Р. К. Керимбаева



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата28.03.2024
өлшемі1.18 Mb.
#496714
  1   2   3   4   5   6   7
107-Статья для антиплагиата-1038-3-10-20210528



196
Абай әлемі: білім беру, ғылым, мәдениет және өнер
Мир Абая: образование, наука, культура и искусство
The world of Abai: education, science, cultury and art.
МРНТИ 14.01.01
Р.К.КЕРИМБАЕВА
1
, Г.С.ИМАМБЕКОВА
1
, Қ.А.САЙЛЫБАЕВА
1
 
1
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
(Тараз, Қазақстан), risti1971@mail.ru; Gglz1966@mail.ru; , kuralai_55@mail.ru.
https://doi.org/10.51889/2020-3.2077-6861.25
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІНДЕГІ 
«ТОЛЫҚ АДАМ» БЕЙНЕСІ
Аңдатпа
Мақала Абай шығармаларындағы «Толық адам» ілімінің қалыптасуын психологиялық тұрғыда зерттеуге 
арналады. Абайдың еңбектерінің философиялық-психологиялық негізіндегі «Толық адам» концепсиясы 
теориялық талдау, саралау, салыстыру, жіктеу, жүйелеу әдістері арқылы жүргізілді. Ақынның адамның 
тұлғалық құнды сапаларын дамыту арқылы ақылды, білімді биік деңгейге көтеру, «адам» болып өмір 
сүру, халыққа, қоғамға пайдаңды тигізу, адамды құрметтеу, адам мен табиғат тұтастығын сақтау туралы 
ой–тұжырымдары сараланды. Абай еңбектеріндегі сана, ақыл-ой, мінез-құлық, сезім, көңіл-күй сияқты 
психологияның қарасытатын мәселелері тәлім-тәрбиелік бағытта берілуінің қоғамдық-тарихи мәні ашылады.
Зерттеу нәтижесі бүгінгі жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оларды оқыту және тәрбиелеуде, 
рухани жаңғыруда, Абай ілімінің негізгі принциптерін қолдануды ұсынады. Абай идеясының «Толық адам» 
концепциясы, өмірдің барлық саласында, мемлекетті басқару мен білім беру жүйесі, әлеуметтік-қоғам мен 
отбасы институты, тіпті әрбір адамның өмірлік ұстанымына айналдырудың практикалық маңыздылығы 
айқындалды. 
Түйін сөздер: «Толық адам»; «кемел адам»; «адам болу»; ілім; рухани жаңғыру.
Кіріспе. Бүгінгі таңда жаһандану заманы 
сағат санап өзеріп, үздіксіз даму үстінде. 
Дамыған өркениетті елдер қатарына 
қосылу үшін, заманауи өзгерістер мен 
технологияларға ілесе аларлықтай қауhарлы 
болу қоғам талабы. Ал өркениетті қоғам 
дегеніміз – материалдық игіліктері рухани 
құндылықтармен бір арнада тоғысып, адами 
қадір-қасиеттерді алғашқы орынға қоятын 
қоғам. 
Осы тұрғыда адами капиталды қалып-
тастыру мен дамыту негізі ретінде, тағылымы 
мол асыл мұра қалдырған ойшыл Абайдың 
«Толық адам» ілімін зерттеу мақсатын 
қойдық. Абайдың ардақты ілімі, теңдесі 
жоқ «Адам болу» қағидасынан бастау алып, 
халқымызды рухани тазару жолы екендігіне 
көз жеткізу үшін зерттеу жүргіздік. 
Жастайынан үш рухани бұлақтан нәр 
алып өскен Абай, ана сүтімен халқымыздың 
ұшан-теңіз ауыз әдебиетімен сусындап, 
орыс ойшылдарының туындыларымен 
танысып, батыстың тың философиясын 
оқып, адамдықтың шыңы болар «толық 
адам» концепциясын жасап шығарды.
Мұндағы толық адам анықтамасы – ақылды, 
ой-парасаты биік, халқын қадірлейтін адам. 
Осы тұрғыда ақынның шығармаларын 
тереңінен зерттеу арқылы санаға сіңдіріп, 
философиялық ой-тұжырымдарын ақыл-
мен зерделеуді өмір сүру салтымызға 
айналдырсақ, Абай айтқан «толық адамға» 
айналып, рухани жаңғырған, жан-жақты 
бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа 
тұғырға шығуына ықпал етер еді. Абайдың 
еңбектерінің психологиялық маңызына 
талдау жасай отырып, «толық адам» бейнесін 
анықтау, жас ұрпақты тәрбиелеуде рухани 
жаңғыру негізі ретінде қолданудың ғылыми 
маңызы зор.


197


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет