Астана қ.
Тілдің түсініктілігі (8 балл), қолжетімді төлем терминалдары (7,8 балл), ілеспелі қызметтерді ұсыну (7,8 балл), Интернет арқылы қызмет туралы қолжетімді ақпарат (7,7 балл) жоғары бағаланған. Ал осал тұс ретінде сканерден өткізу құрылғыларының жұмысы (6,8 балл), кезекте күту уақыты (7 балл) көрсетілген.
Қызмет сапасын, атап айтқанда қызметкерлердің біліктілігін, қызмет көрсету жылдамдығы мен электрондық қызметтердің сапасын жақсарту жөнінде және сыбайлас жемқорлыққа байланысты сұхбаткерлер өз пікірлерін білдірді:
-
Оргтехниканы жаңарту
-
Қызметкерлер штатын кеңейту
-
Әр қызметкер өз ісін жақсы білсе жақсы болар еді
-
Білікті кадрларды іріктеу
-
Қызметтерді электронды түрде ұсыну. Серверді жақсарту. Интернет арқылы қызметтер ұсыну.
-
Қызмет көрсету процесін тездету. Қызметтерді көрсетілген уақытында орындау
-
Қызмет шапшаң, әрі еш қиындықсыз ұсынылса жақсы болар еді
-
Компьютерлерді басқаша программалау, тек білікті мамандарды ғана қалдыру
-
Мамандардың біліктілігін арттыру, қызметкерлердің басым көпшілігі тәжірибесі аз жастар, қателерге жол береді. Мамандардың өзі қате мәлімет береді.
-
Сыбайлас жемқорлық мәселесін шешу. Жеке өзім берген емеспін, дегенмен мұндай мәселе салық органдарында кездеседі. Өздері ұрлайды, сыбайлас жемқорлық белең алып барады.
-
Жиі қойылатын сұрақтар туралы ақпараттар ұсыну
-
Салық салу жүйесі бойынша орталықтарды бөлу
-
Салық есептемесін тапсыру кестесін жетілдіру
-
Оперативті жұмыс істеу
-
Кадр бөлімінің деңгейін көтеру
-
Кезектер мен қызмет көрсету кезеңдерін қысқарту
-
Қызметкерлерді аттестациялау
-
Адал ниетті салық төлеушілерді ынталандыру
-
Қызметкерлерге арналған арнайы тренингтер жүргізу
-
Орталықтарда орын алып жатқан оқиғаларды қадағалап отыру
-
Тек нәтижені алып кетуге ғана келетіндей етіп электронды сұрау салуды жөнге келтіру
-
Аса білікті қызметкерлерді іріктеу
-
Кезектегі уақытты қысқартса екен
-
Жұмыскерлерді әр клиентке мүдделі етуге дағдыландыру
-
Көптеген телефон тораптарын қосу
-
Қызмет көрсету орталықтарын арттыру
-
Кәсіпкер тысқары тексерістерден қорғалмаған
-
Қызмет көрсету орталықтарының санын арттыру
-
Барлық жүйені автоматтандыру
-
Қызмет көрсетудің мобильді нұсқасын жасау
-
Өзгертулерді сирек енгізу
-
Клиенттерге сенім арту
-
Барлық қызметтерді локальді қолжетімділікке ауыстыру
-
Үйретуші ақпараттардың көп болуы
-
Осы бағытта жұмыстарын жалғастыра берсін
-
Қызмет көрсетуді жақсартса екен. Шынайы уақытта кеңес беру
-
Кадрлар бөлімінің қызметін жақсарту
-
Ақпараттарды тарату үшін сілтемелерді қолдану
-
Жұмысшылар штатын арттыру
-
Қызметкерлер мен техникалардың сапасын жақсарту, олар үнемі жұмыс жағдайында болмайды
Алматы қ.
Жұмыскердің әдептілігі (9,6 балл), мем.кіріс органдары қызметкерлерінің көмектесуге ықылас танытуы (9,6 балл), тілдің қолжетімділігі, түсініктілігі (9,6 балл), қолжетімді төлем терминалдары (9,6 балл) бойынша қанағаттанушылық жоғары. Телефон арқылы қызмет туралы ақпаратқа қол жеткізу төмен бағаланған (9,1 балл).
Қызмет сапасын, атап айтқанда электронды қызмет, компьютерлік программалар, қызметтер туралы ақпараттар сапасын, офистердің техникалық жағдайын жақсарту жөнінде сұхбаткерлер өз пікірлерін білдірді:
-
Бізге серверлердің шапшаң жұмыс істегені керек
-
Есеп беру кезінде жұмыскерлер көбірек болса екен. Жұмыскерлердің жұмыс істеу жағдайларын жақсарту
-
Көлік қоятын жерді кеңейту
-
Электронды кодтар тұралап қалады
-
Салық органдарында Wi-fi жоқ, орнату керек
-
Нысандарды жаңарту 1 қаңтарға дейін болып, салық есептілігін тапсыруды тежемесе екен
-
Қосымша модераторлар + call-center байланысын жақсарту
-
Салық қызметкерлерінің жалақысын арттыру
-
Кассаға кезек көп, екі банк болған дұрыс
-
Семинар түріндегі консультацияларды жиі өткізіп тұру
-
Дәлізбен көтерілу қиын, лифтіні іске қосу. Ғимараттағы басқыштар тік
-
Залда шәй және кофесі бар аппаратты орнату
-
Мамандардың біліктілігін арттыру. Қызметкерлердің кәсіби өсуімен айналысу
-
Телефон арқылы жүгіну мүмкіндігін арттыру
-
Сұрақтар туындаған кезде жазбаша түрде жауап беру
-
Салық төлеушінің шоты банк шотымен байланыста болғаны жақсы, салық бойынша барлық төлемдер автоматты түрде шешілсе екен
-
Салық салу ставкасын азайту, жалпы бір тексеріс
-
Салық бойынша аудан аралық байланысты жақсарту
-
Хаттама толтыру кезінде сергелдеңді қысқарту
-
Жетісу салық органына жөндеу жұмыстары қажет, банк кассалары көп болса екен
-
Жаңа үлгідегі дәретхана қажет
-
Тоқсандық есеп берулерді тапсыру кезінде сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеу
-
Жерді жалға алу декларациясын толтыру нысанын оңайлату
-
Бұрынғыдай salyk.kz сайтында жоспарлы тексеріс тізімін жариялау
-
Мораторийлерді ұзартса екен
-
Кадрларды жиі ауыстырмау керек
-
Жеке кәсіпкерліксіз жұмыс істеу, жылына 1 рет бір сомманы төлеп, қайта келмеу
-
Бір салықтан екінші салықты шегеруді толықтай автоматтандыру
-
Есептілікті қабылдау бойынша көшпелі бекеттерді орнату
-
Салық органының көлемін кеңейту, аудан үлкен, ал орын аз
-
Айыппұл ставкасын азайту, кейінге қалдыруға мүмкіндік беру
-
Электронды түрде өтініш беру, электронды қызмет түріне ауысу
-
Техниканы жаңарту, қызметкерлер санын арттыру, әсіресе есептілік кезінде
-
Салық органында бухгалтерлік қызметтер туралы роликтер бар экран орнату
-
Қызмет көрсететін қызметкерлердің саны көп болса екен
-
Аудандарда көбірек консультациялар жүргізу
-
Есептер мен программаларда жаңа өзгерістер аз болса екен
-
Кабинет және СОНО программасы түнде емес, күндіз істеуі керек, үлкен жүктеме
-
Кондиционерлер орнату, ауыз су, кабинет ашылған кезде арнайы режим қою
-
Хабарламаға жауап беруді толықтай электрондық қызметке ауыстыру
-
Заңды бұзбай, пара алу доғарса
-
Салық органында жас бизнесмендерге арналған курстар ашу
-
Он-лайн режимде оператормен тілдесу мүмкіндігі
-
Әлеуметтік аударымдар туралы семинар
-
Әлеуметтік аударымдарды есептеуді оңайлату
-
Кілтті патентпен бірге беру
-
Басшылықтардың қатысуымен ашық есік күндерін өткізу
-
ЖК тіркегені үшін салықты алып тастау
-
ЖК бойынша салық төлеу бір сомада жүргізілу
-
Салық органында ЖК арналған мөрді беру
-
Әлеуметтік аударымдар қайда кетіп жатқандарын түсіндіру
-
Залда интернетке қосылған компьютерлер орнату
-
Оқу құралдары көп болса екен
-
Төлемдер түнде де өтуі үшін өз банкін енгізу
-
Барлық құжаттарға электрондық қолтаңбалар енгізу
-
Компьютерде бухгалтерлік құжаттармен жұмыс істеу жөніндегі көрнекті оқыту курстары
-
Компьютер программасында салықтар мен еңбекақыны түрлі банктерге ыңғайлы етіп бөлу
-
Үлгілер бар планшеттерді ірірек етіп жасау
-
Жұмыс істеу тәртібін 20-00 ұзарту немесе таңертең бір сағат бұрын ашу
-
Тіркеу кезінде компанияның атауын дұрыс толтыру және салық қызметінің қадағалап отыруы
-
Орталықтарда шағымдардың электрондық кітапшасын орнату
-
Тачпадтарда өзінің тілектерін, ескертулерін енгізу мүмкіндігін қарастыру
-
ЖК сөзін алып тастап, «шағын-кәсіпорын» сөзімен алмастыру
-
Негізгі жұмыстан қол үзбеу үшін электрондық пошта арқылы байланыста болу
Ақмола облысы
Тілдің қолжетімділігі, түсініктілігі (9,5 балл), қызметкерлердің әдептілігі (9,6 балл) қанағаттанушылықтың жоғары деңгейіне ие. Ал сканерден өткізу құрылғыларының жұмысы (7,5 балл), қолжетімді төлем терминалдары (6,8 балл), ілеспелі қызметтер (7 балл) айтарлықтай төмен көрсеткіштер қатарынан табылады.
Сұхбаткерлер тарапынан электрондық қызметтің қолжетімділігі мен оның сапасына қатысты кеңестер жиі айтылып отыр:
-
Сервер тұралап қалады
-
Жеке кабинеттің жұмысын жақсарту
-
Терминалды жақсарту
-
Терминалдағы компьютерді жақсарту
-
Кезекті реттеу (электрондық кезекті құру мүмкіндігі)
-
Модераторлар қажет
-
Ақпаратты электронды түрде ұсыну
-
Түсіндірме жұмыстарын көп жүргізу, мамандардың біліктілігі, заңдардың өзгерген жобаларымен таныстыру үшін оны интернетте жариялау
-
СК электронды түрде жұмыс істеу тәртібін жақсарту
-
Программалық жабдықтың сапасын арттыру
Ақтөбе облысы
Бұл облыста өтініш бланкілерінің қолжетімділігі (8,7 балл), өтініш үлгілерінің бар болуы (8,9 балл), тілдің түсініктілігі/қолжетімділігі (9 балл) жоғары қанағаттанушылыққа ие. Қанағаттанудың төмен деңгейі – телефон арқылы ақпаратқа қолжетімділік (7,1 балл), кезекте күту уақыты (7,3).
Қызмет сапасын, атап айтқанда қызметкерлердің кәсіпқойлығына, айыппұлдар көлеміне қатысты мәселелерді реттеп, қызмет туралы ақпарат, қолжетімді электронды қызметтер сапасын жақсарту жөнінде сұхбаткерлер өз пікірлерін білдірді:
-
Салық қызметінде жоғары білікті мамандар санын артыру қажет, барлық салық мәселелерін шешу керек
-
Кезекті реттеп, кұту уақытын азайту керек
-
Ақпаратты электронды түрде ұсыну
-
Айыппұлдар азайып, өсімпұл өсе берсін
-
Айыппұлдар ауыртпалыққа сәйкес келмейді, мезгілінде төленбей қалған 17 теңге соңында 24000 теңге айыппұл болып шыға келеді, бұл дұрыс па?
-
Айыппұлдар ауыртпалыққа сәйкес келмейді, алдымен ескерткендері дұрыс, егер қайталанса, онда жазалай берсін
-
Кондиционер орнату керек, ассистенттер қажет
-
Салық төлеушілерге шынайы ақпарат беру (түсіндіру)
-
Түскі үзіліс болмау керек, барлық терезелерге әрі барлық қабаттарға жылжымалы график орнатсын
-
Жұмысын жаңа бастап келе жатқан ЖК үшін көбірек ақпарат ұсыну (залда міндетті түрде модератор болуы тиіс)
-
Меморгандарға келудің еш себебі болмауы үшін қызметтердің электронды түрін енгізу
-
Мұндай қатаң айыппұлдар кезінде сапалы түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек
-
Шағым жоқ, жыл өткен сайын жақсара түсуде
-
Көбірек түсіндірме, ақпараттық жұмыстар жүргізу
-
Мұндай айыппұлдарды енгізбестен бұрын, жақсы түсіндірме жұмысы қажет, СК хабардар болуы тиіс
-
Дөңгелек столдар, тегін семинарлар, оқытулар көп жүргізілсін
-
Тілектес болу, ақпараттық жұмыс жүргізу, мұндай айыппұлдар кезінде өте жақсы түсіндіру жұмыстары қажет
-
Ақпарат ауызша берілмейді, құжатты үлгі бойынша толтырасын
-
Заңды тұлғаларға арналған буклеттерге көп қаражат жұмсаудың қажеті жоқ, біз оларды көрмейміз
-
СК байланысты, компьютерлерді жақсарту, жақсы байланыс болғаны дұрыс
-
кол-орталық қажет
-
Заңдағы өзгерістер туралы алдын-ала хабарлау, интернет байланысты дұрыстау
-
Жұмыс сапасын, қызметкерлердің түсіндіру жұмыстарының сапасын арттырған жөн
-
Жұмыс толығымен электронды форматта атқарылсын, солай ыңғайлы
-
Меморган қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықты тыю
-
Айыппұлдар көлемі үлкен, бір таныстарым мерзімін кешіктіргені үшін үлкен көлемде айыппұл төледі
-
Электронды кезек өте ыңғайлы, бос отырғанша стендтердегі үлгілер бойынша өтініштерді толтырасын
-
Бір-біріне сілтегендерін қойсын, қалған қызметтер туралы ренішім жоқ
Алматы облысы
Жоғары қанағаттанушылық – өтініш бланкілерінің қолжетімділігі (9,4 балл), өтініш үлгілерінің бар болуы (9,3 балл), тілдің қолжетімділігі/түсініктілігі (9,4 балл). Төмен қанағаттанушылық – серверлердің жұмыстары, күту жағдайлары (9 балдан әрқайсысы), қызмет туралы ақпаратты уақытылы алу, қызметті алу процедурасының қарапайымдылығы (әрқайсысы 9,1 балдан);
Сұхбаткерлердің сөзінен алынған ұсыныстар:
-
Серверлердің сапасын, компьютерлік техниканың жұмыс істеу сапасын жақсарту
-
Технология жөнінде ойланған дұрыс
-
Салық қызметінің жұмыскерлері кәсіпкерлерге көмек қолын созуға мүдделі болуы
-
Қызметкерлердің жұмыс сапасын жақсартып, айыппұлдарды аз да болса азайту
-
Осы қарқынмен жұмыс істей берсін, мамандар күннен күнге кәсіби тұрғыда өсіп келеді
-
Кейбір процестердің мерзімдерін азайту
-
Техниканы жақсартып, жетілдіру
-
Салық органдары программаларын ептеп жаңарту
-
Технологияны жақсарту, яғни заманауи жоғары жылдамдықты компьютерлермен жабдықтау
-
Қызметкерлердің қызмет ету сапасын жақсарту
-
Шегерімдерді жүргізу кезінде қайтарылатын сомманы басқа нысанға жібермей оларды тезірек қолға алсақ дейміз
-
СК түсіндіру жөніндегі семинарлар ай сайын жүргізілуі тиіс
-
Семинарлар көбірек жүргізілсе екен, ақпаратты алуға арналған терезелер көп болсын, телефон арқылы анықтамалар алу
-
Айыппұлдар сомасын төмендету, тым жоғары
-
Қызметтер түрін ұсынатын терезелердің саны көп болсын
-
Құжаттарды тапсыру кезінде қызмет туралы ауызша түрде толық ақпарат беру
-
Ұсынылатын қызметтер туралы түсінік беретін терезе ашу
Атырау облысы
Жоғары қанағаттанушылық - өтініш бланкілерінің қолжетімділігі (8,6 балл), өтініш үлгілерінің бар болуы (8,6 балл), тілдің қолжетімділігі/түсініктілігі (8,6 балл), қызметкерге қолжетімділік (жұмыс орнында табылуы (8,5 балл). Төмен қанағаттанушылық – қолжетімді төлем терминалдары (6,7), сканер қондырғысының жұмысы (6,7 балл);
Сұхбаткерлердің сөзінен алынған ұсыныстар:
-
Компьютерлер ескірген, жаңарту керек әрі оргтехниканы көбейткен жөн
-
Айыппұл немесе салық мөлшерін минимумға дейін қысқарту
-
Жаңа технологиялар, жаңа сервер. Терминалдар қолжетімді болуы керек
-
Сұратылатын құжаттар санын азайтатын жүйе жасау
-
Толықтай электронды формаға өту
-
Сапаны арттыру үшін салық қызметкерлерінің материалды түрде ынталандыру, жалақысын арттыру, заттай сыйлық
-
ҚР СК тұсіндіру жөніндегі бөлім, салық органы қызметкерлерін ынталандыру
-
Заңды түрде шара енгізу, бірінші заң бұзу кезінде – жай ғана ескерту, айыппұл салмау
-
Жергілікті теледидар арналары, БАҚ арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, түсіндіру тілі қарапайым, түсінікті болуы тиіс
-
Түсіндіру, ескерту жұмыстары көп жүргізілуі тиіс, қызмет көрсету залында консультанттардың көп болуы
-
Көбірек автоматтандырылған болса екен
-
Осы қызмет туралы барлық ақпарат телефонға смс арқылы келсе екен. Консультанттар қызметті алушыға лайықты қызмет көрсетіп, салық талаптарын қарастырса екен
-
Есептіліктерді тапсыру туралы түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізу
-
Түсіндіру жұмыстары нашар дамыған. Есепті тапсыру кезінде компьютерлер жиі істен шығады. Қызмет көрсету сапасын жақсартса екен
-
Қызметкерлер әдепті болса екен
-
Консультанттардың босауын күтіп тұру, сондықтанда консультанттар штатын арттыру керек. Барлық қызметті түсіндіріп бере алатын консультант болған дұрыс, әйтпесе бір терезеден екіншіге жүгіріп жүргенін
-
Қызметті ұсынушының қызметті алушыға деген қарым-қатынасын жақсарту, барлық сұрақтарға жауап алу үшін консультанттар білімді, машықталған болу керек
ШҚО
Жұмыскерлердің әдептілігі (8 балл), күту жағдайы (8 балл), қызметкерге қолжетімділік (жұмыс орнында табылуы) (7,9 балл), жұмыскердің біліктілігі (7,9 балл) жоғары қанағаттанушылыққа ие. Төмен қанағаттанушылық – серверлердің жұмысы (7,3) және қызмет туралы ақпаратты дер кезінде алуы (7,4).
Сұхбаткерлердің сөзінен алынған ұсыныстар:
-
Техникалық базамен жабдықтау
-
Жоғары білікті мамандар санын арттыру
-
Қызмет көрсету деңгейін арттыру
-
Қызметкерлердің әдептілігі
-
Тексеріс нәтижесін алу процесін тездету
-
Кәсіпкерлердің кәсіпқойлылығын, тілтапқыштығын арттыру
-
Халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді арттыру
-
Осы процесті жылдамдату
-
Қызметкерлердің кәсіби этикасын арттыру
-
Меморганмен кері байланыс жоқ
-
Серверлердің жұмысын арттыру
-
Программалық жабдықтарды жиі жаңарту, оны үнемі қолдап отыру, тек түнде ғана қызмет етуге қосылдым
-
Шегерім мен қайтару бланкілерін оңайлату
-
Өтінішті қарау мерзімін азайту
-
Осы өтінішті электронды түрде жүзеге асыру керек, өте қолайлы болар еді
-
«Салық төлеуші кабинетінде» ЖК ретінде тіркелу мүмкіндігін жүзеге асыру
Жамбыл облысы
Ұсынылатын қызмет мерзімін сақтау (8,9 балл), қызметкерге қолжетімділік (жұмыс орнында табылуы) (9,1 балл), жұмыскердің біліктілігі (8,9 балл) жоғары қанағаттанушылыққа ие, Төменгі қанағаттанушылық – төлемдерге арналған терминалдарға қолжетімділік (6,8), телефон арқылы ұсынылатын қызмет туралы ақпаратқа қолжетімділік (7,7);
Сұхбаткерлердің сөзінен алынған ұсыныстар:
-
Салық комитеттері кәсіпкерлікке мүмкіндік берулері тиіс
-
Түсіндіру жұмыстары нашар, заманауи технологияларды қолданбайды
-
Салық органдары түсінікті етіп түсіндіруі керек
-
Қызмет өрсету сапасын арттыру қажет
-
Заманауи технологияларды қолданып, біліктілікті арттыру тұрғысынан жұмыс істеу керек
-
Барлығын электронды форматта орындау керек
-
Әр адамның тілін таба білу керек. Оған қызметкерлердің уақыты жоқ
-
Жұмыскерлер санын арттыру керек
-
Сыбайлас жемқорлық жолдарын құрту керек
-
Салық қызметкерлерінің өздері заңды дұрыс білмейді
-
Компьютерлендіру әрине жақсы, дегенмен қойылатын талаптар өте жоғары. Біз программистер емеспіз
-
Үнемі өзгерістер жұмыс істеуге кедергі келтіреді
-
Қызметкерлердің өз жұмысына деген қызығушылықтарын арттыру
-
Өзгерістер туралы ақпараттар кешігіп келеді
-
Қолданыстағы салық салу жүйесі ЖК дамытуға мүмкіндік бермейді
-
Салық заңнамаларын түсіндіру туралы тренингтерді жиі жүргізіп тұру керек
-
Әр салық төлеушімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу
-
Әр клиентпен жеке жұмыс істегенін қалар едім
-
Жұмыскерлердің жұмысы бастан асады
-
Түсіндіру жұмыстары бойынша қызметкерлер санын арттыру
-
Жұмыс санын жақсарту халыққа байланысты. Адамдар компьютерлік программаларды үйренгісі келмейді
-
Заңды тұлғаны тарату ұзақ процедура, заңда осы мерзім қайта қаралса екен
-
СЕ тапсыруды жеңілдету
-
Серверлердің қуаттылығын жақсарту
-
Нәтижелерге қолжеткізу мерзімдерін азайту
-
Мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппұл салмаса екен
-
Терминалдарды қойғанын қалар едік
-
Барлық қызметтерді біріктіріп, барлық анықтамаларды, тіркеулерді бір қызметтен алатын болса
-
Құжаттарды беру мерзімін созбаса екен. Өз жұмысына аса жауаптылықпен қараса
-
Барлық мәліметтер бойынша ортақ база құру
-
Барлық қызмет түрлерін электронды тәсілге ауыстыруды жалғастыру
-
Халықты интернетпен қамтамасыз ету, барлығын электронды түрге ауыстыру
-
Жаңа өзгерістерді толықтай түсіндіру
-
Бір терезеде өз қызметі туралы барлық анықтамаларды алу
-
Барлық құжаттар электронды тәсілге ауысып жатыр, дегенмен бәрінде интернет жоқ қой
-
Электронды түрде есепті тапсыру жүйесін жеңілдету
-
Адамдарды электронды тәсілге үйрету
БҚО
Кезекті күту уақытымен (9,7 балл), процедураның және қайда бару керектігінің түсініктілігімен (9,6 балл), қызмет туралы ақпаратты дер кезінде алу (9,8 балл), жалпы қызметкермен (9,7 балл), электрондық коммуникациямен (9,6 балл) қанағаттанушылық жоғары көрсеткіштерге ие. Төменгі қанағаттанушылық - төлемдерге арналған терминалдарға қолжетімділік (8,5), сканер қондырғысының жұмысы (8,2);
Сұхбаткерлердің сөзінен алынған ұсыныстар:
-
Әрбір салық төлеушіге есепті тапсыру мерзімі туралы және оны тапсыру керектігі жөнінде хабарлап отыру
-
Қызметтерді түсіндіретін жұмыскерлердің санын арттыру
-
Жалпы ренішім жоқ, дегенмен ұсынылған қызмет нәтижелерін тезірек алуға мүмкіндік жасалса
-
Ғимараттың ішінде құжаттардың көшірмесін жасайтын, сканерден өткізетін қондырғылардың болғаны жақсы болар еді, әйтпесе сауда үйіне баруымызға тура келеді. Уақыт жоғалтамыз
-
Компьютерлер санын арттыру
-
Терезелер көп, кезек үлкен, қызметкерлер көп, сапалы қызмет көрсетіп, жақсы түсіндіріп берсе екен
-
Кезек көп, терезелер қосса екен
-
Ғимараттың ішінде ксерокс жоқ. Әрбір терезеде қызмет көрсету барысында қажет құжаттардың көшірмесін өздері жасаса болар еді, біз оларға айтарлықтай көп сомада ақша аударамыз, ал біз үшін ешқандай жағдай жасалмаған
Қарағанды облысы
Тілдің түсініктілігі (9,5 балл), қызметкерге қолжетімділік (9,5 балл) жоғары қанағаттанушылыққа ие болып отыр. Ал төменгі көрсеткішке серверлердің (6,1), компьютерлердің/программалардың (6,8) жұмысы ие.
Сұхбаткерлердің сөзінен алынған ұсыныстар:
-
Интернет жылдамдығын арттыру, кейде техникалық ақауларға жол беріледі
-
Әрі қарай дами түссін, ұсынылатын қызметтер тарапынан жұмыстарын жақсарта түссін
-
Заңдармен толық таныстыру, семинарлар өткізу, қарапайым халықпен тілдесу
-
Қызметкерлердің жалақысын, біліктілігін арттырсын
-
Қызметкерлердің біліктілігін арттырсын
-
Ақпараттық қызмет жұмыстарының сапасын жақсарту
Қостанай облысы
Жоғары қанағаттанушылық - процедураның және қайда бару керектігінің түсініктілігі (9,7), ұсынылатын қызметтердің мерзімдерін сақтау (9,7), қызмет туралы ақпараттарды дер кезінде алу (9,7), қызмет туралы алынған ақпараттың дәлдігі мен түсініктілігі (9,7), қызметкерлер (9,7). Төмен қанағаттанушылық - төлемдерге арналған терминалдарға қолжетімділік (8,1), ілеспелі қызметтер (8,1).
Сұхбаткерлердің сөзінен алынған ұсыныстар:
-
Қызметкерлер штатын арттыру
-
Адрестік ақпараттар көбірек болсын
-
Шамадан тыс жүктеме кезінде серверлердің жұмысын жақсарту
-
Гардероб жұмыс істесе екен (ыстық, сыртқы киімдерімізді өзімізбен бірге тасып жүреміз)
-
Программалық жабдықтарды жетілдіріңіздер
-
Түсіндіру шараларын жиі жүргізу
-
Серверге байланысты аздаған мәселеер туындайды, ал былай бәрі көңілімізден шығады
Қызылорда облысы
Жоғары қанағаттанушылық – қызмет туралы ақпаратты уақытылы алу (9,6), қызмет туралы алынған ақпараттың дәлдігі мен түсініктілігі (9,6), қызметкерлермен (9,6). Төмен – серверлердің, компьютерлердің/программалардың жұмысы (әрқайсысы 9,4 балл), төлемдерге арналған терминалдарға қолжетімділік (9,4).
Сұхбаткерлердің сөзінен алынған ұсыныстар:
-
Кәсіпкерлермен бірге семинарларды жиі жүргізу
-
Программалық жабдықтардың сапасын жақсарту
-
Қызметкерлер жақсы қызмет көрсетеді, программалар тұралап қалады
-
Соңғы техникалық қондырғылармен жабдықтау керек
-
Кәсіпкерлермен жиі бас қосып тұру керек
-
Салық төлеушілер үшін бәрі түсінікті болғаны жөн
-
Түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады
-
Қызметкерлер санын арттыру, салық органдарын соңғы үлгідегі оргтехникалармен қамту
-
Қызмет көрсететін тұлғалар санын арттыру, салық төлеушілерге арналғантерминалдар санын көбейту
Достарыңызбен бөлісу: |