Қағбаның қорғалуы
Меккелiктер Қағба тасталқан етiледi деп ойлап жүрегi қиналып, жылап,
Раббыларынан көмек сұрап, Меккеден алыстады. Абраһа әскерiмен
жақындап, меккелiктер мен олардың басшыларын мазақ етiп күлiп, Меккеге
кiрдi. Олар Қағба жолына жеткенде, Абраһа Қағбаға
басып кiру iсiн ретке
салып, келген мақсатын iске асыруға әскерлеріне бұйрық бердi. Әскерлер
жүрiстерiн жалғастырды. Бiрақ олар өздерiн жоюшы азапқа қарай жүрiп
бара жатыр едi.
Кенет ешқандай ескертусiз iс өзгерiп, әскерлер жүрiстерiнен тоқтап
қалды. Пiлдер де Қағба жаққа жүруден тоқтады.
Олар Йеменге қарай
бұрылды. Бiрер сәттен кейiн әскерлер аспанда құстардың қаптап кеткенін
көрдi. Бұл қандай құстар едi? Бұлар оттан жасалған кiшкентай тастарды
көтерiп келген құстар болатын. Құстар тастарын әскерлерге ата бастады.
Қас қағым сәтте барлық әскер,
пiлдер жанып, өлiп бiттi. Меккелiктердiң
қайғысы
қуанышқа
айналды.
Олар
дұшпандарының
жеңiлiске
ұшырағандарын өз көзiмен көрiп тұрды. Осылайша дұшпандардың ешбір
күш-қуаты, әскерi қалмады.
128
Уа, Аллаһ! Саған шүкiрлік болсын! Жәрдемiңдi жiберiп, Үйiң – Қағбаны
қорғадың. Уа, жаратылыстың Раббысы! Өзіңді дәрiптеймiз.
Аса Мейiрiмдi, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын.
Раббың пiл иелерiне не iстегенiн көрмейсiң бе? Олардың айлаларын
босқа шашпады ма? Олардың үстерiне топ-топ құстарды жiбердi емес
пе? Оларды шоқ тастармен атты. Оларды мал жеген шөптей етiп
қойды.
Хикая, мінеки, осылай аяқталды. Қағбаны сақтағандығы үшiн Аллаһ
тағалаға барлық мұсылман атынан біз де өз шүкiрлігімізді айтамыз.
Барша мұсылман қауымға Аллаһ тағаланың тыныштығы, мейiр-шапағаты
болсын!
129
Қорытынды
Әлемдердің Раббысы, Ұлы жаратушы бір Аллаһқа сан мадақ! Сүйікті
пайғамбарымыз Мұхаммедке Аллаһтың игілігі,
сәлемі және берекеті
болсын!
Аллаһ тағаланың қалауымен баспаға әзірлеген бұл кітабымыздың да
соңғы беттеріне келіп жеттік. Кітапта оқып, танысқанымыздай,
әр заманда
өмір сүрген қауымдарға Раббымыз Аллаһ тура жолға бастаушы, ақиқат пен
әділдікті үйретуші пайғамбарлар мен елшілерді жіберіп отырған.
Міне, осы пайғамбарлардың өз қауымына өсиет еткен бірқұдайшылдық –
бір Аллаһқа ғана толығымен бойсұнып, иман келтіру, Оның дінін қабылдау
және Оған ғана құлшылық ету адамзаттың дүние-ақыретте бақытты
болуына кепілдік береді. Аллаһ бұл екеуі бойында табылған әрбір мүміннің
бұ дүниеде және Ақыретте дәрежесін өсіретіндігін уәде етеді. Ендеше,
шынайы иманды адамдар Аллаһ тағаланың қалауымен, бұл дүниеде
пенделердің жүректерінде ең жоғары мәртебелерді иемденеді. Әрі олар
жақсы, жайбарақат және жайлы күйде өмір сүреді.
Өйткені олар өзгелер
сезбеген иман нығметін, шынайы иман дәмін алғандықтан, өздерінің
әрдайым барлық істе құдіреті Жетуші Раббыларымен бірге, жиі байланыста
екендіктерін біледі. Бұл тұрғыда Ұлы Аллаһ
тағала Өзінің кітабы Құран
Кәрімде:
«Ер немесе әйелден кім сенген бойда ізгі іс істесе, әлбетте, оны
жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ
сыйлық береміз», – деп айтқан
(«Нахыл» сүресі, 97-аят)
.
Аллаһ тағаладан біздерді Өзінің тура жолына бастауын сұраймыз. Аллаһ
баршамызды екі дүниеде де жақсылықтарға бөлесін. Әлбетте, Ол –
барлығын Естуші, толық Білуші. Әрі әр нәрсеге күш-қуаты Жетуші.