Р. К маньяр-Белоручев -(1922, Тбилиси 2000, Москва) -атақты аудармашы және ғалым. Осыған байланысты, машиналық аударманы (компьютер көмегімен аударылған) және адам аударған аударманы ажыратып қарауға болады



Дата26.03.2023
өлшемі13.85 Kb.
#471137
Курсовая англ


Р.К Маньяр-Белоручев –(1922, Тбилиси 2000, Москва) –атақты аудармашы және ғалым. Осыған байланысты, машиналық аударманы (компьютер көмегімен аударылған) және адам аударған аударманы ажыратып қарауға болады.
Адамның өзінің орындаған аудармасы әртүрлі түрлерге бөлінеді. Аударма түрлерінің түрлерін анықтау үшін ең алдымен мынадай екі шартты есепке алу қажет: аударма материалы қашан меңгерілді (қабылданды) және қашан аудармасы пайда болды. Көпетеген зерттеушілер екі ауызша аудару түрін ұсынады: үйлесімді немесе сәйкес және тікелей. Түрлерін анықтау аударма мәліметін аудару шартын тәуелді болуы мүмкін. Дәл қазіргі жағдайда сұраққа жауап беру ұсынылады. Сонымен бірге ауызша және жазбаша аударма туралы айтуға болады. Осы екі жіктеменің негізінде аударма мамандығының жасалуына негіз болды. Аудармашылар-ауызша аудармашы немесе жазбаша аудармашы болуы мүмкін. Берілген мамандандыру халықаралық кәсіптік ұйымда бекітілген: Халықаралық үйлесімді аудармашылар кеңесінде және халықаралық жазбаша аудармашылар федерациясында. Негізінде, жоғарыда көрсетілген аударма түрлері нақтыланған және ешқандай сұрақ туғызбайтын түрлері. Бірақта, тек қана осы екі жіктелімді қолданған жеткілікті екені анық. Сондықтанда, аудару түрлерінің тағыда басқа түрлері бар екенін есепке алу қажет: көре отырып жазып аудару, көре отырып ауызша аудару, ауызша айта отырып жазу арқылы аудара айта отырып ауызша аудару. Аудару теориясы аумағында көптеген зерттеулердің көзқарасы бойынша көрсетілген жіктелімдер берілген сұрақтарға нақты жауап бере алмайды.
Сол үшін Р.К. Маньяр-Белоручевтің келтіре көрсеткені бойынша, келешектегі жіктелім іс-әрекет негізге алынған ойлану механизмдері анықтауға негізделеді. Аудару процессіне көмектесетін механизмге шығу мәліметтерді қабылдау, есте сақтау, бірінші тілден екінші тілге ауыса білу, аударманы дайындау, аударманың уақытша іс-әрекет шегін қатыстыру қабылданған. Жоғарыда айтылған ойлану механизмдері әртүрлі жағдайларда жүзеге асады. Адам мәліметті есту арқылы қабылдауы мүмкін, тіпті негізгі мәліметті игеруге визуальды қыблдауға тәуелді болуы да мүмкін. Сонымен қатар, адам жазбаша мәтінмен жұмыс жасауы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, Р.К. Миньяр-Белоручев көзқарасы бойынша мәліметті қабылдау механизмі келесі пункттермен көрсетіледі: Мәліметтерді қабылдау, есту немесе көру анализаторларына тәуелді болуы мүмкін.
Мәтінді қабылдауда қайталау факторлары үлкен әсер етеді. Мәтін бір немесе бірнеше рет естілген немесе оқылған болуы мүмкін. Мәтінді қабылдау қабылданған сөздің үзіндісінің үлкендігінің көлеміне тәуелді. Есте сақтау артылған жүктеме едәуір жүктеме болып жатса, ес процессінде есте сақтау қабілеті күрделенеді.
Көп жағдай аудармасының аудару тілінен аударуға тиісті тілге ауысу, қосылуы қажетті уақытқа тәуелді.
Уақыт шектелген немесе шектелмеген болуы мүмкін. Мәлімет қабылданғаннан кейін, келесі мәселеге аударманы даярлау шартына көп көңіл бөлінеді. Даярлау ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Көпшілігі аудармашыда мәтінді түзетуге мүмкіншілік болғанына немесе болмағанына тәуелді. Түзету бір немесе бірнеше сатыдан болмауы мүмкін. Аударманы даярлау аударма процессіндегі негізгі іс-әрекеттің уақытының орналасқан шартына тәуелді болуы мүмкін, яғни үйлесімділік немесе ізбасарлық іс-әрекеттерінің орындаудың да қатысы бар. Жоғарыда көрсетілген мінездемелер аудару түрлерін әртүрліге бөлуге негізгі ұсынылған мысалдар болып табылады. Аудару жіктемелері келесі түрлерге бөлінед:
- Жазбаша аудару;
-Үйлесімді аудару:
-Беттен аудару;
-Ізбасарлы аудару;
-Қисынды-мысалды аудару ;
-Екі жақты аудару.
Жазбаша аудару жұмыстану аудармашыға ойлана отырып жұмыс жасауға жағдай туғызады. Жазбаша аудару едәуір көп алмайды және сонымен бірге есте сақтау процессі жүктемесі аз болады. Жазбаша аударуда сөздік қолдануға және де жұмысты жеңілдететін кез-келген тәсілдерді қолдануға мүмкіндігі бар. Аудармашы аудару процессінде бірнеше ретсөзінің айтылуын жөндеуі мүмкін.
Осындай факторлар жазбаша аудару ғана ең оңай және тиімді деген пікірге алып келеді. Бірақта, бұл пікірмен толық келісуге болмайды. Сапалы жазбаша аударманы орындауда қиындататын аз емес кедергілерде бар.
Біріншіден, жазбаша аудару жазбаша түрде даярлануы керек. Осы процесте аудармашының аударма ағынасы, статистикалық және грамматикалық қателері көрініп тұрады.
Екіншіден, тәжірбиесіз аудармашыларға аударма тапсырмаларының лексикалық-семантикалық компоненттері әсер етуі мүмкін. Нәтижесінде аудармашы аударманы дәлме-дәл аударуға тырысады, бірақ, сөзбе-сөз аударылған аударма сапалы бола бермейді. Жазбаша аударуды орындауда аудармашының тілдік нормасымен стилистикалық көзқарасы арқылы дұрыс сөйлеу пайда болуға жағдай жасалуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет