Қр іім тжк шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің



Дата16.06.2016
өлшемі244.5 Kb.
#138363
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар Комитеті

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі



ҚР ІІМ ТЖК

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстарының

ЕСЕБІ

Зайсан қаласы

2015 жыл, маусым

ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД Зайсан ауданының ТЖБ-нің 2015 жылдың

бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстарының

есебі
1.Зайсан ауданының ТЖБ 2015 жылдың жұмыс жоспарына және ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД жоспары аясында, Министрліктің жүйелік потенциялының артуы, тәжірибелік, құқықтық және әлеуметтік – экономикалық, кешенді ұйымдастырушылық бағытта жұмыс атқаруда.

Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен белгіленген уақытта Үкімет бағдарламасымен негізгі бағыттарының орындалуы бойынша, ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңесінің хаттамалары, төтенше жағдайларды жою және алдын алу бойынша ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның, Министрліктің Коллегияларының алқа қаулыларында көрсетілген іс-шараларын орындау қамтамасыз етілуде.

Зайсан ауданының ТЖБ 2015жылға арналған жылдық жұмыс жоспары жасалынып, ШҚО ТЖД бастығымен бекітілген.Жоспарда қамтылған негізгі стратегиялық бағыттар:

-Азаматтық Қорғаныс жүйесін дамыту, төтенше жағдайларда күштер мен материалдық ресурстардың тиімді резервін құру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

-Төтенше жағдайлардың алдын алу және оның ауыртпалығын азайту;

Мақсаттар:

-Техногендік авариялардан болатын қауіпті азайту және шығынды барынша төмендету;

- Мемлекеттік материалдық резертер базасын құру;

- Апаттар мен дүлей зілзалалардан болатын қауіп-қатерді азайту;

- ТЖ қаупі мен туындауы туралы уақытында хабар беру;

Міндеттер:

-ТЖ кезінде халыққа көмек көрсету тиімділігін арттыру;

- ТЖ ден қою жөніндегі күштер мен құралдарды басқаруда жеделдікті арттыру;

- 2015жылдың 1-ші жартыжылдығында ҚР Бас прокуратурасының сайтына берілген жоспарлы өрт-техникалық тексерулерді толық қамту.

1. ҚР ҰҚК қарасты нысандардың өрт қауіпсіздік жағдайын толық жоспарлы тексеру

2. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты нысандардың өрт қауіпсіздік жағдайын толық жоспарлы тексеру

3. ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты нысандардың өрт қауіпсіздік жағдайын толық жоспарлы тексеру

Табиғи сипаттағы ТЖ алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін арттыру;



2. Зайсан ауданының ТЖБ тоқсан сайын атқарылған жұмыстар бойынша сараптама жасалып, сараланады, атап айтқанда:

Зайсан ауданының ТЖБ 2014-2015 жылғы өрт қауіпсіздік ережелерін бұзған лауазымды және жеке тұлғаларды әкімшік жауапқа тарқаны туралы салыстырмалы сараптамасы.

ІІ-ші тоқсан бойынша:

2014 жыл 14 лауазымды тұлғаға айыппұл салынған,сомасы-166680 тенге

34 жеке тұлғаға айыппұл салынған, сомасы-173967 тенге



2015 жыл 16 лауазымды тұлғаға айыппұл салынған,сомасы-475680 тенге

24 жеке тұлғаға айыппұл салынған, сомасы-237840 тенге

2 жеке тұлғаға ескерту жасалған.

Зайсан ауданының ТЖБ-нің өрт бойынша 2015 жылдың ІІ-тоқсанның сараптамасы

2014 жылдың ІІ тоқсанында болған 2015 жылдың ІІтоқсанында болған

өрттер – 15 материалдық шығын өрттер – 15 материалдық шығын -

900000 теңге 4202000 теңге

1. тұрғын үйлерде – 12 1. тұрғын үйлерде – 12

2. автокөлікте – 2 2. автокөлікте – 1

3. дала өрттері – 1 3. дала өрттері – 2

4. нысандарда – 0 4. нысандарда – 0

5. жану – 34 5. жану – 18

6. АҚЖ – 0 6. АҚЖ – 2





2015 жылдың ІІ-ші тоқсанында өрт қауіпсіздігін бұзу бойынша 5 жеке тұлға (оның ішінде 2 – ескерту) әкімшілік жауапкершілікке тартылып 21802 сомма айыппұл салынды.



3. 2015жылғы жұмыс жоспарына сай келесі іс-шаралар атқарылды:

2014-2015 аудан жолдарында қыс мезгілінде төтенше жағдайлар мен ауа райының қолайсыз мезгілінде қала, ауыл округі әкімдерінің, жолға жауапты мекемелердің, аудандық ішкі істер бөлімінің, Зайсан ауданының ТЖБ біріккен іс-әрекет жоспары жасалды, 2014жылдың 20 қарашасында аудан әкімімен бекітілді.

- 2014-2015жылдың қыс айларында Зайсан ауданындағы тіршілікті қамтамасыз ету нысандары үнемі бақылауда болды, қыс мерзімінде ешқандай авариялар болған жоқ, қазіргі уақытта үздіксіз жұмыс атқарылуда.

- 2015 жылдың 12 ақпанында Зайсан ауданы әкімінің «Көктем кезеңіне арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары туралы» № 79 қаулысы шықты, осы қаулының негізінде су тасқыны қауіпті кезеңдегі ТЖ алдын алу және жою жөніндегі аудандық штаб мүшелерінің құрамы бекітілді, су тасқынына қарсы ТЖБ бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді.

Көктемгі су тасқыны кезеңі қарсаңында 2015жылдың ақпан айында аудан әкімшілігі мамандарымен бірлесіп, 8 ауыл округтерінде жиналыстар өткізіліп, көктемгі тасқын қауіпті кезеңге дайындықтары тексерілді.Арнайы ауыл әкімдерінің өкімдері шығарылды, жоспар жасалынып, жұмылдыратын техникалар мен күш-құралдар дайындыққа келтірілді, меморандумдар жасалынды, кезекшіліктер ұйымдастырылды. Тексеру қорытындысы бойынша 2015жылдың 02 наурызы күні акт жасалып, ұсыныстар көрсетіліп, аудан әкімінің назарына ұсынылды.

- Ауданда су тасқының алдын алуға 100 тонна құм, 100тонна щебень, 4000дана қаптар дайындалды.Сонымен қатар 2-трейлер, 9-булдозер, 2-экскаваторлар, 6-автогрейдер, 8- автопогрузчик, 5-автокран, және 45-доңғалақты трактор, 25- автосамосвалдар су тасқыны кезеңінде үнемі дайын болды.

- Ауданда құм-тас алуға «Зайсан» құрылыс қомпаниясы және «Сму-Шығыс»ЖШС арнайы жабдықталған карьерлері бар.

- Су тасқыны қауіпті саналатын Үйдене су қоймасының жалпы сыйымдылығы 75,5 млн.куб, қазіргі уақытта су көлемі 45,90 млн.куб қалыпты жағдайда.

- 2015жылға Үйдене су қоймасына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін сметалық-жобалық құжаттар жасалынған, құны-800 млн.теңге, Жеменей өзеніндегі плотинаны қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін сметалық-жобалық құжаттар жасалынған, құны-305 млн. теңге, қазіргі уақытта Жеменей өзеніндегі плотинаның құрылысы жүргізіліп жатыр.

- Төтенше жағдайдың алдын алу және жою бойынша, су-тасқынының алдын алу үшін 2015жылдың әр тоқсанына өткізілетін оқу-жаттығулардың жоспар-кесте жасалынған, осы жоспарға сәйкес аудандағы шұғыл әрекет ету тобымен жаттығулар жүргізілуде.

Сонымен қатар Зайсан ауданының ТЖБ І-жартыжылдығында 03.02.2015ж «Көктемгі су тасқын кезіндегі ТЖ алдын алу» штабтық жаттығуына 12.03.2015ж-13.03.2015ж «Көктем-2015», 31.03.2015ж «Огонь-2015», 16.04.2015ж «Антитеррор-2015» штабтық жаттығуларына қатысты.

Аудан көлемінде барлық 8 ауылдық округте ерікті өрт сөндірушілер құрылымдары құрылған, 3 елді мекенде тірек пункттері құрылған, атап айтқанда:

1. Қаратал ауыл округі бойынша Қаратал ауылында

2. Шілікті ауыл округі бойынша Шілікті ауылында

3. Біржан ауыл округі бойынша Біржан ауылында

Аудандағы тірек пункттері мен өрт сөндіру жасақтары аудан әкімшілігінің ТЖ маманымен бірлесіп 2015жылдың сәуір айында өрт қауіпті кезеңге дайындығы тексерілді, орын алған кемшіліктер негізінде акт жасалып, ауыл әкімдеріне кемшіліктерді қалпына келтіру туралы тапсырмалар берілді.

2015 жылға аудан бюджетінен төтенше жағдайларды жоюға:

- 9 млн теңге,

- кезек күттірмейтін шығындарға 9 млн 732 мың теңге,

- барлығы 18 млн 732 мың теңге бөлінді.

2015жылы Зайсан ауданындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу мен жоюға арналған материалдық-техникалық резервтер:

- бензин 9000 литр,

- дизель отыны 10000 литр,

- «Нұр» сауда үйімен азық-түлікпен қамтамасыз етуге келісім-шарт жасалынған.

2015жылдың ІІ-тоқсанында Зайсан ауданының ТЖБ мен Зайсан аудандық Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы және Зайсан ауданы орталық аудандық аурухана мекемелері арасындағы ТЖ кезіндегі өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасудың регламенті жасалып, біріккен бұйрықтар бойынша бекітілді. Осы мекемелердің қатысуымен № 43 ӨСБ 3 рет семинар өткізілді.

Аудан көлемінде табиғи және техногендік қауіптерден халықты қорғау мақсатында аудан халқының білімін көтеру үшін Зайсан ауданының ТЖБ аудандық «Достық» газетіне 2015 жылы 20 мақала жарияланып, жарық көрді. Халықтың көп жиналатын орындарында «Төтенше жағдайлар кезіндегі елді мекендерде атқарылатын іс- қимылдар» атты үгіт- насихат парақтары ілінді, нысандарда 468 адам қамтылған 39 дәріс оқылды, аудан ұйымдарында 114 адам қамтылған 39 тәлімдеме жүргізілді, 1992 адам қамтылған 16 жиын (сход) өткізілді, жергілікті атқарушы органдар мен мекеме басшылары атына 24 хабарлама жолданды.

2015 жылы Зайсан ауданының ТЖБ жұмыс жоспарына сәйкес, Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженерлік-инспекторлық құрамымен «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңын, ҚР Үкіметінің Қаулысының, аудандық және облыстық әкімшіліктің өкімдері мен шешімдерін жүзеге асыру, елді мекендерде өрт қауіпсіздігін жоғары деңгейде сақтау мақсатында бекітілген жартыжылдық жоспарға сай кешенді түрде белгілі бір жұмыстар атқарылды.

Барлық нысандар саны – 507

Нысандардың тәуекел тобына бөлінуіне байланысты Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі 2015 жылдың І-жартыжылдығына ҚР Прокуратурасы сайтына жоспарлы түрде 44 нысанды тексеруді жоспарланған. Қазіргі таңда тексерілген жалпы нысан саны –39 оның ішінде жоспар бойынша 39 нысан тексерілді, ал қалған 5-нысан келесі себептермен тексерілмеген, атап айтқанда:

1.«М.Дауленов атындағы орта мектеп»- жабылуына байланысты

2. «Зайсан мектеп интернаты»- жабылуына байланысты

3. «Өнер мектебі» мекеме атауының ауысуына байланысты

4. «Бәйтерек сауықтыру алаңы» мекеме атауының ауысуына байланысты

5. «Әуежай» ведомстволық бағыныстылығының ауысуына байланысты.

Жалпы өрт қауіпсіздік ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін 42 адам әкімшілік жауапқа тартылып, соның ішінде 40 адамға 713520 тенге мөлшерінде айыппұл салынып, оның 35- нен 604510 теңге өндірілді, бұл өндірілген айыппұлдың 88 % құрайды.

Зайсан ауданының ТЖБ қызметкерлерінің бастамасымен 2015жылдың І- жартыжылдығында аудандық жеке кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және орта , кіші бизнес субъектілеріне қысымды одан ірі азайту мақсатында ҚР «Мемлекеттік қадағалау және бақылау», «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңдары аясында 11 рет «дөңгелек үстел» өткізілді.



Өртке қарсы нормалар бойынша.

Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің нормативтік-техникалық жұмысына бұйрық бойынша Зайсан ауданының ТЖБ бас маманы М.А.Қаскенов жауапты болып тағайындалған.

2015 жылдың ІІ- тоқсанында 3 АӨС қондырғысы қабылданды.

ТЖБ тарапынан қойылған өрт қауіпсіздігі кемшіліктері толық орындалған, техникалық регламент талаптарына сай жаңадан салынған, қайта жаңғыртылған 3 нысан пайдалануға қабылдаудан өткізілді. Салынып жатқан нысандардың құрылысшыларымен 2 рет дәріс өткізілді, 11 азаматқа өрт қауіпсіздігі жөнінен кеңес берілді.



Зайсан ауданы бойынша суда құтқару қызметінің 2015 жылдың І-жартыжылдығында атқарған іс шаралары:

2015 жылдың есептік кезеңінде аудан көлемінде 1 бала қайтыс болуы туралы фактісі тіркелген. Жыл басынан бері аудан көлемінде суда және мұзда адамдардың өмірін қорғау мақсатында 148 әңгіме өткізіліп 2626 адам қамтылды,75 адам нұсқамадан өткізілді. Мекеме, мектептерге суда және мұздағы сақтық шаралары бойынша 12 агитациялық плакат таратылды. Аудандық «Достық» газетінде 4 мақала жарық көрді.

Зайсан қаласында шағын моторлы қайық ұстайтын 1 азаматпен аудан көлемінде бола қалған төтенше жағдайлар кезінде суда адам өмірін құтқару жұмыстарымен шұғылдануға қызмет көрсету келісім-шарты жасалынды.

4. 2013жылдың 27 қарашасында аудан әкімінің Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия туралы № 267 қаулысы шықты және ережесі бекітілді.

2013 жылдың 25 желтоқсанында № 21-11/4 Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық аудандық комиссия құрамы туралы аудандық маслихаттың шешімі шықты.

2014 жылдың 25 желтоқсанында ТЖБ төтенше жағдайлар комиссиясының жоспары жасалынып, аудан әкімімен бекітілді.

Жоспарға сәйкес І-жартыжылында 4 рет ТЖК аудандық отырысы өткізіліп, хаттамалық шешімі шықты.



  1. Өткізілген күні-05.02.2014жыл, күн тәртібінде қаралған мәселе «Аудан аумағын, тұрғындарды су тасқынынан қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыру туралы.» Хаттамалық шешім негізінде ауыл әкімдеріне, тиісті мекемелерге тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды. Сонымен қатар көктемгі тасқын қауіпті кезеңде аудан әкімшілігінде 2015жылдың есептік кезеңінде 2 рет штаб отырысы болып, хаттамалары жасалынды.

  2. Өткізілген күні-02.03.2015жыл, күн тәртібінде қаралған мәселе «ШҚО ТЖД шұғыл хабарлау жүйесін қалыптастыру, жаға бекіту, өзен арналарын түзету, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмокүшейтілуіне жасалатын шаралар туралы.» Хаттамалық шешім негізінде ауыл әкімдеріне, тиісті мекемелерге тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.

  3. Өткізілген күні-06.04.2015жыл, күн тәртібінде қаралған мәселе «Аудан аумағындағы орман-дала өрттерінің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және өрттерді өшіруге дайындық туралы» Хаттамалық шешім негізінде ауыл әкімдеріне, тиісті мекемелерге тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.

  4. Өткізілген күні-29.05.2015жыл, күн тәртібінде қаралған мәселе «Жаз кезеңіндегі азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Хаттамалық шешім негізінде ауыл әкімдеріне, тиісті мекемелерге тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.

5. 2015 жылдың 1 жартыжылында № 43 ӨСБ автокөліктерін жөндеуге қосымша бөлшектерге тапсырыс берілді. Ғимараттарды және бөлмелерін қосымша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

6.Бөлімнің әлеуметтік дамуы.

Қазахстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауы бойынша Зайсан ауданының ТЖБ қызметкерлері мен № 43 ӨСБ жеке құрамына таныстырылып, бірауыздан қолданды.

2015жылы еңбек жағдайын жақсарту мақсатында іс-шаралар жоспарланған, негізгі іс-шаралар техника қауіпсіздігін сақтауға арналған.

2015жылдың наурыз мерекесіне Зайсан ауданының ТЖБ және 43-ӨСБ-де Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өткізілді. Зайсан қаласының ТЖД және 43-ӨСБ-де Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік іс-шараны өткізу барысында «Мәнгілік Ел» ұлттық идеясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, Қазақ хандығының 550 жылдығы қамтылды. Мерекеге өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен арнайы жеті тағамнан жасалатын «Наурыз көже» әзірленді. Бөлімде үлкен дастарқан жайылып, соғыс ардагерлері мен еңбек ардагерлері Наурыз мейрамына қонаққа шақырылды, қызметкерлердің арасында ұлттық жарыстар өткізілді, атап өтетің болсақ арқан тартыс, қол күрес, ән-сайысы. Жеңіске жеткен қызметкерлерге бөлімнің атынан арнайы дайындалған сыйлықтар таратылды. Шақырылған қоңақтар ризалығын білдіріп, ақ батасын берді. Наурыз мейрамы жоғары деңгейде, жақсы дайындықпен өткізілді.

2015жылдың 9 май мерекесінде жеке құрам шеруге қатысып, өрт сөндіру мекемесінің ардагерлерін шақыртып, өткен өмір жолдарынан сыр шертіп, жеке құраммен әңгімелесу шаралары атқарылды, ардагерлерге мекеме атынан сыйлықтар берілді.

7. Персоналды басқару жұмыстары.

Зайсан ауданының ТЖБ-де штат бойынша 4 жоғары білімді қызметкер жұмыс атқарады, оның 2 жоғары арнайы білімі бар.

№ 43 ӨСБ-де штат бойынша 33 қызметкер . Басшы құрам 8 адам, оның 7 жоғары білімді.Қарауыл бастықтары ҚДМ-де оқыды. Бөлім бастығы ӨСКҚ-де оқыды. Бөлім бастығының орынбасары Көкшетау қаласындағы ТЖМ КТИ курстарында оқып, біліктілігін жоғарылатты. 2015 жылдың 1 жартыжылында қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.
8. Проблемалық мәселелер: Зайсан қаласындағы № 43 ӨСБ ғимараттарының жылу жүйесін орталықтандырылған газ құбырына қосу.

Зайсан ауданының ТЖБ бастығы

өртке қарсы қызметтің капитаны А.Е.Сейлханов.

4-қосымша

Жергілікті атқару органдары, мекемелерді қызмет желісі бойынша хабарландыру


№ р/с

Хабарлама мәтіні

Кімге жолданды, А.Ж.Т, лауазымы

Жолданған күні, шығыс нөмірі

Қабылданған шешім

1

2015жылдың қаңтар айындағы «Крещение Господне» мерекесі кезіндегі сақтық шаралары туралы.

Д.И.Тожыбаевқа,

Зайсан қаласының әкімі



16.01.2015ж 23-15-30/45


Суға шомылатын орындар белгіленіп, қала әкімшілігі тарапынан кезекшілік қойылды.

2

Химиялық қауіпті нысан туралы

А.А Оңдақановқа,

Зайсан ауданының әкімі



30.01.2015ж

23-15-30/102






3

Мұз сүңгілерін тазалау, өрт гидранттарын тазалау туралы

С.Сиырбаевқа,

Зайсан аудандық мәдениет бөлімі бастығы



10.03.2015ж

39-19-7-30/206



Тазарту жұмыстары жүргізілді

4

Мұз сүңгілерін тазалау, өрт гидранттарын тазалау туралы

Е.Т.Буркутов,

Зайсан ауданы орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері



10.03.2015ж

39-19-7-30/207



Тазарту жұмыстары жүргізілді

5

Мұз сүңгілерін тазалау, өрт гидранттарын тазалау туралы

Қалибаев Н.А,

Зайсан аудандық білім бөлімі бастығы



10.03.2015ж

39-19-7-30/208



Тазарту жұмыстары жүргізілді

6

Мұз сүңгілерін тазалау, өрт гидранттарын тазалау туралы

Д.И.Тожыбаевқа,

Зайсан қаласының әкімі



10.03.2015ж

39-19-7-30/209



Тазарту жұмыстары жүргізілді

7

Мұз сүңгілерін тазалау, өрт гидранттарын тазалау туралы

Кеңсай а/о әкімі Т.Бықаевқа

10.03.2015ж

39-19-7-30/213



Тазарту жұмыстары жүргізілді

8

Мұз сүңгілерін тазалау, өрт гидранттарын тазалау туралы

Қ.З Абжановқа,

«СМУ-Шығыс» ЖШС директоры



10.03.2015ж

39-19-7-30/218



Тазарту жұмыстары жүргізілді

9

Мұз сүңгілерін тазалау, өрт гидранттарын тазалау туралы

А.Бөлдекбаева,

Зайсан аудандық «Достық» газетінің редакторы



10.03.2015ж

39-19-7-30/219



Тазарту жұмыстары жүргізілді

10

Мұз сүңгілерін тазалау, өрт гидранттарын тазалау туралы

Айнабұлақ а/о әкімі М.Көшербаев

10.03.2015ж

39-19-7-30/210



Тазарту жұмыстары жүргізілді

11

Мұз сүңгілерін тазалау, өрт гидранттарын тазалау туралы

Біржан а/о әкімі С.Молдашев

10.03.2015ж

39-19-7-30/211



Тазарту жұмыстары жүргізілді

12

Мұз сүңгілерін тазалау, өрт гидранттарын тазалау туралы

Дайыр а/о әкімі Б.Балғабаев

10.03.2015ж

39-19-7-30/212



Тазарту жұмыстары жүргізілді

13

Мұз сүңгілерін тазалау, өрт гидранттарын тазалау туралы

Шілікті а/о әкімі К.Сағиев

10.03.2015ж

39-19-7-30/214



Тазарту жұмыстары жүргізілді

14

Мұз сүңгілерін тазалау, өрт гидранттарын тазалау туралы

Қарабұлақ а/о әкімі Қ.Чилибаев

10.03.2015ж

39-19-7-30/215



Тазарту жұмыстары жүргізілді

15

Мұз сүңгілерін тазалау, өрт гидранттарын тазалау туралы

Қаратал а/о әкімі Т.Дүйсенбаев

10.03.2015ж

39-19-7-30/216



Тазарту жұмыстары жүргізілді

16

Суға түсу кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу бойынша

Д.И.Тожыбаевқа,

Зайсан қаласының әкімі



18.06.2015ж

39-19-7-30/510



Суға түсетін орындарға Зайсан қаласы әкімшілігінің ұйымдастыруымен кезекшілік қойылды.

17

Суға түсу кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу бойынша

Кеңсай а/о әкімі Т.Бықаевқа

18.06.2015ж

39-19-7-30/503






18

Суға түсу кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу бойынша

Айнабұлақ а/о әкімі М.Көшербаев

18.06.2015ж

39-19-7-30/505






19

Суға түсу кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу бойынша

Біржан а/о әкімі С.Молдашев

18.06.2015ж

39-19-7-30/504






20

Суға түсу кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу бойынша

Дайыр а/о әкімі Б.Балғабаев

18.06.2015ж

39-19-7-30/511






21

Суға түсу кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу бойынша

Шілікті а/о әкімі К.Сағиев

18.06.2015ж

39-19-7-30/507






22

Суға түсу кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу бойынша

Қарабұлақ а/о әкімі Қ.Чилибаев

18.06.2015ж

39-19-7-30/509






23

Суға түсу кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу бойынша

Қаратал а/о әкімі Т.Дүйсенбаев

18.06.2015ж

39-19-7-30/506






24

Суға түсу кезіндегі қауіпсіздіктің алдын алу бойынша

Сартерек а/о әкімі А.Орынбаев

18.06.2015ж

39-19-7-30/508







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет