Хикаяның Құранда баяндалуы
Балалар, енді бұл хикая баян етiлген Құран Кәрімдегі «Бақара» сүресiнiң
30-39-аяттарын оқып шығайық.
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын.
(Мұхаммед!) Сол уақытта Раббың періштелерге: «Расында, Мен жер
бетінде бір орынбасар жаратамын», – деп айтқанын (есіңе ал). (Сонда
періштелер): «Сен онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреуді жаратасың
ба? Негізінде, біз Сені мадақтаумен тәсбих айтып, дәріптеудеміз», – деді.
8
(Аллаһ) : «Расында, Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін!» –
деді. (Аллаһ) Адамға барлық (жаратылыстың) есімін үйретіп, сонан соң
оларды періштелерге көрсетіп: «Айтқандарың рас болса, Маған осы
нәрселердің аттарын айтып беріңдер», – деді. (Періштелер) : (Уа, Аллаһ!)
Сен (барлық кемшіліктерден) Пәксің! Біздің Өзің үйреткеніңнен басқа еш
біліміміз жоқ. Расында, Сен Білуші, асқан Данасың», – деді. (Аллаһ) :
«Ей, Адам! Оларға (жаратылыс) есімдерін айтып бер», – деді. Адам
оларға барлығының атын айтып берген кезде (Аллаһ) : «Мен сендерге:
«Расында, Мен көктер мен жердің құпиясын, сендердің нені әшкерелеп,
нені жасырғандарыңды білемін», – деп айтпадым ба?» – деді. Біз
періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар!» – дегенімізде, олардың
барлығы да сәжде қылды. Ібіліс қана (сәжде қылудан) бас тартты да,
тәкаппарланып кәпір болды. Біз: «Ей, Адам! Сен жұбайыңмен бірге
жаннатта тұр. Ондағы жемістерден қалағандарыңды емін-еркін жеңдер.
Бірақ
мына
ағашқа
жақындамаңдар.
Әйтпесе
залымдардан
боласыңдар», – дедік. Сонда шайтан ол екеуін (осы) ағашқа тайдырып
(яғни жемісінен жегізіп) , өздері отырған (жаннаттан) шығарып жіберді.
Достарыңызбен бөлісу: |