Құрастырушы: ассистент Ахметова А. Б



Дата01.07.2016
өлшемі137.75 Kb.
#170316

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер факультеті
Аударма теориясы мен тәжірибесі кафедрасы
5В020700 «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған

Жазбаша аударма практикасы


ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар



Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38







БЕКІТЕМІН

ФЖжӨ факультетінің деканы



Сарбалаев Ж.Т.

20__ж.«___»____________


Құрастырушы: ассистент Ахметова А.Б.


Аударма теориясы мен тәжірибесі кафедрасы
5В020700 «Аударма ісі» мамандығының
сырттай оқу нысанының студенттеріне арналған

Жазбаша аударма практикасы



пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі Демесинова Г.Х. 20__ж. «____» ________

ФЖжӨ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20_ж. «_»____________ №____ Хаттама
ОӘК төрағасы ___________ Жұманқұлова Е.Н. 20_ж. «_____»___________




1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Ахметова Айсұлу Болатқызы. Ағылшын тілі филологиясының магистрі, ассистент. Аударма теориясы мен тәжірибесі кафедрасы, Ломов көшесі, 64 үй, 1 корпусының 250 аудиториясында орналасқан. Байланысу телефоны 67-24-18.



2 Пән туралы мәліметтер

Жазбаша аударма практикасы, кредиттер саны - 3


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттер саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ

1

3

12




12










135

12

емтихан

2

3

12




12










емтихан

Бар-лығы
































4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Пәннің мақсаты – Балама жазбаша аударма арқылы тіларалық қатынастар жағдайында баламалы жазбаша аударманы қамтамасыз ету үшін оқушылардың лингвистикалық және аудармашылық хабардарлығын қалыптастыру.

Пәннің міндетттері:

1. Білім алушыларға жазбаша аударма ерекшеліктері, түрлері, кезеңдері және технологиясы туралы түсінік беру.

2. Мәтінді талдау, бастапқы мәтінді кодтау, соңғы мәтінді редакциялау іскерлігін қалыптастыру.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

–Аудармашылық қызметтің қазіргі жағдайдағы ерекшеліктерін;

–Жазбаша аударма түрлерінің жіктелуін;

–Жазбаша аударама үрдісінің ерекшеліктерін, кезеңдерін, әр кезең бойынша жұмыс істеудің технологиясы мен тәсілдерін және т.б.;

–Аудармашыға жазбаша аударма саласында қойылатын талаптарды.


5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар:

–Түпнұсқа мәтіннің талдау, аудармашылықтың стандартқа сәйкес және стандартқа сәйкес емес мәселелерін анықта, әр түрлі аудармашылық өзгертулер қолдана отырып, оларды шешудің тәсілдерін таңдау;

–Лексикалық, грамматикалық, стилистикалық өзгерту жүйесін бастапқы мәтінді тілдік қайта құру құралы ретінде пайдалану;

–Бастапқы мәтін авторының түпкі ойы және өзге тілді алушыға бейімдеу негізінде қайта кодтау;

–Аударма мәтінін редакциялау;

–Күрделілік дәрежесі әр түрлі аударма мәтіндерінің тәжірибесін жинақтап қорыту;

–Сөздіктерді, анықтамаларды және өзге де ақпарат көздерін кәсіби түрде пайдалана білу;

–Мәтіндік редакторлардың компьютерлік бағдарламаларын, электрондық сөздіктерді және т.б. пайдалана білу.



6 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: Қазақстан тарихы, Негізгі шетел тілінің практикалық курсы, Қазақ/орыс тілінің практикалық курсы, Мамандыққа кіріспе, Философия, Культурология, Екінші шетел тілінің практикалық курсы, Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум, Тіл біліміне кіріспе, Оқылатын тіл теориясының негіздері.



7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: Ауызша аударма практикасы, Арнайы шетел тілі, Ақпараттық аударма практикасы, Оқылатын тіл әдебиеті мен аударма проблемалары, Мәдениетаралық қарым-қатынас теориясы мен практикасы.



8 Тақырыптық жоспар



№ р/с

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәріс-тер

практи-калық (сем)

зертха-налық

СӨЖ




1 семестр













1

Аударманың грамматикалық мәселелері

қ/ж

6

қ/ж

33,75

2

Аударманың лексика-семантикалық және фразеологиялық мәселелері

қ/ж

6

қ/ж

33,75










12










2 семестр













3

Аударма мәтіннің авторлық тұжырымдамасын ескерту

қ/ж

6

қ/ж

33,75

4

Аудармада тілден тыс факторларды және аударылған мәтіннің адресаты

қ/ж

6

қ/ж

33,75

БАРЛЫҒЫ :




12




135


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлем)

Жазбаша аударма үшін материал қызметін әр түрлі жанрлардағы және негізгі қызметтік стиль типтеріне жататын әр алуан түпнұсқалық мәтіндер атқарады.



Жазбаша аударма негізіне кәсіби-контекстік оқу жатады, ол жазбаша дереккөздерін аудару кезінде мәтінмен жұмыс істеудің толық берілген түрлері арқылы жүзеге асады. Бұл оқушылардың аудармашылық тапсырмалардың ауқымын өздігінен анықтау және шешу, өзін-өзі бақылау және кемшілігін түзету жөніндегі іскерлігін қажет етеді, бұл аудармашы-бакалаврлар дайындаудың осы заманның талаптарына сәйкес келеді.

10 Курстың компоненттері

Практикалық сабақтардың мазмұны мен тізімі:


1 тақырып. Сөйлемді талдау. Аударма үрдісінде сөйлем құрылымын таңдау. Шетел және ана тілдеріндегі құрылымдардың түрлік пішіндік жіне қызметтік сәйкестіктері. Грамматикалық құрылымдарды берудің қызметтік қағидасы және сөйлемнің мағыналық құрылымы. Аударма жасау кезінде сөйлем құрылысы өзгеруінің әр түрлі факторларға тәуелділігі. Аударма процесіндегі грамматикалық өзгерістер. Грамматикалық себептерге байланысты сөздерді қосу және түсіріп тастау. Ырықсыз етістер құрылымдарды аудару. Көп мүшелі атрибуттық топтарды аудару. Әр түрлі меңгерудегі сөйлемнің бірыңғай мүшелерін аудару. Синтаксистік кешендерді аудару. Артикльмен берілетін мағыналарды ана тілдің грамматикалық құралдарымен беру. Күрделі сөйлемді аудару. Аударма барысында күрделі сөйлемді жай сөйлемге және жай сөйлемді күрделі сөйлемге айналдыру. Айтылымдар арасындағы логикалық байланыстарға орай аударма барысында сөйлемдерді бөлшектеу және біріктіру. Мәтіннің қатынастық қисынды құрылымының тұтастығын беру үшін синтаксистік құралдарын пайдалану. Модальдіктің шетел және ана тілдерінде берілуі. Әрекет уақытын көрсетудегі тіларалық өзгешеліктер. Шет тілге аудару барысында шартты түрде «уақытты үйлестіру» ережесін пайдалану қағидалары. Етістіктің және етістік түрлерінің тектік мағыналарын беру. Әрекет фазалары мен тұрақтылығын беру тәсілдері. Ана тілдегі айтылымдарын түрлі пішіндік типтерінің біріккен мағынаны білдірмейтіндігі және олардың шет тілдегі жиілігіндегі және қызметіндегі алшақтық. Аудармадағы риторикалық сұрау.

2-тақырып. Сөз мағынасы және аударма. Сөздің көп мағыналығы және бір мағынасының бөлшектелмеуі, ана тілі мен шет тілінде сөз бірліктерінің мазмны мен көлемінің сай келмеуі, сондай-ақ айтылымның мағыналық құрамдас бөліктерінің үйлесімнің сай келмеуі. Көп мағыналы сөздердің лексикалық-семантикалық варианттары. Сөз аудармасы жіне контекст. Баламасыз лексика және оны беру тәсілдері. Мәтіндегі болмыстар. Шет тіліне аударма кезінде болмысты беру тәсілдері және этномәдени оқылықтардың орнын толтыру. Жалқы есімдер мен географиялық атауларды, баспасөз орындарының, кәсіпорындарының және ұйымдардың атауларын, әдебиет пен өнер туындыларының атауларын беру ерекшеліктері. Сөздердің бірігуі тәсілімен жасалған сөздер аудармасы. Аударма кезінде сөздердің үйлесімділігін ескеру. Еркін сөз тіркесін аударудың ерекшеліктері және аударма барысында еркін және фразеологиялық-байланысқан сөз тіркестерін ажырату қажеттілігі. Интернационалдық және жалған интернационалдық лексика. Неологизмдерді аудару. Аударма процесінде лексика-семантикалық қайта құрулар. Аударма процесіндегі лексика-семантикалық өзгерістердің әр түрлі мағынаның тарылуы. Лексиканың артықшылығы. Сөзді алып тастау және қосу. Фразеологиялық бірліктердің әр түрлі типтерін аударудың ерекшеліктері.

3-тақырып. Автордың түпкі ойына аудармашының салыстырмалы талдау жасауы. Мәтіншілік байланыстарды талдау. Сипатталған оқиғалардың, жағдайлардың, әрекет етуші тұлғалардың авторлық тұжырымдамасын беру. Сөз ойынының берілу мәселелері. Аудармашының автор мәтінін автордың бағалау және идеологиялық көзқарасы тұрғысынан талдауы. Аудармашының автор көзқарасын анықтауындағы көмекші құралдар. Аудармада бағалаушылық сипаттаманың бұрмалануына жол беруге болмайтындығы. Аударма стратегиясын дайындау. Түпнұсқаға қатысты аудармашының еркіндік дәрежесі. Аудармашының өзіндік жүйелі мәтін тұжырымдамасын қалыптастыру қажеттігі. Бір ғана шығарманың әр түрлі аудармашылар жүзеге асырған аудармаларын авторлық тұжырымдаманы әр түрлі аудармашылық түсіндірмелер тұрғысынан алып, қарастыра талдау.

4-тақырып. Аудармада тілден тысқары факторларды ескеру мен жағдаяттар туралы қосымша мәліметтер. Шетел және ана тілдеріндегі мәтінді қабылдаушылардың этномәдени өзгешеліктерін ескеру. Әр тілді мәтіннің тыңдаушыларға тигізетін әсерінің айырмашылықтары. Мәтін аудармасының қабылдаушының ықтимал категориясына байланысты және ол үшін үйреншікті мәтінді қабылдауға қойылатын талаптарға сәйкес қоршаған ортаға бейімделуі. Аудармашылар стратегиялар арасындағы таңдай мәселелері. Мамандарға, дайындалмаған аудиторияға, балаларға арналған аударма.

СӨЖ түрлерінің тізімі




СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа

шыққандағы

көлемі


1

Тәжірибе сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

120

2

Бақылау жұмыстарына дайындық

тесттер

тест

11

3

Межелік бақылау шараларына дайындық




1 МБ, 2 МБ

4




Барлығы







135


Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі:

1. Модальдіктің шетел және ана тілдерінде берілуі. Әрекет уақытын көрсетудегі тіларалық өзгешеліктер.

2. Шет тіліне аударма кезінде болмысты беру тәсілдері және этномәдени оқылықтардың орнын толтыру. Жалқы есімдер мен географиялық атауларды, баспасөз орындарының, кәсіпорындарының және ұйымдардың атауларын, әдебиет пен өнер туындыларының атауларын беру ерекшеліктері.

3. Аудармашының автор мәтінін автордың бағалау және идеологиялық көзқарасы тұрғысынан талдауы. Мамандарға, дайындалмаған аудиторияға, балаларға арналған аударма.



11 Курстың саясаты

Студент білуі тиіс:

Оқу үрдісіне қатысу сабақта болып, талқылаулар мен топтың жұмысына белсене араласуды білдіреді. Жұмысқа қатысу сапасы санынан маңыздырақ. Сабақта тәртіп бұзу айып салумен жазаланады. Дәлелді себепсіз немесе алдын ала ескертусіз сабаққа кешігу- минус 1 балл.

Сабақты босатқаны үшін мынандай себептер белгіленген:


    • дәріске сабаққа дәлелді себепсіз босатсаңыз, қатысуға берілген 0,5 баллдан айырыласыз;

- көрсетілген мерзімде сабақты орындамаудың әрқайсысы үшін жұмыс үшін берілген балл мөлшерінде айып;

- әрбір орындалған тәжірибе сабақ үшін максималды балл-әр сабақтан 5 балл.

Аудиторлық уақыттың бәрі дәрістер мен практикалық сабақтарға бөлінген. Лекцияға қатысу мен дәріс кезіндегі жұмыс 3 (4) баллға бағаланады. Дайындығыңыз тесттермен, коллоквиумдармен тексеріледі. Тапсырмалардың барлығы көрсетілген мерзімде орындалуға тиіс. Үй тапсырмасын орындамау рейтинг баллыңызға әсер етеді. әрбір семинарлық сабаққа міндетті түрде дайындалу керек, себебі ол рейтингті есептегенде жалпы баллыңызға әсер етіп, семестрде 5 балл.

Дәлелді себеппен (оқытушының қарауына қарай) бақылау шараларын өткізу кезінде болмасаңыз, мен белгілеген уақытта одан өту мүмкіншілігі беріледі. Керісінше жағдайда “0” балл аласыз.

Семестрде екі шектік бақылау көзделген. Шектік бақылау тест түрінде өткізіледі, оны дұрыс орындағаныңыз үшін 100 балл ала аласыз. Бақылау өтілген блоктардың материалында жүргізіледі.

Қорытынды емтихан ауызша өткізіледі. Әр билет 4 тапсырмадан тұрады-4 сұрақ өткен тақырып бойынша. Сұрақтардың біріне әрбір жауап төмендегі критерий бойынша ең көбі 25 баллға (барлығы 100 балл) бағаланады.



12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Алексеева И.С. Профессиональный тренинг переводчика. С-П. 2001.

  2. Казакова Т.А. Практические основы перевода. С-П., 2003.

  3. Комиссаров В.Н., Кораллова А.Л. Практикум по переводу с английского на русский. М., 2000.

Қосымша

  1. Дмитриева, Кунцевич, Курс перевода английского языка.

  2. Казакова Т.А. Практикум по художественному переводу. С-П., 2003.

  3. Чужакина А., Палажченко П. Мир перевода. – М., 2001.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет