Вауру адам
Гбактерия тасымалдаушы
Д су
2. .Скарлатинаның беріліс механизмі
А аэрозольді
Б фекальді-оральді
В контактілі
Г трансмиссивті
Д вертикальді
3.Скарлатина кезіндегі маңызды беріліс жолы
А ауа-тамшылы
Б ауа-шаңды
В тұрмыстық-қатынастық
Г тағамдық
Д сулық
4.Скарлатина қоздырғышы қай топқа жатады:
А вирус
Б саңырауқұлақ
В прокариот
Г бактерия
Д қарапайымдылар
5. Скарлатина қоздырғышын көрсетіңіз:
А алтын тәріздес стафилококк
БА тобындағы бета-гемолитикалық стрептококк
В Б тобындағы бета-гемолитикалық стрептококк
Г көк ірің таяқша
Д пневмококк
6.Скарлатинаға қандай маусымдылық тән:
А қыс
Б көктем
В жаз
Г жаз-күз
Д күз-қыс
7.Скарлатинаның тиімді лабораториялық әдісі:
А) қанның клиникалық анализі
Б) бактериологиялық әдіс
В) серологиялық әдіс
Г) бактериоскопиялық
Д) рентгенологиялық
8. Скарлатина ошағында жүргізілуі керек:
А)жасырын кезеңде медициналық бақылау
Б) жедел алдын алу
В) күнделікті дезинфекция
Г) жанасуда болғандарды бактериологиялық зерттеу
Д ) жанасуда болғандарды бактериоскопиялық зерттеу
9. Скарлатина кезіндегі эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары:
А +науқас балалар мен ересектерді жекелеу
Б дезинфекция
В АКДС вакцинациясы
Г сарысу енгізу
Д иммуноглобулин енгізу
10. Скарлатинамен ауырған балаларды, ересектерді жекелеу мерзімі
А жекеленбейді
Б ауырғаннан бастап бір айға
В ауырғаннан бастап 22 күнге
Г клиникалық сауығудан кейін 6 күнге
Дклиникалық сауығудан бастап 12 күнге
Тақырыбы:Риккетсиоздар: эпидемиялық бөртпе сүзек және Брилл-Цинссер ауруы этиопатогенезі, клиникалық-эпидемиологиялық, лабораториялық диагностикасы, емдеу және алдын алу қағидалары. Мейірбикелік процестің бес сатысы.
Мақсаты: студенттерді эпидемиялық бөртпе сүзек және Брилл-Цинссер ауруы кезіндегі эпидемиялық процестің даму заңдылықтарымен, клиникалық көріністерімен, лабораториялық мәліметтердің маңыздылығымен, алдын алумен, мейірбикелік процесті ұйымдастырумен таныстыру.