Жаттығу процессіндегі бастапқы кезеңде волейбол секциясына
балаларды іріктеу әдістемелік ерекшеліктері
Методические особенности отбора детей в секцию волейбола на начальном этапе тренировочного процесса
Methodological features a selection of a Children to volleyball section in a HB initially of training process
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
1. ЖАТТЫҒУ ПРОЦЕССІНДЕГІ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢДЕ ВОЛЕЙБОЛ СЕКЦИЯСЫНДА БАЛАЛАРДЫ ІРІКТЕУ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1. Волейбол секциясында сынып оқушыларының дене тәрбиесі.
1.2. Волейбол секциясында балаларды іріктеуде әдістемелік ерекшеліктері.
1.3. Орта сыныпта волейболды оқушылардың дене дамуының ерекшеліктері.
1.4. Жоғарғы сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.
1.5. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері.
2. ВОЛЕЙБОЛ СЕКЦИЯСЫНДА БАЛАЛАРДЫ ІРІКТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Волейболды үйретудің түрлерінің әдістемелік ерекшеліктері.
2.2. Волейбол секциясында негізгі жаттығуы - секіру.
2.3. Сыныптан тыс дене шынықтыру
3. МЕКТЕПТЕРДЕ ВОЛЕЙБОЛ СЕКЦИЯСЫНДА БАЛАЛАРДЫ ІРІКТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ.
3.1. Жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруы.
3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
3.3. Мектептің дене тәрбиесі ұжымы.
3.4. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын бақылау және есепке алу.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КIРIСПЕ
Оқушылардың қабілеттілігіне байланысты іріктеп алған жөн. Спорттағы іріктеу және екінші іріктеу деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші іріктеу - келешек спортшымен танысу, оны жан -жақты зертеу. Ол мынадай іріктеуден тұрады: 1) Қозғалыс қасиеттерін әр түрлі сынақтар арқылы бағалау. 2) Дене құрлысы ерекшеліктерін көру, бағалау. 3) Психо- физиологиялық тексерулер (сұрақ қою әдісі). 4) Ата-аналарымен танысу. Екінші іріктеу кезеңінде жас спортшының қабілеттілігі және бастапқы мамандану кезіндегі кемшіліктері анықталады. Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударган жөн (организмнің ңұрлысы және дене мүшелері).
Спорт түрлері адамның морфологиясына әр түрлі талаптар қояды. Мысалы, найза, граната, диск лақтырушылардың ұзын бойлы, ауыр салмақты болуымен бірге, айналу амплитудасы мен ұшу жылдамдығы үшін қолдары да ұзын болуы шарт. Жеңіл атлетикамен айналысушылардың аяқтарының ұзын болуы қажет т.с.с. Физиологиялық ерекшеліктер.
Физиологиялық ерекшеліктер организмнің қозғалысын ғана емес, вегетативтік жүйесінің сипаттамасын да көрсетеді. Жүгіру, шаңғы, коньки спорттарын іріктеу кезінде оттегін барынша керек ету деңгейін арнайы апаратпен тексеру арқылы зерттейді. Ол деңгей нерұрлым жоғары болса, адамның сол спорт түрлерінен мүмкіндіктері көп болады. Жаттықтыру жасау арқылы ол деңгейді тек 20-30 процент көтере алатынын ғалымдарымыз дәлелдеп отыр. Сондықтан спортқа бейім табиғи дарынды балаларды іздеу қажет. Адамның қозғалыс мүмкіндіктері жаттығулар арқылы тексеріледі.
Психологиялық ерекшеліктер. Адамдар нерв жүйелеріне байланысты мықты және әлсіз психологиялық спортшылар деп бөлінеді. Күрделі жағдайларда жүйке жүйелері мықты спортшылар, ал бір қалыпты, ұзақ жұмысты керек ететін спорт түрлерінде әлсіз жүйке спортшылар көп жетістіктерге жететіні дәлелденген. Жүйке жүйелерінің күштері қозу процесінің ұзақ сақталуына (яғни ңозуды орталық жүйке жүйесінде ұзақ сақтай алу мүмкіншілігі), қозу және тежелу процестерінің теңдігіне байланысты.
Жүйке жүйесі әлсіз спортшыларда қозу процесі тежелу процесінен көбірек болгандықтан олар тез шаршайды. Бірақ, кейбір спорт түрлерінің өз типологиялық ерекшеліктері болады. Мысалы, спринтерлердің жүйкесі әлсіз, жүйке қозғалыстары кезінде қозу, тежелу лроцесінен көбірек болып келеді. Жүйке жүйесі әлсіз адам боксте, семсерлесуде т.б. осыларға ұқсас спорт түрлерінде жоғары жетістіктерге жете алады. Жүйке жүйесінің осы ерекшеліктері туа бітер қасиет, олжатықтыру кездерінде көп өзгере қоймайды, сондықтан спортқа іріктеуде осы психологиялық ерекшеліктерге көңіл аударған жөн.
Оқушылар спортқа жан-тәнімен берілу қажет. Егер оқушы спорт түрін жақсы таңдай білсе және онымен бар ыңыласымен айналысса, онда ол сөзсіз жоғарғы керсеткіштерге қол жеткізеді.
Жаттығушылардың спорт секцияларында тұрақтамауы, оқу тәрбие жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан оқушылардың спорт түрін таңдауына дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушысы бағыт сілтеп отыруы, бірге жұмыс істеуі қажет. Спорттағы багдарлау және іріктеу кезінде спорт түрінің талаптарына, баланың өз басының ерекшеліктеріне, қабілеттілігіне кеңіл аударған жен.
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.
Волейбол (volleyball, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») - ойын спорты. 1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1985 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей: Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс. Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 метр). Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 метр). Биіктігі: 6,5 фут (198 сантиметр). Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 грамм.
Ежелгі Рим жылнамаларында да б.э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таймға созылған. Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган.
Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы «минтонет» ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді.
Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |