83
өлетiн болады. Уа, патшам! Маған рұқсат ет», – дедi. Талут патша бұл жас
батыр жiгiттiң Жәлутпен жекпе-жекке шығуына ризалығын бердi. Бұл
мүмін, батыр жiгiт iрi денелi кәпiрдiң қасына барғанда, Жәлут: «Қару-
жарағың қайда? Қылышың қайда? Сенi кiм жiбердi? Қане, берi жақындашы.
Сен менiң бiр шерткенiмнен қалмайсың ғой, өлім тілеп келдің бе?» – деп
жас жiгiттi мазақ ете бастады. Сонда Дәуіт: «Жоқ, бәлкiм, мен сенi Аллаһ
тағаланың қалауымен мына тасатқышпен өлтiрермін. Сенiң күш-қуатың
саған пайда бермейді. Ей, күшiне сенген өркөкірек! Аллаһ
тағала сенен де
күштi. Сенiң адасқан қауымың қазiр кiмнiң жеңiске жететiндiгiне көз
жеткiзеді. Сен де менiң мынау кiшкентай құралыммен не iстейтiнiмдi
көресiң де, Аллаһтың құдiреттiлігін мойындайсың», – дедi.
Ұлы жеңіс
Дәуіт қалтасынан бiр тасты шығарып, тасатқышпен өзін мазақтап, күлiп
тұрған Жәлутке қарай туралап атты. Сол сәтте
Жәлут кәпiрдiң тас тиген
басынан қан аға бастады. Дәуіттiң атқан тастары бiрiнен кейiн бiрi Жәлуттiң
басына тиiп, тас тиген жерлерiнен қан бұрқылдап аға берді. Сөйтiп,
Жәлуттің жансыз денесі жерге сұлық құлады. Дәуіт Жәлуттi жеңдi.
Кәпiрлердің басшысы көз жұмды. Басшылары өлгеннен кейiн, әскерлердің
құты қашып, берекелері кетті. Мүміндер кәпiрлердi орналасқан жерлерінен
қуып шығып,
олардың орындарына, Палестинадағы киелi жерге өздерi
орналасты. Осылайша Аллаһ тағаланың қолдауымен Дәуіт пен Талут
Жәлуттiң әскерін жеңіп шықты.
Достарыңызбен бөлісу: