Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


«Тәуекел тобындағы» жасөспірімдерге профилактикалық жұмыстар жүргізу моделі



бет35/103
Дата10.09.2023
өлшемі3.57 Mb.
#477057
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103
Р. С. Касымова леуметтік педагогты Ж мыс технологиясы о у ра

«Тәуекел тобындағы» жасөспірімдерге профилактикалық жұмыстар жүргізу моделі(А.А.Реан)

«Тәуекел тобы» балаларымен профилактикалық жұмыстар жүргізудің мәні мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ балалық шақтың әлеуметтік проблемаларын шешудегі бизнес құрылымдардың күш-жігерін біріктіруді қамтиды. Бала ғана емес, оның отбасы да, әлеуметтендірудің негізгі институты ретінде назар мен қамқорлықтың объектісі болып табылады.


Профилактикалық жұмыс жүргізу міндеттері:

  • тәуекел тобындағы отбасылар мен балалардың ақпараттық деректер банкін қалыптастыру (әрбір құрылым өз картотекаларын ұсынады, оларды келісілген тізім дайындайды);

  • тәуекел тобындағы балалар мен отбасыларға диагностикалық тексеру жүргізу;

  • тәуекел тобындағы отбасылармен және балалармен жеке түзету-оңалту жұмыстарын жүргізу (проблемасына байланысты олармен медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және т. б. айналысады);

  • тәуекел тобындағы отбасының ересек мүшелерінен еңбек бригадаларын қалыптастыру арқылы жұмыс орындарын құру;

  • білім беру және тәрбиелеу мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне тәуекел тобының отбасыларымен және балаларымен алдын алу және түзету жұмыстары саласында жаңа психологиялық-педагогикалық технологияларды енгізу;

  • балалар проблемаларымен айналысатын мекемелердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін құқықтық, ұйымдастырушылық, қаржылық-экономикалық механизмдерді жетілдіру;

  • балаларды отбасылық тәрбиелеудің басымдылығы бойынша қоғамдық пікір құру;

  • отбасы мен балалардың әлеуметтік ауытқуының алдын алу саласында педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру;

  • тәуекел тобындағы отбасылармен және балалармен жұмыс істеу үшін педагогикалық жоғары оқу орындары мен училищелер студенттері арасынан еріктілерді тарту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет