Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет14/102
Дата26.12.2022
өлшемі3.67 Mb.
#467953
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   102
annotation177627

Тәжірибелік сабақ


«Этикалық және кәсіби кодекс» жаттығуы


Әлеуметтік педагогтың болашақ кәсіби қызметіне бағыт-бағдар беретін этикалық кодекс дайындаңыз.
Мысалы, В.Г.Бочарова, М.П.Гурьянова авторлар әлеуметтік педагогтың келесі негізгі ұстанымдары көрсетілген Кодексті әзірлеп ұсынды:
-ақыл айтпау, бұйырмау...;
-жеке басының қадір-қасиеті мен бірегейлігін құрметтеп, өзінің жеке мүмкіндіктеріне сүйене өмір сүруге көмектесу, клиентті іс-әрекетке, бастамашылыққа, шығармашылыққа шабыттандыру және себеп болу;
-клиентті тыңдай білу, ұстамдылықты сақтау, мәселені және жағдайды түсіну, оның орнына өзін қоя білу, сыпайылық пен әдептілік көрсету
тіл табыса білу, жайдары болу, клиентті сөйлете алу, мәселені шешу жолдарын бірлесіп анықтау;
-жеке тұлғалық қабілеттерін, білімін, тәжірибесін басшылыққа ала отырып, басқаларға қажетті, қызықты бола білу;
-клиент пен оның қоршаған ортасы, басқа да әлеуметтік жұмыс субъектілері арасындағы байланысты қамтамасыз ететін дәнекер болу;
-клиенттің өзіндік субъективті ұстанымын қамтамасыз ету, қайырымдылық көмек көрсетілген түрлері арқылы оның қадір-қасиетін төмендетуге жол бермеу;
-клиентпен жұмыс кезінде бейресми бола білу, өз мәселерін шешуде кеңес беруші, клиент көмекшісі рөлін атқару, тең дәрежелі диалог негізінде қарым-қатынас орнату;
-әрқашан адамгершілік мен мейірімділік ұстанымдарын сақтау;
-клиентті айыптамау, кінәламау, оның қадір-қасиетін құрметтеу; жеке тұлғаға немесе адамдар тобына қатысты адамгершілікке жатпайтын немесе дискриминациялық мінез-құлық мүмкіндігін болдырмау;
-клиентті дене немесе психикалық қолайсыздықтардан, ашуланудан, қауіптерден немесе қорлаудан қорғау;
-кәсіптің өкілі ретінде өз мінез-құлқының жоғары моральдық нормаларын сақтау, кез-келген айла-әрекет, біреуді адастыру, біреуге қиянат жасауды болдырмау;
-әрқашан тек клиенттің мүдделеріне сай әрекет ету;
-әлеуметтік жұмыста көмекшілерді таба білу, қоғамның әлеуметтік қорғау, әлеуметтік саясатты дамытуға қатысуын қолдау;
-жұмысты тек өз құзыреті шегінде жүргізу, өз жұмысының сапасына жеке жауапкершілікпен қарау, өз міндеттерін адал орындай отырып, кәсіби қызмет барысында кездесетін ықпал мен қысымға бой алдырмау;
-клиентке қабылданатын шаралар, көрсетілген көмектің сипаты, жүргізілетін жазбалар, жиналатын деректер туралы толық ақпарат беру;
-кәсіби қатынастарын жеке мақсаттар үшін пайдаланбау;
пікірталастар мен жағдайларды бағалауға тек кәсіби мақсатта қатысу;
-клиент сеніп тапсырған құпияны құрметтеу және жария етпеу; қызметтер үшін төлемді тек заңды түрде қабылдау;
-жасалған жұмыс үшін құнды сыйлықтар қабылдамау;
-әлеуметтік жұмыс саласындағы маман ретінде кәсіби білімін, шеберлігін, біліктілік деңгейін үнемі жетілдіруге ұмтылу; кәсіби өз тәжірибелік (практикалық) іс-әрекетін кәсіби білімдерге негіздеу;
-мамандықтың қадір-қасиеті мен тазалығын қорғау және арттыру;
кәсіби қарым-қатынас пен өзара іс-қимыл барысында әріптестердің сенімін құрметтеу, сыпайылық пен әділеттілікті сақтау;
-кез-келген өз әріптестерінің этикалық емес мінез-құлқына қарсы шара қолдану;
-халықтың әртүрлі топтары үшін әлеуметтік қызметтерді ақпараттандыру және қол жетімді ете отырып адамдарға барынша көмектесу;
-қоғамның әл-ауқатын дамытуға келесілер арқылы үлес қосу:
адамдардың, әртүрлі отбасылардың жеке мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік жағдайы төмен топтар мен мүгедектерге ерекше назар аудару;
-әділетсіздік пен құқық бұзушылыққа қарсы белсенді күрес;
-қоғам құратын мәдениеттердің айырмашылықтарына құрметпен қарауды қолдау үшін жағдай жасау;
-әлеуметтік өмір жағдайларын жақсарту және әлеуметтік әділеттілікті сақтау мақсатында саясат пен заңнаманы өзгертуге бағытталған бастамалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет