ҚҰран кәрім хикаялары


Патшалық және пайғамбарлық



Pdf көрінісі
бет66/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   102
Хикаялар

Патшалық және пайғамбарлық 
Бұл оқиғадан соң Дәуіт баласы Сүлейменге бұрынғыдан да разы болды. 
Ол ұлының тәрбиесiне ерекше мән берді. Өйткені оны өзінен кейін халқын 
басқаратын мұрагер патша етіп қалдыруды ұйғарған еді. Сүлеймен үлкейiп, 
бiлiмi мен зеректiгi артып, халық, мемлекет басқару iсiнде бiлгiр болып 
жетiлдi. Бұл сипаттар оның ең жақсы патша болуына септiгiн тигiздi. 
Патшалықпен қатар Аллаһ тағала Сүлейменді пайғамбарлыққа да таңдады. 
«Аллаһ – пайғамбарлығына кімді қай қауымға жіберуді Бiлушi». Сөйтiп, 
Сүлеймен әрi патша, әрi пайғамбар болды. Аллаһ тағала оған зор байлық 
несібеледі. Адамдар оны даналығы, бiлiмдiлiгi, пайғамбарлығымен қатар
әдiл үкiм шығарушы болғандығынан өте жақсы көрдi. Сүлеймен патша 
халқына адал еңбек етiп, өзiне жүктелген пайғамбарлық мiндеттi атқаруды 
да ұмытпады. 


85 
Аллаһ тағала елшiсi Сүлейменді мұғжизасыз қалдырмай, оған қуатты 
билiк бердi. Оған жындарды әр iстi тек оның әмiрiмен орындайтын етiп, 
бойсұндырып бердi. Жындар Сүлейменнің әмiрiне бас тартпастан бағынып, 
орындайтын болды. Аллаһ Сүлейменге бұл мұғжизамен бірге ешбiр 
пайғамбарға бермеген ғажап бiр мұғжизаны тарту етті. Бұл Аллаһ тағаланың 
нәсіп етуімен берілген Сүлейменнің бүкiл хайуандар мен құстардың тілін 
түсiнетiндігі еді. Көгершiннiң не деп жатқанын, құмырсқаның екiншi 
құмырсқаға не айтып жатқанын бiлетiн болды. Аллаһ тағала жан-жануарлар 
мен жәндiктердiң тiлiн түсiнудi тек Сүлеймен пайғамбарға ғана бұйыртқан. 
Ал бұрын әкесi Дәуітке сауыт жасауды және жаратылыспен қосылып, Аллаһ 
тағаланы дәрiптеудi үйреткен едi. Сүлеймен бұл мұғжизаларға шаттанып, 
бұларды өзіне нәсіп еткен Раббысына разылықпен шүкiрлiк айтты. Сондай-
ақ Аллаһ тағала Сүлейменге орасан көп әскер берді. Сүлеймен әскерлердің 
алдына шыққанда, олардың көптігі сондай, сәлем берген дауыстары мен 
барабандарының соққысынан жақын маңдағы таулар мен шатқалдар 
жаңғыратын. 
Бiр жолы Сүлеймен мен құмырсқалар ортасында қызық бiр оқиға өтті. 
Сүлеймен адамдардан, жындардан, құстардан құралған үлкен әскерiмен келе 
жатып, құмырсқалар мекенiне жеттi. Бiр құмырсқа олардың келе жатқанын 
ұзақтан көрiп, серiктерiне, әскерлердің аяғы астында тапталып кетуiнен 
қорқып, өз тiлдерiнде: «Ей, құмырсқалар! Үйлерiңе кiрiңдер. Сүлеймен мен 
оның әскерлерi сендердi байқамай, таптап жiбермесiн», – дедi. Сүлеймен 
құмырсқаның сөзiн естiп, жымиып, күлiмсiреп, осы бір нығметтi, ерекше 
қасиеттi берген Аллаһқа мақтау айтып, шүкiрлiк етiп, жүрісiн жалғастырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет