ҚР мемлекет және құқық тарихы пәні мен әдістері



бет1/3
Дата20.09.2022
өлшемі65.52 Kb.
#461047
  1   2   3
тема1

ҚР мемлекет және құқық тарихы пәні мен әдістері.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пән ретiнде елiмiздiң территориясын қоныстанған халықтар мәдениетiн, заңды тұрмыс-салтын және оның құқықтық құндылықтарын зерттейдi. Әдетте мемлекет тайпа қоныстанған территорияның бiрлестiгi мен тұтастығы негiзiнде пайда болады. Құқық — солардың әдет-ғұрпынан құралады.

  • Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пән ретiнде елiмiздiң территориясын қоныстанған халықтар мәдениетiн, заңды тұрмыс-салтын және оның құқықтық құндылықтарын зерттейдi. Әдетте мемлекет тайпа қоныстанған территорияның бiрлестiгi мен тұтастығы негiзiнде пайда болады. Құқық — солардың әдет-ғұрпынан құралады.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнi болып саналатындар:

  • мемлекеттiк-құқықтық жүйенiң пайда болу және даму процесi, әртүрлi тарихи кезеңдегi қоғам өмiрiндегi мемлекет пен құқықтың алатын орны мен рөлi;
  • мемлекеттiк-құқықтық жүйе элементтерiнiң мазмұны мен формаларындағы ерекшелiктер, өндiрiстiң көшпелi тәсiлiнiң ерекшелiгiндегi шарттылықтар. Мiне, осы тұста анықтап алатын бiр жай, ол мемлекеттiк-құқықтық жүйе түсiнiгiн анықтау. Өйткенi ол дәстүрлi мемлекет және құқық ретiнде өзге институттармен тығыз қарым-қатынаста болғанына қарамай жеке қаралады. Сонымен бiрге, олар бiр-бiрiнсiз өмiр сүре алмайтын тұтастықты құрайды. Мемлекет тiкелей немесе жанама түрде құқықтық нормаларды белгiлейдi және реттейдi, оған рұқсат бередi.

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының әдiстерi

  • Бiрiншi, жалпы философиялық әдiстеме. Оған диалектикалық және метафизикалық әдiстемелер жатады.
  • Диалектика — заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, өзгерістерін, дамуын, себеп-салдарын, карама-кайшылықтарының бірлігі мен күресін жіті бақылайтын философиялық зерттеулер әдісі. Диалектикалық әдістің мәнді нышандары мыналар: 1) мәні мәңгілік, өзгермейтін нәрсе болмайды, сондықтан бір-ақ рет берілген және мәңгілік ештеңе жоқ; 2) нәрсе өзінің жалпылама байланыстарында алынып, қарама-қарсылықтарға айналған даму үстінде жан-жақты зерттеледі.
  • Метафизикалық әдіс бойынша нәрселер мен үдерістер бір ұстаныммен қарастырылады. Бар немесе жоқ, ақ не қара, дос не жау, т.б. Қозғалысты қарастырған кезде метафизика оның толып жатқан формаларының біреуіне ғана мойын бұрады
  • Екiншi, жалпы ғылыми әдiстемелер. Оған мемлекет және құқық тарихын уақыт пен кеңiстiк тұрғысынан зерттеумен бiрге iс-әрекеттiң және құбылыстың iшкi-сыртқы қасиеттерiн ашатын логикалық әдiстемелер жатады. Мұнымен бiрге жалпы ғылымдық әдiстемеге жүйелiк тәсiлмен де келуiмiз керек


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет