Тақырыбы:Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу-тотықсыздану реакцияларды тәжірибе жүзінде зерттеу. Тақырыптың маңызы: Тотығу-тотықсыздану процестері медицинада және фармацияда маңызды роль атқарады. Фотосинтез, тынысалу, тіндердегі зат алмасуларда күрделі тотығу-тотықсыздану реакциялары жүреді. Тотығу-тотықсыздану процестерінің қатарына (редокс-жүйе) гем-гематин және қандағы цитохромалар жатады, құрамында темірдің (II) және темірдің (III), аскорбин қышқылы, тотыққан және тотықсызданған түрде, глутатион жүйесі, цистин-цистеин және т.б. жатады. Тотығу-тотықсыздану процестері, тірі ағзадағы жасушаларда да іске асады, мысалыға АТФ синтезін айтуға болады. Аналитикалық химияда тотығу-тотықсыздану процестерін талдаудың кең тараған әдістерін: перманганатометрия, йодометрия, броматометрия және басқада өндірістік процестерді бақылауға алуда оның ішінде көбінесе дәрілік заттардың сапасын бақылауда маңызды роль атқаратын істерде қолданылады.
Сабақтың мақсаты: Тотығу-тотықсыздану реакцияларының молекулалық және иондық теңдеулерін құрастыруын, электрондық және ионды-электрондық баланс әдістерін қолдануды, қосылыстардың қасиеттерін тотығу-тотықсыздану бойынша есептеулерді үйрену.
Оқытудың міндеттері:
тотығу-тотықсыздану реакцияларының молекулалық және иондық теңдеулерін құрастыруын, тотығу-тотықсыздану процестерінің маңыздылығының түсініктерін ғылыми тұрғыдан қалыптастыру;
тотығу-тотықсыздану процестерінің реакцияларының тәжірибелік жолмен жүру жағдайларын, әсіресе дәрілік заттарды дайындау кезінде практикалық дағдыларын қалыптастыру;
АҚПАРАТТЫ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ Валенттілік – элемент атомының химиялық байланысты түзе жүретін қасиеті. Валенттілік мәнін түзілген атомдардың санына байланысты анықтайды.
Тотығу дәрежесі –химиялық қосылыстардағы элемент атомының зарядының электрлік, осы атоммен түзілген байланыстар таза иондық болып табылуы. Тотығу дәрежесін төмендегідей ережелерді ұстана отырып анықтайды:
Жай зат элементтің тотығу дәрежесі нолге тең.
Металдар қосылыстарда оң тотығу дәрежесіне ие.
Сутегі қосылыстарда +1 тотығу дәрежесіне ие (тек қана металл гидридтерінде -1).
Оттегі қосылыстарда -2 тотығу дәрежесіне ие (фтор қосылысында ОF2 (O+2) .
Молекулада элементтердің тотығу дәрежесінің алгебралық суммасы олардың атомдарының ноліне тең.