Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасындағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру Атеева Аида Зейноллаевна Мұстафа Шоқай атындағы «№51 мектеп-гимназия»



бет1/7
Дата14.03.2024
өлшемі54.09 Kb.
#495490
  1   2   3   4   5   6   7
Атеева А.З. Астана№51мг


Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасындағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру
Атеева Аида Зейноллаевна
Мұстафа Шоқай атындағы «№51 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК

Шығармада көтерілген өмірлік мәселенің маңыздылығын, құндылығын талдау тапсырмалары. Оқушылар «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің мазмұнымен танысып, талдайды, шығарманың кейіпкері Семей полигонынан зардап шеккен қыз – Ләйлә, ал прототипі – Еңлік атты Семей қаласының тұрғыны туралы мәліметті біледі. Адам қолынан жасалып, жанына бітпес жара салған осынау қасіреттен зардап шегуші тағы да – адам. «Мәңгілік бала бейне» атты әңгімесінің кейіпкерлері бір-біріне ұқсамайтын жаны дертті жандар. Шығарма Болат Атабаевтың режиссерлығымен пьеса түрінде 1996 жылы алғаш рет қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында қойылғаны және мұңға толы шығарма негізінде 2002 жылы белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетов экранға «Қызжылаған» фильмін шығарғаны жайлы мәлімет беріледі. http://adebiportal.kz/kz/news/view/694 [ 4 ]


«Болжау» әдісі. Берілген суреттер бойынша мәселені болжайды, танысқан мәтін не бейнебаяннан дәлел келтіре отырып, мәселені анықтайды, автордың шығарманы жазуына түрткі болған мәселені оқушылар болжайды. Мәселенің өзектілігін, заманауилығын табады. Оқушыларға «Невада – Семей» қозғалысы» жайлы сурет не бейнебаян көрсетіледі немесе мәтіндер беріледі.



1-мәтін. Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқыда адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды, кейін оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
2-мәтін. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов басқарды. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөнінде КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды.Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аймағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы 1991 жылдың 28 тамызында арнайы Жарлық шығарды. Сөйтіп, қазақ халқы өз мақсатына жетті.

Бағалау критерийі

Дескрипторы

Берілген суреттер мен бейнебаяндағы мәселе мен шығармада көтерілген өмірлік мәселенің үндестігін, маңыздылығын, құндылығын талдайды.

Суреттер бойынша шығармада көтерілген мәселені болжайды;

Мәтін не бейнебаяннан мәселе бойынша аргументтер келтіреді;

Шығармамен (2-3) үндестігін табады;

Мәселенің өзектілігіне 1 мысал айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет