Л. Н. Ибраимова этнопедагогика (ОҚУ ҚҰралы) Тараз 2009



бет1/15
Дата11.03.2022
өлшемі250.55 Kb.
#456168
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ibraimova-etnopedagogika


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Л.Н. ИБРАИМОВА


ЭТНОПЕДАГОГИКА
(ОҚУ ҚҰРАЛЫ)

Тараз 2009


ББК

И ISBN


И ... Ибраимова Л.Н. Оқу құралын құрастырған п.ғ.к., «Педагогика және этнопедагогика» кафедрасының доценті.
Оқу құралы. Этнопедагогика, Тараз-2009, - 99 бет.
Рецензенттер:
Л.А.Байсерке - п.ғ.д., профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті;
Ж.Т.Сарыбекова - п.ғ.к., Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, доцент.
Оқу құралы барлық педагогикалық мамандықтар білімгерлеріне арналған.
Қазақ этнопедагогикасының тәрбие түрлері терең қарастырылған.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми Кеңесінің шешімімен ұсынылды.
Хаттама №10. 02.06.2009 жыл

ISBN


 Л.Н. Ибраимова


 Тараз, 2009


Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін адамзаттық озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс.

Н.Назарбаев


КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: »Білім беру жүйесінің басты міндеті –– ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру»,– деп көрсетілген.


Этнопедагогика пәні болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін әр оқытушы сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн.
Тәрбие балаға ықпал етудің жетекші құралы болғандықтан оны тұтас қарастыру тиімді.Оның үстіне қазақ этнопедагогикасында ол қоғамдық қажеттілік, әрбір дені сау адамның басты міндеті ретінде анықталады.
Гуманизм, табиғатпен үйлесімділік, халықтық, еңбекте тәрбиелеу, сезімталдық, тәрбиенің жүйелілігі мен бірізділігі, талаптар бірлігі, бала тұлғасына ілтипат пен құрмет- бұлар ұрпақ тәрбиелеудің халықтық жетекші бастаулары жүйесін құрайды. Бұл принциптердің қадағалануы баланы табиғи жағдайда қояды, яғни оның дағдылы ортада өсіп жетілуін, туған тілінде оқып, мәдени-тарихи, рухани ұлттық дәстүрлер мен әдет ғұрыптар арқылы тәрбиеленуін қамтамасыз етеді.
Педагогикалық тұрғыдан қарағанда қазақ халқының басында қайғылы қасіреттер мен құбылыстар көп-ақ. Олар:

  1. Ана тілін. Ата тарихын, тілін, мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін, дінін білмейтін жастар

  2. Жетім – тастанды және “қиын” балалар 3.Жесір әйелдер мен отбасын құрмаған жастар

4.Қарттар үйлерінде жылап отырған әжелер мен аталар 5.Шылым шегуге, нашақорлыққа салынған жастар
6.Көргенсіз – тәртіпсіз жастар және олардың арасында қаулаған қылмыс 7.Табиғат жағдайының нашарлауы

  1. Ата – ананың бала тәрбиесімен айналыспауы

  2. Мемлекет тарапынан мұғалім жағдайына көңіл бөлінбеуі

  3. Мектепте бала оқығысы келмейді, ал мұғалім жұмыс істегісі келмейді 11.Мектепте тәлім – тәрбиенің нашарлауы

12.Тәртіпсіз ұл мен қыз және тағы басқа.
Осы қайғы – қасіреттер:

  1. Қайдан және қалай пайда болды?

  2. Оларды жөндеуге және олардан құтылуға бола ма?

  3. Иманжүзді ұлттық тәлім – тәрбие алған «Сегіз қырлы, бір сырлы» қазақ жастарын қалай тәрбиелеуге болады т.б.сұрақтар туындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет