Құрастырған: Туртаева Ира Канатбайкызы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі



бет4/4
Дата17.06.2016
өлшемі0.65 Mb.
#143085
түріСабақ
1   2   3   4

Кештің мақсаты: Жеті санына қатысты қасиетті ұғымдарды пайдаланап, халықтық педагогика негізінде оқушылардың математикадан білімдерін көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тез есептеудің әдістерін көрсету арқылы есептеу дағдыларын дамыту, математиканың жұмбақты да, қызықты есептеріментаныстыра отырып, ойлау қаблеттерін жетілдіру.

Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, геометриялық фигуралар, математиктер сөздері. Интерактивті тақта, слайдтар.

Ұйымдастыру тәртібі. 8-11-сынып оқушыларынан жеті топ құрылып, жеті столға отырады. Әр топта жеті баладан болады. Оқушыларды кештің өту барсы және мақсатымен таныстырып, берілген тапсырмаларға тез ойланып жауап берулерін ескерту.Әрбір жауапты бағалау үшін мұғалімдер мен оқушылардан әділ қазылар сайланады.

Кеш барысы:



I күн.«Математика барлық ғылымдардың тұңғышы және ойларға пайдалы да, қажеттісі де». Р.Бэкон.

Бірінші күні Әлемнің 7 кереметімен танысамыз.

Әлемнің жеті кереметі туралы 11-сынып оқушылары әңгімелейді.

1.Мысыр пирамидасы. Хеопс пирамидасы

Мысыр пирамидалары – Мысыржерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені. Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналады. Сағаналар осыдан 5 мың жыл бұрын салынған.

Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктігі – 147 м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым.

Алып құрылыстар осы күнге дейін көрушісін қайран қалдырады. Осы пирамидалар Әлемнің жеті кереметініңбіріне кіреді.

2. Семирамиданың аспалы бағыСемирамида аспалы бағыВавилонныңпатша сарайындағы алып құрылыс. Навуходоносор ІІ патшаИранныңтаулы өлкесінен келген өзінің сүйікті әйелдерінің бірі, туған жері мен елін сағынған мидиялықСемирамидаға арнап салдырған деген аңыз-әңгімелер сақталған. Ол ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған. Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгіледі әрі соның бетіне Вавилонияның, Мидияның және басқа елдерден арнайы алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызылады. Шөлді, ауа райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің” біріне айналса керек. Бұны Бағдадтың оңт. жағынан 88 км қашықтықтағы Вавилон қаласының орнына жүргізілген археол. қазбалар кезінде бақ террасаларын суаруға арналған алып конструкц. құрылыстардың табылуы да дәлелдей түседі.

3. Артемида ғибадатханасы Эфестегі Диана ғибадатқанасы.Артемида храмыәлемнің жеті кереметінің бірі. Кіші АзияныңЭфес қ-нда салынған. Зевстің қызы Артемида ежелгі гректерде аңшылық құдайы ретінде танылған. Көне заманда ең маңызды күнкөріс көзін жебеуші Артемиданың қаншалықты сыйлы, құрметті екені өзінен-өзі түсінікті. Мұндай мәртебелі ғибадатхананы салу сәулетшіХерсифронға тапсырылды. Ол құрылысорнына Кайстра өз-нің бойындағы батпақты алаңды таңдады. Бұл жер сілкінісінен сақтаудың қамы еді. Ғибадатханаға Артемиданың аңшы киімінде, қолына садақ ұстатып таза ақ мәрмәрдан жасалған мүсіні қойылды. Шымыр денелі жас қыздың жүзінде батылдық, салқынқандылық бейнеленген. Салынуы 120 жылға созылған ғибадатхана құрылысын сәулетшілер Пеонит пен Деметра б.з.б. 450 ж. аяқтады. Б.з.б. 356 ж. Александр Македонскийдің туған күні Эфес тұрғыны Герострат деген біреу храмды өртеп жіберді. Сөйтіп, әлемнің “жеті кереметінің” бірі болып А. х. және оны жоюшы болып Герострат аты қалды.

4. Галикарнас кесенесі

Галикарнас кесенесі екінші Артемаида ғибадатқанасымен бір кезде салынған, екеуінің де құрылысы мен әрлеу жұмыстарын атқарған шеберлері бір болған. Бір кездері Геродот дүниеге келген әйгілі қала, Карияның астанасы Галикарнас туралы айта келіп, Проспаер Мериме былай деп жазды: «Мавзол өз қарауындағы елдің қаққанда қанын, сыққанда сөлін шығаратындығы сонша, Геродоттың айтуынша, оның қойшылары қойды жылан жалағандай етіп қырыққанда басқа елдің қойшыларыжіп есе алмай қалушы еді. Ол өз қол астындағыларға қырық сылтауды көлденең тартып пайда түсіре алатын: керек болса жерлеуге де ерекше салық шығарған.Шаш салығын жүргізген. Осылайша қыруар байлық жинаған. Неге Мавзолдың бейіті әлемнің жеті кереметіне қосылды дегенде, осынау мол байлықты және кариялықтар мен гректердің ұдайы аралас құралас болғандақтан дейді».

Қалай десек те, бұл патшаны Карияда жан тәнімен сүйген бір адам болған. Ол әрі туған қарындасы, әрі әйелі Артемисия еді. Мавсол жиырма төрт жыл патшалық құрып дүние салғанда, Артемисия да қайғыдан мерт болған.

«Артемисия өзінің күйеуін өліп өшіп жақсы көрді деген сөз бар, деп жазды Авл Геллий, мұндай махаббатты айтып жеткізу былай тұрсын, әлемдік шежіреден бұған тең түсер сезімді ұшырату қиын... Патша дүние салғанда Артемисия мәйітті құшып, көзінің жасын көлдеткен қалпы, от құшағына берілетін табытпен бірге өзін де ғажайып салтанатпен алып жүруге бұйрық берді. Мұнан әрі қасірет шеге жүріп, мәйіттен қалған күлге жұпар септірді де, суға салып ішіп қояды. Оның көз жұмған күйеуіне деген өлшеусіз махабаты мұнымен де басылмайды. Кейін байлықтың бет жүзіне қарамастан күйеуінің құрметіне тамаша мазар салдыртады, онысы әлемнің жеті кереметінің санатына қосылады.»

Мұны жазған Рим тарихшысында жаңсақтық болу керек. Себебі, Мавсол өлген соң екі жылдан кейін Артемисия дүние салған. Және өмірінің соңғы айларын ұдайы соғыспен өткеріп, әйел басымен тамаша қолбасшы екенін көрсеткен. Сөйтіп, төңірегіне дұшпандары анталаған алақандай ғана Кариадағы күйеуі құрған патшалықты қиын қыстау кезінде сақтай білді. Сонымен бірге, Мавсол өлген соң жиырма жыл өткенде, Карияда тақ үшін болған төңкерістер тұсында Александр Македонский келіп, мавзолейді толық біткен салтанатты күйінде көреді. Демек, Мавсолдың тірі кезінде Мавзелей салына бастап, Артемисия оны аяқтады десе қисынға келер. Өйткені, мұндай ауқымды құрылыстың бірнеше жылға созылуы заңды.

Галикарнас озбырының мазарын архитекторлар төрт бұрышты етіп салады да, бірінші қабатын Мавсол мен Артемисияның мүрдесіне айналдырады. Көлемі 5000 шаршы метр, биіктігі 20 метрдей болатын алып мүрленің сырты парсы мәнерінде өңделген ақ мәрмәрмен қапталған. Бірінші қабаттың жоғарғы жағына жүргізілген эллиндер мен амазонкалардың соғысын бейнелейтін бедер суреттер болатын. Екінші қабатта колонналармен қоршалған құрбандық сақталған. Мавзолейдің үстіне орнатылған пирамида мәрмәр сатылы шаршымен өрілген, оның ұшар басындағы төрт ат жегілген күймеде Мавсол мен Артемисияның мүсіні асқақтайды. Мазардың төңірегіне арыстандар мен шауып келе жатқан салт аттылардың мүсіні орнатылған.

Мавзолей теңізге ентелей салынған қаланың жуан ортасына орналасқан. Сондықтан биік жерге орналасып жоғары тұрған ғибадатқана, теңізден қарағанда алыстан көзге түсіп, жақсы көрінетін. Галикарнас мовзолейінің беріктігі сонда, қанша тозса да, екі мың жылдай тұрды.
5. Родос алыбы Родостағы алып мүсін- Артемида мавзолейі мен ғибадатханасының кіші замандасы болатын. Біздің жыл санауымызға дейінгі 304 жылы Александр Македонский державасының мұрагері, Алдыңғы Азия мен Сирия билеушісінің ұлы– Деметрий Полиоркет Кіші Азия жағалауына тиіп тұрған шағын аралдың тұрғындарын ұзақ уақыт қоршауға алған соң кейін шегінеді.

Родостықтарға тізе бүктіру үшін Полиоркет сол кездің ең жетілген әскери техникасын қалаға әкеледі. Қаланы қоршаған әскердің мақтан тұтары гелеополид деп аталатын аттамалы көпірі бар, тас ата алатын, шабылушыларын түсіретін алаңқай бар қамал бұзғыш қару болатын. Темірмен қаптап тастаған гелеополидтіүш мың төрт жүз жауынгер қозғалысқа келтіретін.

Полиоркет сәтсіз шабуылдан соң гелеополидті аралдың жағасына тастап кетеді. Міне, осы керемет қалаға қыруар пайда келтіріп қана қоймай, даңқа да бөлейді. Қалаға ағылып келіп жатқан саудагерлар гелеполидті сатып алу үшін мол қаржы ұсынады. Одан түскен қаржыға Родостың желеп- жебеушісі – Гелиостың мүсінін орнатуға пәтуаласады.

Мүсінді құюды Лисипптің шәкірті, мүсінші Хареске тапсырады. Харес Гелистың тұрған қалпын бейнелеуді ұсынады. Сол қолынан сусып төгілген жамылғының бір ұшы жерге жетіп, оң қолын маңдайына тигізген қалпы қиырға қарау керек болды.

Отыз алты метрлік зор мүсінге иығана деңгейлес темір арқалықпен бекітілген үлкен үш тас бағана негіз болды. Бағаналардың түбі мүсіннің екі аяғы мен жамылғы арқылы тұғырға орнатылады. Ал, иықпен және белмен деңгейлес тұстары көлденең діңгектермен ұстатылған.

Алып мүсін айлақтың жағасында ақ мәрмәрмен өрілген жасанды төбемен бірге көтеріледі. Он екі жыл бойы ешкім көре алмайды. Өйткені, мұсіннің қаңқасына кезекті қола жапырағы кигізілгенде, шеберлерге ыңғайлы болу үшін төңірегіне үйілген топырақ биіктетіліп отырған. Кейін бос топырақ алынғанда ғана родостықтар өздерінің желеп жебеуші құдайын көріп, басындағы нұр шашқан шірге сұқтана қарайды.

Жарқыраған құдай мүсіні Родосқа келе жатқан жолаушының көзіне қиырдан шалынатын. Алайда, жарты ғасыр өткенде Родосты қиратқан аса зор жер сілкінісі алып мүсінді де құлатқан. Мүсіннің ең осал жері қос тізесі болып шығады. Осыдан «балшық аяқты мүсін» деп келетін мәтел қалған.

Родостықтар алып мүсінді тұрғызбақ болады, бірақ ештеңе өнбейді.

Алып мүсін келімді кетімді қызықтайтын аралдағы ең басты белгі болып айлақ жағалауында жата береді. Бағы тайған алыпты біздің заманымыздың бірінші ғасырында Үлкен Плиний келіп көрген. Мүсіннің бас бармағына ілеуде біреудің ғана құшағы жететіні Плинийді қайран қалдырады. Рим әдебиетіндегі аңыз бойынша, ол алғашқыда айлақ үстінен асқақтап көтеріліп тұрғанда, үлкендігі соншалық, қалаға келетін кемелер оның екі аяғының ортасынан өтеді екен дейді.

977 жылы ақшаға мұқтаж болған араб билеушісі бір көпеске сатқанға дейін қақ бөлінген алып мүсін Родос аралында мың жыл жатады. Ал, көпес мүсінді қайта балқыту үшін бірнеше бөлікке бөліп, таза қоланың өзін 900 түйеге теңдеп әкетеді.

6. Александрия шамшырағы Александрия шамшырағы — “Әлемнің жеті кереметінің” бірі саналатын, б.з.б. 280 ж. салынған архитектуралық құрылыс. Александрия шамшырағын Ніл аңғарына таяу, Фарос аралының шығыс бөлігіне Мысыр патшасының (Птоломей әулетінің өкілі) бұйрығымен КнидтікСострат тұрғызған. Кейінгі ұрпаққа өз атын қалдырғысы келген сәулетші шамшырақтың мәрмәр қабырғасына “Книдтен шыққан Декстифонұлы Сострат, теңізшілердің амандығы үшін құтқарушы-құдайларға бағыштайды” деп жазған. Бірақ патшаның қаһарынан қорқып жазудың үстін сылап бетіне әміршінің атын жазған. Уақыт өте келе сылақ түсіп қалып, ел сәулетшінің өз атын білді.

7. Зевс мүсіні Зевстің алтын мүсіні – кезінде Ежелгі ГрекиядағыОлимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған. Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық – Зевс құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 5 ғ-нда Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге елестетуге болады.



Тапсырма. Есеп:Жеті шал келе жатыр. Әқайсысының жеті балдағы бар, әр балдықта жеті бұтақ бар, әр бұтақта жеті дорба бар, әр дорбада жеті самса бар, әр самсада жеті торғай бар. Барлық торғай қанша? (117649 )

II күн.«Арифметмка -математиканың, математика -ғылымдардың патшасы»

К.Гаусс

Екіші күні Жеті жарғымен танысу.

Әз Тәукенің жеті жарғысын 10-сынып оқушылары айтады.

1-жарғы: Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын (мемлекеттің бүтіндігін сақтау жарғысы).

2-жарғы: Түркі халқының мүддесін сатып, еліне опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын (елдің бүтіндігін сақтау жарғысы).

3-жарғы: Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын (адам өлтірушілікті тыю, мәдениеттілікті сақтау жарғысы).

4-жарғы: Өзге әйелімен зинақорлық жасаған ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын (шаңырақтың бірлігін сақтау жарғысы).

5-жарғы: Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын (ат ер қанаты, соғыс күші ретінде бағаланды).

6-жарғы: Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:

А) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді.

Ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.

7- жарғы: Ұрланған жылқы өзгеде құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірсін.

Артынын сандарды тез көбейту туралы хабарлама жасайды (жарғы түрінде).



1.Аяғы 5-пен аяқталатын екі таңбалы сандардың квадратын табу. Ол үшін екі таңбалы санның бірінші санын бірге арттырып, көбейтіндісін табамыз да оған 25-ті тіркеп жазамыз.

Мысалы: 352 = 1225; 3· (3+1) = 12 оған 25-ті тіркеп жазамыз.



2. Сандарды 11- ге көбейту. Цифрлардың қосындысы 10-нан аспайтын екі таңбалы санды 11-ге көбейту үшін,ойша санның цифрларының ортасын ашып арасына екі цифрдің қосындысын қою керек.

Мысалдар: 72*11=7 (7+2) 2= 792 35*11=3 (3+5) 5= 385.

Цифрлардың қосындысы 10-ға тең немесе 10 асатын екі таңбалы санды 11-ге көбейту үшін,ойша санның цифрларының ортасын ашып арасына екі цифрдің қосындысын қою керек, одан кейін бірінші санға 1-ді қосып, ал екінші және соңғы(үшінші санды) сол беті қалдыру керек.

Мысал: 94*11=9 (9+4) 4= 9(13)34=1034.



3. Сандарды 22,33,...,99-ға көбейту. Екі таңбалы сандарды 22,33,...,99-ға көбейту үшін ,осы көбейткішті бір таңбалы санмен (2 ден 9-ға дейін) 11-дің көбейтіндісі түрінде келтіру керек,яғни 44=4*11; 55=5*11 және т.с.с.Одан кейің алғашқы екі санның көбейтіндісің 11-ге көбейту керек.

24*22=24*2*11=48*11=528 23*33=23*3*11=69*11=759

18*44=18*4*11=792.

4. Сандарды 50-ге көбейту және бөлу. Санды 50-ге көбейту үшін, осы санды 2-ге бөліп, 100-ге көбейту керек.

Мысалы: 432*50=(432:2)*100=21600

848-50=848:2*100=42400.

Санды 50-ге бөлу үшін, осы санды 100-ге бөліп , 2-ге көбейту керек.

21600:50=21600:100*2=432 42400:50=42400:100*2=848.

III күн.«Мен математикаға қаблетсіз адам болады дегенге сенбеймін» А.Г.Постников.

Үшінші күні жеті қазына туралы айту.

Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы

Біздің қазынамыз білім. Әр топқа сұрақтар қойылады, олар тез, нақты жауаптар беру керек.



1- топ

1. Санның 0 дәрежесі. (1)

2. Тұстас бұрыштардың қосындысы.( 1800 )

3. Ең үлкен хорда (диаметр)

4. Квадраттың периметрі неге тең? (P=4a)

5. Бірінші космостық жылдамдық неге тең? (7,9 км|с)

6. Бағытталған түзу (вектор)

7. Sinх функциясының графигі (синусойда)



2-топ

1.Өзара кері санның көбейтіндісі (1-ге тең)

2. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы( 1800 )

3.Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға (гипотенуза)

4. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі ( V=abc)

5. Рдің математикалық және физикалық мағынасы (периметр, салмақ)

6.Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (Sin)

7.Логарифмді енгізген (Дж. Непер)



3- топ

1.Натурал сан нешеден басталады (1- ден)

2. Сыбайлас бұрыштардың қосындсы( 1800 )

3.Қиылысаайтын, ортақ нүктесі жоқ түзулер (параллель түзулер)

4.Екіге қалдықсыз бөлінетін сандар (жұп сандар)

5. Жарықтың жылдамдығы ( 300000 км|с)

6. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (Cos)

7. Санның ноль дәрежесі неге тең? (1-)

4-топ

1. Санның жүзден бір бөлігі (процент)

2. Жазыңқы бұрыштың шамасы ( 1800 )

3. Өзара тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр түзулер)

4.Координаттар жүйесін алғаш енгізген кім? (Р. Декарт)

5. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы ( tq)

6. Бұрыштың өлшем бірлігі (градус, минут, секунд)

7. Бірдің логарифмі неге тең (нолге )

5-топ

1.Барлық санның бөлгіші (1)

2. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)

3.π-дің градустық шамасы( 1800 )

4.Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі (кесінді)

5. Тәулсіз айнымалы (аргумент, абсцисса)

6.Бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)

7.Анықталған интегралды есептейтін формула (Ньютон -Лейбницформуласы)

6-топ

1. π дің сандық шамасы (3,14)

2.Төртбұрыштың қарама қарсы төбелерін қосатын кесінді (диагонал)

3.Барлық қабырғалары тең параллелограмм (ромб )

4. Дәлелденбейтін ұйғарым (аксиома)

5. Центрден шеңбердің нүктелеріне дейінгі қашықтық.

6.Онбестің квадраты неге тең (225)

7.Интеграл символын енгізген кім? (Лейбниц)

7- топ

1.Екі қабырғасы тең үшбұрыш (тең бүйірлі үшбұрыш)

2. Бұрышты сызуға арналған құрал (транспортир)

3. Екі санның қатынасының теңдігі (пропорция)

4. Квадраттық функция графигі (парабола)

5. Қандай санға бөлуге болмайды? (0-ге)

6.Тек өзіне және бірге бөлінетін сандар (жай сандар)

7.Синусқа кері функция (арксинус)


IV күн. «Геометрияны білмеген акедемияға кірмейді» Платон

Төртінші күні жеті жұт туралы айту.

Жеті жұт:

1.Құрғақшылық2.Су тасқыны3.Оба, ауру4.Өрт5.Соғыс6.Зілзала

7. Жұт, ашаршылық

1-тапсырма.«Танграм ойыны»

Суреттегі шаршы жеті бөлікке бөлінген. Осы бөліктерден тұратын түрлі фигуралар құрастырыңдар
Мысалы:

Осы бөліктерден тұратын шаршыны жеті топқа да таратып беру.

2-тапсырма. Неше үшбұрыш бар, санап жаз.

блок-схема: процесс 513равнобедренный треугольник 509равнобедренный треугольник 510прямая со стрелкой 511прямая со стрелкой 512

(12)
V күн.«Табиғаттың ұлы кітабы математика символдарымен жазылған» Г.Галилей



Бесінші күні жеті ғашық туралы айту.

Жеті ғашық.Шығыс ақындары тәрізді қазақ халқының ақындары жеті ғашықтың бәрін де жырға қосып, дастан етіп жырлаған. Олар: 1. Ләйлі- Мәжнүн. 2. Зылиқа –Жүсіп. 3. Фархад- Шырын. 4. Таһир- Зуһра. 5. Арзу- Қамбар. 6. Мәлік- Жамал. 7. Жүсіп – Зылиқа.

Тапсырма. «Жұбыңды тап»ойыны.Математикалық формулалар жазылған қима қағаздарды екі бөліп таратып, жұптарын табады.

Қима қағаздар үлгісі:

у = х2у = х3 у = Sinx y = Cosx графиктерімен.

a²˗ b²=(a-b)(a+b) (a+b)²= a²+2ab+b²

а3 –b3 = (a-b)(a²+ab+b²) а3 +b3 = (a+b) (a²-ab+b²)

(a+b)3= a3 +3a2b+3аb² + b3 (a - b)3= a3 - 3a2b+3аb² - b3

(a-b)²= a²-2ab+b²

 = 

sin(x+y) = sin x cos y + cos x sin y sin (x-y) = sin x cos y - cos x sin y

cos (x+y) = cos x cos y - sin x sin y cos (x-y) = cos x cos y + sin x sin y

tg(x+y) = (tg x + tg y)/ (1-tg x tg y )



ap·ag = ap+gap:ag=a p-g(ap)g=a pgap /bp = (a/b)papbp = (ab)pa0=1; a1=a



VI күн.«Ақынжанды болмаған адам математик те бола алмайды»

С. Ковалевская

Алтыншы күні жеті ата туралы айтылады. Жеті ата. Ата әке бала немере шөбере шөпшек немене.

(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)
Бірінші тапсырма. Өлеңмен берілген есептерді шешу:

1). Бір бірімен жарысқан

Төрт аю, бір арыстан.

Үш қоян, бір мәлік бар

Бәрі нешеу? Табыңдар. (9)
2). Көл тоғанды қырға бар,

Келіп қонды тырналар.

Жұптан қонып сол жерде,

Отыр екен он жерде.

Бірім, бірім, бірім деп,

Біл бар санын біріндеп. (20)
3). Бір бірімен жарысқа,

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қой мен бір түлкі,

Бәрі нешеу? Кім білді? (8)
4). Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақпен қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (17)
5). Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші соның бәрі

Қанша болды қолда бары (6)

6). 11 түйе,бес жылқы.

2 сиыр,бір ешкі

2 қоян,үш түлкі,

Болды сонда нешеуі? (24)


7). Кездесіп бір топ аңменен,

Болды отыз бас малменен.

Олар кетті қоштасып,

Үш түлкімен достасып

Есепті ойлап тезірек,

Мал саны қанша шешіңіз? (33)





Екінші тапсырма: өлең құрау:

а) Екі жол өлең шумағы беріледі, әрі қарай оқушылар өз ойын, ұйқасын тауып, өлең құрайды.

Шәкіртім, жарқын сенің келешегің,

Алдыңда қарызың көп берешегің,

. . . . . . . . . . . . . .

. . . . . . . . . . . . . .

ә) Өлең шумақтарыңдағы соңғы сөздері беріледі, соған қатысты өлең құрау:

. . . . . . . . . . . . . . алады,

. . . . . . . . . . . . . . болады.

. . . . . . . . . . . . . . . .

. . . . . . . . . . . . . . қалады.

Құралған өлең мысалы:

Ақыл ойды математикадан алады,

Ойлағаннан математик болады.

Егер математиканы дұрыс меңгермесе,

Ол оқушы сол орнында қалады.



VII күн.«Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны

оқу керек»М.В. Ломоносов



Жетінші күні жеті жоқ туралы айтылады.

Жеті жоқ:Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ

1-тапсырма. Бала бірінші күні жәшіктен барлық алманың жартысын, екінші күні қалғанының жартысын, үшінші күні осыдан қалғанының жартысын, төртінші күні сол қалғанының тағы жартысын алды. Сонда жәшікте 10 алма қалды. Әуелде жәшікте неше алма болды? (160)

2- тапсырма. а)Тізбектегі амалды орында, неше шықты:

группа 475

Жауабы:
группа 441



б)Сандар тізбегінің ерекшелігін тауып, келесі қай сандар екенін тап:

9, 7, 10, 8, 11, 9, 12, …, …, 11



( 10;13, өйткені 9-2=7- 10-3; 10-2=8=11-3; 11-2=9=12-3; 12-2=10=13-3; 13-2=11=14-3)

3-тапсырма.Ойыншылар мақал мәтелдегі қажетті жоқ санды тауып қою керек. Әр топқа екі мақалдан беріледі.

1.1) ...(2) жақсы қос болмас,

... (2) жаман дос болмас.

2) ... (1) кісі қазған құдықтан,

... (1000) кісі келіп су ішер.

2.1) Ер ...(1) рет өледі,

Қорқақ ... (1000) рет өледі.

2) Батыр ...(1) оқтық,

Бай ...(1) жұттық.

3.1) Ер көрмеймін деген жерін ... (3) көреді,

Ат баспаймын деген жерін ... (3) басады.

2) ... (1) күн тұзын татқанға,

... (1000) күн сәлем бер.

4.1) ... (30) орда бұзбасаң,

... (40) қырдым деме.

2) ... (7) рет өлшеп,

...(1)рет кес.

5.1) ...(6)ала болса, ауыздағы кетеді

... (4) түгел болса, төбедегі келеді.

2) Білгенің бір ...(9) ,

Білмегенің ... (99).

6.1) ... (100) біреу шешен,

... (1000) біреу көсем.

2) ...(30)тістен шыққан сөз,

...(30) рулы елге жайылар.

7.1) Досыңды ...(3)күн сынама,

...(3)жыл сына.

2) ...(2)құзғын таласса,

...(1)қарғаға жем болар.


Сайыскерлердің қорытындысын шығарғанша көрермендерге викториналық сұрақ:

1. Алманың жартысы неге ұқсас. (екінші жартысына)

2. Жарты қарбыз 20 тг тұрады. Бүтін қарбыз неше тг? (40 тг)

3. Отбасында жеті қыз және әр қайсысында бір-бірінен інісі бар. Отбасында неше бала бар? (8)

4. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?(10 он, 100 жүз)

5. Екі адам бірігіп шашканы 4 сағ ойнады, әрқайсысы неше сағаттан ойнайды. (4 сағ)

6. Бесінші қабатқа шығу үшін 80 басқышқа көтерілу керек. Үшінші қабатқа шығу үшін неше басқышқа көтерілу керек? (40. өйткені сіз бірінші қабатта тұрсыз. Бір қабатқа көтеріліңіз. –екінші қабатта боласыз. Ал 4 қабатқа көтерілсеңіз, 5-ші қабатта боласыз. Сондықтан 80-ді 4-ке бөліп, 2-ге көбейту керек).

Әділ қазылар қорытындасы хабарланып кешті аяқтау. Хош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет