ҚҰран кәрім хикаялары



Pdf көрінісі
бет8/102
Дата09.08.2022
өлшемі0.91 Mb.
#459911
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102
Хикаялар

Әке арманы 
Отбасы тыныштықта бақытты өмiр сүрiп жатты. Қабыл мен Әбіл 
ержетіп, азамат болды. Әрқайсысы өз алдына отбасын құруды қалап, 
өздерiнің өмiрлік жолдасының болуын армандады. Аллаһ тағала мұндай 
ойды әкелерінің де көкейiне салды. Адам ата Аллаһтың бұйрығымен 
Қабылға Әбілдiң сыңарын, ал Әбілге Қабылдың сыңарын алып берудi 
шешкенін ұлдарына хабарлады. Сөйтiп, қос бауырдың қалағандары іс 
жүзінде жүзеге асатын болды. Жаратылыстың басталуы болғандықтан, 
бұдан басқа ешқандай шешiм жоқ болатын. Кейiннен өз туысымен тұрмыс 
құруға шариғат бойынша тыйым салынды. 
Бұл неке әкесі көрсеткендей болып аяқталмады. Себебi Әбілге тиесілі 
болған Қабылдың сыңары екiншi қыздан әдемiрек болатын. Қабыл өзiне 
өмiрлік жолдас ретінде өзiмен бiрге туылған қызды алуды қалап, айтылған 
ұсынысқа көнбедi. Өз сыңарының сұлулығы Қабылдың қызғаныш сезiмiн 
оятып, Әбілмен бiрге туылған қызға үйленуден бас тартуына мәжбүрледi. 
Екi бауыр ортасындағы тартыс күшейе түстi. Әкесі не iстерiн бiлмей 
абдырады. Ол бұл тартыстың Аллаһқа ұнамайтын бір жамандыққа алып 


10 
баруынан қорықты. Әлбетте, жамандық атаулының бақытты өмiр сүрiп келе 
жатқан отбасы үшiн үлкен қатер екені белгілі еді.
Құрбандық 
Күндер өтiп жатты. Аллаһ тағала келіспеушілікке түскен екi бауырдың 
ортасына әдiл үкімін шығармайынша, Адам ата бұл жағдайдың шешiмiн 
таба алмаған еді. Бұл үкім бойынша Қабыл мен Әбіл Аллаһ тағала үшiн 
құрбандық жасауы керек еді. Аллаһ тағала кiмнiң құрбандығын қабылдаса, 
сол таңдаған қызын алатын болады. Сөйтіп, құрбандық шалар күн де жақын 
қалды. Әбіл құрбандыққа қойларының ішіндегі ең жақсысын таңдап алып 
келді. Ал Қабыл егінінің ішіндегі бидай көкөністерінің нашарлауын 
немқұрайды ала келді. Ол кезде құрбандықтың қабыл болғанын немесе 
болмағанын көктен түскен найзағай арқылы білетін. Егер найзағай малға 
түссе – Әбілдің, бидай көкөністерге түсіп, оттай жалмаса, Қабылдың 
құрбандығының қабыл болғаны. 
Міне, қызық! Аллаһ кімнің құрбандығын қабыл етті екен?! 
Екi жігіт те Аллаһ тағаладан құрбандығының қабыл болуын сұрап
жалбарынды. Әрқайсысы арнаған құрбандықтың Аллаһ тағала құзырында 
қабыл болып, бақытты шешiмге ие болуынан үмiтті едi. Әбіл Қабылға 
қарағанда табыстырақ болатын. Өйткенi ол алғашқы кезде-ақ Аллаһ 
тағаланың әкесiнiң көкейiне салуымен хабар берген шешiмiне ризалық 
білдірді әрі екi туыс ортасында талас басталғанда да әдiл болды. Сонымен, 
Аллаһ тағала iзгi әрі тақуа Әбілдiң құрбандығын қабыл еттi. Ал Қабылдың 
құрбандығын қабылдамады. Өйткенi ол iстеген iсiн ықылассыз iстедi. 
Әкесiнiң бұйрығына бағынбады және туысқанынан ажырады. Сол себептен 
Аллаһ оның құрбандығын қабыл етпеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет