Құрамында темірдің (II) және темірдің (III), аскорбин қышқылы, тотыққан және тотықсызданған түрде



бет1/7
Дата11.03.2022
өлшемі116.49 Kb.
#456197
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7
БХ сабак №7 Лекция


Тақырыбы:Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу-тотықсыздану реакцияларды тәжірибе жүзінде зерттеу.
Тақырыптың маңызы: Тотығу-тотықсыздану процестері медицинада және фармацияда маңызды роль атқарады. Фотосинтез, тынысалу, тіндердегі зат алмасуларда күрделі тотығу-тотықсыздану реакциялары жүреді. Тотығу-тотықсыздану процестерінің қатарына (редокс-жүйе) гем-гематин және қандағы цитохромалар жатады, құрамында темірдің (II) және темірдің (III), аскорбин қышқылы, тотыққан және тотықсызданған түрде, глутатион жүйесі, цистин-цистеин және т.б. жатады. Тотығу-тотықсыздану процестері, тірі ағзадағы жасушаларда да іске асады, мысалыға АТФ синтезін айтуға болады. Аналитикалық химияда тотығу-тотықсыздану процестерін талдаудың кең тараған әдістерін: перманганатометрия, йодометрия, броматометрия және басқада өндірістік процестерді бақылауға алуда оның ішінде көбінесе дәрілік заттардың сапасын бақылауда маңызды роль атқаратын істерде қолданылады.
Сабақтың мақсаты: Тотығу-тотықсыздану реакцияларының молекулалық және иондық теңдеулерін құрастыруын, электрондық және ионды-электрондық баланс әдістерін қолдануды, қосылыстардың қасиеттерін тотығу-тотықсыздану бойынша есептеулерді үйрену.
Оқытудың міндеттері:

  • тотығу-тотықсыздану реакцияларының молекулалық және иондық теңдеулерін құрастыруын, тотығу-тотықсыздану процестерінің маңыздылығының түсініктерін ғылыми тұрғыдан қалыптастыру;

  • тотығу-тотықсыздану процестерінің реакцияларының тәжірибелік жолмен жүру жағдайларын, әсіресе дәрілік заттарды дайындау кезінде практикалық дағдыларын қалыптастыру;



АҚПАРАТТЫ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Валенттілік – элемент атомының химиялық байланысты түзе жүретін қасиеті. Валенттілік мәнін түзілген атомдардың санына байланысты анықтайды.
Тотығу дәрежесі – химиялық қосылыстардағы элемент атомының зарядының электрлік, осы атоммен түзілген байланыстар таза иондық болып табылуы. Тотығу дәрежесін төмендегідей ережелерді ұстана отырып анықтайды:

  1. Жай зат элементтің тотығу дәрежесі нолге тең.

  2. Металдар қосылыстарда оң тотығу дәрежесіне ие.

  3. Сутегі қосылыстарда +1 тотығу дәрежесіне ие (тек қана металл гидридтерінде -1).

  4. Оттегі қосылыстарда -2 тотығу дәрежесіне ие (фтор қосылысында ОF2 (O+2) .

  5. Молекулада элементтердің тотығу дәрежесінің алгебралық суммасы олардың атомдарының ноліне тең.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет